ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Митоз және мейоздың бөлінудің айырмашылығы неде және сипаттаңызМитоз-сомалық клетканың бөлінуі. Нәтижесінде сомалық клеткадан аумайтын 2 еншілес клетка пайда болады. Тәуелсіз жүретін бөліну; Мейоз-жыныс клеткаларының бөлінуі. Нәтижесінде бөлінетін клеткаға ұқсамайтын 4 жаңа клетка пайда болады. Ол клетка саны жұп болғанда ғана жүзеге асады. Бұрыс таралу кезінде түрлі тұқым қуалайтын аурулар пайда болады. Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Профаза I (ең ұзақ және қиын ұйымдастырылған) 5 кезеңнен тұрады: Липтотена (нәзік жіпшелер стадиясы)-хромосомалар әлсіз өте нәзік әрі ұзын. Жіпшелер күйінде көрінеді. Ядро қабықшасы мен ядрошық жойылады. Зиготена (қосарлы жіптер)-көлемі бірдей хромосомалар конъюгацияланып қосылады. Конъюгацияланушы гомолог- ты хромосомалардың әр жұбы бивалент түзеді. Пахитена (жуан жіпшелер стадиясы) – кроссинговердің жүруімен, яғни гомологты хромосомалардың бірдей үлескілерімен алмасуымен сипатталады. Биваленттердің саны хромосомалардың гаплоидтік санына тең. Диплотенада биваленттер және олардың әрқайсысын құрайтын құрайтын төрт хроматидтер көрінеді. Бұл стадияда гомологтың серпіліп жіберілуі басталып, хиазма деп аталатын фигуралар пайда болады. Диакенезде ширатылу күшейе түседі, хиазмалар саны азайып, биваленттер ядроның шет жағында орналасады. Метафаза I Биваленттер метафазалық пластинканы құра отырып, клетканың экватор жазықтығына орналаса бастайды. Хромосомалар толық жуандап, қысқарады. Организмнің толық клеткасындағы хромосомалар санынан биваленттер саны екі есе кем, яғни гоплоидты санға тең болады. Анафаза I Бір центромераға бекіген екі хроматидтерден тұратын хромосомалар қарсы полюстерге таралады. Әр биваленттің аталық және аналық центромералары қарсы полюстерге тарап, тәуелсіз қозғалады. Хромосоманың әрқайсысы бұрынғыдай екі хроматидтен тұрады. Телофаза I (өсімдіктер клеткасында болмайды Хромосомалар ұзарып, олардың жанында ядро қабықшасы түзіледі. Ахроматин жіпшелері жоқ болады. Цитоплазма жылжуы басталып, ядролық мембрана түзіледі, ядро құрылымы қалпына келеді. Интеркинез (тек жануарлар клеткасында) Мейоздың бірінші және екінші бөлінуінің арасындағы уақыт. Хромосомалар екі еселенбейді және ДНҚ синтезі жүзеге аспайды. Митоз - сомалық жасушалардың бөлінуі. Митоз клетка көбеюінің көбірек кездесетін әдісі. Осы әдіс генетикалық материалдың жас клеткаларға тең бөлінуін және клетка ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді. Митоздың биологиялық маңызы - хромосома санының екі еселенуі және олардың жас клеткаларға тең бөлінуі. Митоз процесінде бір клетка жаңа екі клеткаға бөлінуге даярлана бастаған шақта хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзына бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең генетикалық материал алады. Митоз процесі 4 сатыдан өтеді: профаза, метафаза, анафаза және телофаза. 46. Анықтаңыз митоздың қандай кезеңінде хромосомалар клетканың орталық бөлімінде жатады? Митоз кезеңдерін сипаттаңыз. Митоздың метафаза кезінде хромосомалар клетканың орталық бөлімінде жатады. Метафаза фаза сатысының екі кезеңі бар: метакинез – хромосомалар жасушаның экватор аймағына жиналып шоғырланады, жасуша бөлінуге дайындалады; нағыз метафаза – хромосома жіпшелері центромералармен байланысады, хромосомалар хроматидтерге жіктеледі. Клетка цитоплазмасы бұл кезде тұтқырлығын жоғалтады. Бұл кзеңде әрбір хромосоманың центромерасы дәл экваторда, ал қалған денесі экватордан тыс жазықта болуы мүмкін. Көп жасушалы азғалар жасушаларының көбеюінің негізгі жолы — митоз немесе жасушалардың бөлінуі болып табылады. Жасушаның тіршілігін шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады: интерфаза — жасушаның митоздық бөлінуге дайындық кезеңі және нағыз бөліну кезеңі. Екі кезең бірігіл митоздық кезеңді құрайды. Көбеюдің негізі ДНҚ-да жазылған генетикалық ақпаратты сақтау және тасымалдау болғандықтан, митоздың ең басты сипаты — ДНҚ-ның орналасатын жері хромосомалардың күйіне байланысты. Митоздық беліну кезінде бір диплоидті жасушадан (2п) генетикалық материалы теңдей бөлінген екі диплоидті жасуша түзіледі. Митоз төрт фазадан тұрады: 1. Профаза.2. Метафаза.3. Анафаза. 4. Телофаза. Профазада ядро көлемі үлкейіп, хромосомалар ширатыла бастайды, екі центриоль жасуша орталығы жасушаның полюстеріне ажырайды. Хромосомалар ширатылып, жіпшеге айналып, ядрошық бұзылады. Ядро кабықшасы ыдырайды. Жасуша орталығының центриольдері жасуша полюсіне тартылып, олардың арасындағы микротүтікшелері бөліну ұршығын түзеді. Профаза соңында ядро қабықшасы жеке фрагменттерге бөлініп, олардың шеткі ұштары қабысады. Нәтижесінде эндоплазмалық торға ұқсас ұсақ көпіршіктер түзіледі. Профаза кезеңінде хромосоманың ширатылуы тоқтамайды. Соңында қысқа әрі қалың хромосомаларға айналады. Ядро қабықшасы жойылғаннан кейін, хромосомалар цитоплазмада еркін әрі ретсіз орналасады. Бұл — метафазаның басталғанын білдіреді. Метафазада хромосомалардың ширатылуы күшті жүреді және полюстерден бірдей қашықтықта орналасқан қыскарған хромосомалар жасуша экваторына бағытталады. Бөліну ұршығының түзілуі аяқталады. Хромосомалардың центромерлі бөліктері белгілі тәртіппен бір жазықтық бойына орналасады. Метафазада пентромер аймағында ғана байланыскан екі хроматидтен тұратын хромосома анық көрінеді. Әр хромосома екі хроматидтен тұрады. Экватор жазықтығына жинақталған хромосомалардың әрқайсысы ахроматин (бөліну жіпшесі) жіпшелеріне жабысады. Ахроматин жіпшесі бекінген хроматидтер жасушаның екі жақ полюсіне жылжиды. Бұл процес анафазаның басталғанының белгісі. нафазада центромерлер бөлінелі де, осы кезеңнен бастап ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер бір-бірінея ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Центромерлерге бекітілген жіпшелер хромосомаларды жасуша полюстеріне тартады, ал хромосома иықтары центромерлерге карай енжар түрде ілеседі. Сонымен интерфаза кезеңінде екі еселенген хромосомалар анафазада хроматидтерге айналып, жасушаның полюстеріне ажырайды. Жасушаның әр полюсінде бір хроматидтен тұратын хромосома, яғни бүл кезеңде жасушада екі диплоидті хромосома жиынтығы пайда болады. Анафазаның соңында хромосоманың шиыршығы жазылады, хромосомалар біртіндеп жіңішкеріп ұзарады. Бұл — телефазаның бастамасы. Жасушаның митоздық бөлінуін телофаза аяқтайды. Хромосомалар полюстерге жиналып, шиыршығы жазылып, нашар көрінеді. Цитоплазманың мембраналық құрылымынан ядро қабықшасы түзіледі. Жануарлар жасушасында цитоплазма екі кішкене мөлшерлі жасуша денешіктеріне тартылу арқылы бөлінеді. Оны цитокинез деп атайды. Олардың әрбіреуінде бір диплоидті хромосома жиынтығы пайда болады. Хромосомалар екі жас жасушаға тең бөлінеді. Ядрошық түзіледі. Бөліну ұршығы бұзылады. Аналық жасуша екі жаңа ұрпак жасушаларына бөлінеді. Митоздың биологиялық маңызы зор. Көп жасушалы ағзаларда генетикалық материал сақталмаса, мүшелер мен ұлпалардың құрылыстары мен қызметі тұрақты болмас еді. Митоз тіршілік үшін қажетті мынадай құбылыстарды қамтамасыз етеді: эмбриондық даму, өсу, зақымданғаннан кейінгі органоидтер мен ұлпаларды қайта қалпына келтіру, ұлпалардың қызметі кезінде тіршілігін жойып отыратын жасушалардың орнын толықтыру (тіршілігін жойған эритроциттердің, түлеген тері, ішек эпителиі жасушаларының орнын алмастыру). Митоз жолымен дене жасушалары бөлініп, саны көбейеді. Үздіксіз жүретін митоздық бөлінуде төрт фаза анықталады. Митозлын маңызы жаңа пайда болған екі жасушаға (сіңлілі) бірдей генетикалық ықпалы бар ДНК молекуласын өткізуі. Тіршілік дамуының негізгі қасиеті — көбею. Көбею тіршіліктің маңызды қасиеті ретінде ағзалардың құрылымдық-қызметтік ерекшеліктерінің ұрпақтарға берілуі мен өмір бойы сақталуын қамтамасыз етеді. Көбеюдің басты маңызы — ДНК молекуласында нуклеотидтер реттілігі түрінде жазылған генетикалық акпараттың сақталуы, іске асырылуы және ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдануы. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|