ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тамақтануда қызмет көрсетудің негізгі әдістерін анықтау
Таңертеңгілік, түскі және кешкі тамақтануды ұйымдастырғанда қызмет көрсетудің әр түрлі әдістері қолданылады: -"а ля карт"; -"а парт"; -"табльдот"; -швед столы; -буфеттік қызмет көрсету. "а ля карт" (a la carte). Қонақтар мәзір картасы бойынша өзіне өте ұнағанын таңдайды. Тапсырыс бірден асханаға беріледі де сол тапсырыс берілген тағамдар мен ішімдіктер бойынша сервировка жасалынады. Қызмет көрсетудің мұндай түрінде қонақтың даяшымен кеңесуге мүмкіндігі болады. Бұл жерде суггестивтік сервис (суггестия - сендіру) туралы айтқан жөн. Тағамдар мен ішімдіктерге тапсырыс беру идеясына, қонақты сендіре білу, ол мейрамхананың табысын көтерудің басты құралы. "а парт" (a part). Қызмет көрсетудің мұндай түрінде алдын ала тапсырыстар беріліп, сосын белгіленген уақыт аралығында қызметтер көрсетіледі. Бұлар демалыс үйлері мен курорттық қонақ үйлерінде жиі кездеседі. "табльдот" (table d'hote). "а парт"-тан айырмашылығы мұнда барлық қонақтарға бірден, бір мезгілде, бір мәзір бойынша қызметтер көрсетіледі. Қызмет көрсету барлық қонақтар жиналғаннан кейін басталады. Мұндай әдістер пансионаттар мен демалыс үйлерінде қолданылады. швед столы. Тағамдар түрі көп, таңда да ұнағанын ала бер. Қызмет көрсетудің бұл түрінің бір қатар артықшылықтары бар: -мейрамхана залының өткізу қабілеті артады; -қызмет көрсету процесі жылдамдайды; -мамандандырылған қызметкерлердің саны аз керек. Буфеттік қызмет. Буфеттерде қонақтар өздеріне өзі қызмет көрсетеді. Ол сондай-ақ конференция, симпозиум, кеңестерге қатысушыларға қызмет еткенде қолданылады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|