Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ 13. Тәрбие әдістері, тәсілдері, құралдары туралы жалпы түсінік




Тәрбие әдісі (гректің «методос» - жол деген сөз) – оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына? Мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым – қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі. Қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.

Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс - әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.

Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:

· адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар, тудыратын әдістер.

· әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.

А.А.Пинкевич тәрбиені 2 топқа бөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педвгогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.

Қазіріг кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина және В.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.

Осыған орай тәрбие әдістері 4 топқа ажыратылады:

· адамгенршілік сананы қалыптастыратын әдістер.

· іс - әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.

· тәртіпке, іс - әрекетке ынталандыратын әдістер.

· мінез – құлық пен іс - әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне - өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістеі.

Тәрбие тәсілдері дегеніміз -әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:


1. тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.

2. ақпараттық – ағартушылық.

3. бағдарлау – іс – қызмет.

4. қатынас.

5. бағалау.


Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін жәәне оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік қөзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс – қызмет мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс – қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтауға үйретеді.

Бағдарлау – іс – қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс – қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс – қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.

Қарым – қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) – балалар мен ересектердің іс – қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез – құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата – аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді.

Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардың қимыл - әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп – бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс – қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгенршілік сапаларын өздері бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне - өзі баға беруді қалыптастыруға қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді.

Тәрбие құралдары дегеніміз – оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз маериалдар. Тәрбие құралдары:


· іс - әрекет түрлері (ойын, еңбек);

· заттар (ойыншықтар, компьютерлер);

· рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);

· бұқаралық ақпарат құралдары;

· педагогикалық ықпал жасау құралдары.


№20-сұрақ? Оқушыларды салауатты тәрбиелеу мектептегі тәрбие жұмысының бағыты

Эстетикалық істер - арнайы бағыттағы тәрбие жұмыстарыньң жалпы атауы, мақсаты - өмірге эстетикалык, қатынас баулу: еңбекке, қоғамдық іске, табиғатка, өнерге, өз қылығына деген катынасты таныту. Бұл тәрбиенің басты мідеті-эстетикалык, түсінік, баға, талқы, қажеттік, таңдау және қабілет дамыту.

Эстетикалык тәрбие тұлғада әсемдік сезімін дамытады. Адам әсемдікті сезінуден, өз өмірін сұлулық заңымен кұруға ұмтылады. Эстетикалық тәрбие адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиесімен тығыз байланысты. Табиғатқа, әдебиетке, театрға, музыкаға, поэзияға, көркем сурет және т.б. өнерге деген сүйіспеншілік адамның жан-жақты саналы дамуына әсер етеді. Дене тэрбиесі сұлулыктың көп элементтеріне арқау: дене дамуыньщ үйлесімі, жүріс-тұрысы, адам мінезі, ойлау мәнері т.б.

Эстетика категориясының ең негізгісі - әдемілік, әсемдік категориясы. Әсемдік бұл өмірдің өзі, бұл табиғат және адам карым-катынасы мен оның еңбегінің жемісі. ТІ процесінде эстетикалык білім дамыту шаралары бұл конкурс, викторина, мектеп мерекелері, үйірмелер, шығармашылық топтар т.б. Оқушылар оларда қыскаша мәлімет алып қана қоймай, эстетика ғылымын толықтай түсінуге бастау алады. Эстетика сабақтары оқушыларға эстетикалық таным заңдары мен заңдылықтарынан, өнердің жалпы принциптерінен акпараттар береді.

ТІ дене шынықтыру бағытындағы мақсаты дене саулығы және тән сұлулығы тәрбиесі міндеттермен туындайды. Олар:

1) Дене шыныктыру, окушыларды салауаттылыкка дғгдыландыру, дұрыс есуіне көмектесу;

2) Спорт — дене тәрбиесі білімдерін меңгерту;

3) Қозғалыс дағдылары мен біліктерін дамыту;

4) Қозғалыс сапасын дамыту (күш, ептілік т.б.);

5) Адамгершілік касиеттерді тәрбиелеу (ерлік, тұрақтылық, тәртіп, ұжымшылдық);

6)Эстетикалық қасиеттерді қалыптастыру (дене түзулігі, жүріс -тұрыс мәдениеті);

7) Дене шынықтыру мен спортпен үнемі айналысуды әдетке айналдыру;

8) Гигиеналык дағды мен ептілікті қалыптастыру.

Экологиялық ТІ негізі табиғатты қоғгау ниеттерін тәрбие жүзінде іске асыру. Бұл істің көзі адам өмірінің бастауы - жер, су, ауа, аң, өсімдік. Аймақ кажеттігі жергілікті табиғат жағдайы ТІ бағытын, түрін, оны ұйымдастыру мен іске асыру формалары мен мазмұнын анықтайды (жасыл патрулдер, орман достары, аңдар мен құстар тобы).

Рухани және материалдық байлық еңбек жемісі болады; еңбектің арқасында адам кемелденеді, өз тұлғасын қалыптастырады. Сол үшін мектептегі еңбек тәрбиесі оқушыларды психологиялық тұрғыдан және тәжірибе жүзінде еңбеккерлікке дайындауға бағытталған. Қазіргі экономикалық және қоғамдық даму кезеңі тұлғаға жоғары талаптар қояды:


1) Еңбекті маңызды коғамдык борыш ретінде бағалай білу;

2) Барлық жұмыс түрлерінің маңыздылығын тану, еңбекті және оның нәтижесін құрметтей білу;

3) Еңбекте үнемі белсенділік, жаңалык, шығармашылық таныту;

4) Ой-сана және дене күші деңгейіне қарай еңбек ету кажеттілігін іштей түсіну;

5) Енбекті ғылыми ұйымдастыру принциптеріне сүйене жүргізу;

6) Еңекке адам өмірінің негізгі кажеттігі ретінде қарым-қатынас жасау.


Еңбек тәрбиесі процесінде алған білім, ептілік және дағдылардың негізгі мақсаты немесе педагогикалық істің соңгы жемісі емес, ол тұлғаның басты қажеттігі - еңбек ету кабілетін дамыту құралы.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных