Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






А.Н. Нагнибеда, Л.П. Павлова




Хронокарта

Сабақ тарауының атауы Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут
Ұйымдастыру сәті (студенттерді тексеру). 5 мин
Кіріспе. ҚР акушерия-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. 15 мин
Акушербикенің құқығы мен міндеттері 10 мин
Акушериядағы деонтология 10 мин
Қалыпты –құқықты құжаттар 15 мин
Қазақстан Республикасында өңірлі перинаталдық көмекті ұйымдастыру 20 мин
Ахуалдық есептер 10 мин
Студенттердің түсініктерін бағалау 5 мин

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастырушы кезең.

Амандасу, студенттерді түгендеу.

Сабаққа дайындыктарын тексеру: оқу құралдарының бар жоғын тексеру.

Медициналық форманың барын тексеру-халат және колпак;

Журнал толтыру;

Сабақтың тақырыбын және міндетін айту.

Кіріспе. ҚР акушерия-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру

Акушерялық стационарда аурулардың алдын алу

Акушерия және гинекология -медицина саласындағы өзінің даму тарихы бар ғылым бағыты.

Гинекология деген ұғым гректің «gynе»- әйел, ал «logos»-ғылым, деген сөздерінен шыққан, әйел туралы ғылым деген ұғымды білдіреді.

Оның мақсаты- әйел жыныс мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктерін, жыныс мүшелерінің ауруларын, олардың емдеу, алдын алу жолдарын зерттеу.

Акушерия осы гинекологияның бір саласы,ол француздың «accoucher»- туу, босану деген сөзінен шыққан. Оның негізгі міндеті- әйелдің жүктілікке, босануға және босанғаннан кейінгі кезеңдеріне байланысты кездесетін физиологиялық және патологиялық өзгерістерді емдеу, алдын алу жолдарын қарастыру.

Гинекологиялық көмек көрсетудің негізгі принциптері:

1.Гинекологиялық көмектің барлық науқастарға бірдей болуы;

2.Гинекологиялық көмек 100% барлық жүкті болған әйелдерді және гинекологиялық ауруларды қамтамасыз ету;

  1. Ең негізгі маңызды мәселе-гинекологиялық аурулардың алдын алу және созылмалы ауруларды емдеп, әйелдің репродуктивтік жүйесінің қызметін қалпына келтіру.
  2. Гинекологиялық көмек әр уақытта да ғылым жаңалықтарына сүйенеді және оның жетістіктерін күнделікті тәжірибеге енгізіп, іске асыру;
  3. Медициналық көмектің ауыл, қала тұрғындарына бірдей деңгейде болуын қамтамасыз ету және соған байланысты көмекті ұйымдастыру түрлерін жетілдіру.

Акушерлік- гинекологиялық мекемелердің профильдік түрлері

1.Фельдшер-акушерлік пункт (ФАП)- алғашқы дәрігерлікке дейінгі ауыл тұрғындарына профилактикалық ем және санитарлық -эпидемиологиялық көмек көрсететін медициналық мекеме: жүкті әйелдерді тізімге алу, жүкті әйелдердің денсаулығын бақылау және олардың денсаулықтарының жағдайының бақылауын қамтамасыз ету, гинекологиялық науқастарды бақылауын және жанұя жоспарлау жұмыстарын ұйымдастырады.

2.Жанұя дәрігерлік амбулаториясы (ЖДА)- алғашқы медико-санитарлық көмектің негізгі номенклатуралық медициналық мекемесі. ЖДА науқас медициналық көмекке келгенде алғашқы дәрігермен қарым-қатынаста болатын мекеме. ЖДА-бұл ересектерге, жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге,босанған әйелдерге және гинекологиялық науқастарға дәрігерлік ем және профилактикалық көмекпен қамтамасыз ететін медициналық мекеме.

3.Базалық әйелдер консультациясы- тұрғындарға амбулаторлы акушерлік-гинекологиялықкөмек көрсететін мамандырылған мекеме. Базалық әйелдер кеңес үйі-перзентхананың, орталық аудандық ауруханасының, консультативті диагностикалық емханасының тәуелсіз бөлімі және жоғарғы қауіпті топтағы әйелдерге мамандандырылған көмек көрсететін екінші этап болып табылады.

4.«Неке және жанұя» кеңес үйі немесе Адам репродукция орталығы- әйелдер кеңес үйінің бөлімі немесе тәуелсіз мекеме болуы мүмкін және некелік қатынастардың бұзылуына келтіретін жағдайларда және ауруларда консультативті, профилактикалық емі көмек көрсетеді.

5.Перзентхана-ауылдық, қалалық, облыстық, ауруханаларының акушерлік, гинекологиялық бөлімдері- әйелдерге мамандандырылған дәрігерлік, акушерлік-гинекологиялық стационарлық көмек көрсететін мекеме болып табылады.

6.Перинатальді орталық- қала, облыс ішінде, ауылдық және қалалық тұрғындарға мамандандырылған арнайы көмек беретін консультативті ұйымдастыру-методикалық, емдеу және оқу мекемесі.

7. Республикалық ана және нәресте денсаулығын қорғау ғылыми зерттеу орталығы. ҚР профилактикалық ем көмек көрсететін және акушерлік -гинекологиялық қызметін жетілдіретін, ғылыми зерттеуді үйлестіретін, жоғары квалификациялық мамандарды дайындайтын және халықаралық қарым-қатынастарын қамтамасыз ететін бас мекеме.

Әйелдер кеңес үйінің мақсаты: осы аймақта тұратын барлық әйелдерге амбулаторлы профилактикалық ем көмек көрсету.

 

Міндеттері:

  1. Жүкті, босанған әйелдерді жәнегинекологиялық науқастарды тізімге алу және профилактикалық ем көмек көрсету.
  2. Жанұя жоспарлау жұмысын жүргізу.
  3. Санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.
  4. Жүкті, босанған әйелдерге және гинекологиялық науқастарға диагностикалық және емнің жаңа әдістерін тәжірибеге енгізу.
  5. Әлеуметтік-құқықты көмек.
  6. Жүкті, босанған әйелдерге және гинекологиялық науқастарды зерттегенде басқа мекемелермен қатысты қамтамасыз ету.
  7. Перзентхана мен балалар емханасымен, жедел жәрдем станциясымен, санитарлы-эпидемиологиялық мекемемен және басқа мекемелермен (тері венерологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық) ұдайы байланыста болу

 

Әйелдер кеңес үйінің құрылысында болу керек: шешінетін жер,тіркеу орны, күтім бөлмесі, жүкті, босанған әйелдерді, гинекологиялық науқастарды қабылдайтын бөлмелер, манипуляциялық бөлме (гинекологиялық емдеу процедуралары үшін) процедуралық бөлме, жануя жоспарлау кабинеті, клиникалық зертхана, УДЗ-бөлмесіфизиотерапиялық бөлме.

Ірі кеңес үйлерінде болады: терапевт,стоматолог, генетик бөлмелері, жатыр мойнының аурулары және бедеулік, жүктілікті сақтай алмағандағы әйелдерді қабылдайтын бөлмелер.

 

Әйелдер кеңес үйінің негізгі көрсеткіштері:

  1. Ана өлімнің көрсеткіші
  2. Перинатальді аурулардың және өлімнің көрсеткіші
  3. Жүкті әйелдердің ерте келуі(12-аптаға дейін). Аймақта жүкті әйелдер диспансерлік тізімге 12-аптаға дейін 70 және одан көп пайызда алынса жаксы көрсеткіш болып саналады
  4. Берілген аймақтағы репродуктивті жастағы әйелдердің аборт пайызы
  5. Тізімде тұрған жүкті әйелдің терапевтке қаралған пайызы
  6. УДЗ-ге міндетті түрде қаралған пайызы
  7. Мерзімінен бұрын туудың пайызы
  8. Ауыр гестозтардың жиілігі
  9. Септикалық асқынудың жиілігі
  10. Экстрагенитальді аурулардың жиілігі (жүкті әйелдің денсаулық индексі)

 

 

Әйелдер кеңес үйінде акушерканың міндеттері:

  1. Жүкті, босанған (перзентханадан шыққаннан кейін) әйелдерге қызмет көрсету.
  2. Нәрестені антенатальді қорғау
  3. Әйелдердің арасынан жоғарғы қауіпті топтарды анықтау және оларды тізімге алу.
  4. Белсенді патронаж өткізу
  5. Басқа мекемелермен ұдайы байланысты қамтамасыз ету
  6. Жанұя жоспарлау жұмысын жүргізу
  7. Гинекологиялық науқастарға көмек көрсету
  8. Денсаулық сақтау және басқа медициналық сұрақтар бойынша санитарлық ағарту

жұмысын жүргізу.

Перзентхана құрамы:

Перзентхана- ең ірі медициналық мекемелердің бірі, оның негізгі мақсаты жүктілікті сақтау, босану, босанғаннан кейін сәби мен ананың денсаулығын қорғау.

Перзентхана бөлімшелер 3 блоктан құралады:

1-ші блок- клиникалық: қабылдау бөлім(физиологиялық, обцервациялық, физиологиялық бөлімі өзінің босану бөлімімен, обсервациялық бөлімі өзінің босану бөлімімен, босанғаннан кейінгі бөлім (ана, нәресте бірге болатын бөлімшелерімен), жүктіліктегі патология бөлімі, жаңа туған нәресте бөлімі, операциялық бөлім, реанимациялық және интенсивті терапия бөлімі, гинекологиялық бөлімінен тұрады.

2-ші блок- лабараториялы-диагностикалық. Заласыздандыру бөлімі. Автоклав бөлімі. УДЗ-кабинеті. Физио-кабинеті. Барокамера

3-ші блок- Әкімшілік -емханалық

Ана өлімі (АӨ)- жүктілік, босану кезеңдеріндегі және босанғаннан кейінгі 42 кун аралығындағы өлім жатады.

 

Жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі

Ана өлімі,%= (42кун аралығында)өлген әйелдердің саны х 100000тірі

туылғандар саны

 

Ана өлімінің көрсеткіші- жылына өлген аналардың 100000 мың тірі туылғандардың санымен анықталады. Емдеу профилактикалық мекемелердің негізгі сапалы көрсетімдерінің бірі-ана өлімінің деңгейі.

ҚР ана өлімі себептерінің құрылымы

Себептері: 1.Басқа себептері

2.Қан шығыны(патологиялық)

3.Түсіктер

3. Гестоздар

4. Сепсис

5. Жатырдан тыс жүктілік

Басқа себептері:

-Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдермен байланысты

1.Өкпе артериясының және ми қантамырларының тромбоэмболиясы

2.Дәрілік анафилактикалық шок

3.Жатырдың жыртылуы

4.Қағанақ суының эмболиясы

5.Анестезиологиялық тәсілдердегі асқыну

 

 

-Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдермен байланысы жок

1.Асқазан-ішек аурулары

2. Өкпе аурулары

3. Жүрек-қан тамыр аурулары

4. Онкология аурулары

5. Инфекциялық аурулар

Перинаталдық өлім- өлі туылған және ерте неонаталдық өлімнен тұрады. 1941 жылы тұңғыш рет американ ғалымы Пеллер енгізген, біздің елде 1965 жылы енгізілген.

Өлі туылғандар: а) Антенаталды- жүктілік кезіндегі нәресте өлімі.

ә) Интранаталды -босану кезіндегі нәресте өлімі.

Өлі туылғандар деп – жүктілік немесе босану кезеңдерінде тыныс алмай туылған нәресте өлімін айтады.

Перинатальдық өлімнің көрсеткіштері әр мәліметте әр түрлі 12-50% аралығында, оның деңгейі дәрігерлік көмектің сапасына, ұйымдастыруына,халықтың әлеуметтік жағдайына, әйелдің жалпы денсаулығына байланысты.

Перинаталдық өлім көрсеткіші туылған 1000 нәестенің 24-26,4% -ін құрайды; дамыған капиталистік елдерде 6-15%-ке тең.

Перинаталдық өлімнің себептері: тікелей және негізгі болып екіге бөінеді.

Тікелей себептердің ішінде бастысы – нәрсете асфиксиясы (58,4%),босану жарақаты (13,1%), туа пайда болған даму ақаулары (12%),гемолитикалық және септикалық аурулар (10,2%). Соңғы жылдары жатырішілік инфекция(пневмония),респираторлық бұзылыстар синдромы аруда.

Негізгі себептері: босанудың асқынуы (22%),кеш гестоздар

(20%),плацента,ананың созылмалы аурулары (10,2%), резус қайшылықты жүктілік (3,2%), басқа себептер (19%), себептер (16,8%).

Перинаталдық патологияның «қауіп-қатер»деректері

Перинаталдық ауру,өлім,белгілі бір жүкті, босанушы әйелдер тобында жоғары болады,бұл топты жоғары «қауіп-қатер»тобы дейді. Бүкіл жүктілер арасында бұл топтың жиілігі 30-40% аралығында, перинаталдық өлімнің 2\4 бөлігін құрайды. Сондықтан бұл топтағы аналарға ерекше көңіл бөлу.

Принаталдық патологияның «қауіп -қатер»деректері:

1. Әлеуметтік – биологиялық деректер

2. Акушерия – гинекология мәліметтерінің ерекшеліктері

3. Ананың жыныс мүшелерінің тыс экстрагениталды аурулары

4. Жүктіліктің асқынуы

5. Босану кезеңдеріндегі асқынулар

6. Ұрықтың фетоплацентарлық жүйесінің жетіспеушілігі

Жүкті, босанған, босанғаннан кейінгі әйелдердің және жаңа туған нәрестелердін негізі құжаттары

  1. Жүкті әйелдің алмастыру картасы (№113/ у-02 формасы)
  2. Жүкті әйелдердің жеке бас картасы (№111 формасы, әйелдер кенес үйінің архивінде қалады)
  3. Туу тарихы (№096/у-02 формасы)
  4. Жүкті, босанған, босанғаннан кейінгі әйелдердің тізім журналы (№002/у формасы)
  5. Стационардағы босанғандарды (№110/у формасы)
  6. Жаңа туған нәрестенің даму тарихы (№097/у-02формасы)
  7. Нәрестенің туу куәлігі (№131 формасы)
  8. Туу туралы медициналық куәлік (№103/у- 02 формасы) неке тіркеуіне беріледі
  9. Жаңа туған нәрестенің жылу тіркеуі және медициналық көмек көрсету журналы (№102/у формасы)
  10. Өлім туралы фельдшерлік куәлік (№106-1/у формасы)

 

Асептика және антисептика туралы түсінік

Асептика (зарарсыздандыру) - жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі. Бұл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Материалдар мен аспаптардағы, басқа заттардағы таңғыштың микробтарын толық жою тазартқыш деп аталады.

Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар тамырларға, сөл арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бұл жағдайда тері ісініп, қызарады және қатты ауырады. Егер іріңді инфекция қанға өтсе, қан бұзылып сепсис дамиды.

Антисептика (микроб жойғы) - жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде:

- хлорамин ерітіндісі

- йод тұнбасы

- спирт сутегі қолданылады.

Тек ауа жоқ кезде дамитын микробтардың жарада көбеюі (анаэробтар) анаэробтық немесе газдық инфекция аса қауіпті. Жараға топырақпен бірге сіріспені тудыратын анаэробтық микробтардың түрлері енуі мүмкін.

Механикалық антисептика жараны алғашқы хирургиялық емдеу кезінде жүргізіледі.

Физикалық антисептика жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқанда бұл жараны құрғатады, жарадан сұйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультракүлгін сәуле де өлтіреді.

Химиялық антисептика микробқа қарсы қабілетке ие әртүрлі дәрі-дәрмекті қолдануға енгізілген. Бұлар антисептикалық заттар деп аталады.

- Йод тұнбасы

- этил спирті

- хлорамин

- риванол

- калий перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады.

Антисептиктер вишневский майы сияқты бірнеше заттардан құралуы мүмкін.

Биологиялық антисептиктер жара инфекциясынан сақтандырумен емдеу үшін пайдаланылатын антибиотиктер жатады.

Антисептика мен асептика әдістері жараның инфекциялық зақымдануымен күресте бірін-бірі толықтырады.

 

 

Глоссарий:

Перинаталдық өлім- өлі туылған және ерте неонаталдық өлімнен тұрады.

Механикалық антисептика жараны алғашқы хирургиялық емдеу кезінде жүргізіледі

 

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1. Гинекология дегеніміз не?

2. Перинаталдық өлім дегеніміз не?

3. Механикалық антисептика дегеніміз не?

Тарататын материал: ситуациялық есептер

Сабақтың жабдықталуы: оқу - жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тесттер.

 

Қолданатын әдебиеттер:

1.Акушерствоподредак. Проф. В.Е. Радзинского, Москва, «ГЭОТАР-Медиа», 2008 г.

2.А.Н. Нагнибеда, Л.П. Павлова

Неотложные состояния в акушерстве и гинекологии на догоспитальном этапе. Справочник. Санкт-Петербург «Спецлитература», 1998 г.

3.О.И. Линева, О.В. Сивогчаловва, Л.В. Гаврилова

Акушерство, Москва, изд.центр «Академия»,2009г.

4.В.Н.Бодяжина, К.Н.Жмакин, А.П.Кирющенков.

Акушерство, Курск, 1995 г.

5.И.К.Славянова

Сестринское дело в акушерстве и гинекологии Ростов-на-Дону, «Феникс», 2007г.

6.Л.А. Лысак

Акушерство, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2003г.

7.Нұржанов Х.Н. және басқалары

Гинекологиядан клиникалық дәрістер, Алматы, 19

8.Р.С Бейсембаева, Ә.Т. Раисова, Р.Е. Нұрқасымова, Акушерия, Алматы, «Білім» 2006ж.

 

Сабақтың мақсаттары.

Пән: «Акушерия және гинекологиядағы МІ» медицина колледжі
№ 2 дәріс. Тақырыбы:Әйел жыныс ағзаларының анатомиясы мен физиологиясы. Әйел жамбасы. Нәресте басы-босану обьектісі. 4 -курс 7-семестр
Оқытушы: Сарсенбаева Э.А.  

Оқыту: студенттерге анализ жасауды, қорытынды шығаруды, шешім шығаруды үйрету;

Тәрбиелік: жауапкершилик сезимді тәрбиелеу;

Дамыту: ойлау қабілетін жетілдіру.

Көрнекті құралдар: плакаттар,фантомдар,муляждар

 

 

Хронокарта

 

 

Сабақ тарауының атауы Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут
Ұйымдастыру сәті (студенттерді тексеру) 5 мин
Сыртқы және ішкі жыныс мүшелері 15 мин
Қалыпты еттеккірлік цикл 10мин
Әйелдер өміріндегі кезеңдер және жасқа байланысты ерекшеліктері 10 мин
Сүт безінің құрылымы, функциясы 15 мин
Әйел жамбасы, оның өлшемдері,нәресте басының өлшемдері және босану обьектісі 20 мин
Ахуалдық есептер 10 мин
Студенттердің түсініктерін бағалау 5 мин

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастырушы кезең.

Амандасу, студенттерді түгендеу. Сабаққа дайындыктарын тексеру: оқу құралдарыңың бар жоғын тексеру.

Медициналық форманың барын тексеру-халат және колпак;

Журнал толтыру;

Сабақтың тақырыбын және міндетін айту.

Әйел жыныс ағзаларының анатомиясы мен физиологиясы. Әйел жамбасы. Нәресте басы-босану обьектісі.

Әйелдің жыныс мүшелері 2-ге бөлінеді:

I. Сыртқы жыныс мүшелері: қасаға, үлкен және кіші жыныс ернеулері (labia pudenda majora, minorа), шүрті (clitor), қынап сағасы (vestibulum vaginae), аралық (perineum).

 

II. Ішкі жыныс мүшелері: қынап (vagina), жатыр(uterus), жатыр мойны(cervix uteri), жатыр түтіктері(tubae uterinae), аналық без(ovarium).

 

Қасаға- тері асты май қабатына бай шат сүйегінің қосылған жерінен жоғары орналасқан. Қасағаның жоғары шекарасы болып көлденең тері қатпары қасаға үстіндегі қатпар оң және сол жағынан шат қатпарлары орналасқан. Қасаға арт жағынан үлкен жыныс ернеулерімен қосылады. Қасаға түкпен қапталған. Әйелдерде түктің өсу шекарасы көлденең сызыққа дейін.

Кіші жыныс еріндері- үлкен жыныс ернеулерінің астында орналасқан. Түсі шырышты қабыққа ұқсаған жұқа қатпардан тұрады. Кіші жыныс ернеулері үлкен жыныс ернеулерін ашқанда ғана көрінеді. Егер биік болса үлкен жыныс ернеулерден шығып тұрады. Кіші жыныс ернеулері қан тамырлармен және жүйке тамырларына өте бай. Сондықтан оларды жыныстық сезім мүшесі деп санайды.

Үлкен жыныс еріндері- май ұлпасына бай жұп орналасқан тері қатпарларынан тұрады. Ернеулер жыныстық саңылауды қоршап тұрады. Алдынан улкен жыныс ернеулері қасаға терісіне өтеді. Артқа қарай тарыла бастайды. Төменгі келіп ортаңғы сызықпен қосылып артқы спайкыны құрайды. Үлкен жыныс ернеулерінің сыртқы шеті түкпен қапталған. Ал ішкі шеті қызғылт түсті ылғалданып шырышты қабатқа ұқсайды. Үлкен жыныс ернеулерде кіреберістің үлкен бездері орналасқан және олар сұйықтық бөліп тұрады. Сұйықтық ақшыл түсті, сілтілі реакциялы, өзіне тән иісі бар жыныстық қозу кезінде бөлінеді.Бартолин безінен бөлініп сұйықтық қынап безін ылғалдап және аталық жыныс клеткаларының қозғалмауын тездетеді.

Шошақай(клитор)- кішірек конус тәрізді томпақ. Басы, денесі және екі аяқшасы бар. Осы 2 аяқшасы арқылы шат сүйегіне бекиді.Шүрті жүйке талшықтарына өте бай. Олардың тітіркенуінен жыныстық қозу пайда болады және жыныстық қозу кезінде үлкейіп қатаяды.

Қынап сағасы- алдыңғы жағынан шүртімен, артқы және төменгі жағынан үлкен жыныс ернеулерімен қоршалған кеңістік, қынап сағасының түбін қыздық құрайды.

Аралық- тері, шандыр және бұлшық еттен тұрады, ол үлкен жыныс ернеуінің артқы жабысқан жері мен құйымшақ арасында. Аралықтың шандыры мен бұлшық еттері жамбас түбін құрайды.

Акушерлік тәжірибеде алдыңғы аралықтың маңызы зор, босану кезеңінде бұлшықеттер созылып, жыртылуы мүмкін.

 

Ішкі жыныс мүшелері:

Қынап- ұзындығы 7-10 см бұлшық етті түтік. Оның кіреберісіндегі түтігін сыртқы шетінен қыздық перде жауып тұрады.Жоғары жағынан - жатыр мойнымен, төменгі жағынан- кіші жыныс ернеулердің арасындағы қынап кіреберісімен шектелген. Қынап қабырғасы мен жатыр мойын арасында күмбездер бар. Күмбездер:алдынғы-артқы, оң және сол болып бөлінеді. Артқы күмбез алдыңғыға қарағанда тереңірек. Қынап қабырғасы 3 қабаттан тұрады: 1. Ішкі -шырышты

• Ортаңғы -бұлшық етті

• Сыртқы -дәнекер ұлпалы

Ішкі шырышты қабатында көлденең қатпарлары бар. Шырышты қабат пен бұлшық етті қабаты серпімді созылғыш келеді. Сол себепті әйел босанғанда қынап кеңейеді, бала өтеді.Кейін қайта орнына қалыптасады. Қынап дәнекерлі қабаты арқылы

айналасындағы мүшелерге бекиді.

Жатыр - алмұрт тәрізді,қозғалмалы мүше, салмағы 50г, ұзындығы 8см, ені 5 см, қабырғасының қалыңдығы 1-2см. Жамбастың кіші астауында қуық пен тік ішектің арасында орналасқан. Денесі, түбі және мойны бар. Жатырдың алды қуыққа,арты тік ішекке қараған. Жатыр қабырғасы 3 қабаттан тұрады.

• Ішкі қабаты-эндометрий

• Ортаңғы қабаты-миометрий

• Сыртқы қабаты-периметрий.

Жатырдың шырышты қабаты түтік бездерге бай. Жыныстық жетілген жатырдың шырышты қабатында жұмыртқа жасушаның жетілуіне овулияция процесіне байланысты әр 28 күнде өзгерістер өтеді. Оны 3 сатыға бөледі.

Етеккір сатысы- бұл кезде шырышты қабатының қан тамырлары жарылып түлейді. Жарылған қан тамырлар аққан қанмен түлейтін шырышты қабат сыртқа шығып 3-5 күнге созылады. Қалыпты жағдайда 30-50 мл қан кетеді.

Етеккірден кейінгі саты- 12-14 күнге созылады. Бұл аралықта жатырдың шырышты қабаты орнына келеді.

Етеккір алды сатысы- 10-12 күнге созылады. Бұл аралықта жатырдың шырышты қабаты қалыңдайды. Жасушада гликогендер, липидтер, витаминдер, микроэлементтер жиналып ұрықтанған аналық жасушасын қабылдауға дайындалады. Егер ұрықтану болмаса етеккір сатысы қайталанады. Сыртқы қабаты жатырды жан-жақтан жауып қаптап тұрады. Жатыр мойнының 2 бүйірінен периметр қабатымен қаптап тұрады.

Жатырды бекітіп тұратын 3 жалғамасы бар:жалпақ жалғама, дөңгелек жалғама, тік ішек жалғама.

Жатыр түтігі- ұзындығы 10-12 см, жатырдың 2 бүйірінде кіші жамбас астауында жалпақ байламының үстінде орналасқан. Жатыр түтігінің негізгі атқаратын қызметі ұрықтанған клетканы жатырға өткізеді.Жатыр бөлігі жіңішкеріп жатыр қайта ашылып құйғыш тәрізді кеңейіп ұшында шашақтары пайда болады.

Жатыр түтігінің 2 түрі бар. 1.Жатыр қуысына

2.Аналық қуысына

 

ЖТ 4 бөлімнен тұрады: интерстициалды, қылта бөлігі, салпыншақ бөлігі, оймыш бөлігі.

ЖТ қабырғасы: ішкі -шырышты, ортанғы- бұлшық етті, сыртқы-дәнекер шырышты қабаттары бар. Ұрықтану кезінде аналық және аталық жыныс клеткалары осы жатыр түтігінде кездеседі.

Аналық без- әйел жыныс безі, жұп ағза, ішкі секрекция бездерідеп аталады(эстроген, прогестерон гормондары түзіледі). Аналық бездің пішіні овоид тәрізді, ұзындығы 3 см, ені 2 см, қалыңдығы 1 см, салмағы 5-8 г. Аналық без жамбастың екі жақ бүйірінде жатырдың жалпақ байламының артында орналасқан. АБ түсі ақшыл-қызғылт, 2 беттен тұрады: медиалды беті- жамбас қуысына бағытталған, латералды- жамбас қабырғасына орналасқан. АБ ойығы бар, бұл жерден артерия мен нерв енеді,вена мен лимфа тамырлары шығады. АБ жоғарғы бөлігі-жатыр түтікшелеріне қарай бағытталған, төменгі-жатырлық бөлігі, жатыр мен аналық бездің байламы арқылы қосылған.Бұл бездің топографиясы жатырдың көлемі мен орналасу бағытына байланысты, аналық без жамбас қуысындағы ең жылжымалы мүше.

 

Әйел жыныс ағзаларының жасқа байланысты анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

Әр әйелдің өмірінде мынадай жас кезеңдері болады:эмбриондық, балалық шақ, жыныстық пісіп жетілу, жыныстық жетілу, климактериялық кезең, менопауза, кәрілік кезең. Әрқайсысының өзіндік физиологиялық ерекшеліктері бар.

Құрсақ ішілік кезең 2-ге бөлінеді:эмбриондық және нәрестелік.

Эмбриондық (антенеталдық) кезең- ұрықтанудан нәрестенің туылып шығуына дейінгі кезең.

Балалық шақ (пубертат алды кезең) туыла салысымен 10 жасқа дейін созылады. Бұл кезеңдегі өзгерістер жыныс мүшелерінде айқын емес.

Жыныстық жетілу кезеңі (пубертаттық кезең) 10 жастан 16 дейін созылады. Ол балалық шақтан сексуалдық жетілудің өтпелі сатысы деп аталады.

Жыныстық жетілген кезеңі (репродуктивті кезең) 16 жастан 49 жасқа дейін. Бұл кезеңде әйел ағзалары функционалдық жетіліп, өзінің жыныстық репродуктивтік қызметтерін толық іске асырады.

Климактериялық кезең (климакс). Қалыпты жағдайда 45-50 жастан басталып 2-3 жылға созылады. Бұл кезеңде етеккір қызметінің физиологиялық тоқтауы орын алады.

Менопауза кезеңі (климакстан кейінгі кезең)-етеккірдің толық тоқталуымен басталып, 70 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.

Қартаю кезеңі (кәрілік, синилдік) 70 жастан басталып өмірінің соңына дейін жүреді. Ол бүкіл ағзалар мен жүйелердің, соның ішінде жыныстық ағзалардың өзгерістерімен сипатталады.

 

 

Сүт безі

Сүт безі жок без қабырға тұсында кеуденің үлкен бұлшық етті үстінде кеуде шандырымен оралып тұрады. Даму кезінде тер бездеріне ұқсап дамиды.Бірақ атқаратын қызметі жыныс мүшелеріне байланысты. Оның үлкендігі пішіні әр түрлі болады. Әйелдің жүкті кезінде және бала емізу уақытында оның пішіні өзгеріп тұрады. Бездің ортасы үшкірленіп емізік пайда болады. Емізік айналасы дөңгеленіп терісі бұжырланған қоңыр болады. Бездің осы бөлігі біріңғай салалы бұлшық етпен сезгіш ұштарына бай. Бұлшық еттің жиырылуынан емізік үшкірленеді. Ал бала емгенде емізік ұшындағы жыныс ұштары тітіркенгенде сүт шығады. Сүт безі 15-20 бөлектерден әрбір бөлек безді бөлшектерден тұрады. Бездің бөлшектерінің сүт өзектері бар.Олар емізіктің ұшындағы тесіктерге ашылады. Бөлшектердің аралығында және тері астында май ұлпалары бар. Олардың сыртын дәнекер ұлпалы қабық қаптап тұрады.

Әйел жамбасының құрылымы. Жамбастың сыртқы өлшемдерін,диагональді және акушериялық коньюгатаны анықтау.

Босану жолдарының негізін жамбас куысы құрайды.

Жамбас қуысы-екі жамбас, сегізкөз, құйымшақ сүйектерінен құралған.

Жамбас 4сүйектен тұрады: 1) мықын

2) шат

3)шонданай сүйектері

Үлкен жамбас қуысы. Кіші жамбас қуысымен салыстырғанда кең және көлемді. Оның қуысы 2 жағынан мықын сүйегінің ойыс беттерімен, артқы жағы 5 бел омыртқамен шектеліп жатады.

Кіші жамбас қуысы. Кіші жамбас қуысы айналасы сүйектермен, үсті-кіреберіс,

асты-шыгаберіс жазықтықтармен қоршалған кеңістік. Бұл 4 жазықтықтан тұрады:

· Жамбасқа кіреберіс жазықтық.

· Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы.

· Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы.

· Жамбас қуысының шығаберіс жазықтығы.

· Жамбас қуысына кіреберіс жазықтық алдынан симфиздің жоғарғы және шат сүйегінің жоғарғы ішкі жиектерімен, бүйірінен мықын сүйегінің доғал сызығымен, артынан-сегізкөз мүйісімен шектеледі. Жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында 3 өлшем бар: тік, көлденең және екі қиғаш өлшемдері.

Тік өлшемі –сегізкөз мүйісінен ішкі бетінің ең шығынқы жеріне дейінгі аралық. Бұл нағыз немесе акушерлік коньюгата, 11 см-ге тең (conjugate vera), тағы анатомиялық коньюгата бар, ол акушерлік коньюгатадан 0,3-0,5см артық.

Көлденең өлшемі -мықын сүйектерінің доғал сызықтарының ең алшақ жатқан нүктелерінің аралығы, шамамен-13-13,5 см.

Оң жақ және сол қиғаш өлшемдері 12-12,5 см. Оң қиғаш өлшем –оң жақ сегізкөз мықын буындасуынан сол жақ мықын-шат төмпешігіне дейінгі аралық. Сол қиғаш өлшем-керісінше.

· Жамбас қуысы кең бөлігінің жазықтығы төмендегідей шектелген: алдынан симфиздің ішкі бетінің ортасымен, бүйірінен ұршық ойығының ортасымен, артынан ІІ-ІІІ сегізкөз омыртқаларының жалғасқан жерімен.

 

 

Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар.

Тік өлшемі -сегізкөздің ІІ, ІІІ омыртқаларының қосылған жерінен симфиздің ішкі бетінің ортасына дейін, ол 12,5 см.

Көлденең өлшемі -ұршық ойыстарының арасы, 12,5 см-ге тең.

3. Жамбас қуысы тар бөлігінің жазықтығы алдынан-симфиздің төменгі жиегімен, бүйірінен-шонданай сүйектерінің қырларымен, ал артынан-сегізкөз-құйымшақ буындасымен шектелген.

 

Тік өлшемі -сегізкөз –құйымшақ буындасынан симфиздің төменгі жиегіне дейінгі аралықта орналасқан 11-11,5 см тең.

Көлденең өлшемі-шонданай сүйектері қырының ара-қашықтығымен өлшенеді, ол 10,5см.

 

· Жамбастың шығаберіс жазықтығы төмендегідей шектелген: алдынан-симфиздің төменгі жиегі, бүйірінен шонданай төмпешіктері, артынан құйымшақ ұшы, бұл жерде тік және көлденең өлшемдер бар.

Тік өлшемі -құйымшақ ұшынан, симфиздің төменгі жиегіне дейін. Ол 9,5 см тең. Нәресте кіші жамбас арқылы шыққан кезде құйымшақ артқа қарай 1,5-2 см жылжиды. Осының нәтижесінде тік өлшем 11,5 см ұлғаяды.

Көлденең өлшемі- шонданай төмпешіктерінің ішкі бетінің аралықтарымен өлшейді-11 см.

 

Жамбас өлшемдерін өлшеу

 

Жамбас өлшемдерін анықтау үшін, жүкті әйел қатты тақта үстінде екі аяғын созып, шалқасынан жатады.

Үлкен жамбастың төрт өлшемі бар, үш көлденең және бір тік өлшем:

• Distantia spinarum – мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы. Ол үшін жамбас өлшеуішінің түймелерін осы өсінділердің сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда бұл аралық 25-26 см.

• Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелік аралығы

(28-29см). Ол үшін өлшеуіштің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетімен жылжытып, оның ең алшақ нүктелерінің арасын өлшейді.

• Distantia trochanterica – ұршық аралығы. Ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол 31-32 см-ге тең.

• Conjugata externa – сыртқы конъюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі. Бұл өлшемді анықтау үшін әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созуы керек. Өлшеуіштердің бір түймесін шаттың сыртқы –жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын-сегізкөзүсті ойығына орналастырады. Сыртқы конъюгата қалыпты жағдайда 20-21 см.

 

Глоссарий:

Менопауза кезеңі (климакстан кейінгі кезең)-етеккірдің толық тоқталуымен басталып, 70 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.

Эмбриондық (антенеталдық) кезең- ұрықтанудан нәрестенің туылып шығуына дейінгі кезең.

 

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1.Эмбриондық (антенеталдық) кезең дегеніміз не?

2. Менопауза кезеңі дегеніміз не?

Тарататын материал: тесттер, ситуациялық есептер

Сабақтың жабдықталуы: оқу - жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тесттер.

 

Қолданатын әдебиеттер:

1.Акушерство подредак. Проф. В.Е. Радзинского, Москва, «ГЭОТАР-Медиа», 2008 г.

А.Н. Нагнибеда, Л.П. Павлова

Неотложные состояния в акушерстве и гинекологии на догоспитальном этапе. Справочник. Санкт-Петербург «Спецлитература», 1998 г.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных