ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Дебиторлық берешекті мойындау мен өлшеуДебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер және басқалар. Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күтілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады. Әдетте дебиторлық берешек шот-фактуралармен расталады. «Алынған вексельдер» бабы ресми борыштық міндетемелермен расталады. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық берешектің пайда болуы субъектінің шаруашыльлқ іс-эрекетіндегі объективті процесс болып саналады. Дебиторлық берешек пайда болу сипатына қарай қ алыпты және ақталмайтын делініп бөлінеді. Субъектінің өндірістік-шаруашылық іс-эрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айырысудың қолданыста жүрген нысандарымен пайда болғандары қалыптыға жатады. Мысалы, субъектіге шартқа сэйкес орындалған жұмыс үшін 156700 теңге сомасында, ҚҚС сомасы - 25072 теңге шот үсьшылады. Бухгалтерлік есепте бұл операция мынадай жазбалармен көрсетіледі: 1. Орындалған жұмыстардың келісім-шарттық құнына: 2110 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті. 6010 «Өнімді (тауарды, жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс» шот кредиті - 156700. 2. ҚҚС сомасына: 2110 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті 3130 «ҚҚС» шот кредиті - 25072. 3. Шотты төлеу келісім-шартқа сәйкес 30 күннен соң: 1040 «Ағымдық корреспонденттік шоттардағы ұлттық валютадағы ақша» шот дебеті. 2110 «Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті - 181772. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын болып саналады. Ол есеп жэне қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшіліктер, тауарлық-материалдық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады. Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық субъектілеріндегі табысты есептеу тәсілімен айқындайтышдықтан, күдікті борыштар бойынша резерв құру қажеттілігі туады. Олар тәуекел қоры болып табылады, сол немесе басқа борыштың өтелмей қалуынан сақтандырады. Бухгалтерлік баланста дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептеп шығару үшін көрсетіледі. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|