ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Басқа да дебиторлық борыштар есебіБасқадай дебиторлық қарыздарды (борыштарды) есепке алу 33 "Басқалай, дебиторлық қарыздар" бөлімшесіндегі шоттарда жүргізіледі. Бұларға мынадай шоттар кіреді: - 1251 "Өтелуі тиісті қосылған құн салығы"; - 1252 "Есептелінген проценттер"; - 1253 "Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың қарыздары", - 1254 "Басқа да қарыздар". Дебиторлық қарыздардың әрбір түрі бойынша есепке алуды ұйымдастырудың жайын қарастырып көрейік. "Өтелуі тиісті қосылған құн салығы" (1420-шот). Бухгалтерлік есепте қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есеп айырысуды көрсету үшін 1420 "Өтелуі тиісті қосылған құн салығы" шоты қолданылады. 1420-шотының дебеті бойынша 3310 "Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу", 3370 "Басқа да" шоттарының кредитімен корреспонденциялана отырып, алынған тауарлы-материалдық құндылықтарды, атқарылған жұмыстарды және керсетілген қызметтерді бейнелеп, ондағы акцептелінген шоттары бойынша ҚҚС көрсетеді. Тауардың, жұмыстың, қызметтің есебінен қосылған құн салығы алынады, ондағы айналымы салық салу үшін пайдаланады, егер де: - тауар (жұмыс, қызмет) алушы қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші болып табылса; - жабдықтаушы Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылады сатылған тауарға (жұмысқа, қызметке) берілген шот-фактураның негізінде. Қосылған қүн салығының (ҚҚС) сомасы зачетқа жатқызылатын болып табылады, егер де: - тауарды (жұмысты, қызметті) алушы қосылған құн салығын төлеуші болса; - төленген салық сомасы кеден заңдылығымен сәйкес келсе, яғни жүк кеденінің декларациясында керсеткендей болса; -төлем құжатында көрсетілген салық сомасы салықтың төленгенін қуаттайтын болса; - темір жол және авиа билетінде көрсетілген салық сомасы салық заңына сәйкес сомада болса; - тұрғын-үй қызметінде пайдаланатын құжаттарында көрсетілген сома салық сомасымен сәйкес келсе; - бақылау-кассалық машинасынан алынған чектердің сомасы салық сомасымен сәйкес келсе. Алумен байланысты төлеуге жататын ҚҚС болса олар, зачетқа жатпайды, егерде: - тауарлар (жұмыстар, қызметтер) кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды жүргізумен байланысты болса; - тұрғын-үй қорларындағы ғимараттар болса, қонақүй ретінде пайдаланатын ғимараттардан басқасы; - жеңіл автомобиль, негізгі құрал ретінде алынған болса; - тегін алынған мүліктер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер). Есептік кезең өткеннен кейін, ҚҚС бойынша зачетқа рұқсат етілген сомасы, 1420 шоттың кредитінен 4320 шоттың дебетіне есептен шығарылады. Бұрындары зачетқа жатқызылған ҚҚС сомасы зачеттан шығарып тасталады, ол кезде, 4320 шотының дебетінде және 1420 шотының кредитінде көрініс табады, бірақ қызыл жазумен жазылады. Бұл жағдайда, 1420 шотында ҚҚС сомасы не өндіріс, не тауардың құнына есептен шығарылады. Есептелінген проценттер 2170 "Есептелінген проценттер" шотында есепке алынады.Бұл шотта есептелінген проценттер бойынша дебиторлык қарыздар жөніндегі ақпараттарды табуға болады (ұсынылған заемдар, вексельдер, негізгі кұралды жалға алу және т.б.). Алынуға тиісті проценттік үстеме төлем 2170 "Есептелінген проценттер" шотының дебеті және 6120 "Акциялар бойынша дивиденттер және процент түріндегі табыстар" шотының кредитінде көрсетіледі. Есептелінген проценттердің төленуі 1040 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша", 1010 "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша", 1050 "Ел ішіндегі валюталық шотындағы қолма-қол ақша" және т.б. шоттардың дебеті және 2170 "Есептелінген проценттер" шотының кредиті бойынша көрсетіледі. 2170 "Есептелінген проценттер" шоты бойынша аналитикалық есеп - қарыз (займ) алушы, вексель ұстаушы, жалға алушы және т.с.с. кәсіпорындар бойынша және уақыттың өтуімен туындаған проценттік қарыздары бойынша айналым ведомосында немесе соған ұксас машинограммасында жүргізіледі. 2150 "Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың қарыздар" шотында дебиторлық қарыздардың келесі түрлері есепке алынады: есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу бойынша; жұмыс істеушілерге кредитке сатылған тауарлары бойынша ұсынылған заемдар; материалдық шығынды өтеуі бойынша. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|