ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Банкеттерде қызмет жасауІскерлік мақсаттағы қонақ үйлеріне қойылатын маңызды талаптардың біреуі, банкеттерге қызмет жасауды қамтамасыз ету. Ол үшін қонақ үйлеріндегі тамақ мекемелерінің құрамында мейрамхананың негізгі залынан басқа да банкетке арналған зал болуы керек. Банкеттерді былайша классификациялауға болады: 1. Үстелдің жанында тұрып немесе отырып тамақтануға байланысты. 2. Қызмет жасауға қызметкерлердің қатысуына байланысты. - толық, барлық жұмысты даяшылар атқарады (азық-түлікті алу, әкелу, тамақты дайындау, беру және жинастыру және т.б.); - жартылай, кейбір жұмыстарды қонақтардың өздері атқарады. 3. Тағамдар мен ішімдіктердің ассортиментіне қарай: - жалпыға бірдей; - банкет-шай; - банкет-коктейль; - фуршет-буфет. Банкеттерге қызмет жасауға тапсырысты директордың өзі, метрдотель немесе банкеттерге қызмет жасауға арналған менеджер қабылдайды. Тапсырыс жазба түрінде немесе ауызша беріледі (телефон арқылы немесе келіп) және келісілуі керек: -өткізілетін күні; -банкет жасаудың себебі; -өткізілу орны (банкет залының нөмірі); -көрсетілетін қызметтің уақыт аралығы; -келушілердің саны; -мәзір құрамы; -бір адамға көрсетілетін қызметтің бағасы және барлық банкеттің бағасы; -төлем түрі; -тапсырыс берушінің мекен-жайы және телефоны. Тапсырыс кезінде қонақтарға коктейль, гүлдер және музыка керек немесе керек еместігі толықтырылынады. Ресми банкеттерді ұйымдастырғанда үстел басына келушілерді орналастырудың ретіне ерекше көңіл аударады. Онда мынадай ережелер сақталуы керек: -бірінші орын банкет бибі иесінің оң жағындағы, екінші орын – иесінің сол жағындағы; -бибі иесі болмаса бірінші орын иесінің оң жағындағы, екіншісі – сол жағындағысы; -жоғары мәртебелі қонақ иесіне қарсы орналасады, мұндай жағдайда иесінің оң жағындағысы екінші орын болады; -егер де банкет иесінің әйелі болмаса, оның орнына шақырылған әйелдердің біреуі отырады. Банкет залының үстелінің үстіне қонақтарды отырғызу жоспарына сәйкес карточкалар қойылады, онда шақырылған қонақтардың аты-жөні, кейде оның атағы жазылады. Банкетті өткізуге дайындық кезінде оған қызмет жасайтын даяшылар мен басқа да қызметкерлердің саны анықталып, келісіледі. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|