Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мейрамханалардағы қызмет сапасын басқару




Қонақжай жүйесінің бизнесін ұйымдастырудағы іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы – көрсетілетін қызметтің сапасы. Бір қатар маркетологтардың айтуынша, сапаны басқару – бұл белгіленген стандарт сапасына сәйкес бағытталған бақылаушы ұйымдардың жұмысы. Сапа – бұл тұтынушыны қанағаттандыратын қызмет қасиеттерінің жинағы. Қызметтердің сапасы тұтынушының көзқарасымен. Қонақжай мекемесі үшін маңыздысы – нені тұтынушы сапа ретінде көреді. Қызметтің сапасын тұтынушы өзіне көрсетілген қызмет өзі ойлағандай болды ма соны салыстыру арқылы бағалайды. Қызмет сапасы үш түрге бөлінеді: -базалық (негізгі) сапа; -қажеттік (талаптық) сапа; -қалаулы (ойлағандай) сапа. Базалық (негізгі) сапа – бұл қызмет түрлерінің жинақтары, олар тұтынушының ойынша міндетті түрде болуы қажет. Мұндай сапаны көруге үміттенген тұтынушы ол жөнінде өндірушіге айтуды жөн демейді. Қонақ үй мекемесі үшін базалық сапа: қонақ үйіне орналасқанда таза төсек орын мен сүлгінің болуы; күнделікті нөмірді тазалап тұру; нөмірдегі

аппараттардың мүлдіксіз істеуі (телевизор, телефон, мұздатқыш); тұрған күндеріне есеп жасағанда қателік жасамау. Базалық сапаны қамтамасыз ету үшін мекемеге үнемі шығын және күш керек. Өндіруші өз атағын және келешектегі бизнесін жоғалтпау үшін базалық сапаға көп көңіл аударуы шарт. Қажеттік (талаптық) сапа – бұл қызметтердің техникалық және функционалдық сипаттамаларының жинағы. Олар өндірушінің жоспарына қаншалықты сәйкес келеді, соның көрсеткіші болады. Әдетте, жарнамада қажеттілік сапа көрсетіледі және соған өндіруші кепіл береді. Техникалық сипаттамаларының мысалдары: нөмірдегі коммуналдық жеңілдіктер (ванна, душ, туалет), кондиционерлер, конференц-залдар, сөйлесу орындарының болуы және т.б. Функционалдық сипаттамаларының мысалдары: нөмірге тәулік бойы қызмет көрсету, күнделікті газет-журналдарды жеткізіп тұру. Қалаулы (ойлағандай) сапа – тұтынушы үшін көрсетілетін қызметтердің ішіндегі ойламағандай құндысы, ол жөнінде ол тек қана армандайды. Бұл сапаның ерекшелігі – оны тұтынушы ойламайды және құрастырмайды. Әдете, оған тұтынушы ұсыныс та жасамайды, бірақ оның

қызметтердің ішінде болғанына оған ол жоғары баға береді. Қонақжай қызметтеріндегі ойлағандай сапаға жататындар: кабельді және спутникті телевизордың болуы; қонаққа қонақ үйінен сыйлық реітнде фен, шатыр, фирманың косметикасын сыйға тарту және т.б. Егерде, ойлағандай сапасы бар қызметтер жақсы көрсетілсе, онда ол тұтынушыны қатты қанағаттандырылып өндірушінің нарық бизнесін кеңейтеді.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных