ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сервис түрлерін сипаттау
Қонақтардың контингентіне қарай әр түрлі сервистер қолданылады: -француздық; -ағылшын; -американдық; -орыс сервисі; -неміс сервисі. Француздық сервис – асханасы жоғарғы дәрежедегі мейрамханаларда көрсетіледі. Француздық сервис әлемдегі ең қымбаты деп саналынады. Қонақтың сол жағынан келіп даяшы тәрелкесіне тамақтар салады. Француздық сервисі үшін құрамы мынадай бүтіндей бір бригада керек: 1. мейрамхана менеджері (maіtre d'hotel) 2. аға даяшы (eneg de rang), төрт үстелге жауапты. Ол қонақтарды қарсы алады, тапсырыстар қабылдайды, қызмет көрсетілудің жылдамдығын қадағалайды, өзі қонақтардың тәрелкесіне тамақтар салып, еттерін кесіп береді және т.б. 3. аға даяшының көмекшесі (demі chef de rang) – ішімдікке тапсырыстар қабылдап, тағамдарды әкеліп тұрады. 4. су беруші даяшы (commіs de rang). Ол тапсырыстарды асханаға беріп, одан тележкамен тамақтар тасыйды, үстелдерді тазалайды. 5. Шарап таратушы даяшы (sommelіer). Француз сервисінің кемшілігі – жұмысының көптігі. Ағылшын сервисі (жақын қойылған столиктен қызмет жасау). Даяшы қонақтардың тәрелкесіне осы жерден тамақ салып, сосын оны қонақтың сол жағынан барып үстеліне қояды. Егер де қонаққа қосымша тамақ керек болса, онда оны жаңа тәралкемен береді. Ағылшын сервисінің артықшылығы: -қонақтармен байланыстың жақсы болуы; -қызмет көрсетушілер еркін қозғалады. Ағылшын сервисінің кемшілігі – уақыттың көп кетуі. Американдық сервис. Тамақтар асханада дайындалып, сол жерде тәрелкелерге салынады. Даяшылар оны таратып, қонақтардың үстеліне қояды. Сервистің бұл тұрі өзінің қарапайымдылығына және ыңғайлылығына қарай жиі қолданылады. Американдық сервистің артықшылығы: -жұмысының жеңілдігі; -көп адамның керек еместігі. Американдық сервистің кемшілігі: -қонақтармен байланыстың нашарлығы; -бекітілген порция мөлшері. Неміс сервисі. Тамақ үлкен тәрелкеге салынып, үстелдің ортасына қойылады, сосын қонақтар өз тәрелкелеріне салып алады. Неміс сервисінің артықшылығы: -қонақ өзі тойғанша жейді; -жұмысының жеңілдігі; Неміс сервистің кемшілігі: -қолданылатын ыдыс санының көптігі. Орыс сервисі. Неміс сервисі сияқты тамақты үстелдің ортасына қояды, оны даяшы порцияларға бөледі, сосын қонақтар өз тәрелкелеріне салып алады. Орыс сервисінің артықшылығы - қонақ қанша жегісі келеді өзі анықтайды. Орыс сервисінің кемшілігі: -жұмыстың, ыдыстың көптігі; -қонақтар өз тәрелкесіне салғанда тамақты шашуы мүмкін.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|