ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Прокариот және эукориот клеткаларының жалпы құрылысыКлетка теориясы бойынша барлық жануарлар мен өсімдіктердің организмдері клеткалардан құралады. Клетка тірі материяның ең кіші бірлігі болып саналады. Клетка сыртынан плазматикалық мембранамен қапталған және ядро мен цитоплазмадан тұрады. Тірі организмдердің құрамына кіретін клеткаларды екі топқа бөлуге болады: жай прокариоттар және күрделі эукариоттар. Прокариоттарға бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариот клеткасының көлемі 0,5-3 мкм. Прокариотта ядроның орнында нуклеоид болады. Нуклеоид бір өте үлкен ДНҚ молекуласынан тұрады. Нуклеоидта ядрошықтар, ядро мембранасы болмайды. Плазматикалық мембрананың сыртында көмірсулар мен аминоқышқылдардан тұратын клетка қабығы болады. Прокариоттың плазматикалық мембранасы цитоплазмаға көмкеріліп, мезосома деген түтікті құрылыстарды жасайды. Мезосомаларда АТФ синтезіне қатысатын ферменттер орналасады. Прокариот клеткасында жай құрылысты талшықтар болады. Сол талшықтардың көмегімен клетка қозғалады. Эукариоттарға өсімдіктер, жануарлар және қарапайымдылардың клеткалары жатады. Эукариоттардың мембраналық жүйелері жақсы дамыған. Оның ішінде эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты және мембраналармен қапталған ядро, митохондриялар, хлоропластар және лизосомдар бар. Эукариоттардың ядроларында ядрошықтар және ДНҚ мен гистоннан құрылған хромосомдар болады. Митоз жолымен бөлінетін эукариоттардың цитоплазмасында күрделі митоз аппараты пайда болады. Өсімдіктер және жануар клеткасының өзіне тән ерекшеліктері болады. Өсімдік клеткасында: 1) полисахаридтен тұратан клетка қабығы болады; 2) ірі вакуольдер кездеседі; 3) пластидтері болады; 4) клеткалар бөлінген кезде клеткааралық қабырға пайда болады; 5) жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде центриольдер болмайды. Жануар клеткасында: 1) қатты клетка қабығы болмайды; 2) митоз аппаратында центриольдер (клетка орталығы) болады; 3) клеткалар бөлінген кезде бір-бірінен үзіліп ажырасады; 4) пластидтер болмайды; 5) қозғалу қабілеті бар; 6) фагацитоз қабілеттілігі өте жоғары. Организмді құруға клеткадан басқа да ерекше клеткасыз құрылыстар қатысады. Оның ішінде симпласт, синцитий және клеткааралық зат. Симпласт дегеніміз – көп ядролы, плазмалеммамен қапталған ірі құрылым, көп клеткалардың қосылуынан немесе клеткалар бөлінгенде ажыратылмай бірге қалуынан пайда болады. Симплстқа бұлшықеттің көлденең-жолақты талшығы жатады. Синцитий – клеткалар бөлінген кезде түгел ажырамай дәнекерліктермен байланысып тұратын жағдайда пайда болады. Мысалы, аталық жыныс безінің сперматогониялары көп уақытқа дейін бір-бірімен қосылып тұрады. Клеткааралық зат – клеткалардың туындылары болып табылады және клеткалар қызметінің нәтижесінде пайда болады.
Жануар клеткасында пластидтер, клетка орталығы болмайды, пішіні әр түрлі болып, клетканың сыртын қатты қабық глюкокаликс қаптайды. Ал, өсімдіктер клеткасында өсімдіктерге түс беріп тұратын пластидтері болып, клетка қабығы целлюлозадан тұрады. Бактерия клеткаларының сыртын муреин деген полисахарид қаптайды. Ядросы болмайды. Бірақ тұқымқуалаушылық ақпаратты сақтайтын нуклеоидтар болады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|