Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кеш гестоздар. Клиникасы, емдеу жодары 1 страница




Жүктіліктің екінші жартысында гестоздың таза және аралас түрін ажыратады.

Гестоздың таза түр і- дені сау екіқабат әйелдің жүктілік гестозына шалдығуы

Аралас түрі - сырқат екіқабат (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек т.б аурулармен ауыратын) әйелдің жүктілік гестозына шалдығуы.

Бүгінгі күні гестоздың белгілі және белгісіз түрлері жиі кездеседі. Мысалы, жүктілік нефрапотиясынына тән бірнеше белгілері бар: әйелдің қан қысымының көтерілуі, аяқ- қолының ісінуі, зәрінде белоктың пайда болуы. Белгісіз түрінде зәрде тек қана белок пайда болып, аяк-қолы шамалы ісінуі мүмкін. Жүктілік гестозын ең бастапқы басталған мерзімінен анықтаудың маңызы зор, себебі гестоз мерзімі екі жұмадан асып кетсе (жеңіл дәрежесінің өзі), оны ұзаққа созылған гестоз дейді, ананы тез арада босандыру қажет.

Жүктілік шемені

Жүктілік шемені – жүктіліктің екінші жартысындағы гестоздың алғашқы сатысы.

Жүктілік шеменінің негізгі белгісі- ісіну және зәрдің азафы, оның үш дәрежесі бар:

I дәрежесінде-ісіну сирақта ғана болады.

II дәрежесінде – ісіну сирақпен қатар, алдыңғы іш перде қабырғасын да қамтиды.

III дәрежесінде – ісіну бүкіл денені қамтиды.

Жүктілік шеменінде зәрде белок болмайды, қан қысымы физиологиялық қалыптан аспайды. Жүрек,бүйрек бауырда т.б мүшелерде патологиялық өзгерістер болмайды.

Жүктілік шеменінде сұйықтық ұлпа мен тері асты шел клеткасында жиналады, бұл тұз-су алмасуының бұзылу салдарынан және қылтамырлардың өткізгіштік қасиетінің артуынан. Ұлпада натрий хлормен, қан тамырлардан сұйықтық жиналады. Жүктілік шеменінің ағымы созылмалы: ісіну бірде кішірейіп, бірде ұлғаяды.

Жүктіліктің екінші жартысында жасырын ісінудің де болуы ықтимал. Оны анықтау жолдары: жұма сайын екіқабат әйелдің салмағын өлшеу (жұмасына 350-400 грамнан артық салмақ қосылуға тиіс емес), зәрдің тәуліктік мөлшерін білу, сақина және Мак-Клюр-Олдрич сынауларын жүргізу.

Мак-Клюр-Олдрич сынауы- 0,2мл физиологиялық ерітіндіні щприцпен білезік аймағына тері астына жібереді, осы жерде күлдіреу пайда болады. Егер қан тамырларының гидрофильдік қасиеті өзгермеген болса, “күлдіреу” 40-45 минут шамасында сіңіп, жоқ болады, ал қан тамырларының гидрофильдік қасиеті артқан жағдайда “күлдіреу” тез арада 15-20 минут аралығында сіңіп кетеді, бұл жүктіліктің жасырын шеменінде кездеседі.

Сақина сынауы- саусаққа киіп жүрген сақинаның жүктілік кезінде сыймай қалуы. Жүктілік шеменінің диагнозын қою оңай, бірақ оны жасырын ісіну пайда болғаннан бастап перзентханаға жатқызып емдеу қажет.

Емдеу жолдары. Жүктілік шеменін тек перзентханада емдейді, негізгі мақсаты- тұзды тамақты, сұйықтықты мөлшерлі тұрғыда- тәулігіне 700-800мл сұйықтық, 3-5 грамм ғана тұзды қолдану.

Әрбір 7-10 күн сайын бір рет жеңілдік күндерін қайталау қажет, жеңілдік күнде: 1,5 кг алма немесе 600г. Сүзбе, 200г. Қант, 200г. Қаймақты күні бойына жейді.

Ісінуді қайтару үшін: төсектік тәртіпті сақтайды, қан тамырларының өткізгіштік қасиетін төмендету мақсатымен аскорбин қышқылын 0,1 х 3рет, галоскорбин 0,5 х 3рет, витамин В-1 мл-ден күнделікті, метионин 0,5г х 3 рет, глюкоза 40% -20,0 мл + 5%-0,3 мл аскорбин қышқылын күн сайын тамырға еншізу керек.

Жүкті әйелге жақсы ұйықтау үшін түнге қарай триоксазин, валерин, элениум таблеткасын береді. Емдеу кезінде жүкті әйелдің салмағы мен тәуліктік зәрін қадағалап отырудың маңызы зор.

Жүктілігі жүктілік шеменімен асқынған әйелді перзентханадан ісінуі толық қайтып, тәуліктік зәрі өз қалпына келген кезде ғана, екі жұмадан соң шығаруға болады.

Егер жүктілік шеменін дер кезінде емдемесе, ол асқынып, жүктілік нефропатиясына көшеді.

Жүктілік нефропатиясы.

Жүктіліу нефрапотиясының клиникалық белгілері: қан қысымының жоғарылауы (гипертензия); зәрде белоктың пайда болуы (протеинурия); ісіну.

Жүкті әйелде ісіну ең алдымен сирағында, балтырда, санда пайда болып,содан кейін құрсақ қуысының алдыңғы пердесіне, қолға, бетке, әсіресе көзінің алдына жайыла бастайды. Әйелдің бүкіл денесі ісінеді, оны кейде “анасарка” деп атайды. Кейбір жүкті әйелдерде бұл науқастың тек екі-ақ белгісі болуы ықтимал. Мысалы, ісіну мен протеинурия, немесе ісіну мен гипертензия.

Науқастың асқынуына байланысты нефропатия үш дәрежеге бөлінеді.

Нефрапотияның І дәрежесінде:

1. Қан қысымы 130/80 сынап бағанасынан 150/90-ға дейн көтеріледі.

2. Зәрдегі белоктың мөлшері құрттай ізден бастап – 1 г/л-ге дейн.

3. Ісіну тек қана сирақта, балтырда болады.

Нефрапотияның ІІ дәрежесінде:

1. Қан қысымы 150/90 мм сынап бағанасынан 170/110-ға дейн көтеріледі.

2. зәрдегі белоктың шөлшері 1 г/л-ден – 3 г/л-ге дейн көбейеді, зәр тұнбасын микроскоппен зерттегенде эритроциттер, цилиндрлер анықталады.

3. Ісіну сирақта, балтырда ғана емес, құрсақ қуысының алдыңғы пердесінде де болады.

Нефрапотияның ІІІ дәрежесінде:

1. Қан қысымы 170/110 мм сынап бағанасынан 200-ге дейн көтеріледі.

2. зәрдегі белоктың мөлшері 3г/л-ден одан да жоғары; зәр тұнбасында цилиндрдің әр түрлері пайда болып, эритроциттердің саны көбейеді.

3. Ісіну бүкіл денеге тарайды – “анасарка”

Жүктілік нефропатиясында тиянақты клиникалық белгілердің бірі- қан қысымының жоғарылауы – гипертензия, гестоздық патогенетикалық факторларының негізі (қан- тамыр жүйесі қызметінің бұзылуынан). Осының салдарынан кейде қан қысымының асимметриясы байқалады (әр қолда қан қысымы әр түрлі). Жүктіліктің бұл асқынуына тән: қылтамырдың артериялық бөлімдері жиырылады, веноздық бөлімдері кеңейеді, артерияның жиырылуы, қылтамырда қан қозғалысының төмендеуі, қан тамырлардың өткізгіштік қасиетінің жоғарылауы, қаннан ұлпаға судың, белоктың, электролиттердің өтуінің жоғарылауына әсер етеді.

Қылтамыр қан айналымының жүйесінде бұзылуының айғағы- офтальмоскопияда көз түбі артерияларының тарылуы және веналарының кеңеюі, кейде көздің тор қабығының ісінуі байқалады.

Жүктілік нефропатиясында зәрдегі белоктың пайда болуы (протеинурия) бүйрек шумақша қан – тамырларының өткізгіштік қасиетінің артуынан. Бүйрек қан- тамырларының ұзақ жиырылуы салдарынан оның қоректену қасиеті төмендеп, протеинурия жоғарылап, гиалинді цилиндрлер пайда болады, тәуліктік зәр мөлшері төмендейді. Қан тамырлардың қызметінің бұзылуы салдарынан ұлпаларда оттегі жетіспей, зат алмасудың бұзылуы байқалады. Осымен қатар, бауырдың қызметі де төмендеп, плацентада дистрофиялық өзгерістер пайда болады.

Жүктілік нефропатиясының ағымы өте ұзақ (белгілері бірде төмендеп, бірде жоғарылайды) босанғанға дейн созылады. Ерте басталған және ұзаққа созылған жүктілік нефропатиясында әйел мезгілінен ерте босануы, жатырдағы нәресте өспей немесе жүктілік кезінде шетінеп кетуі де мүмкін.

Нефропатияның емі. Емдеу тек перзентханада жүргізіледі

1.Жүкті әйел төсек тәртібін сақтауы керек, жататын бөлмесі кең, ауасы таза, тыныш болуға тиіс.

2.Тамақтану тәртібі: жүкті әйелдердің тамағы жеңіл, тез сіңетін жұғымды, организмге керекті витаминдерге, микроэлементтерге, ферменттерге, құнды белоктармен, көмірсулара бай болуы керек. Сонымен бірге, сүт, ірімшік, қаймақ, айран, сиыр етін, балық түрлі жемістерді қабылдауы қажет.

Суды тәулігіне 700-800 мл; тұзды 2-3 г дейн, тағамды 800 мл; жиі-жиі (тәулігіне 4-5 рет) қабылдайды.

“Жеңілдік” күндерін белгілейді, бұл күндерде әйел күніне тек қана 600 г ірімшік, бір кесе айран, не болмаса 1,5 кг алма жейді.

ГЕСТОЗДЫ ЕМДЕУ ПРИНЦИПТЕРІ

- тамақтану ережелерін сақтау;

- жүйке қозуын басатын дәрілер;

- қан қысымын төмендететін дәрілер;

- қан тамырларының өткізгіштігін реттеу;

- зат алмасуды реттеу;

- қанның ұю қасиетін қалпына келтіру;

- нәрестенің қысылуы мен тұншығуының алдын алу.

 

3.Жүйкенің қозуын басатын седативті дәрілер: көбнесе дәрі шөптерін, валериананың түрін, триоксазин, элениум, электроанальгезияны кеңінен қолданады.

4.Қан - тамыр жүйесі қызметінің бұзылуын, зат алмасу жүйелерін жөндейтін, қан қысымын төмендететін дәрі-дәрмектер: папаверин, дибазол, эуфиллин, магний сульфаты. Магний сульфатын (Бровкин әдісімен) қолданады. Бірінші тәулікте -25% -20 мл магний сульфатын төрт сағат сайын бұлшық етке енгізеді. Екінші тәулікте – алты сағат сайын; төртінші тәулікте – он екі сағат сайын. Магний сульфатын қан қысымы өте жоғарылаған кезде венаға тамшылатып құяды электрофорез арқылы пайдаланады. Магний сульфатының гипотензиялық, тәуліктік зәр мөлшерін жоғарылату, жүйке жүйесінің қозуын төмендететін ісінуді қайтаратын, қанның коагуляциялық жағдайын реттейтін әсерлері бар. Сонымен бірге, рутин, аскорбин қышқылын, витаминнің құрамдарын, кокарбоксилазаны кеңінен қолданады.

Инфузиялық терапия: 0.25 % - 10 мл навокаин ерітіндісін + 5 % - 200 мл глюкозаны + 4 ЕД инсулинді венаға тамшылатып құяды.

Волемиялық бұзылуды қалпына келтіру, қанның онкотикалық қысымын жақсарту үшін: гемодез, реополиглюкин, реглюман, альбумин, қан плазмасын; қанның реологиялық қасиетін жақсарту үшін: трентал, курантил, компламин, никотин қышқылын, аспиринді; қанның коагуляциялық қабілетін реттеу үшін: гепарин, реополиглюкин, глюкоза- гапарин – новокаин қосындыларын қолданады. Ганглиобло- каторлар: пентамин, арфонад. Арфонад 0,1 %; пентамин 0,5 % - глюкозамен венаға құяды (50-70 тамшыдан минутына) – басқармалы нормотания ретінде қолданады (қан қысымы өте жоғары көтерілгенде бір қалыпта ұстап тұру үшін).

Тәуліктік зәр мөлшерін реттеу үшін диуретикалық дәрілер қолданады – фуросемид, лазикс.

Жатырдағы нәрестенің гипоксиясы мен гипотрофиясына арналған профилактикалық емдер: Николаев үштігі, оттегі, кокарбоксилаза, АТФ, сигетин, галаскорбин, глютамин. Жүктілік нефропатиясының емінде жоғарыдағы аталған дәрілерді бір мезгілде қолданбайды, қолдану гестоздың даму дәрежесіне, ұзақтығына, әйелдің күй- жағдайына және әрбір дірінің қасиеттеріне байланысты.

Преэклампсия

Жүктілік нефропатиясы тез арада проэклампсияға көшуі мүмкін. Клиникалық белгілері: гипертензия, протеинурия, ісіну. Әдетте нефропатиядан проэклампсияға көшкенде жоғарыдығы клиникалық белгілер асқынып, оған жаңа белгілер қосылады.

Орталық жүйке жүйесі қызметінің; ми қанайналымының бұзылуы; ми қуысы қысымының артуы салдарынан әйелдің басы ауырады; көруі нашарлайды (көзі қарауытып, бұлдырап көз алдында кішкентай “шіркейлер” ұшқандай); жүрегі айныйды, құсады, асқазанның тұсы ауырады.

Қан- тамыр, бауыр, бүйрек және зат алмасу, орталық жүйке жүйесінің бұзылулары қатты асқынып, ұлпаларда оттегінің жетіспеуі және әйел организмінде қышқылдану процесі артады. Жүктілік қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуімен асқынады, миға қан құйылуы ықтимал,инәресте гипоксиясы және оның жүктілік кезінде шетінеуі мүмкін.

Емдері. Жүкті әйелді тез арада перзентханаға реанимация бөлмесіне жатқызады. Егер преэклампсияның клиникалық белгілері үйде, жолда, жұмыста, әйелдер кеңес орнында анықталса, дәрігер бірден жедел жәрдем машинасын шақыртып, тез арада көмек көрсетуі керек – бірден эфир- оттегі, не болмаса азот- фторотан наркозын беріп, венаға мынадай ерітінділерді құяды; дроперидол, седуксен, димедрол, промедол, ауру әйелді “нейролепсия” қалпына жеткізеді. “Нейролепсия” күйі әйелге психоэмоциялық тыным береді, әйелдің қан қысымы төмендейді, басының ауырғаны қояды. Алғашқы сағаттан бастап, жүкті әйелді босандыруға дайындайды. Егер қолданған қарқынды ем 2-6 сағаттың ішінде нәтиже бермесе, әйелді тез арада босандыру қажет.

Эклампсия

Эклампсия – гестоздың ең жоғары сатысы, әйел организмінде барлық жүйелер мен мүшелер патологиялық өзгерістерге ұшырап, ми ұлпалары ісініп, әйел есінен танып, бүкіл денесі, бұлшық еттері құрысып, эклампсия талмасы басталады.

Эклампсия босану кезінде жиі кездеседі, босанушы әйелде (100- ден 48-50 рет) жүктілік кезінде сирек (28-29 %), босанғаннан кейн (22-23%). Эклампсия талмасы басталар алдында, әйелдің басы қатты ауырып, көзінің көруі нашарлап, қан қысымы көтеріліп, мазасызданады. Әрбір эклампсия талмасы 1-2 минутқа созылады, төрт кезеңнен тұрады.

І кезең. Талма алдындағы кезең. Әйелдің есі кіресілі- шығасылы, тыныс алуы жиілеп, жүрегі қатты соғып, қас- қабағы жыбырлап тартылады. Бұл кезкң 20-30 секундқа созылады.

ІІ кезең. Тоникалық талма кезеңі. Әйел есінен айырылып, тыныс алуы тоқтап, тер басып, беті көкпеңбек болып, көз жанары үлкейіп, жағы тартылады. Осы кезде жүкті әйел тілін тістеп алуы ықтимал. Бүкіл дененің бұлшық еттері қатып, сіресіп қалады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 30 секунд. Ана мен нәрестеге қауіпті кезең.

ІІІ кезең. Клоникалық талма кезеңі. Қатып- сіресіп тартылған бұлшық еттер, енді бірінің артынан бірі, беттен кеудеге, саннан балтырға қарай селкілдетіп тартылып тарай бастайды. Әйелдің тыныс алу ауырлайды, біртіндеп аяқ- қолдарының тартылғаны тоқталады, жақтары ашылып, аузынан қан, сілекей аға бастайды. Бұл кезең 40 секундтан 1,5 минутқа дейн созылады. Талма біткеннен кейн әйел қатты ұйықтап қалады.

ІҮ кезең. Талмадан айығу кезеңі. Жүкті әйел есін жиып, өз-өзіне біртіндеп келе бастайды, тыныс алуы, жүрек жұмысы дұрысталады. Әйел талмада болғанын еш білмейді. Талманың саны 1-2, 10-ға дейн болуы мүмкін.

Эклампсия жүктілік гестозының ең ауыр түрі, негізінде ми қан айналымы бұзылып, ми ісініп, қан құйылады, организмде зат алмасу бұзылып, мүшелерді оттегімен қамтамасыз ету төмендеп, орталық жүйке жүйесінің, бауырдың, бүйректің, плацентаның, асқазанның, қанайналымы бұзылып, бұл мүшелерге қан құйылады (әсіресе бауырға). Осыдан кейн бұл мүшелерде дистрофиялық, ал бауырда некроздық өзгерістер пайда болады. Бүйректің қызметі нашарлап, зәрде белок пен цилиндрлер көбейеді. Плацентада дистрофиялық, некроздық өзгерістер пайда болып, нәрестенің оттегімен қамтамасыз етілуі төмендеп, нәресте гипоксиясы басталады. Әдетте, талмадан кейн, жатыр қабырғасынан қалыпты орналасқан плацента мезгілсіз бөлініп, нәресте шетінеп кетуі де мүмкін.

Эклампсияның ана өміріне қаупі үлкен, әдетте эклампсия талмасынан кейн жүрек қан-тамыр, бүйректің жедел жетіспеушілігі байқалады және әйел комотозды (ессіз) күйден қайтпауы мүмкін.

Емі. Әйелге бірден наркоз беріп (эфир, азот, не болмаса фторотан), тез арада реанимация бөлмесіне жатқызады. Проэклампсияны емдегендей, венаға жоғарыдағы ерітінділерді құйып, әйелді “нейролепсия” күйіне жеткізіп, біртіндеп жоғарыда айтылғандай интенсивті емдерді қолданады. Егер әйел эклампсиялық комада болса, интубация жасап, оған жедел операция жасайды.

Гестозды емдеу уақтысының мөлшері оның түріне, емдеу нәтижесіне байланысты. Гестоздың ауыр, асқынған түрлерінде (нефропатияның үшінші сатысы, проэклампсия), емдеу уақтысы 2-6 сағатқа ғана созылады, тек кесер тілігі арқылы босандырады.

Глоссарий:

Гестоз – жүктіліктің ең жиі кездесетін асқынуы.

Эклампсия – ми ұлпалары ісініп әйел есінен танып, бқкіл денесі бұлшық еттері құрысып талмасы басталады. Преэклампсия -жүктілікке байланысты ауру.

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1. Гестоз дегеніміз не?

2. Гестоздың теориялары түсінік беріңіз?

3. Ерте гестоздағы құсудың дәрежелерін ата?

4. Ерте гестоздың емдеу жолдары?

5. Кеш гестоздың кленикасы?

6. Эклампсиянын белгілері?

7. Прэклампсиядағы көмек?

 

Қолданатын әдебиет:

Р.С. Бейсембаева, Ә.Т.Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова, «Акушерия» Алматы “Білім”, 2008жӘ.Т.Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова, «Акушерия және гинекология» Алматы “Асем систем”, 2006ж

 

«Жүктілікке байланысты аурулар. Жүктілер гестозы» Тест.

* Преэклампсия диагностикасына қажет: 1) нәрестеге КТГ жасау 2) жалпы қан анализі 3) анасының АҚҚ өлшеу 4) жатырды УДЗ жасау

*Ауыр преэклампсия кезінде КТ оптимальды көрсету: 1) акушерлік қысықыш салу 2) кесар тілігі 3) ұрықты бөлшектеп шығару 4) өздігінен босандыру

*Айнамен қарауда қажет: 1) корнцанг 2) қынап айналары 3) өткір қысқыш 4) Фолькман қысқышы

*Эклампсияның белгісі: 1) тырысу2) жүрек айну 3) зәрде ақуыздың ізі 4) дене қызуының көтерілуі

*Преэклампсияның неше белгісі бар: 1) 1 2) 2 3) 3 4) 4

*Жергілікті емге жатпайды:1) биопсия2) қынаптық томпондар3) қынаптық шаю 4) қынаптық ваночкалар

*Аналық бездің гормоны: 1) инсулин 2) пролактин 3) фолликулин 4) преднизолон

 

Пән: «Акушерия және гинекологиядағы МІ» медицина колледжі
№ 2 дәріс. Тақырыбы: Экстрагенитальды аурулар және жүктілік. 4 -курс 8-семестр
Оқытушы: Сарсенбаева Э.А.  

Сабақтың түрі: жаңа материалды оқыту сабағы

Сабақтың типі: дәріс сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Студенттерге анализ жасауды,қорытынды шығаруды,шешім шығаруды үйрету;

Дамыту: ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: жауапкершілік, сезімді тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: плакаттар

 

Хронокарта

Сабақ тарауының атауы Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут
Ұйымдастыру сәті (студенттерді тексеру). 5 мин
Тірек білімдерін бақылау Әдістері;сұрақ-жауап, талдау 15 мин
Жаңа материалды баяндау Әдістері; әңгіме, баяндау, өткенмен байланыс. 10 мин
Плакатар мен жаңа материалды бекіту 10 мин
Студенттердің дәрісті жазуы 15 мин
Тарату материалдармен жұмыс жасау 20 мин
Ситуациялық есептер 10 мин
Студенттердің түсініктерін бағалау 5 мин

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру сәті;

Амандасу, студенттерді түгендеу.

Сабаққа дайындыктарын тексеру: оқу құралдарыңың бар жоғын тексеру.

Медициналық форманың барын тексеру-халат және колпак;

Журнал толтыру;

Сабақтың тақырыбын және міндетін айту.

№ 2 дәріс

Жүктілік және экстрагенитальды аурулар.

1. Кіріспе 2.Негізгі бөлім

А) Бауыр аурулары және жүктілік

Б) Бүйрек аурулары және жүктілік

В) Жүрек – қантамырлары және жүктілік

Г) Қант диабеті және жүктілік

Д) Анемия және жүктілік

Е) Қалқанша безінің ауруы және жүктілік

Ж) Туберкулез және жүктілік

БАУЫР АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК, БОСАНУ, БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢ

Жүктілік кезеңінде барлық мүшелермен қатар, бауырда өзгеріске ұшырайды, әсіресе жүктілік гестозында бауыр қызметі бұзылады. Жүктілікпен босану бауыр ауруларының асқынуына әкеледі. Бауыр ауруының негізгі клиникалық белгісі сарғаю. Сарғаю үш топқа бөлінеді: көк бауыр үсті, көк бауыр және көк бауыр асты. Сарғаю көбінесе пигмент алмасуының бұзылысынан болады.

Жедел Жүктілік гепатозы

Науқастың ең ауыр түрі, жүктілер арасында сирек кездеседі, жиілігі 1,91%

Тұңғыш босанулар арасында жиі кездеседі, көбінесе жүктіліктің тиместірәнде.

Негізгі себебі анықталмаған, ғалымдар дәрі- дәрмектермен уланғаннан кейінгі және белок жетіспеушілігімен байланысты деп есептейді.

Клиникалық белгілері: әйелдің басы қатты ауырып, тамаққа тәбеті болмайды. Тоқтаусыз қусу, тамы соғу жилілігі, зәрдің аз бөлінуі байқалады.

Лабораториялық зертеуде: лейкоцитоз, СОЭ- ның жоғарылауы, гипогликимия, гипопротинемия анықталады.

Ем і: аурудың барлық сатысында босану жолдары арқылы жүктілікті үзу керек. Бірден комплексті терапия жүргізіледі: глюкоза, гемодез, реополигюкин, альбумин, плаза және донор қаны.

Вирусты гепатит Жүкті әйелдерде вирусты гепатит өте ауыр түрде өтеді. Бұның жедел, ұзаққа созылған және созылмалы түрлері анықталған. Аурудың даму барысына байланысты жеңіл, орташа ауыр түрін ажыратады. Жұғу жолдары: вирусты гепатит адамнан адамға кір қол, су арқылы таралады. Жасырын кезеңі 9-10 күн, сарғаюға дейінгі кезеңі 2-10 күн. Вирусты гепатитте жүктілерде анемия, лейкоцитоз, СОЭ- ның жоғарылауы байқалады. Вирусты гепатитпен ауырған әйелдерде арнайы перзентханада босандырады.

Емі: инфузиялық- дезинтоксикалық терапия жүргізіледі: 5% глюкоза- 500мл 400мл гемодез 10%-100 альбумин6 эссенциале 10 мл- екі рет тәулігіне венаға енгізеді. Ауыр түрлерінде глюкокартикоиттар- преднизолон 60мг 3-4 рет тәуілігіне және витаминдер комплексі кеңінен қолданылады. Акушерлік тактика Вирусты гепатиттің жедел сатысында жүктілікті үзуге болмайды. Жүктіліктің үзілу қаупінде жүктілікті сақтайтын дәрі- дәрмектер қолдану қажет. Босану кезіндегі асқынулар: Қағанақ суының мезгілсіз кетуі, босанудың әлсіздігі, босанудың үшінші кезеңінде потологиялық қан шығыны байқалады. Егер жүктіліктің сарғаюмен вирусты гепатит перзентханада анықталса, төмендегідей эпидемиялық іс шаралары жүргізілуі қажет.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных