Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кеш гестоздар. Клиникасы, емдеу жодары 3 страница




Көрнекті құралдар: плакаттар

 

Хронокарта

Сабақ тарауының атауы Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут
Ұйымдастыру сәті (студенттерді тексеру). 5 мин
Тірек білімдерін бақылау Әдістері;сұрақ-жауап, талдау 15 мин
Жаңа материалды баяндау Әдістері; әңгіме, баяндау, өткенмен байланыс. 10 мин
Плакатар мен жаңа материалды бекіту 10 мин
Студенттердің дәрісті жазуы 15 мин
Тарату материалдармен жұмыс жасау 20 мин
Ситуациялық есептер 10 мин
Студенттердің түсініктерін бағалау 5 мин

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру сәті;

Амандасу, студенттерді түгендеу.

Сабаққа дайындыктарын тексеру: оқу құралдарыңың бар жоғын тексеру.

Медициналық форманың барын тексеру-халат және колпак;

Журнал толтыру;

Сабақтың тақырыбын және міндетін айту.

№ 3дәріс

1. Кіріспе

2.Негізгі бөлім

а) Жүктілік және босанғаннан кейінгі қан кетулер

б) Геморрагиялық шок

Босану кезінде және босанғаннан кейінгі қан кетулер

Босанғаннан кейнгі кезең екіге бөлінеді- ерте және кеш. Ерте кезең екі сағатқа созылады, осы кезеңдегі қан шығынының себептері: 1. Жатыр қуысында бала жолдасы, бөліктерінің іркіліп қалуы. 2. Жатырдың жиырылуының төмендеуі мен жоқтығы (гипо-атония); 3. Қан ұюының бұзылуы; 4. Босану жолдарының жарақаттануы.

1. Жатырқуысында бала жолдасының бөліктері іркіліп қалған жағдайда, жатырдың жиырылу қабілеті төмендеп, қан шығыны артады. Бірден әйелге наркоз беріп, жатыр қуысын қолмен тексеріп, іркіліп қалған плацента бөліктерін алып тастайды.

2. Жатырдың жиырылу қабілетінің төмендеуінен немесе жоқтығынан пайда болатын патологиялық қан шығынын гипо-атониялық өан шығыны дейді. Гипотония- жатырдың жиырылу қабілетінің төмендеуі; атония- жатырдың жиырылу қабілетінің жоқтығы.

Себептері: жатырдың қабыну аурулары, өзіндік және жасанды түсіктер, қағанақ суының көптігі, егіз жүктілік, гестоздар, тар жамбас, ірі салмақты нәресте, жатырдың ісік ауруы, босанудың ауытқулары; сонымен қатар кесар тілігінен кейн жатрд жөнсіз қолмен уқалап, дәрі-дәрмектерді орынсыз қолданса немесе плацента бөліктері жатыр қуысында қалса,игипоатоиялық қан шығыны байқалады.

Клиникалық белгілері

Бұл асқынуда потологиялық қан шығыны үшінші кезеңде немесе әйел босанысымен бірден басталады.

Гипотониялық қан шығынында-қан шамалы, ұзақ ағады; жатырдың жиырылу қасиеті төмендейді (жиырылу сирек қысқа). Қолмен жатырды уқалағанда ол әдеттегідей қатты, тығыз болмай жұмсақ болады; жатыр қуысында қан ұйып жинала бастайды, жатыр көлемі үлкейіп, кіндік түбінен жо,ары тұрады. Дәрі-дәрмектер қолданған кезде, жатырдың жиырылу қабілеті жоғарылай бастайды.

Ал атониялық қан шығынында, жатырдың жиырылу қабілеті жоққа тән, дәрі-дәрмектер ешқандай нәтиже бермей, шамалы уақыттың ішінде әйелден көп қан кетеді.

Жатырдың жиырылу қабілеті бұзылғанда тез арада қанды тоқтату үшін қолданатын шаралар:

1. Жұмсақ түтікшемен қуықтан зәрді шығарады.

2. Жатырдың сыртынан қолмен уқалап, мұз немесе мұздай су құйылған грелканы жатырға қояды.

3. Жатырдың жиырылу қабілетін жоғарлату үшін, жиырылтқыш дәрілерді қолданады (метилэргометрин, окситоцин, питуитрин т.б).

Қан шығыны тоқтамай 300-400 мг жеткен жағдайда, жатыр қуысын қолмен тексеріп, оның қуысындағы (қағанақ қабақшаларын, қанды) алып тастағаннан кейн, жатырға сыртқы-ішкі массаж жасайды. Бір мезгілде венаға (SED+250 5% глюкоза ерітіндісін) простагландинмен енгізеді.

4. Қан шығыны артып, (800-100 мл) жетсе әйелге бірден ампутация немесе экстирпация операциясын жасайды. Операцияға дайындық алдында төмендегі шараларды қолданады: алдыңғы ішперде тұсында қолқаны омыртқаға қарай басады; Бакшеевтің әдісімен жатыр мойнына уақытша клеммалар салады (жатырдың жиырылу қасиеті ұлғаяды).

5. Қан ұю жүйесі бұзылса (ДВС-синдром дамыса), ішкі жамбас артериясын байлайды.

Қан шығынын тоқтату үшін қолданған барлық шаралар бір мезгілде инфузионда- трансфузионда терапиямен жүргізілді.

Перзентханаларда жүктілік, босану, босанғаннан кейнгі кезеңдерді асқынудың ауыр түрлерінде жедел көмек көрсететін арнайы тәжірибелі дәрігерлер тобы, сонымен қатар қан, қажетті дәрі-дәрмектер дайын болуы керек.

Босанғаннан кейнгі кезеңде қан шығыны артуының тағы бір себебі – қан ұю жүйесінің бұзылуы. Бұл әйел өмірі үшін өте қауіпті жағдай, көбіне жүктілік гестозының ауыр түрінде нәресте жатырда шетінгенде; гипо- атониялық қан шығынында; кесар тілігінде және планцентаның жатыр қабырғасынан бөлінуінің ауытқуында (плацентаның мезгілсіз бөліну, төмен орнығуы, берік жапсырылуында) кездеседі.

Бұл жағдайда жатырдың жиырылу қабілеті бұзылмайды, бірақ жатырдан тоқтаусыз қан ағады және қан ұйымайды; жатырдан басқа кез-келген; тігіс салған, мұрыннан, дәрі еккен жердің бәрінен қан кетеді. Лабораториялық зерттеу жасағанда, қан ұю уақыты ұзарады, қанда фибриноген өте төмендейді. Жүкті әйелде фибриногеннің қандағы мөлшері 400мг%. Фибриногеннің қанда төмендеп, жойылуы қан шығынын күшейтеді, гипо және афибриногендік қан кету байқалады. (ДВС синдром дамиды).

ДВС- тің пайда болу себебі, ананың қан құрамына жатыр қуысынан, қан тамырларының ішкі қабынан, қанның ұю қабілетін бұзатын тромбопластиндік әртүрлі субстраттардың түсуі.

Осы жағдайда қанның фибриногенді көп жұмсалып, қан қоюланып, қан іріктері пайда болады, сөйтіп бүкіл қан тамырларын бітейді. Осыған байланысты қан ағымы бәсеңдейді, әсіресе капилляр жүйесінде, бүкіл әйел организміндегі мүшелердің қанайналымы бұзылады.

Гипо және афибриногендік қан кетуді анықтау үшін: дені сау әйелдің венасынан 2мл қан алғанда, ол 2-3 минутта ұйыйды, ал потологиялық қан шығыны болған әйелдің қаны ұйымайды; осы екі қанды қосқан кезде дені сау әйелдің қаны еріп кетеді.

Емдеу жолдары:

1. Біріншіден ДВС-тің пайда болуына себепкер болған жүктілік пен босанудың асқынуларын мезгілінде емдеу.

2. Организмнің гемодинамикалық және қан ұю өзгерістерін қалпына келтіру.

3. Жатырдың аққан қан тоқтамай, қан шығыны ұлғайса, бірден жатыр экстирпациясын жасайды; ішкі жамбас артериясын байлайды.

Қан ұю жүйесінің бұзылуының (коагулопатия)және ДВС синдромының диагнозы, емі қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуінің асқынуларында толық жазылған.

Геморрагиялық шок.

Әйел организмінде патологиялық қан шығынына қарсы пайда болған, патофизиологиялық өзгерістерді геморрагиялық шок дейді. Бұл өзгеріс (КАК) қан айналымы көлемінің кенет төмендеуінен, мүшелердің, жүйелердің қызметінің бұзылуынан пайда болады. Бұл құбылыстың негізгі салдарының бірі- қан айналымы көлемінің қан тамырларының мөлшеріне сәйкес келеді.

Гемморагиялық шоктың себептері: қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуінде, плацентаның төмен орнығуында, жатырдың жыртылуында, плацентаның тығыз немесе сіресе жапсырылуында, қағанақ суының эмболиясында, гипоатониялық қан шығынында гемморрагиялық дамиды.

Қан шығынына қарсы әйел организміндегі реакция екі түрлі: физиологиялық және патологиялық. Әдетте физиологиялық қан шығыны дене салмағының 0,3-0,5%-ты (250-350 мл). Бұл мөлшердегі қан шығынында әйел органимзмінде ешқандай патологиялық өзгеріс болмайды.

Ал патологиялық қан шығыны дене салмағының 0,5-1,8%-ынан асады. Бұл мөлшердегі қан шығынында әйел әйел организмінде әр түрлі патологиялық өзгерістер байқалады.Патологиялық қан шығыны компенсациялы және декомпенсациялы болып екіге бөлінеді. Компенсациялы өан шығынының мөлшері орташа есеппен бүкіл қан айналымының (ҚАК 10%-450-500 мл) болып есептелінеді.Әйел организмі мұндай қан шығынын тез уақытта өзінің бейімделу қабілеттерімен қалпына келтіреді.

Негізгі бейімдеуші қабілеттер:

1. Қан тамырларының түйілуі, бұл бейімдеуші қабілет организмде қан қысымын көпке дейн ұстап тұрады.

2. Ұлпа және ұлпа аралық сұйықтықтар, деподағы (бауыр, көк бауыр, жатыр бұлшық еттеріндегі т.б) қандар тез арада қан тамырларына ауысып, қан көлемін толықтыруға көмектеседі.

3. Жүрек соғуы жиіленіп оның минуттық көлемі үлкейеді, осыған байланысты жүрек жұмысы да артады.

4. Жоғарығы жүйке жүйесінің, гипоталамус-гипофиздің, бүйрек безінің қызметтері өседі.

Осы бйімдеуші қабілеттер организмнің гемостазын сақтайды, сондықтан компенсаторлық қан шығынында әйел организмі айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды.

Егер қан шығынының мөлшері айналымдағы қан көлеміне 10%-дан артық болса, оны декомпенсациялық қан шығыны дейді. Бұл жағдайда организм өзінің компенсаторлық бейімдеуші қабілеттерін сақтай алмайды; әйел организмінде әртүрлі патологиялық құбылыстар және геморрагиялық шоктың белгілері пайда болады.

Геморрагиялық шоктың сатылары

Сатылары Клиникалық белгілері ҚАК %, қан шығыны-мл
I сатысы Әйелдің күй-жағдайы өзгермейді. Қан қысымы 100 мм.с.б. астам. Дене, бет терілері шамалы бозарады. Тамыр соғуы 80-90 минутына. HB-90 г/л және одан жоғары. 15%-ға дейн (750 мл)
II сатысы Әйелдің күй-жағдайы орташа, оның басы айналып, көзі қарауытады. Дене, бет терілері бозарады. Қан қысымы – 80-90 мм. с.б. Тамыр соғуы 110-120 бір минутта. HB-80 г/л және одан төмен. 25%-ға дейн (1200 мл)
III сатысы Әйелдің күй-жағдайы өте ауыр, есінен танып, терілері қатты бозарады, дене ыстығы төмендейді. Қан қысымы 60-70 мм с.б. Тамыр соғуы әлсірейді 130-140 минутына. Әйелдің зәрі азаяды. 30-40%-ға дейн (1200-2000 мл)
IV сатысы Әйел ес-түсінен ажырайды. Қан қысымы, тамыр соғуы анықталмайды. Жүрек қағысы әлсіреп, әйелдің дем алуы төмендейді, зәрі тоқталады. 40%-дан артық (2000 мл артық)

Геморрагиялық шокты емдеу жолдары

Геморрагиялық шокты емдеу көп құрамы (комплексті) болуы керек. Шоктың негізгі себебін анықтап, тез арада күн шығынын тоқтатумен бірге, шокқа қарсы шараларды жүргізеді. Бір мезгілде жүргізілетін шаралар: тыным алу жетіспеушілігін коррекциялау; ҚАК-қан айналым көлемін қалыпқа келтіру- инфузия- трансфузия терапиясын жүргізу; қан ұю жүйесінің бұзылуын қалпына келтіру-плазма, жылы қан құю (лабораториялық зерттеулерден кейн); қанның микроциркуляциясын жақсарту (трентал, курантил, никотин қышқылы т.б).

ҚАК – қалыпқа келгеннен кейн, тәуліктік зәрдің мөлшеріне қарай диуретиктер (лазикс, манитол т.б) енгізеді. Зат алмасу процестерінің бұзылуын қалыпқа келтіру үшін: гидролизат, аминокровин, нативті плазма,глюкоза +4 ЕД инсулин+витаминдерді пайдаланады. Жүрек жұмысын жақсартуда кардиотоникалық дәрілер (строфантин, коргликон, ноадреналин) және глюкокортикоидтарды (преднизалон, гидрокортизон т.б.) пайдаланады.

Гемморрагиялық шокпен күресуде инфузиялық терапияның жылдамдығы көлемі және енгізген ерітінділердің құрамының маңызы зор.

Декомпенсациялық шокта инфузияның жылдамдығы жоғары болу керек (қан шығынынан бір деңгейде), ол үшін перифиялық екі немесе орталық венаны пайдаланады. Алдымен коллондты содан кейн кристаллоидты ерітінділерді құяды (қан қысымы 100 с.б. көтерілгенше).

Геморрагиялық шокта қанның құрамын (плазма, эритомасса т.б) қолдану қажет. Кейінгі кезде мұздатылған плазманы (тәулігіне 15 мл/кг дене салмағына) 37ºC жылытып, венаға құяды.

Геморагиялық шоктың емінде: полиглюкин, реополиглюкин, реоглюман, желатинолды және жаңа препарат – оксиэтилкрахмалды кеңінен қолданады. Оксиэтилкрахмал қанның реологиялық қасиетін және майда тамырлардың қан ағымын жақсартады.

Тәуліктің инфузияның көлемі 1500 мл. артық болмауы керек. Геморрагиялық шоктың емінде ерітінділердің жеткіліксіз немесе артық құйылуы ең ауыр асқынуларға душар етеді- өкпе ісінуі; бүйрек дектранасы, геморрагиялық шоктың ауыр сатысында ИВЛ-ді қолданады.

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1. Босанудан кейінгі кезеңдердегі қан кетулердің клиникалық белгілері қандай?

2. Геморрагиялық шок дегеніміз не?

3. Геморрагиялық шоктың емдеу жолдары қандай?

Қолданатын әдебиет:

Р.С. Бейсембаева, Ә.Т.Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова, «Акушерия» Алматы “Білім”, 2008жӘ.Т.Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова, «Акушерия және гинекология» Алматы “Асем систем”, 2006ж

Пән: «Акушерия және гинекологиядағы МІ» медицина колледжі
№ 4 дәріс. Тақырыбы: Босанудан кейін туындайтын септикалық аурулар. 4 -курс 8-семестр
Оқытушы: Сарсенбаева Э.А.  

Сабақтың түрі: жаңа материалды оқыту сабағы

Сабақтың типі: дәріс сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Студенттерге анализ жасауды,қорытынды шығаруды,шешім шығаруды үйрету;

Дамыту: ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: жауапкершілік, сезімді тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: плакаттар, муляж

 

Хронокарта

Сабақ тарауының атауы Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут
Ұйымдастыру сәті (студенттерді тексеру). 5 мин
Тірек білімдерін бақылау Әдістері;сұрақ-жауап, талдау 15 мин
Жаңа материалды баяндау Әдістері; әңгіме, баяндау, өткенмен байланыс. 10 мин
Плакатар мен жаңа материалды бекіту 10 мин
Студенттердің дәрісті жазуы 15 мин
Тарату материалдармен жұмыс жасау 20 мин
Ситуациялық есептер 10 мин
Студенттердің түсініктерін бағалау 5 мин

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру сәті;

Амандасу, студенттерді түгендеу.

Сабаққа дайындыктарын тексеру: оқу құралдарыңың бар жоғын тексеру.

Медициналық форманың барын тексеру-халат және колпак;

Журнал толтыру;

Сабақтың тақырыбын және міндетін айту.

№ 4 Дәріс

Босанғаннан кейінгі кезеңнің септикалық аурулары

Акушерия тәжірибесінде шешілмеген күрделі мәселелердің бірі – босанғаннан кейінгі кезеңнің септикалық аурулары: оның жиілігі соңғы жылдарда жоғарылауда (19.7-75%-ға дейін).

Бұл асқынудың жоғарылау себептері: әйелдің жалпы денсаулығының төмендеуі, жүктілік пен босану асқынуларының артуы; ауру қоздыратын микробтардың біреу емес, бірнешеу болуы; АІИ-ң өсуі. Сонымен қатар әйел босанғаннан кейін әлсізденіп, әр түрлі инфекцияға сезімтал келеді.осы мезгіілде ана организміне жарақаттанған босану жолдарынан жатыр мойын өзегі немесе қан, лимфа арқылы микробтар еніп, септикалық ауруларға душар етеді. Инфекция қоздырушылар: стафилакокк, бета-гемолитикалық стрептококк, гонококк, анаэробты бактериялар, ішек инфекциясы.

Жіктелуі, клиникалық белгілері, емдеу жолдары

Босанғаннан кейінгі кезеңнің септикалық аурулары А.В.Бартельс, С.В.Сазоновтың жіктеуі бойынша төрт сатыға бөлінеді.

І сатысы: инфекция ішкі жатыр мойны ернеуімен шектеледі; аралық, қынап қабырғасының, жатыр мойнының жаралары, жатырдың қабынуы.

ІІ сатысы: инфекция тек кіші жамбас қуысымен шектеледі; жатыр, жатыр маңының, жатыр қосалқы бөліктерінің, кіші жасбас іш пердесінің, жатыр, жамбас қан тамырларының қабынуы (метрит, параметрит, трмбофлебит, пеоьвиоперитонит).

ІІІ сатысы: инфекция кіші жамбас қуысынан шығып, қанға тарайды. Іш пердесінің қабынуы, септикалық шок.

ІҮ сатысы: инфекция қан арқылы бүкіл денеге жайылады сепсис, септицемия, септикопиемия.

Бірінші сатысы

Әйел босанғанна кейін босану жолдары жеңіл жарақаттанады, көбінесе аралық пен жатыр мойны жыртылады. Сол жарақаттарға инфкция түсетін болса, жара пайда болып, беті іріңдейді.

Белгілері: сыртқы жыныс ағзалары қатты ауырып, қызарып, ісініп, қабынады. Аралық тігістері іріңдеп, ажырап қанағыш келеді, екінші – үшінші күндері әйелдің дене температурасы көтеріледі.

Емдеу жолдары: аралықтың тігісін алып тастап, жараны сутегі асқын тотығымен жуып тазартады. Жараны іріңнен тазарту үшін, гипертоникалық ерітіндіге малынған дәкеден күніне үш рет аралыққа түтікше кояды. Жараны іріңнен ттолық тазартқаннан кейін, синтомицин, грамицидин майларын қолданады. Инфекцияға қарсы антибактериялық ем жүргізеді: пенициллин, ампициллин, оксациллин, т.б. Жара тез жазылып кету үшін трипсин, химотрипсин ферменттерін және ультракүлгін сәулесін пайдаланады. Жара он төрт күнде жазылады, сол уақытта аралыққа екінші рет тігіс салуға болады.

Босанғаннан кейінгі кезеңнің инфекциялық ауруларының ең жиі кездесетін түрі – жатырдың қабынуы. Ауру басталған кезде жатырдың шырышты және бұлшық етті қабаты қабынып, жараланып, іріңдейді.

Белгілері: босанғаннан кейін 3-4күндері, ал кесар тілігінен кейін 1-3күндері пайда болады. Дене температурасы 38-39 градусқа дейін көтеріліп, тамыр соғуы жиілейді; әйел безгек ауруындағыдай қалтырайды. Жатыр жиырылуы, қайта қалпына келуі төмендейді, қолмен ұстағандажатыр ауырмалы, жатырдан шығатын сұйық зат қан ірің аралас, сасық иісті болады. Бұл асқынуда жатырдың жиырылу қасиетінің төмендеуінен, немесе жатыр мойны өзегінің бітеліп қалуынан, кейде сұйық зат жатыр қуысында жиналып, жатырды керіп ауыртпалы толғақ пайда болады. Бұны лохиометрия деп атайды. Осы кезеде дененің улануы күшейіп, әйелдің қызуы көтеріліп, басы ауырады. Қан құрамы өзгереді, ЭТЖ жоғарылайды.

Емдеу жолдары: біріншіден жатыр қуысында бала жолдасының бөліктерінің қалдығын анықтайды УДЗ зерттеуі арқылы. егер жатыр қуысында бала жолдасының қалдығы анықталса, жатыр қуысын тазалап, жатыр үстіне мұз қойып он онбес минут, түрлі антибиотиктерді – канамицин, ампициллин, гентамицин т.б, улануға қансы дезинтоксикациялық сұйықтықтарды, витаминдер, белоктық заттар кеңінен қолданылады. Дененің тітіркеніп, түршігуін басу үшін димедрол, пипольфен, супрастин, қызуын басу үшін амидоперин, аналгин, аспирин беріледі. Ауру сегіз он күнге созылады. Толық емдемесе инфекция одан әрі тарап ауру асқынады.

Екінші сатысы

Параметрит. Бұл асқынулардың белгілері босанғаннан кейін 10-12 күндері байқалады. Дене түршігіп, қызуы 39-40 градусқа жетіп, іштің төменгі жағы тартып ауырады, қан құрамы өзгереді. Қынаптық зерттеуде жамбас пен жатыр қабырғасы арасында қозғалмайтын қабыну ісік анықталады. Бұл қабыну ісігі үш төрт апта ішінде қайта сорылуы немесе іріңдеуі мүмкін, іріңдеген ісікті қынап арқылы дер кезінде жарып, іріңді сыртқа шығарады. Егер іріңді ісікті жармаса ол әрі қарай бүйрек, қуық, тік ішекке дейін жайылып, өзі жарылады.

Жатырдың қосалқы бөліктерінің қабынуы. Бұл қабыну көбінесе соз ауруларының әсерінен болады.

Ауру белгілері: босанғаннан кейін 7-10 күндері байқалады. Әйелдің жалпы жағдайы нашарлап, денесі түршігіп, қызуы көтеріледі. Іштің төменгі жағы қатты ауырып, іш перденің тітіркену белгісі пайда болады.

Қынаптық тексеруде: жатыр қосалқы бөліктерінде ауырмалы, шекарасыз қабыну ісігі анықталады, жатыр ісініп, үлкейіп, ісікке қарама-қарсы жаққа ығысады.

Емдеу жолдары: жан-жақты, жоғарыда айтылған дәрілерді кеңінен қолданады. Қабыну ісігі іріңдеген жағдайда хирургиялық ем.

Пельвиоперитонит. Аурудың белгілері босанғаннан кейін 3-4 күндері байқалып, жедел басталады. Дене қызуы көтеріледі. Іштің төменгі жағы қатты ауырып, әйелдің жүрегі айнып, құсады.

Қынаптық зерттеуде: жатыр ісініп үлкейеді, ауырмалы. Қабыну ісігі қайта сорылуы мүмкін немесе іріңді қуысқа айналады.

Емі: антибактериялық, инфузиялық, десенсибилизиалық емдер. Іріңдеген қуысты қынаптың артқы күмбезін тесіпағызады.

Үшінші сатысы

Перитонит. Босанғаннан кейінгі іш пердесінің қабынуы. 2-3-8 күндері байқалады. Ішперде қуысында іріңді және іріңсіз сұйықтықтар пайда болады. Дене қызуы көтеріліп, тамыр соғуы жиілейді, іштің төменгі жағы ауырады, жүрек айну, құсу пайда болады. Үлкен дәрет іште қатаяды, іш қатты кеуіп, ішперденің тітіркенуі байқалады.

Негізгі себептері:

1. Қағанақ суының мезгілсіз кетуі;

2. Операция алдындығы қынаптық зерттеудің көптігі;

3. Босану әрекеттерінің ұзаққасозылуы;

4. Жатыр тігісінің ажырауы.

Перитониттің дамуы үш фазадан тұрады.

Бірінші фазасы. Бұл фазада іш қуысында сары су жиналып, оған қанның ақ түйіршіктері мен фебрин қосылып, қоюланып, іріңді-қанды сары суға айналады. Сары су қайтадан ішекке сінбегендіктен қан айналым төмендеп, гиповолеми айқындалады. Қанда натрий мен калий деңгейі азайып, ішектің қимылы әлірейді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных