Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ Жеке адамның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуы. Жеке адамның даму факторлары.




Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі-биологиялық, екіншісі-әлеуметтік. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күннен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туылғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы процесінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру процесі,оның дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп,осыдан балалық,жасөспірімділік,ересектік, қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз.Жеке адам тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты.Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп,тіл игеруі,санасы,әртүрлі әдеттерімен ерекшеленеді.Жеке адамдық қасиетке ие болу,оның табиғи, биологиялық болмысына емес,қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты.«Жеке адам»дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып,оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан,олар біреулерде айқын көрініп,басқаларда күңгірттеу болады.Ал жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамуы мен қалыптасуынан пайда болады. Даму -бұл жек адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі.Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды.Ол сөйлей бастайды,сөздік қоры молая түседі,көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді.Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалық өзгерістер. Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ,ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі,сыртқы. Қоршаған орта және тәрбие-сыртқы әсерлер:табиғи икемділік пен құмарлықтар. Сыртқы тәрбие орта әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы-ішкі әсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың байланысынан болады. Тәрбие адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып,өзіндік өңдеу белсенділігін арттыра алса ғана,адам өз дамуындағы қызметін орындай алғаны. Тәрбие -жеке тұлғаны мақсатты қалыртастыру процесі,бұл процесте тұқымқуалаушылық бейімділік пен микроортаның өзгерістері жөнге келтіріледі.Тәрбие жеке тұлғаның тәрбиелілігі нәтижесінің белгілі бір эталонының болуын талап етеді.Тәрбие мен білім беру адамның қоғамдық қажетті білім,білік,дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қарулануын,оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын,осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын,адамдармен қарым-қатынасын қарастырады.Осылайша жеке адамның қалыптасуы мен дамуының жемісті болуының шарты тарихи анықталған және ардайым өзгеріп отыратын 3 фактор: тума қасиеттері,қоршаған орта,тәрбие.

Сұрақ Тәрбие процесінің мәні және мазмұны, оның диалектикалық өзгешелігі. Тәрбие принциптері және заңдылықтары.

ТП- бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі. ТП- бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастыралады және оның бірлігі болып дамушы тәрбилеу дағдайында есептеледі. Мұнда тәрбиеленушілер, тәрбие іс-әрекеті, тәрбиеші, оның тәрбиеленушілерімен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратын біртұтас объектіні дамытады.

ТП көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін-өзі басқару сияқты қасиеттермен сипатталады. ТП-де мазмұндық және процессуалдық жақтары анықталады. Бұлардың бірлігі тек тәрбие іске асатын нақты жағдайлар төңірегінен шығуға мүмкіндік беретін жоғары дәрежедегі абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пәні мұғалімнің, сынып жетекшінің, ұжымның тәрбиеләк іс-әрекеті бұлар бәрі тәрбие процесі болып табылады. Бұлардың арғы жағындағы тұтастықты көру үшін педагогикалық абстракциялау қажет. Абстракциялаудың жеткілікті дәрежесі- тәрбиелеу теориясының аса маңызды әдіснамалық проблемасы. Өйткені, төмен дәрежедегі абстракциялауда тәрбие процесі тексеріле алмайды, ал өте жоғары болса шындықтан алшақтау қаупі туады.

ТП ның мазмұнын түсінерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының білімі мен нанымы, дағдылары, тұлғалық сапасымен белгілері тұрақты әдеттер жүйесі деп қабылданған.

Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы-бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек пен политехникалық, эстетикалық, тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы.

Қазіргі кезде бағыттарының негізіне мына идеалар жатады:

1. Тәрбие мақсаттарының шынайы болуы. Бүгінгі нақты мақсат- бұл адамның ептіліктері мен дарындығына сүйене отырып, оны жан-жақты дамыту. Бұл мақсатқа жетудің құралы- әр адамның мәдениет қоры негіздерін игеруі. Осыдан тәрбие мазмұнының орталық түсінігі яғни тұлғаның «базалық мәдениеті» келіп шығады. Бұл өмірлік өзін өзі анықтау мәдениеті болып табылады, яғни экономикалық мәдениет пен еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік пен экологиялық мәдениет, көркемөнер және дене мәдениеті, отбасы қатынастар мәдениеті.

2. Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеті. Тәрбиеші жұмысының мазмұны балалармен бірге рухани мәдениеттің жақсы үлгілерін, адамгершіліктік өнеге, іс- әрекет мәдениетін іздестіру арқылы өмір нормалары мен заңдылықтарын өңдеуден құралады.

3. Өзін-өзі тану. Адамның сенімі, демократиялық көзқарасы, өмірлік позициясы арқылы тұлғаның толық қалыптасуы нақты тәрбиеде жобаланады. Тәрбие мазмұнында маңызды элемент адамның өмірлік өзін өзі тану мәдениеті. Өмірлік өзіндік таным бұл кәсіптік, азаматтық түсініктерді қамтымайтын өте кең ұғым. Өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті адамды өз бақытының және өз өмірінің субъектісі ретінде сипатталады. Адамның өзіне өзі үйлесімді болуы арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік өзіндік танымы қалыптасады.

4. Тәрбиелік тұлғалық бағыты. Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері мен формалары ғана құрамайды, сонымен бірге ол бала, жеткіншек, жасөспірім арқылы сипатталатын педагогикалық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді. Олардың жеке қызығушылығы, ыңғайы, өзіндік мінез- сипаты мен бірге өз қадірін сезінуін дамыту керек. Тәрбиеленушілердің қызығушылығынан жоғары рухани қажеттіліктеріне қарай өтуі тәрбие ережесіне айналуы қажет.

ТП диалектикалық сипатта болып келеді. Бұл оның үздіксіз дамуынан, динамикалық болуынан, қозғалмалы әрі өзгермелі болуынан байқалады. ТП болып жатқан себептерге сәйкес дамиды. Мысалы, оқушылардың әртүрлі жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады, сонымен бірге әртүрлі жағдайлар мен нақты ситуацияларға қарай басқадай сипат алуы мүмкін. Кейде бірдей тәрбие құралы бірдей жағдайда тәрбиеленушілерге күшті әсер етуі де, төмен әсер етуі де кездеседі.

ТП-нің дилектикасы оның қарама-қарсылығымен, демек, ішкі және сыртқы қарсылықтаымен бейнеленеді. Нақты, осы қарама қарсылықтар процестің үздіксіз жүруіне күш береді. Ішкі қарама-қарсылықтар тұлғаның барлық кезеңдерде байқалатын, оның жаңа қажеттілігі мен қанағаттану мүмкіндіктерінде көрінеді. Осы жағдайдан туындайтын «қарсылық» адамның тәжірибесін белсенді толтырып, кеңейтуіне, жаңа білімдер мен құлық формаларын алуына, нормалар мен ережелерді игеруіне итермелейді. Бұл жаңа сапалардың қай бағытқа құрылатындығы тұлғаның іс- әрекетіне, белсенділігіне, өмірлік позицияларына байланысты болады. Тәрбиенің бағыты тұлға қалыптастыруды дұрыс бағдарлау, ал мұның өзі тәрбиеленушілердің қозғаушы күштерін, мотивтерін, қажеттіліктерін, өмірлік жоспарларын терең білу негізінде ғана жүзеге асырылады.Сыртқы қарама қарсылық та тәрбие процесінің бағыттылығы мен нәтижесінде байқалады. Мысалы, кейбір жағдайда мектеп пен жанұя арасындағы қарама қарсылықтар, педагогтардың кейбір талаптарына ата ананың қарсы әрекеті жайсыз әсер қалдырады. Сөз бен іс арасындағы қарама қайшылықтар да тәрбиедегі көптеген қиыншылықтар мен кемшіліктерге себепші болады. Педагогтар әсіресе тәрбиеленушілердің ішкі талпыныстары мен сыртқы әсер арасындағы қарама қарсылығына көп мән берулері керек дейді. Соңғы кездерде тәрбиешілер жұмыстарында тәрбиелнуші дайындығына педагогикалық талаптардың сай болмауы көп қиыншылықтар туғызуда. Егер тәрбиеленушінің дайындық деңгейі қойылған талаптардан көп төмен болса, онда талаптар қойылмайды, өзгеріcке келтіреді.

ТП ның принциптері бұл тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелер. Олар тәрбие процесінің өзіндік ерекшелегін танытады. Педагогикалық процестің жалпы принциптерін нақты тәрбие принциптерінің өзгешелігі тәрбие міндеттерін шеудегі педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендігінде жатыр.

Осы принциптерге қойылатын талаптарды сипаттайық:

1. Міндеттілік. Тәрбие принциптері бұл кеңес, нұсқау емес, олар толық және міндетті түрде тәжірибеге ұласуды талап етеді. Принциптерді дөрекі түрде әркез бұзу және ондағы міндеттерді орындамау тәрбиелеу процесінің пәриенділігін кемітіп қана қоймай, сонымен бірге ол принциптердің негізін, еүп тамырын ыдыратады. Егер тәрбиеші принцип міндеттерін бұзса, онда ол тәрбие процесі жетекшілігінен аластатылады. Тіпті, мысалы, егер педагог гуманистік принциптерді, жеке басты қадірлеу принциптерін қасақана әрі дөрекі бұзса, онда ол заңды жауапкершілікке тартылуы тиіс.

2. Комплекстілік. Принциптер комплекс, бөлінбеген талаптар түрінде тәрбие процесінің барлық кезеңдерінде бірігімді қолданылуы тиіс. Принциптер тармақталмай, фронтальды әрі барлығы бірдей іске асып отырады.

3. Бірмәнділік. Тәрбие принциптері жалпыға бірдей ортақ ережелер ретінде бірмәнді болып келеді, олардың арасында біреуін бірінші кезекте орындау керекті немесе ертеңге қалдыруға болатын сияқты негізгі немесе қосалқы принциптері болмайды. Барлық принциптерді теңдей мәнді деп бағалау тәрбиелеу процесінің жемісті болуының кепілі.

Сонымен бірге тәрбие принциптері дайын нұсқау емес, тіпті олар ұстану арқылы жоғары нәтижеге автоматты түрде жеткізе салатын әмбебап ережелер емес. Олар тәрбиеге қажет арнайы білімдерді, тұлға тәжірибесін, шеберлігін алмстыра алмайды. Тәрбие принциптерінің талаптары баршаға бірдей болса да, олардың практика жұзінде іске асырылуы тұлғалық шарттарға байланысты болады.

ТП сүйенетін принциптер белгілі жүйені құрайды. Тәрбие жүйелерінің түрлері бұрын да, қазір де көптеп саналады. Әлбетте, оларадғы принциптердің сипаты, жекелей міндеттері, кейбір принциптердің өздері өзгеріске ұшырайды. Қазіргі тәрбиелеу жүйесі мынадай принциптерді ұстанады:


vТәрбиенің қоғамдық бағытта болуы;


vТәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы;

vТәрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу;

vТәрбие гуманизациясы;

vТәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау;


Тәрбиелік ықпалдардың бірлігі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных