Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кеш гестоздар. Клиникасы, емдеу жодары 2 страница




1. Ауруды бөлекпалатаға оқшаулау;

2. Ыдыс-аяқ, құрал- жабдықтарын бөлектеу;

3. Инфекционист дәрігерді шақыру;

4. Лабораториялық зертеулер жүргізу: қанның, зәрдің құрамын, қанның австралияқ антигенін және зәрдегі өт пигментін, қанның биологиялық анализдерін анықтау қажет. Диагнозы анықталғаннан кейіп, әйелді арнайы ауруханаға көшіру керек.

Бауыр циррозы Бауыр клеткаларының дифузды патологикалық өзгеріске ұшырауы. Бұл ауруда функционалдық жетіспеушілігі мен портальды гипертензия байқалады. Бауыр циррозы көбінде гипатитпен және ішімдіктен дамиды. Негізгі клиникалық белгіге: әлсіздік, әйелдің жалпы жағдайының нашарлауы, денесінің сарғаюі, дене температурасының жоғарылауы, бауыр мен көк бауырдың ұлғаюы. Жүктілік бауырдың жедел жетіспеушілігіне душар етеді, сондықтан бұл потологияда жүктілікті сақтау қауіпті.

Бауыр комасы - вирусты гепатиттің ауыр түрлерінен кейін пайда болатын клиникалық синдром. Патологиялық процестің тереңдеуі бауыр паренхимасының некрозына душар етеді.

Клиникалық белгілері: көбіне орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, сарғаю белгілері пайда болады. Бауыр көлемі кішірейеді, тері геморрагиясы, мұрыннан, асқазаннан қан кету байқалады.

Емі: бауыр жетіспеушілігінің емі күрделі, арнайы ауруханада және жедел лабороториялық зерттеуден кейін жүргізеді. Дезинтоксикасиялық, глбкокартикоиттар, витаминдер комплексі кеңінен қолданылады. Жүктілік бірден үзу қажет.

АКУШЕРИЯ ІШ ТЕСПЕСІ Іш қуысындағы көптеген мүшелерден жедел дамитын, өмірге қауыпты ауру тобы іш теспесі деп аталады. Көбінесе асқазанмен ішек жлдарының зақымдануы жиі кездеседі. ІШ ТЕСПЕСІ генекологиялық ауруларда және жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңдердің асқынуларынан кейін кездеседі. Іш қуысының жедел аурулары әйел өміріне, жүктілік ағымына және ұрпаққа қауыпты. Себебі бұл жүктіліктің мерзімінен бұрын үзілуіне, нәрестенің шетінуіне душар етеді. Аурудың клиникалық белгілегі жүктілік кезінде байқаусыз өтеді.

Негізгі клиникалық белгілері: іштің ауруы, жүрек айну, құсу, іштің кебуі, іш пердесінің тітіркенуі.

Асқынулары: перитонит, интоксикациясв және жүктіліктің үзілу қаупі.

Емі: тек операцияЖЕДЕЛ СОҚЫРІШЕК ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК

Жүктілер арасында жиі кездесітіні іш теспесі. Жүктілік кезінде жедел соқырішектің диогнозын мезгілінде анықтау қажет.

Клиникалық белгілері: ауру аяқ астынан басталады, асқазан тұсынан басталып, оң жақ мықын бөлігіне таралады. Тамыр соғуы жиілейді, тілі құрғайды, құсады, дене ыстығы көтеріледі, біртіндеп іштің тіиіркенуі п.б. жүктілік кезінде тітіркену әлсіз болады немесе мүлде болмайды.

Қан құрамы: нейтрофильді соға жылжу, лейкоцитоз байқалады.

Емі: операция- аппендэктомия

Босану жедел соқырішекпен қатар жүрген жағдайда:

1. Катаральды соқырішекте әйелде тез босандырып, аппендэктомия жасау керек.

2. Гангренозды немесе перфоративті соқырішекте, босану қалыпты жағдайда өтсе, толғақ басып, аппендэктомия жасап, әйелді босандыру қажет.

3. Жедел соқырішектің барлық түрінде босану патологиялық бағытта болса, аппендэктомия мен кесар тілігін жатыр экстирпациясымен аяқтайды. Аппендэктомия кейін жүктілігі сақталған әйелдер, жүктіліктің үзілу қауып қатер тобына жатады, әйелдер кеңес орнының ерекше бақылауында болуы тиіс.

Бүйрек аурулары және жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі кезеңдердің ерекшеліктері Жүкті әйелдер арасында бүйрек ауруы пиелонефрит 3-5% гломерулонефрит 0,1-4% несеп жолдарының ауруы 0,1-0,2% аралығында кездеседі.

Жүктілік кезіндегі бүйрек қызметінің ерекшкліктері

жүктілік кезінде бүйректің қызметынде ерекше өзгерістер болады.

Несеп жолдары, бүйректікастаушалары кеңейіп, кейде 20-30 см дейін ұлғаяды.

Бүйректің астаушаларының көлемі 5-10 нан 500-100 мг дейін ұлғаяды. Бұндай жағдай тұнғыш босанатын әйелдің оң жақ бүйрегінде байқалады. Кейбір жүкті әйелдердің бүйрегі төмен түседі

Несеп жолдарының кеңеиюі- босанғаннан кейін біртендеп қалпына келеді. Жүкті әйелдер арасында глюкозурия байқалады. Бірақ бұл құбылыс – жүктіліктің бірінші жартысында не босанғанна кейін бірден жоғалады.

Несеп жолы- түтік тәріздес бүйрек астаушалары құықпен жалғастыратын, жоғарыдан төмен қарай іш қуысының артқы жағын орағытып жататын зәр шығару жүйесі.

Белоктар- күрделі заттар, олардың құрамында көміртегі, сутегі, оттегіден басқа, азот, күкірт, фосфор және басқада элементтер болады. Қанда жиналған алмасу өнімдері бірте- бірте организмнен несеп жолдары арқылы сыртқа шығарылады.

Бүйрек- организмнің барлық жүйелерінің қалыпты жұмыс жасауына өте қажетті ферменттер мен катализаторларды күшейтетін биологиялық заттар бөліп шығаратын мүше. Егер несеп мүшелерінің қызметі жеткіліксіз болса, онда организмде зиянды заттардың мөлшері көбейіп, зат алмасу процесінде елеулі потологиялық өзгерістер болады. Бұл жағдайда адам өз денесіндегі зиянды заттармен улану бастайды.

Пиелонефрит- жүкті әйелдер арасында ең жиі кездесетін аурулардың бірі. Бүйрек аурулары жүктіліктің ағымына теріс әсерін тигізеді. Көбінесе жүктілік гестозы, жүктіліктің үзілу қаупі, мезгілінен бұрын босану, жатырдағы ұрықтың инфекциялануы байқалады.

Пиелонефрит жұқпалы- бактериялық ауру, бүйрек астаушалары мен ұлпаларын зақымдайды.

Аурудың қоздырқыштары: ішек таяқшалары, протей, стептакокко және кандидалы инфекция.

Клиникасы: жедел, созылмалы латентті түрлері кездеседі.

Пиелонефриттің жедел түріндегі клиникалық белгілері: ауру кенеттен басталады, әйелдің дене ыстығы 38-40 С- ге дейін көтеріледі. Денесі түршігеді, әйелдің белі басы ауырып жалпы әлсіздік байқалады. Зәрінде қанның қызыл түйіршіктері көбейіп, жеңіл дәретке жиі отырады.

Ал пиелонефриттің созылмалы түрінде байқалатын клиникалық белгілері: өне бойы аурып, белі зырқырайды, зәрдің бөліну молшері бұзылады және оның құрамында потолоиялық құбылыстар байқалады

Емі: бүйрек қабынуына қарсы ем бактериялық анализді және антибиотикке сезімталдықты анықтағанан кейін жүргізіледі. Дәрі- дәрмектерді қолданған кезде жүктіліктің мерзімін, ана мен ұрық организмінің ерекшеліктерін ескеру қажет. Пенециллин, ампецилинді-0,,25- 05-1гр дейін тәулігіне төрт рет бе егеді. Емдеу ұзақтығы 8-10 күн. Кей кезде антибиотиктерді сульфаниламидтермен бірге пайдалануға болады.

Уросульфан- 1г-х 3рет этазол 4-рет. Лазерлі терапияны кеңінен пайдаланады

Жүктілік ағымының ерекшеліктері

Пиелонефритпен ауыратын жүкті әйелдер тобы акушер мен уролгтың бақылауында болуы тиыс. Босанар алдында екі жұма бұрын бұл топтағы әйелдерді перзентханаға жатқызады. Жүкті әйелдердің 80-85% өз мезгілінде, ал 15-20% мезгілінен бүрын босанады.

Босану ерекшеліктері: Бүйрек қабынуларымен ауыратын әйелдердің өздері босанғыны ұтымды, себебі операциядан кейін бүйрек аурулары асқынып, қанның ұлануына алып келеді. Кесар тілігін қатал акушерлік көрсеткіштерде ана мен нәресте өміріне Қауып өатер туғанла ғана қолданады. Босанудың асқынулары: толғақ әлсіздігі нәресте гипоксиясы, асфикциясы; қан шығынының физиологиялық мөлшерден артуы, босау жолдарының зақымдвлуы.

Гломерулонефрит – пиелонефриттен кейін екінші орында гломерулонефрит алады. Гломерулонефрит – жұқпалы аллергиялық ауру, бүйрек шумақша апараты зақымдалып, қабынады. Ауру балалық шақтан және жүктіліктің кеш гестозынан кейін пайда болады.

Ауру ағымы жедел және созылмалы болып өтеді. Жедел түрінде: әйелдің дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, көзі, аяқ қолдары ісініп, қан қысымы жоғарылайды. Белінің тұсы ауырады, зәрде белок, цилиндерлер көбейеді.

Гломерулонефрит 34,6% да анемиямен ерте мерзімінде толық клиникалық тексеруден өтеді.

Жүктілікті үзуге көрсеткіштер

Гломерулонефрит жүктілік гестозымен, ұрықтың гипотрофия, гипоксиясымен және жатыр ішілік шетінеуімен асқынғанда.

Емі. Гломерулонефритпен ауыратын жүкті әйелдің емін акушер, терапевт, невролг бірлесіп тек ауруханада немесе перзентханада жүргізіледі

Босану ерекшеліктері: әйелдің өзін босандырып спазмолық және аурусыздандыру дәрі- дәрмектерін қолдану қажет.

Гипертония ауруы және жүктілік Артерилық гипертензия үктілер арасында 5%-15 % ОНЫҢ 70% КЕШ ГЕСТОЗБЕН АСҚЫНАДЫ

Жіктелуі: А.Л Мясников гипертония ауруының үш сатысын ажыратады

1 сатысында қан қысымы қалыпты жағдайда, тек жүйке жүйесі шаршап, ашуланғанда ғана көтеріледі.

2 сатысында қан қысымы өнебойы көтеріледі. А фазасында қан қысымы

тұрақсыз көтеріледі, гипертониялық криз байқалады. Б фазасында қан қысымы тұрақты жоғарылайды.

3 сатысында қан қысымы жоғарылайды, мүшелер мен ұлпалар склерозалық өзгерістерге ұшырайды.

ВОЗ-дың жіктелуі

1.сатысында – қан қысымы 160/95 –тен 179/104 мм сын бағ. Жоғарылайды, жүрек – қан тамыр жүйесінде өзгеріс болмайды

2.сатысында – қан қысымы 180/105 –тен 200//144 мм сын.бағ жоғарылайды, сол жақ қарынша гипертрофияланады, басқа мүшелердің зақымдалуы болмайды.

3.сатысы – қан қысымы 200/115мм. сын. бағ. жоғары,жүрек және басқа мүшелерде зақымдалады. Мыс; ми, көз торы, бүйрек және т.б

Диагнозы.

Жүктілікке дейін және жүктіліктің ерте мерзімінде, босанғаннан кейін қан қысымының көтерілуі пайда болады. Осы белгілерге қарап, диагнозын анықтағаннан кейін, гипертониялық аурудың сатысын анықтап, жүктілікті созуға болама, тез шешу қажет. Жүктілікті 1 және 2 А сатысында созуға болады, 2-ші Б- сатысында үзу керек. 3- сатысы жүктілікті үзудің тұрақты көрсеткіші.Жүктіліктің ағымы көбінесе гестозбен, мезгілінен ерте босанумен, қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуімен, нәресте гипоксиясымен асқынады. Дәрігерлік амал гипертония ауруының сатысына, ауруларына байланысты.

Жүкті әйелдерді әйелдер кеңес орнында ерекше диспансерлік есепке алып, үш рет перзентханаға жатқызады.

1 рет ерте мезгілде – 12 аптаға дейін жүктілікті созуға болама, әлде үзу қажетпе,соны шешеді.

2 рет жүктіліктің 27-32 аптасында

3 рет босанудан 10-14 күн бұрын

Босану ерекшеліктері Босанудың 1 кезеңінде қан қысымын бақылай отырып, оны төмендететін басқармалы гипотонияны қолданады. Нәрестенің күй-жағдайына байланысты босанудың

2 кезеңін тездету үшін перинеотомия жасайды, қажет болса акушерлік қышқышты қолданады.

3 кезеңнің және босанғаннан кейінгі қан шығынының алдын алу үшін, 1мл метилэргометринді +40 -20 мл глюкоза ерітіндісімен венаға енгізеді.Босанғаннан кейінгі кеш кезеңінде, қан қысымын төмендететін дәрі- дәрмекті кеңінен қолданады. Себебі көбінесе босагғаннан кейінгі кеш кезеңде қан қысымы көтеріліп, гипертониялық криз байқалады. Перзентханадан шыққаннан кейін, әйел терпевтің қарауында диспансерлік бақылауда болуға тиіс.

Артериялық гипертензия және жүктілік. Бұл асқынуда қан қысымы сын.бағ бойынша 100/60мм-ден аспайды, жиілігі жүктілер арасында 2,9-18,3 аралығында. Оның жедел және созылмалы түрін ажыратады.Жедел түрі жүрек-қан тамырларының жедел жетіспеушілігінде байқалады. Белгілері коллапс,талу,есеңгіреу. Созылмалы түрі – физиологиялық және паталогиялық болып екіге бөлінеді. Физиологиялық гипотензияда әйелдің жалпы күй-жағдайы өзгермейді. Паталогиялық гипертензияда жүктілік пен босанудың ағысы кеш гестозбен, жүктіліктің мезгілінен бұрын үзілуі мен, толғақтың үзілуімен, нәресте гипоксиясымен асқынады.Паталогиялық гипертензияда емі;Кофейн,стрихнин,женьшень, ультракүлгін сәуле.

Жүрек – қан тамыр ауруларының алдын алу 1 Ревматизімді жас өспірім кезден анықтап емдеу қажет,себебі бұл ауру қыз баланың жыныс мүшелерінің дұрыс дамып жетілмеуіне және жүрек ақауларының дамуына душар етеді.

2 Жүрек ақауларын жүректің ерте мерзімінен анықтап, жүктіліктің жалғастырылуын мезгілінде шешу қажет.

3 Әйелдер кеңес онында терапевт, акушердің ерекше диспансерлік бақылауында болады.

4 Жүктілік кезінде әйелді заңды түрде 3 рет перзентханаға жатқызып, тиісті емдерін жүргізеді.Бұл күрделі мәселені акушер, тек терапевт, кардиолог,хирург және анестезиологтармен бірлесіп, бүгінгі күндегі жаңа жабдықтарды пайдалана отырып шешеді УДЗ,КТГ, барокамера т.б

Қант диабетінде жүктіліктің,босанудың асқынуы перинаталогия өлімнің жоғарылауына әсер етеді.

Диабеттің жүктілік кезіндегі диагностикасы

1. “Қауіп-қатерлі” топтарды зерттеу: мәлімет алу – қант диабетімен жақын туыстарының ауырғанын, әйелдің ірі нәресте туғанын, бүйрек ауруларымен ауырғанын, өзіндік түсік, мезгілінен бұрын босану және ұрықтың ''кем-тарлығы'' болғанын әйелден анықтау қажет.

2. Глюкозурияны анықтау

3. Бір сағаттық сынау – глюкозаның қандағы деңгейін глюкоза енгізбей және енгізгеннен кейін анықтайды (50г).

Әдеттегі жағдайда глюкозаның плазмадағы ауытқуы: аш қарынға- 5.83ммоль/л, бір сағаттан кейін – 7.78ммоль/л.

Екі-үш рет анықтағанда плазмадағы глюкозаның деңгейі төмендегідей болса, жасырын қант диабетінің диагнозы қойылады.

1. 5,83 ммоль/л – ашқарынға.

2. 10,56 ммоль/л (1 сағ. кейін).

3. 9,17 ммоль/л (2 сағ. кейін).

4. 8,06 ммоль/л (3 сағ. кейін).

Қант диабетінің жіктелуі

1. Жасырынды диабет

2. Диабеттің басталуы 20 жастан кейін, ұзақтығы 10 жылдан кем.

3. Диабеттің басталуы 10-19 жас аралығында, ұзақтығы 10-19 жыл.

4. Диабеттің басталуы 10 жасқа дейін, ұзақтығы 20 жылдан астам.Бұл диабетте:а) қауіпсіз ретинопатия; б) аяқ қан-тамырларының кальцификациясы дамиды; в) гипертензия байқалады.

Жүктілік диабет ағымына әсері:Қант диабеті бар әйелдерге жүктілік кезінде дәрігерге жиірек қаралу керектігін есіне саламыз. Жүрек айнып құсудан, тамақ ішу мүмкіндігі болмаған жағдайда, нәрестенің қозғалысы нашарлап немесе қозғалмай қалғанда, вирустық инфекция (тұмау) салдарынан температура көтерілгенде кеңес алыңыз. Жүктілік кезінде организімге тамақпен енетін ақуыз, май, минералдар мен дәрумендерді де қадағалау қажет. Жүктілік кезінде диета мен денеңіздің салмағын мұқият қадағалаңыз. Бұл тек қант диабетімен ауыратындарға емес, барлық жүкті әйелдерге қатысты. Аяғыңыз ауырлағанда көп немесе аз салмақ қоссаңыз, онда мәселе туындайды. Сіз қанттың орнына басқа дәрі қолдансаңыз, мөлшерден тыс натрийы бар цикламаттар мен қанттың орнын ауыстырушыларды жүкті әйелдерге қолдануға болмайды. Аспартам, Сластилин, Нутрасвит қолданған дұрыс. Қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдерге түнгі гипогликемия болады, сондықтан кешке қосымша тамақ ішу керек. Егер әйел өзін мұқият бақылап барлық нұсқаулары сақтаса, қант диабетінің ауыр түрі болмаса онда жүктілік әйел денсаулығына қауіп төндірмейді. Жүктілік кезінде инсулиннің мөлшері екі-үш есеге өсуі мүмкін. Егер қант диабеті жүктілікке дейін және барлық жүктілік кезінде бақылауда болса нәрестенің жетілуі, кез келген қант диабеті жоқ жүкті әйелдермен бірдей болады. Жүктіліктің соңғы аптасында қант деңгейі мен нәрестенің жағдайын мұқият бақылау қажет. Дәрігер сізге 2-4 апта бұрын емханаға жатуды ұсынады.

Ең бастысы жүкті әйел аяғы ауырлағанын білгеннен бастап, тұрақты түрде дәрігерге қаралса болғаны. Іштегі толық жетілмеген баланың денсаулығын тумай тұрып қалпына келтірудің әдіс-тәсілдері көп. Егер дер кезінде шара қолданылса, дәрігерлер 26 аптадан кейін дүниеге келген, салмағы бір киллограмдық сәбилерді де аман алып қала алады. Негізінде шала туған сәбилер, мерзімі жеткенше перзентханада, дәрігерлердің бақылауында болып, шыны инкубатор сақталады. Инкубатор – шыны ыдыс тәрізді шағын камера. Онда ана жатырындағыдай күй кешіп, өз бойындағы олқылықтардың орнын толтырады. Инкубаторда жатқан жас сәбидің ана алақанының жылуын сезініп,дауысын жиі естіген сайын күш-жігері, қарсыласу қабілеті еселеп арта түседі.

Жасыратын несі бар,жас келіндер емшек сүтінің маңыздылығын біле тұра (тезірек қызметке кірісуді) сұлу да, сымбатты қалпын сақтауды ойлап, сәбиін бірден емізікке үйретеді. Бұл кішкентай сәби үшін тек алданыш. Ал ана сүті болашақ сәби үшін таптырмайтын құндылық екенін ұмытпаған дұрыс.

Жүктілік және анемия: Жүктіліктің қалыпты ағымында қанның жаопы көлемі, құрамы өзгереді, жалпы қан көлемі ұлғаяды, гемоглобин мен эритроциттер төмендейді. Жүктіліктің тұңғыш аптасынан бастап СОЭ ұлғаяды, біртіндеп лейкоциттер көбейеді, қанда альбумин азаяды.

Клиникасы:Әйел тез шаршағыш келеді, басы айналады, жүрегі қағып, шаштарының түсуі байқалады, сырт бейнесі, терісі бозарып, кейде дене ыстығы көтерілуі мүмкін.қанда гемоглобин мен эритроциттер төмендейді. Жүктілік кезеңі гестозбен, мезгілінен ерте босанумен асқынады. Емі: Негізігі емі темір препараттарын және темірге бай тағамдарды пайдалану (ферамид, гемостимулин, ферроплекс, феррумлек, конферон). Витаминдер – B1 B6 B12, фолий қышқылын кеңінен қолданады. Анемияның ауыр түрінде қан құяды, тек әйел босанғаннан кейін. Емнің ұзақтылығы 3-4 жұма.

Қалқанша безінің ауруы және жүктілік:ГИПЕРТИРЕОЗ: негізгі белгілері- тахикардия, тамыр соғуының жиілеуі, қалқанша безінің ұлғаюы экзофтальм, дене салмағының төмендеуі, қан плазмасында тироксиннің жоғарылауы. Емі:консервативті –тиреоидты гормондарды қолданады, хирургиялық – тиреоидэктомия (жүктіліктіңм II триместрінде жасаған жөн) ГИПОТИРЕОЗ: көбінесе бедеулікпен бірлесіп кездеседі. Жүктілік кезінде гипотиреозды ТТГ –ның қан плазмасында жоғарылауы арқылы анықтайды. Тироксин мөлшері қалыпты немесе төмен болады. Емі: тиреоидты гормондарды қолданады.

Туберкулез және жүктілік: Бүгінгі күні өкпе туберкулезінің алғашқы сатыларында әйел ерте кезден бақылауда болып, емделсе көп жағдайларда жүктілікті сақтауға болады. Жүктілікті үзудің көрсеткіштері: өкпе дерті қуыс болса, екі жақтамалы бүйрек туберкулезі, омыртқа, жамбас туберкулезінің белсенді түрі. Әдетте жүктілікті ерте мерзімде (12 аптаға) үзген жөн, себебі кеш мезгілде үзу туберкулездің өршуіне душар етеді. Егер туберкулезді тұңғыш рет жүктілік кезінде анықтаса, бірден комплексті емін жүргізу қажет. Жүктіліктің алғашқы үш айында 9- 10 айларда тек ауруханада жүргізеді.Емі: парааминосалицилат натрий(ПАСК), стрептомицин,изониазид, тубавидті - B1 B6 B12 витаминдерімен бірлестіріп қолданады. Жүктіліктің соңында – ПАСК және изониазид. Егер жоғарыдағы дәрілер нәтижесіз болса, циклосерин, этинамидті пайдаланады.Босану ерекшеліктері: әйелдің өзі босанғаны жөн. Кесар тілігін тек жүктіліктің, босанудың ауыр асқынуларында қолданады. Жаңа туыоған сәбиге профилактикалық ваксинация БЦЖ жасалады. Перзентханадан шықаннан кейін ана мен сәби туберкулез диспансерінің, әйелдер және жас балалар кеңес орнының бақылауында болуы тиіс.

Глоссарий: Гидронефроз – бүйрек астаушаларының кеңеюі және паренхимасының аирофиялануы,зәрдің іркілуі. Гламерулонефрит – жұқпалы аллергиялық ауру, бүйрек шумақша аппаратының зақымданып, қабынуы.

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1) Жүктіліктің қант диабетіне әсері қандай?

2) Қант диабетінде жүктілікті қай мерзімде үзеді?

3) Жүктілерде кездесетің жүрек – қантамырлар ауруының жіктелуі?

4) Жедел бүйрек жетіспеушілігі, себептері?

5) Вирусты гепатит, жұғу жолдары?

6) Акушерияда іш теспесі, емі?

7) Қалқанша безінің аурулары,?емі

8) Туберкулездің емі?

Қолданатын әдебиет:

Р.С. Бейсембаева, Ә.Т.Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова, «Акушерия» Алматы “Білім”, 2008жӘ.Т.Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова, «Акушерия және гинекология» Алматы “Асем систем”, 2006ж

«Жүктілік және экстрагенитальды аурулар» Тесттер.

*Экстрагенитальды патологиясы жоқ босанушы әйелде босанудың үшінші кезеңіндегі патологиялық қан кетудің мүмкін болатын мөлшері: 1) 600 2)150 3) 400 4) 800

*Резус- сәйкессіздік кезінде нәрестенің антенатальды өлімінің мүмкін болатын белгісі: 1) кіндікбаудың тартылуы 2) жыныс саңылауында кіндікбаудың 10 см төмен түсуі 3) жатыр қуысында қан кетудің болмауы 4) жатыр қуысында патологиялық қан кету

*Функциялық диагностикалық тесттің тиімді әдісі: 1) биопсия жасау 2) кольпоскопия жасау 3) базальды температураны өлшеу 4) эндоскопия жасау

*Аналық бездің гормоны: 1) инсулин 2) пролактин 3) фолликулин 4) преднизолон

*Гипертониялық ауруда жүктіліктің мүмкін болатын асқынуы: 1) преэклампсия 2) көп сулы жүктілік 3) қағанақ суының мерзімінен ерте кетуі 4) іштей пайда болған нәресте ауытқулары

*Жатыр аймағы қабатының қабынуы: 1) параметрит 2) эндометрит 3) кольпит 4) эндоцервицит

*Анемия және жүктілікте болатын асқынулар: 1) көпсулылық 2) ірі нәресте 3) фето- плацентарлық жетіспеушілік 4) туу кезінде қансыраулар

 

Пән: «Акушерия және гинекологиядағы МІ» медицина колледжі
№ 3 дәріс. Тақырыбы: Жүктілік және босану кезіндегі қан кету. 4 -курс 8-семестр
Оқытушы: Сарсенбаева Э.А.  

Сабақтың түрі: жаңа материалды оқыту сабағы

Сабақтың типі: дәріс сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Студенттерге анализ жасауды,қорытынды шығаруды,шешім шығаруды үйрету;

Дамыту: ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: жауапкершілік, сезімді тәрбиелеу.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных