Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ Сабақтың түрлері мен құрылымдары.




Сабақтың түрлері (типологиясы) көп. Бірақ негізгі – сыныптық немесе кабинеттік сабақ. Бұл Я.А. Каменскийдің заманынан келе жатқан оқудың түрі. Сабақтың басқа түрлері осы сыныптық сабақтың төңірегінде топтасады. М-ы, сыныптық – кабинеттік сабақ, сабақтың көп түрдегі жүйелері осы сыныптық сабақтың жаңаша түрлері.

Сабақтың құрылымы, түрі, ұстаз бен шәкірттің қызметтерін ұйымдастырунақты оқу-тәрбие мақсатына, соны жүргізушілерге(ұстаз бен шәкірт) байланысты.

Сабақтың түрлерін (типологиясын) негізінде дидактикалық тұрғыдан қарап топтап жіктейді(классификация). М-ы, Б.П. Есипов, Н.И. Болдырев, Г.И. Щукина, В.А. Онищук, т.б. жасаған сабақ түрлері мектепте жиі қолдануда. Оларға:

оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары;іскерлік пен дағдыны қалыптастыру ж/е жетілдіру сабақтары;қайталау, бекіту, яғни білімді, іскерлікті ж/е дағды кешенді қолдану сабақтары;білімді, іскерлік ж/е дағдыны бақылау-тексеру сабақтары; аралас сабақтар жатады. Осылардың ішінде ең кең тарағаны – аралас сабақтар. Оның құрылымы: ұйымдастыру кезеңі, нұсқау беру; үйге берген тапсырманы сұрау; ұстаз бен шәкірттің жаңа сабақты игеруі; жаңа сабақты бекіту,балалардың түсінгенін тексеріп шығу, диагностика қою; үй тапсырмасын орындау туралы нұсқау беру жатады.

Білімді, іскерлікті ж/е дағдыны бақылау тексерудің ең жоғары деңгейі – емтихан. Ол тек ұйымдастыру кезеңіндебақылау жұмысын жүргізумен шектеледі. Сабақтың басқа да түрлері бар ж/е заман ағымына байланысты болуы да мүмкін. Ол негізінен ұстазға, өтілетін тақырыптарға, пәндерге,оқушылар құрамына, сабақтың дидктикалық мақсатына, ұстаздың шеберлігіне байланысты. Сабақ оқытудың негізгі түрі болғандықтан, оның көптеген қайшылықтардан тұруы мүмкін. Олар: а)сабақ негізінен жалпы көпшілік оқушыларға, оның ішінде орташа оқитын оқушыларға арналған. Бірақ оқушылардың арасында жақсы да, нашар да оқитындары бар. Олардың бұл жағы ескерілмейді; б) сабақ ұстаз бен шәкірттің қарым – қатынысынан тұрады дейміз. Ал шындығында бұл қ.-қатыныс барлық жағдайда кездесе бермейді; в) ұстаз сабақ беру барысындаескі сарынға түсіп кете береді; г) ұстаз сабақ материалын толық беріп, шәкірт соны сол қалпында қайтарса деп ойлайды. Шәкірт ұстаздың ойынан шыға бермейді; д) ұстаз жекелеп оқытуды қолдап, ұжымда оқытады. Ұстаз осы қайшылықтарды шешкені жөн.

Сабақ оқытудың жүйелі түрі. Оның жетекші н/е қосалқы, көмекші түрлері болуы мүмкін. Бірақ бұлар өзара тығыз байланыста болады. Қысқасы сабақтар жүйесі негізгі, қосалқы, көмекші болып бөлінеді. Сабақтың күрделі негізгі түріне дәстүрлі сабақтардан басқа (жоғары сыныптарда) оқушыларға арналған дәріс жатады. Сабақ – дәрәстің жоспары, әдебиеттер тізімі беріліп ұстаз дәрістің мазмұнын шәкірттерге беріп, қорытындылап бекітеді. Негізгі сабақтың тағы бір түріне семинар сабағы жатады. Бұл жоғары сыныптарда тарих, әдебиет, жалпы биология, т.б. пәндер б/ша өткізіледі. Семинарға қатарынан екі сағат беріледі, онда 2-3 мәселе қарастырылады. Оқушылар сабаққа дайындалу барысында әрбір мәселе б/ша материал жинайды, бақылау жасайды, мұражайға, көрмеге, мұрағатқа, кітапханаға барадықұжаттармен, әдебиеттермен танысады. Семинар сабақтар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді, сөйлеуге, ойын айтуға мүмкіндік береді. Сабақтың тағы бір негізгі түрі – емтихан. Емтиханның мақсаты- пән б/ша баланың жүйелі білімін, іскерлігін, дағдысын, алған білімін қалай қолдана алуын тексеру. Емтихан ұстаз үшін де, шәкірт үшін де сын. Шәкірт емтиханға дайындалу барысында көп нәрсені үйренеді, өзінше жаңалық ашады, жауапкершілігі күшейеді. Емтихан билет б/ша н/е тест, жасбаша түрінде пәнге байланысты өтеді. Сабақтың тағы бір негізгі түріне бригадалық-зертханалық жұмыс жатады. Бұл- ескіден қолданылып келе жатқан сабақтың негізгі түрінің бірі. Мұның өзінің ерекше құрылымдары бар. Ол әр түрлі болүы мүмкін: а) ұстаз тапсырманы шәкіртпен талқылап қандай шешеім шығаруды ойластырады; б) жекелеп н/е қосарланып тапсырманы орындау; в) ұстаздан кеңес алу; г) бригадирдің есебін тыңдау; д) бақылау-кеңесу, нәтижесін бағалау. Бригадалық – зертханалық жұмыстың мақсаты оқушылардың қосарланып бірігіп жұмыс істеуіне негізделген. Сабақты басқаша оқытуды ұйымдастырудың түріне саяхат (қосалқы сабақ) жатады. Саяхат пәндер б/ша жоспарланып, мектептің жалпы іс жоспарына кіреді. Саяхатты ұйымдаситыру үшін түрлі объектілер пайдаланылады. Соған б/ты саяхаттар: а) өндірістік (физика, химия, математика, еңбек пәндеріне); б) ғылыми-жаратылыстану (ботаника, зоология, анатомия және физиология, география); в) әдеби-тарихи(әдебиет, тарих); г) өлкетану(табиғат, география, тарих, әдебиет)болып бөлінеді.

Оқу саяхаты оқытудың дидактикалық ж/е политехникалық принциптерін іске асырады, олардың ой-өрісін кеңейтеді, өсімдіктер дүниесін, тірі ағзаларды зерттеуге мүмкіндік туғызады, танымдық ынтасын дамытады. Оқу саяхаттарының түрлері:а) кіріспе саяхат - жаңа тақырыпты өту; б) кезектегі саяхат – үлкен тақырыппен жұмыс істеу; в) қорытынды саяхат - сыныпта өткен мат-ды бекіту. Саяхатты өткізудің жоспары, әдістемесі құрылымы болады: а) саяхаттың мақсаты ж/ объектісі; б) оқушылармен алдын-ала объектіге б/ты түрлі жұмыстар жүргізіледі: әңгіме, тәжірибе т.б.; саяхат барысында істелетін жұмыстар: бақылау, өлшеу, сурет салу,жазып алу, есептеу; г) оқ-ды бір/ше топқа бөліп, нақты тапсырма/р беру. Сабақтың қосалқы түріне оқуш - дың оқу конференциясы жатады. Бұл жоғары сыныптарында өткізіледі. Конф – ция оқуш – дың шығармашылығын қажет ететін сабақтың түрі. Оқушылар конф – ға дайындалу бар/да ізденеді, өз бетінше оқиды, талпынады, сұрақтарға жайап іздейді, берілген уақытта өз ойын айтады. Сабақтың негізгі, қосалқы ж/е көмекші түрлерінде мына жағдайларміндетті түрде орындалуы тиіс: сабақтың қандай түрі болмасын оқ – ң интеллектуалдық дамуына мүмкіндік беру, ақыл-ойын, сөйлеу қабілетін дамыту, адамның барлық сезім мүшелерін (көз, құлақ,иіс),іске асыру; сабақты баланың эмоциясына әсер ететіндей етіп жүргізу,жан дүниесін тебіренту;сабақтың құрылымдарын керегінше өзгертіп отыру, қатып қалған қағидадан аулақ болу; оқытуды даралап,жұптап,топтап, ұжымдықтүрде өткізудебайланысты сақтау, өзара алмасу; міндетті үй тапсырмасыменқатар баланың өз еркімен атқаратын тапсырманы қосып беру; оқушыларды комп-ге т.б. техникаға үйрету.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных