Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кеш гестоздар. Клиникасы, емдеу жодары 4 страница




Екінші фаза улану. Бұл фазада қан айналым бұзылып, қан іш қуысының көк тамырында бөгеледі. Организмнің қорғаныштық, бейімділігі, бүйректің, бауырдың қызметі төмендейді. Әйелде жиі құсық пайда болады. Қан айналым бұзылысынан ұлпалық гипоксия дамиды.

Үшінші фаза терминалдық. Қан қысымы, жүректің соғуы төмендеп, бүкіл организмнің улануларынан әйел сандырақтап, есінен танады, септикалық шок дамиды.

Қан құрамы өзгереді: гемоглобин төмендейді, қанның ақ түйіршіктері, ЭТЖ жоғарылайды, нейтрофиль формуласы солға жылжиды. Организм улану салдарынан зәрде белок пайда болып, бүйрек қызметі төмендейді.

Операциядан кейін бүкіл организмнің жүйке мүшелер қызметін қалпына келтіретін емдер қолданылады, қан және қанның әр түрлі құрамдары, мұздатылған плазма, эрмасса, глюкоза, гемодез, реополигюкин, белок сұйықтықтары, десенсибилизаторлар – димедрол, супрастин;гипертоникалық клизма жасалады.

Септикалық шок. Микробтардың ыдырап, оның уытының бүкіл организмге, қанға тарауынан кенеттен пайда болатын патологиялық құбылыс. Осының салдарынан қан тамырларының қызметі төмендеп, қанның ұюы артып, ұлпалар мен мүшелерге гипоксия дамиды. Қан құрамы өзгереді, қан қысымы төмендейді, зәр азаяды, ми, бауыр, өкпе, бүйрек тамырларынада қан ұйып, олардың негізгі қызметтері төмендеп, нашарлайды. Бұл құбылыс көбінесе жүктілік, босану кездерінің асқынуында, перитонитте, сепсисте жиі кездеседі. Септикалық шоктың екі сатысы бар:

1. Ерте сатысы 6-8 сағат аралығы;

2. Кеш сатысы бірнеше күннен бір жұмаға дейін.

Кеш сатысының клиникалық белгілері: қан қысымы төмендеуі, тыныс алу жиі, ентігу пайда болады. Беті шамалы көгеріп, аяқ-қолдары мұздай бастайды. Әйел әлсін әлсін есінен танады. Әр бір тілген, дәрі еккен жерлердің бәрінен қан аға бастайды, қан ұйымайды, диурез азайып, анурия болуы мумкін.

Септикалық шоктың ерекшеліктері:

1. Шоктың кенеттен пайда болуы;

2. Асқынудың ағысы микроб түріне, қабілетіне, күшіне байланысты;

3. Диурез азаюы, немесе тоқтап қалуы;

Септикалық шоктың диагнозын анықтау үшін:

1. Артериялық және орталық венозды қысымды әр бір 30 минут сайын және тыныс алу жиілігін бақылайды.

2. Тәулігіне төрт рет тік ішек температурасын өлшейді.

3. Жалпы қан құрамын және тромбоцит санын зерттейді.

4. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын және қанға бактериологиялық зерттеу жүргізеді.

5. Сағат сайын зәр мөлшерін анықтау.

6. Қан сары суында электролиттің, мочевинаның, креатиннің мөлшерін анықтайды.

7. Мониторлы бақылау жүргізіледі.

8. Кеуде және ішперде қуысына қуысына рентгенологиялық зерттеу жүргізіледі.

9. Қан ұю көрсеткіштерін анықтайды.

Емі:

1. Септикалық ошақты ерте, тұтас жою

2. Комплексті антибактериалық терапияны қолдану

3. Қан айналымдығы қан мөлшерін бір қалыпты ұстау үшін глюкоза ерітіндісін реополиглюкин, реоглюкин, альбумин, және құрғақ плазманы қолданады.

4. Тыныс алу жетіспеушілігін оттегі терапиясы арқылы коорекциялап, қажет болса, трахеосомия жасалады, ИВЛ жасайды

5. Иммунотерапия

6. Су электролит алмасуының бұзылуын реттеу.

7. Антиагреганттар, антикоагулянттар тағайындалады

8. Әйелдің ауыр жағдайын ескере отырып, септикалық шокта зонд арқылы тамақтандыру

9. Септикалық шокта плазмаферез, гемофильтрация, гемо немесе плазмасорбция жасайды.

Төртінші сатысы

Сепсис патологиялық қалып, микроорганизмдердің ыдырау салдарынан, оның уыты септикалық ошактан қанға және бүкіл мүшелерді іріңдетеді.

Сепсистің екі түрі бар:

1. Септицемия қанның іріңдеуі.

2. Септикопиемия мүшелер мен ұлпаларда іріңді ошақтардың пайда болуы.

Септицемия жедел септикалық ауру, дене қызуы бірден 40-41 градусқа көтеріліп, денесі қатты қалтырайды. Әйелдің тамыр соғуы жиіленіп, есеңніреп, қалтырау қайталанып отырады, басы аураып, меңзең болады. Терісі сарғыштанып, түсі бозарып, тілі кебірсіп, іші кеуіп аурады.

Септицемияда әйелдің айығуы немесе қаза болуы мүмкін. Егенр ауру бірнеше аптаға созылса септикопиемияға көшеді.

Септикопиемия. Әдетте ауру босанғаннан кейін 10-17 күнде дамиды. іріңді ошақтұңғыш өкпеде, бауырда, одан соң жүрек пен қан тамырларда дамиды.

Сепсистің бұл түрінде дене қызуы бір көтеріліп, бір төмен түсіп, өне бойы қалтырайды. Тамыр соғуы жиі, әлсізденеді, тілі кеберсіген.

Қан құрамында: ликоцитоз, эритроциттер токсин әсерінен ыдырайды, соның салдарынан ауыр анемия дамиды. көк бауыр жұмсарады.

Тәуліктік зәр азайып, зәрде бактериуремия, протейнурия, эритроциттер, лейкоциттер анықталады. Бұл патология бүйрек дистрофиялық өзгерістерінің әсерінен немесе септикалық ошақ бүйректе дамығанынан.

Мүшелердің іріңдеуі үш бағытта таралуы мүмкін: қан тамыры; жүрек; бұлшық ет бағыттары.

Емі: инфекцияға, организмнің улануына қарсы, оның қорғаныш қызметін арттыруға, зақымдалған мүшелердің қызметін орнына қалыптастыруға бағытталған.

1. Микробтың бірнеше түріне әсер ететін, екі-үш антибиотиктер: ампиокс, ампициллин, оксациллин, канамицин, линкомицин, т.б.

2. Дезинтоксикациялық терапия: гемодез, реополиглюкин, глюкоза т.б.

3. Дененің түршігуін қайтаратын десенсибилизиялық терапия: димедрол, супрастин, дипразин т.б.

 

Емшек безінің қабынуы

Емшек безінің қабынуы (мастит) степто-стафилококк микробтарының енуінен емшек ұлпасының қабынып, іріңдеуі.

Бұл қабыну әдетте емшек ұлпаларының терісі зақымдалғанда, қан, лимфа жолдары арқылы микробтардың түсуінен пайда болады.

Емшек безінің қабынуының үш түрі бар:

1. Сыздау

2. Шоғырлану түрі

3. Іріңдеу түрі

Сыздау және шоғырлану түрінің клиникасы. Әйелдің денесі тітіркенеді, басы аурады, жалпы күйі нашарлап, дене қызуы көтеріледі. Бастапқы кезде емшек сыздап, қатайып, қол тигізбей аурады. Қабынудың бұл түрін мезгілінде емдесе, тез қайтуы мүмкін, немесе келесі түріне, яғни шоғырлану түріне өтеді. Бұл жағдайда емшектің бір бөлігінде шекаралы, қатты аурмалы шоғырлану ісігі анықталады. Қолтық асты безі үлкейеді. Қан құрамы өзгереді: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды, эритроциттер азаяды.

Емшек қабынуы әрі қарай дамысы үшінші түрі, іріңдеу түрі дамиды. бұл жағдайда: зақымдалған сүт безі сұрланып, үлкейіп, тері асты сарғыш тартып, ірің пайда болады.

Емдеу жолдары: инфекцияға, дезинтоксикауиялық дірілер және желгілікті (УВЧ) емдерін қолданады. Төсектік режим.

Негізгі ем антистафилококктық дәрілер: оксациллин, ампициллин, фузидин, линкомицин. Ауыр іріңді флегмонозды түрінде цепорин көк тамырға. Антибиотиктермен қатар нистатин, сульфаниламидтер тағайындалады.

Іріңдеу түрінде хирургиялық ем. Сәбиді сыздау түрінде ғана емізеді.

Акушерия патологиясының алдын алудағы негізгі принциптер

1. Жекелеген алдын алу шаралары – жүкті, босанып жатқан, босанғаннан кейінгі әйелдердің жеке бас гигиенасына, тамақтануына бағытталған.

2. Қоғамдық шаралар халықтың денсаулығын сақтауға негізделген.

3. Біріншілік шаралар медициналық, гигиеналық, әлеуметтік және тәрбиелік бағытта.

4. Екіншілік шаралар ауруды ерте анықтауға, оның дамуының және асқынуының алдын алуға бағытталған.

Акушерия патологиясының дамуына әсер ететін факторлар:

1. Жүктілік кезіндегі жұқпалы аурулар

2. Қыз баланың сәбилік кездегі аурулары.

3. Көп түсік тастаған, мезгілінен бұрын босанғандар

4. Жыныс мүшелерінің дұрыс өсіп жетілмеуі

5. Экстрагениталды аурулар

6. Көп босанған, жасы 18жастан немесе 30дан жоғары әйелдер.

Глоссарий;Сепсис - патологиялық қалып, микроорганизмдердің ыдырау салдарынан, оның уыты септикалық ошақтан қанға және бүкіл мүшелерді іріңдетеді.

Септицемия - қанның іріңдеуі.

Септикопиемия- мүшелер мен ұлпаларда іріңді ошақтардың пайда болуы.

Мастит - стрепто-стафилококк микробтарының енуінен емшек ұлпасының қабынып, іріңдеуі.

 

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1. Босанудан кейінгі септикалық ауру дегеніміз не?

2. Сепсис дегеніміз не?

3.Септикалық шок дегеніміз не?

7. Қолданатын әдебиет:

8. Р.С. Бейсембаева, Ә.Т.Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова, «Акушерия» Алматы “Білім”, 2008жӘ.Т.Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова, «Акушерия және гинекология» Алматы “Асем

Пән: «Акушерия және гинекологиядағы МІ» медицина колледжі
№ 5 дәріс . Тақырыбы: Гинекологиялық науқастарды тексеру әдістері. 4 -курс 8 -семестр
Оқытушы : Сарсенбаева Э.А.  

Сабақтың түрі:жаңа материалды оқыту сабағы

Сабақтың типі: дәріс сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Студенттерге анализ жасауды,қорытынды шығаруды,шешім шығаруды үйрету;

Дамыту: ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: жауапкершілік, сезімді тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: плакаттар, муляж, слайд

 

Хронокарта

Сабақ тарауының атауы Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут
Ұйымдастыру сәті (студенттерді тексеру). 5 мин
Тірек білімдерін бақылау Әдістері;сұрақ-жауап, талдау 15 мин
Жаңа материалды баяндау Әдістері; әңгіме, баяндау, өткенмен байланыс. 10 мин
Плакатар мен жаңа материалды бекіту 10 мин
Студенттердің дәрісті жазуы 15 мин
Тарату материалдармен жұмыс жасау 20 мин
Ситуациялық есептер 10 мин
Студенттердің түсініктерін бағалау 5 мин

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру сәті ;

Амандасу, студенттерді түгендеу,сабаққа дайындыктарын тексеру,

оқу құралдарының бар жоғын тексеру.

Медициналық форманың барын тексеру-халат және колпак;

Журнал толтыру;

Сабақтың тақырыбын және міндетін айту.

№ 5 Дәріс

Гинекологиялық аурулармен сырқаттанатын науқастарды тексеру әдістері:

Науқасты объективті зерттеу – организмнің тұтастай жағдайын жалпы зерттеу және арнайы зерттеуден тұрады.

Жалпы зерттеу –дене бітімінің типін анықтаудан басталады, себебі ол организмнің нервтік, эндокриндік және басқа да жүйелерінің қызметімен тығыз байланысты, қалыпты дене бітімінің келесі типтерін ажырату керек:

1)Инфантильді

2)Гиперстеникалық

3)Интерсексуалды

4)Астениалық

Арнайы зерттеу –сыртқы жыныс мүшелерін қараудан басталады. Қараған кезде қасаға аймағындағы түктену айқындалады, патологиялық өзгерістеріне, аралықтың пішініне және биіктігіне, оның жырытылуына, жыныс өзегінің жағдайына, қынаптың қабырғасының түсуіне, жыныс саңылауын ашқан кезде вульваның кілегей қабатының түріне, уретраның сыртқы саңылауының жағдайына, парауретральды жолдарға, қынап кіреберісінің үлкен бездеріне, шығару өзектеріне, қынаптың бөлінісіне көңіл аудару керек.

Қынап арқылы зерттеу –қынапқа екі және үш саусақты енгізу арқылы жүргізіледі. Бұл кезде қынапқа кіру енін, аралықтың, жамбастың бұлшықеттерінің жағдайын, қынаптың ұзындығын, күмбездерінің тереңдігін, жатыр мойнының қынаптық, жатыр денесінің және қосалқыларының жағдайын анықтау мүмкін болады.

Ректальды зерттеу –екі саусақпен жүргізіледі. Ол жатыр мойнының паравагинальды және параректальды клетчатканың жағдайын анықтауға, тік ішектегі өзгерісті анықтауға көмектеседі.

Жатырды зондтау – жатырлық зонд арқылы жүргізіледі. Ол ұзындығы 20-25 см, ұшы дөңгелектеніп қалыңдаған стерженнен тұрады. Зондтау арқылы жатыр қуысындағы деформацияны, даму ақауларын, жатыр қуысының ұзындығын анықтауға болады.

Артқы күмбез арқылы іш қуысын пункциялау – 12 см қалың инемен жүргізіледі. Бқл зерттеуді жатырдан тыс жүктілік немесе жатыр қосалқыларының қабыну арасында екшеу диагностикасы мақсатында жүргізеді.

Хромдиагностика –айқындалған биопсияны орындау үшін қажет. Айналар көмегімен жатыр мойнын ашады және кілегейден тазартады, сосын Люголь ерітіндісімен ылғалданған тампонды жатыр мойнына енгізеді, бір минуттан кейін тампонды алып тастайды және тканьдердің боялуын бағалайды.

Аспирациялық биопсия –Браун шприцінің көмегімен жасалады, оның ұшына арнайы қасық енгізеді, оны жатыр мойны каналын кеңейтпей, жатыр қуысына енгізеді, аспирация жолымен жатырдың түбі, бұрыштары және басқа бөлімдеріне тез бөлінетін энжометриді алады, оны заттық шыныға салып басқа шынылық жеңіл қимылымен жағынды жасайды, сосын бояйды және микроскоппен зерттейді.

Пневмоперитонеография –жатыр және аналық безінің шектерін анықтауға көмектеседі. Бұл зерттеу әдісі ішперде астылық миоматозды түйін, аналық безінің ісіп және склеронистозды өзгерістердің диагностикасында қолданылады.

Кольпография– қынаптың көлемі, пішінің, сыйымдылығы, даму ақаулары немесе атрезиясын анықтауға мүмкіндік береді.

Эндоскопиялық зерттеу әдістері:

Кольпоскопия –жарықтандырғыш прибормен жабдықталған бинокулярлы және монокулярлы лупа көмегімен қынапты және жатыр мойнының қынаптың бөлігін қарау, ол зерттейтін аймақты 30 есе үлкейтіп көруге мүмкіндік береді.

Цервикоскопия– цервикоскоп көмегімен жатыр мойны каналының кілегей қарау әдісі. Ол эндоцервикстің рак алды өзгерістерін анықтауға және прицельді биопсия жүргізуге көмектеседі.

Медико – генетикалық зерттеу әдістері:Гормондардың анатомиялық және функционалды деректісін анықтауға және адам организімінің жыныстық дамуы және эстрогенитальды бұзылыстарын жіктеуге анықтауға көмектеседі. Осы мақсатта келесілер жүргізіледі:

1) Клинико- цитогенетикалық зерттеу әдістері яғни жыныстық хроматинді анықтау, хромосомдық.

2) Анализ жүргізу, кариотип анықтау.

3) Гинекологиялық зерттеу яғни зерттелетін жанұяның болашақ балаларында белгілі бір тұқым қуалайтын белгінің пайда болу мүмкіндігін зерттейді.

4) Биохимиялық зерттеу, ол зат алмасудың тұқым қуалаушылық бұзылыстарында белгілі бір ферменттің жетіспеушілігін анықтауға немесе экзимотозды белокты анықтауға мүмкіндік береді.

Глоссарий:

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1) Гинекологиялық аурулармен сырқаттанатын науқастарды тексеру әдістері

Қолданатын әдебиет:

Р.С. Бейсембаева, Ә.Т.Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова, «Акушерия» Алматы “Білім”, 2008ж

Ә.Т.Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова, «Акушерия және гинекология» Алматы “Асем систем”, 2006ж

 

Пән: «Акушерия және гинекологиядағы МІ» медицина колледжі
№ 6 дәріс . Тақырыбы: Әйел жыныс ағзаларының қабыну аурулары. Әйел адамның ұрпақ жаңғырту жүйесі функциясының бұзылуы. 4 -курс 8-семестр
Оқытушы : Сарсенбаева Э.А.  

Сабақтың түрі:жаңа материалды оқыту сабағы

Сабақтың типі: дәріс сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Студенттерге анализ жасауды,қорытынды шығаруды,шешім шығаруды үйрету;

Дамыту: ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: жауапкершілік, сезімді тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: плакаттар, муляж, слайд

 

Хронокарта

Сабақ тарауының атауы Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут
Ұйымдастыру сәті (студенттерді тексеру). 5 мин
Тірек білімдерін бақылау Әдістері;сұрақ-жауап, талдау 15 мин
Жаңа материалды баяндау Әдістері; әңгіме, баяндау, өткенмен байланыс. 10 мин
Плакатар мен жаңа материалды бекіту 10 мин
Студенттердің дәрісті жазуы 15 мин
Тарату материалдармен жұмыс жасау 20 мин
Ситуациялық есептер 10 мин
Студенттердің түсініктерін бағалау 5 мин

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру сәті ;

Амандасу, студенттерді түгендеу,сабаққа дайындыктарын тексеру,

оқу құралдарының бар жоғын тексеру.

Медициналық форманың барын тексеру-халат және колпак;

Журнал толтыру;

Сабақтың тақырыбын және міндетін айту.

№ 6 дәріс

Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары

Гинекологиялық аурулардың 60-75% қабыну аурулары құрайды. Жыныс мүшелерінің қабынуаурулары пайда болған әйел мүшелерінің және жүйелерінің функциялары жиі бұзылады. Өтіп кеткен жүз жылдықтың аяқ жақтарында В.Ф. Снигерев әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары әйел организмінің барлығы патологиялық процеске ұшырайтыны айтылған.

Қабыну процесстері арнамалы және бейарнамалы этиологиялы деп ажыратылады. Бейарнамалы қабыну процессін стафилакокктар, ішек таяқшасы, стрептококктар, көк іріңді таяқшалар қоздырады, ал екінші топты трихомонадтар, гонококктар, кандидалар, вирустар, микоплазмалар, хламидиялар қоздырады.

Әйел жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының этиологиялық структурасының өзгеру себебі сан алуан. Емдік практикада антибиотиктерді көп қолдану қабыну процесін тудыратын микроб флорасының өзгеруіне алып келеді. Бұл препараттар әсеріне төзімді микробтар пайда болады,микроорганизмдердің биологиялық қасиеттері өзгереді, сыртқы ортада өмір сүру қасиеті және вируленттігі жоғарылайды.

Қабыну патогенді қоздырғыш әсеріне қарсы және қоздырғыш микробты иммобилизациялауға, оны жоюға, организмнен шығаруға бағытталған организмнің қорғаныштық бейімделу рекциясы. Қабыну процесінің даму ағымын жедел, жеделдеу, созылмалы деп ажыратады. Созылмалы қабыну процесі өз кезегінде жиі өршулермен өтеді немесе жыныс мүшелерінің тыртықтық-жабысқықтық өзгерісі түрінде жүреді. Қабыну ошағында күрделі биофизикалық өзгерістер жүреді: қан айналым бұзылысы, ткандік ыдырау өнімдерінің жиналуы, ацидоз дамиды, нуклейнді қышқылдар, лейкотоксиндер түзіледі, көп мөлшерде серотонин, гистамин, ацетилхолин бөлінеді. Кез-келген фактор әсерінен дамитын қабыну реакциясын тізбекті биохимиялық реакциялар түрінде жүретін екі фазаға ажыратады. Бірінші фаза тез. 5-30 минут өмеді және серотонин, гистамин, ацетилхолин және басқа биохимиялық активті заттар ферментативті түзілуі нәтижесінде дамитын веналар өткізгіштігі бұзылысымен суреттеледі. Екінші фаза , 1-8 сағат кейде 1-7 тәулік ішінде дамитын кининдер, жоғары молекулярлы глобулиндердің және басқа брадикинин тәрізді заттардың капиллярларға әсері нәтижесінде қантамыр өткізгіштігі өзгеруімен байланысты болады.

Қоздырғыш қабыну ошағының түзілуін және аурудың алғашқы процестерінің пайда болуын анықтайды. Созылмалы сатысында микробты фактор өзінің басты мазмұнынан айырылып аурудың дамуында функционалды жалпы бұзылыстары басым болады. Науқастардың 60-70% де қабыну процесі септикалық микрофлорамен байланысты, ал 15% гонореямен, 8% туберкулезбен, 5-10% вируспен, кандидозбен және микоплазмалық инфекциялармен байланысты.

Жыныс мүшелерінде физиологиялық барьерлер болады. Олар әйелдің репродуктивті функциясын бұзатын және қабыну процесін тудыратын микробтар енуіне табиғи тосқауыл құрады. Физиологиялық тосқауылдардың арқасында микробтар әйел жыныс мүшесіне енбейді немесе олардың енуі тоқтатылады. Физиологиялық қорғаныштық жасқа, етекір циклге, босанғаннан кейінгі кезге, аботрқа байланысты өзгереді. Инфекцияның ішкі жыныс мүшелеріне енуіне көп қатарлы физиологиялық тосқауыл кедергі болады, оған алдымен вульва жатады. Қынаптың сыртқы ортамен байланысы жыныс қуысының жабылған жағдайда болуымен жүреді, бірақ бұл тосқауылды толық деуге болмайды, әсіресе көп босанушыларда жыныс тесігінің ашық тұруы болуы мүмкін. Инфекцияның таралуында қынап аз емес роль ойнайды, оның тосқауылдық қорғау функциясы аналық бездермен гормон продукциясына байланысты болады, құрамында көп гликогені бар эстрогендердің әсерінен эпителиальдық клеткалардың десквамациялау процесі күшейеді. Додерлейн таяқшалары ферментативті жолмен гликогенді сүт қышқылына айналдырады. Қынаптың қышқылдық ортасы микробтарға жойғыш әсер етеді де өзін-өзі тазаруына әкеледі. Жатыр мойнының кілегейлі тығындысы және ішкі ернеу аймағында каналдың айқын тарылуы және мойнақта микроб енуіне тосқауыл болады.

Эндометрийдің функционалды қабатының менструация уақытында циклді ажырауы жатыр қуысына енген микробтар шығуына оң әсер етеді. Инфекцияның таралуының шектеуіне түтіктердің перистальтикалық жиырылуы, талшықты эпителий жыбырлауығ кілегейлі қатпардың көп болуы бірінші қабыну прцесі дамуына кедергі жасайды. Ақырында аналық безінің ұрықтық эпителиін және дәнекер тканьді қабат инфекцияның бұл органға өтуіне кедергі болады.

Ішкі жыныс мүшелеріне инфекцияның енуінен иммунологиялық факторлар сақтаудың маңызы аз емес, жиі А және С класының иммуноглобулиндері олар эндометрий, жатыр мойны бездерінің секретінде жәнеқынаптың кілегей қабатында кездеседі.




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных