ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сұрақ Оқыту әдістері,тәсілдері және құралдары туралы ұғым.Әдіс -оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданылатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе- оқушылардың танымдық жұмыстары. Тәсіл- оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ойы жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Оқыту тәсілдерінің түрлері: -ой,зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері -мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер -оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер О.Ә басты қызметі-оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс. 19 ғасырдың 20-30 жылдарында Райков, Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.Осы жылдарда Верзилин, Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынды.Данилов, Есипов, Лернер, Скаткин ОӘ оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың 20 астам түрі бар. 1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай «М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер» - түсіндірмелі хабарлау әдісі - репродуктивтік әдіс - проблемалық баяндау әдісі - эвристикалық әдіс 2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А Данилов, Есипов, Ильина): -жаңа білім беру әдісі -Біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі -Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі -өзіндік жұмыс істеу әдісі -білімді тексеру әдісі -проблемалық прогрммаланған оқыту әдісі 3. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Бабанский) - оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру -оқуға ынталандыру -оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдісі 4. Әдістің логикалық және психологиялық ситпатына қарай (Лемберг): -ауызша баяндау әдісі -есеп шығару әдісі -өнер құралдарын пайдалану әдісі 5.Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь) -жаңа білімді игеру әдісі -өзіндік білім әдісі -проблемалық әдіс -практикалық әдіс -көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі Солардың ішінде ең көп тараған –білім берудің көздеріне сәйкес (Огородников, Перовский, Голант) -Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс -көрнекілік әдіс: иллюстрация және демонстрация Тәжірибелік әдістер: лабороториялық,практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстар Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|