ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Секреттік клетканың электронограммасында ядро айналасында жалпақ цистерналар мен түтікшелер көрінеді, бұл қандай органоид?Бұл органоид жазық немесе тегіс эндоплазмалық тор, өйткені түтікшелер деп айтылып тұр. Тегіс эндоплазмалық тор ядро айналасында орналасады. Агранулалы эндоплазмалық тор немесе тегіс эндоплазмалык тор (грек, а — жоқ және лат. granulum — дән, дәнше, түйіршік) — қабырғалары биологиялық жарғақтардан тұратын жасуша цитоплазмасы ішіндегі жарғақтық тор түтікшелері қабырғаларына іргелес жатқан рибосомалар (органеллалар) болмайтын жасушаның жалпы органелласы. Тегіс эндоплазмалық тор жарғақты түтікшелерінің ені гранулалы эндоплазмалық тордың жарғақты түтікшелеріне қарағанда кендеу (50-100 нм) келеді. Агранулалы эндоплазмалық тор жасушадағы липидтер (стероидтар) мен көмірсулардың (гликоген) алмасуына және ферменттердің көмегімен улы заттарды бейтараптандыруға (бауыр жасушалары — гепатоциттерде) қатысады. Бұлшықет талшықтары мен ет жасушаларының (бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінің, жүрекет ұлпасы кардиомиоциттерінің) агранулалы эндоплазмалық торларында жиырылу қызметін іс жүзіне асыратын ет жіпшелеріне (миофибриллаларына) эсер етіп, олардың жиырылу процесін қамтамасыз ететін кальций элементі қорланады. Агранулярлы ретикулум нашарлау дамыған, Оың жасушада болмауы жиі кездеседі. Ол бұтақталған жіңішке түтікшелердің торынан және сирек көпіршіктер мен цистерналардан тұрады. Агранулярлы ретикулум эфир майларын, шайыр мен каучукты синтездеуге, жасуша ішінде тасымалдауға қатынасады. Тегіс тордың мембраналарында көмірсулар мен липидтер, олардың ішінде, гликоген мен холестерин синтезделеді. Тегіс ретикулум стероидты гормондардың синтезіне қатысады Тегіс эндоплазмалық тор асқазан бездерінің эпителийлерінің париетальді клеткаларында хлор иондарының бөлінулерін қатысады. Кальций иондарының депосы болып келетін ЭР кардиомиоциттер мен қаңқа бұлшық еттерінің талшықтарының жиырылуларын қамтамасыз етеді. Ол түйіршікті ретикулумнан оның цистерналарының түтікше тәрізді бұтақтануы түрінде пайда болады. Эндоплазмалық торды 1945 жылы Портер ашқан. Ол өте ұсақ, тек қана электрондық микроскоп арқылы көруге болатын, қос қабат мембранамен шектелген және тарамданып гиалоплазманы өне бойына торлап тесіп өтіп орналасқан микроарнашықтар мен микроқуыстар жүйесі болып табылады. Оның 2 түрі белгілі: гранулалы немесе кедір-бұдырлы және агранулалы немесе тегіс эндоплазмалық тор. Гранулалы (кедір-бұдыр) эндоплазмалық тордың мембарансына рибосомалар бекінген, ал тегіс эндоплазмалық торда рибосомалар болмайды. Цитоплазмада, әдетте гранулалы тор агранулалы торға қарағанда әлдеқайда жақсы жетілген. Агранулалы тор кейбір ерекше қызмет атқаратын, яғни майлы заттарды көп синтездейтін жасушаларда ғана жақсы жетілген болады. Гранулалы тордың қызметі – ақуыз синтездеу, жасуша мембраналарын пайда ету орталығы болып саналады. Сол сияқты, ол вакуоля, лизосома, микроденешіктерді де пайда ете алады. Эндоплазмалық арналар арқылы микромолекулалар, иондар тасымалданады. Агранулалы тор липидтерді және көмірсуларды синтездеуге қатынасады. Агранулды эндоплазмалық тор бетінде рибосомлары жоқ, бір-бірімен анастомоздар құрайтын мембраналық өзекшелер, көбікшелер және түтікшелер жүйесі. Қызметтері: стероид гормондарын, липидтерді, көмірсуды синтездеу; Са+ ионының депосы, яғни цитоплазмадан Са+ үнемі соруы нәтижесінде тегіс ЭПТ цистерналарында оның қорны жинақтау. Мұндай деполар қаңқалық және жүректік бұлшықеттерде, нейрондарда кездеседі. Жасушаға берілген химиялық сигналдар мысалы гормондар мен нейроиедиаторлар, жасуша белсенділігі мен пролиферациясына осы депо ішінде орналасқан Са+ ионын цитозольге шығару арқылы ықпал етеді. Мысалы бұлшықет жасушалары мен талшықтарының жиырылу шарты Са+ ионының деподан шығып, цитозольде концентрациясының кенет өсуі; детоксикация уытты заттарды арнайы ферменттермен тотықтырып, зиянсыздандыру. 49-сурақ, Секркттік клетканның элект/да ядро айналасында гиолоплазма жанынан рибосомдар бекінген жалпақ цистерналар мен түйіршіктер көрінеді.Бұл қандай органойд. Эндоплазмалық тор (reti-culum endoplasmaticum, лат. reticulum — тор, лат endoplasmaticum — эндоплазмалық) — ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген жасуша цитоплазмасының органелласы, Эндоплазмалық тор екіге бөлінеді түйіршікті ж/е тегіс. Бұл жердегі органоид түйіршікті ЭПТ –ультра жұқа кесінділерде оның тұйық мембраналардан тұратынын байқалады.Мемб/р әр-түрлі ұзынша келген қапшықтарды,цистерналарды ж/е тар каналшаларды түзеді:Қуыстарының көлемі қызметіне қарай өзгеріп тұрады.Қуыстың ең кіші ені 20нм,ал ең кеңейтілген түрінде бірнеше мкм дейін жетеді. Дж. Паладе олардың көптеген рибонуклеопротеидтерден тұратынын дәлелдеген.Мем/ң бетінде көптеген рибосомдар бір информациялық РНК жанында топтасып полисомдар құрайды. Түйіршікті ЭПТ қызметтері – экспортқа белок синтездеу. Сонымен қатар, онда полипептидтік тізбектің бастапқы посттрансляциялық өзгерістері өтеді. ТЭП мембраналары кейбір клеткаларда бытыраңқы түрде,сирек кездесуі мүмкін.ТЭПТ барлық мембраналық белоктар,мемб/ң липидтері синтезделеді ж/е липопротеид мемб/ры осы торда жинақталып құрылады.Синтезделген белоктың тасымалы. Биосинтез процессінен кейін белок бірден ЭПТ-ға түседі, одан ары көпіршіктерге, көпіршіктер жақын арадағы гольджи апаратына. Дәл сондай көпіршіктер белокты цитоплазма арқылы клетка қабатына тасымалдайды.Белок рибасомдарда синтезделеді.Сондықтан белокты секрет өндіретін ұйқы безінің мем/да рибосомдар өте көп болады.ЭПТ мем/да орналасқан рибосомдар сыртқа шығарылатын-«экспортқа жасалатын» белоктарды синтездейді.Мысалы:ұйқы безінде бірнеше белоктардың синтезделуі /протеиназа,липаза,нуклеаза/: бауырдың клеткалары –қаннығ альбуминдер: плазмоциттер-y-глобулиндерді, сілекей безі-ас қорыту ферменттерді /амилаза/ Ұрықтық,ісік ж/е басқа тез өсетін клеткалар полисомдар мембранаға бекітілмей гиалоплазмадан бос жатады.Мұндай полисоммдар белокты көп мөлшерде тек клетканыың өз пайдасына синтездейді.ТЭПТ бетінде синтезделген белок гиалоплазмаға түспей,мемб/н өтіп эндоплазмалық тордың ішккі қуыстарына жиналады.Одан кейін синтезделген заттар ГА түседі де сыртқа шығарылады.ТЭПТ тағы бір маңызды қызметі –ол клеткалық мемб/ны өңдеу.ТЭПТ барлық мем/қ белоктар,мемб/ң липидтері синтезделеді ж/е липопротеид мемб/ры осы торда жинақталып құрадады.Сондықтан да эндоплазмалық торды клеткалық мемб/на фабрикасы деп атайды. Синтезделген жаңа мемб/ң бөліктері ЭПТ мемб/на еніп,соның жазықтығында қалып,мемб/ң ауданын ұлғайтады.Барлық клеткалық мемб/р түйіршікті эндоплазмалық торда түзіледі.ТЭПТ мембаралары өте тығыз орналасқан жерін Эргостоплазма д.а.Эргостоп/ма нерв клетк/да тигройд деп,ал бауырда Берг денешігі деп аталады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|