Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Плазмоциттердің электро-да гранулярлы ЭП тор клетканың үлкен бөлігін алып жатыр. ОЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?




Жауабы: Белог биосинтезінің жүруі

Плазмоциттер-организмде антидене түзетін негізгі клетка.В- лимфоциттің дамуының соңғы этапы болып табылады. 1 секунттың ішінде ақ плазмоциттер бірнеше мыңдаған иммуноглобулинді молекулаларды өндіреді.Плазматикалық клеткалар- доғалы, домалақ формада болады. Диаметрі шамамен 15-20 мкм. В-лимфоциттер- лимфоциттердің бұл түрі алғаш рет фабрицус бұрсалары (bursa-дорба) деп аталатын құстың лимфоидтық мүшесінде байқалатындықтан аталған. В-лимфоциттер гуморальдық иммунитет жүйесіне жауапты. Арнаулы белоктар антиденелерді бөліп, организмді инфекциялардан қорғайды. Адам эмбрионында және басқа да сүтқоректілерде В- лимфоциті бауырда және бас сүйекте, бағаналы клеткаларда болады. Ал ересек сүтқоректілерде тек бассүйекте ғана болады.

Түйіршікті эндоплазмалық тор белок синтездейтін клеткаларда жақсы жетілген, өйткені рибосомдар белок синтездеу процесіне қатысады. Эндоплазмалық тор барлық жануарлардың, өсімдіктердің, қарапайымдылардың клеткаларынан табылды. Жетілген эритроциттерде, көк жасыл балдырларда эндоплазмалык, тор кездеспейді. Эндоплазмалық тордың құрылыстары мен даму ерекшелігі клетканың түріне байланысты. Мысалы, эндоплазмалық торлар секрет бөлетін, әсіресе, белок синтездейтін клеткаларда жақсы дамиды (қарын асты безінің ацинозды клеткаларында, бауырда т. б.).

Түйіршікті эндоплазмалық тор кейбір клеткаларда шашыраңқы мембрана түрінде кездеседі. Ал бауыр клеткаларында эндоплазмалық торды шоғырланған аймақ (Берга денешігі) нерв клеткаларындағы эндоплазмалық тор орналасқан аймақты Ниссель денешігі дейді. Электронды микроскоп осы аймақтың эноплазмалық тор түтікшелері мен каналдарынан тұратынын анықтады. Биохимиялық әдістерді қолдана отырып, эпдоплазмалық тордың негізгі компоненттерін клеткадан бөліп алуға болады. Ол үшін клетканы дифференциалды центрифуга арқылы фракцияларға бөледі. Одан алынған клетка гомогенаттары тұнбасынан ядро, макросом (митохондрия фракциясы) және микросом фракциялары алынады. Осы микросом фракциясында белок биосинтезі жүретіні толық анықталды, өйткені микросом фракциясында эндоплазмалық тордың көпіршіктері және рибосомдар орналасқан. Ал егер сол фракциялары эндоплазмалық тордың мембранасын ерітсе, онда таза рибосомдар бөлінеді. Сонымен, түйіршікті эндоплазмалық тор белок биосинтезі жүретін орталық болып саналады.

Эндоплазмалық тордың мембранасындағы рибосомдардың көп болуы синтетикалық процестің күшті жүретінін көрсетеді. Мысалға сүтқоректілердің желіндемеген кезінде клеткада болатып рибосомдардың 25%-і ғана эндоплазмалық тордың мембранасымен тығыз байланыста болады, ал желіндеген мезгілінде цитоплазмадағы рибосомдардың 70%-і эндоплазмалық тормен байланыста болады. Клеткада дифференциалдану процестері жүргенде және патологиялық жағдайда эндоплазмалық тормен байланысқан рибосомдардың саны күрт азаяды. Өсіп келе жатқан клеткада немесе клетканың бөлінер алдында белок молекулалары күшті синтезделеді, мұндай клеткаларды негіздік бояғыш заттармен бояғанда цитоплазма базофильді болады. Бұл құбылыс клеткада РНҚ-молекуласының көптігін және белок синтезіне қатынасатын рибосомдардың молдығын көрсетеді. Сонымен рибосомдар белок синтездеуде үлкен рөл атқарады. Эндоплазмалық тордың мембранасында орналасқан рибосомдар (түйіршікті эндоплазмалық тор) сыртқа (экспортқа) шығатын белоктарды синтездеуде басты қызмет атқарады. Мысалы, қарын асты безінің, ацинус бөлігінің клеткалары көп мөлшерде ішектердегі астарды ыдырататын белок-ферменттерді шығарады (протеиназа, липаза, нуклеаза т. б.). Бауыр клеткалары — қанның альбуминін, плазмоциттер - глобулиндерді, сүт бездері - казсинді, сілекей бездерін - ас қорыту ферменттерін - амилазаны және РНҚ-азаны және т. б. Бөледі. Былайша айтқанда, көп клеткалы организмдердің клеткалары организмнің зат алмасу процесіне қажетті белоктарды синтездейді.

Кейбір жылдам көбейетін клеткаларда дифференциалданбаған эмбрион клеткалары, ісік клеткалары немесе регенерация жүрген ұлпалардың клеткаларында рибосомдар полисом түрінде гиалоплазмада орналасады. Олардың негізгі қызметтері — клетканың өзіне керекті белоктарды ғана синтездеу. Түйіршікті эндоплазмалық тор белок синтездеуден басқа, синтезделген заттарды тасымалдау қызметін де атқарады. Эндоплазмалық тордың, каналдарының бойымен тасымалданған белоктар Гольджи аппаратына барып түседі. Онда синтезделген заттар жинақталып, тығыздалып Гольджи аппаратының көпіршіктеріне беріледі, олар арқылы цитоплазмаға бөлінеді немесе клеткадан сыртқа шығарылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных