ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Таңғы астың негізгі түрлерін анықтауБарлық қонақ үйлерінде таңертеңгі тамақтануға ерекше көңіл бөледі. Таңертеңгі тамақтанудың мынадай түрлерін атауға болады: 1. Континентальдық. Аты ағылшын тіленен алынған (Contіnental Breakfast) көп жылдар бойы Еуропа континентінде қолданылады. Континентальдық таңертеңгі тамақтануға кіретіндер: кофе, шай немесе ыстық шоколад, қант, сүт (кілегей), лимон, екі түрлі повидло, джем немесе бал, май, тоқаш. Демалыс күндері қосымша салқын жұмыртқа беріледі. Еуропаның көптеген елдерінде бұндай таңертеңгілік тамақтану қонақ үйіне орналасудың жалпы бағасына кіреді. 2. Кеңейтілген. Таңертеңгілік тамақтанудың бұл түрі ХХ-ғасырдың 60-шы жылдарының ортасынан бастап Еуропада кең тарай бастады. Континентальдық таңертеңгі тамақтануға қосымша қонақтарға ұсынылады: шырындар (апельсин, томат, грейпфрукттық), кесілген ветчина тағамы, ірімшік пен шұжық қосылған тағамдар, жұмыртқадан тағамдар және т.б. 3. Ағылшынша. Ағылшынша таңертеңгілік тамақтанудың классикалық түрі нөмірге әкелінетін таңертеңгі шай немесе кофеден басталады. Сондай-ақ бұған кіретіндер қант, май, джем, бал, булочкалар. Бұндай таңертеңгілік қысқа (шағын) тамақтану "short breakfast" жұмыртқадан, балықтан, дәнді жасалынған тағамдармен толықтырылуы мүмкін. 4. Американдық. Американдық таңертеңгі тамақтануда қосымша ұсынылады: мұз қосылған сусындар, жеміс шырындары, дәнді дақылдардан тағамдар (жүгері, күріш хлопьялары), шағын порциялы ет, пирог және т.б. 5. Шампанмен таңғы ас. Бұндай таңертеңгілік тамақтанудың уақыты 10.00-11.30 аралығы. Кофе, шай, алкогольдік ішімдіктер (шампан, шарап), шағын суық тістеме және ыстық тағамдар, суптар, салаттар, десерттер ұсынылады. 6. Кешіктірілген таңғы ас. Ұсынылатын уақыты 10.00-14.00 аралығы. Бұнда таңертеңгілік және түсте тамақтанатын элементтер құрамы қолданылады: ыстық және салқын ішімдіктер, май, джем, шұжық, ірімшік, булочка, ыстық ет тағамдары, десерттер.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|