Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кеш гестоздар. Клиникасы, емдеу жодары 5 страница




Жыныс мүшелерінің төменгі бөлімінің созылмалы қабыну процестері

Вульвит – әйелдің сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы. Біріншілік және екіншілік болып ажыратады. Біріншілік вульвит травма әсерінен дамып, травма алған жердің инфекциялануымен жүреді.

Екіншілік вульвит әйелдерде кіші жыныс мүшелерінде қабыну процесі болғанда дамиды.қынаптан, жатыр мойнынан патологиялық бөліністердің ағуы вульваның эпителиальды жабындысын бұзып, микробтың енуіне қолайлы жағдай жасайды. Клиникасында жедел және созылмалы вульвитті ажыратады. Жедел вульвит тканьдер ісінуімен, диффузды гиперемиясымен, іріңді бөліністермен, шап қаптары мен санның ішкі бетінің гиперемиясымен, кейде сыртқы жыныс мүшелерінің шат лимфа түйіндерінің ұлғаюымен жүреді.

Науқастар сыртқы жыныс мүшелерінің ашуына және қышуынашағымданады, әсіресе зәрге шыққаннан кейінгі, іріңді бөліністерге, қозғалыс кезіндегі ауырсынуға шағымданады.

Диагностика. Диагноз ауру мәліметтеріне, шағымдарына, гинекологиялық қарау нәтижесіне, вульвадан бөлінген бөліністерді бактериологиялық және бактериоскопиялық зерттеу нәтижесінде койылады.

Емі. Коплексті ем қолданылады. Жедел вульвитте төсектік режим, жыныстық қатынастан бас тарту, жылы калий перманганаты ерітіндісімен, ромашканың жылы тұнбасымен, бор қышқылы ерітіндісімен сыртқы жыныс мүшелерін тәулігіне екі, үш рет туалет жүргізу керек. Фурациллин ерітіндісімен сіңірілген таңғыштар қолдануға болады 3-4 рет тәулігіне; қышу күшті болса, вульваны 5% анестезин майымен майлаймыз. Шартты патогенді микробтармен қоздырылған болса жергілікті фуразолидонды сульфат М полимексинмен лактоза қосып ұнтақта тағайындаймыз. Жедел ағымында перманганат калиймен ромашка тұнбасымен ванна тағайындалады. Тәулігіне екі үш рет 10 минуттан.

Болжамы: қолайлы

Профилактика: жеке бас гигиенасын сақтау, жалпы ауруларын, кольпит және цервицитті емдеу.

Бартолинит

Бартолинит – қынап кіреберісінің үлкен безінің қабынуы. Стафилакокктармен, ішек таяқшаларымен, стрептококктармен, микоплазмалармен және де т.б микроорганизмдермен қоздырылады.

Клиника. Микробтар бездің шығару өзегін зақымдауы мүмкін.

 

Пән: «Акушерия және гинекологиядағы МІ» медицина колледжі
№ 7 дәріс. Тақырыбы: Әйел жыныс ағзаларының ісіктері және ісіктәрізді түзілістері. 4 -курс 8-семестр
Оқытушы: Сарсенбаева Э.А.  

Сабақтың түрі: жаңа материалды оқыту сабағы

Сабақтың типі: дәріс сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Студенттерге анализ жасауды,қорытынды шығаруды,шешім шығаруды үйрету;

Дамыту: ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: жауапкершілік, сезімді тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: плакаттар, муляж, слайд

 

Хронокарта

Сабақ тарауының атауы Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут
Ұйымдастыру сәті (студенттерді тексеру). 5 мин
Тірек білімдерін бақылау Әдістері;сұрақ-жауап, талдау 15 мин
Жаңа материалды баяндау Әдістері; әңгіме, баяндау, өткенмен байланыс. 10 мин
Плакатар мен жаңа материалды бекіту 10 мин
Студенттердің дәрісті жазуы 15 мин
Тарату материалдармен жұмыс жасау 20 мин
Ситуациялық есептер 10 мин
Студенттердің түсініктерін бағалау 5 мин

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру сәті;

Амандасу, студенттерді түгендеу,сабаққа дайындыктарын тексеру,

оқу құралдарының бар жоғын тексеру.

Медициналық форманың барын тексеру-халат және колпак;

Журнал толтыру;

Сабақтың тақырыбын және міндетін айту.

№ 4 дәріс

Қатерлі ісік алды аурулары. Жыныс мүшелерінің қатерлі және қатерлі емес ісіктері

. 1. Кіріспе 2.Негізгі бөлім

А) Әйел жыныс мүшелерінің ісіктері

Б) Қатерлі ісіктер.

В) Қатерсіз ісіктері.

Д) Әйел адамның репродуктивті қызметінің бұзылуы

Әйел жыныс мүшелерінің ісіктері

Әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз және қатерлі ісіктерінің ішіндегі ең жиі кездесетіні жатыр ісігі (80%дейін).Сигегірек аналық без(15-16%) сыртқы жыныс мүшелерінің және қынап (2-4%) ісігі кездеседі.

Жатыр ісігі.

Қатерсіз ісіктер.

Әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз ісіктері ішінен ең жиі кездесетіні жатыр миомасы-бұл бірыңғай салалы бұлшықеттен дамитын ісік.30-50 жас аралығындығы гинекологиялық науқас әйелдердің ішінен миома 8-14% жиілікте кездеседі.Ісіктің гармонға тәуелді екені анықталды.Жатыр миомасы бар науқас әйелдерде фолликулостилеудеуші гормон секрециясы жоғарылаған,лютеинизирлеуші гормон синтезі төмендеген,менструальды циклдың сары дене фазасы қысқарған және гиперэстрогенемия байқалады.

Қазіргі кездегі классификациясы бойынша жатыр миомасы сублеукозды,интрамурольды және субсерозды деп бөлінеді.Ісік түйіндері жатырды деформациялауы мүмкін,жақын жатқан мүшелермен (несепағар,қуық,кіші жамбас қан тамырлары) физиологиялықбайланысын бұзады.

Клиникасы

Жатыр миомасының клиникалық көрінісінде негізгі және ең ерте симптомы қан кеу болып табылады.Гиперполименорея немесе метроррагия типті жатырдан қан кету науқас әйелдердің 40-45% кездеседі.Әрбір екінші қан кетуі бар науқас әйелдерде екіншілік постгеморрогиялық анемия анықталынады.18-20% ауырсыну синдромы,12-15% көмей ас залалдың функциясының бұзылуы анықталады.30% жағдайда науқас әйелдер ешқандай шағым айтпайды,ісік тек профилактикалық тексеру кезінде ғана анықталады.

Емі

Жатыр миомасының емі клиникалық көрінісінің айқындылығына,түйіндердің локализациясына,ісік көлеміне және науқас әйелдің жасына байланысты шұғыл операцияға көрсеткіш:түйіндердің қысылып қалуы,никрозы,субмукозды миоманың <тууы>,екіншілік операцияның анық болумен жүретін шамадан тыс қан кетулер,миоманың инфицирленуі,зәр шығару мен нәжіс шығарудың айқын бұзылыстары,ісіктің қатерлі ісікке айналу күдігі.

Қатерлі ісіктер.

Жатыр мойны рагы – әйел жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктерінің ішінен шамамен 80% құрайтын,эпителиден дамитын қатерлі ісік.Жиі 40-50 жас аралығында кездеседі.

Этиологиясы мен патогенезі.

Адам ағзасында бірқатар өзгерістер рактың дамуына алып келеді.Оларға эстрагенді гармон мөлшерінің жоғарылауы,мүйіздену,босану кезінде жатыр мойнының жарақаттануы және созылмалы қабыну өзгерістері жатады. Эстрогендер пролифирациялық процестердің стимуляторы болып табылады,жасушаның өмірлік сонымен қатар митотикалық цикл реттейді.

Босану мен аборт кезіндегі жыртылулар,тыртық,жатыр мойнының деформациясы қан айналу мен инервацияны бұзады,нітижесінде тіндер мен жасушалардағы алмасы процестерін бұзады.

Канцерогенездің соңғы этапы бұл-инвазивті рак.
Патологиялық анатомиясы.

Жатыр мойын екі типті эпителиймен қапталған:көп қабатты жазық-қынап жағынан,цилиндрлік-цервикальді канал жағынан.Сондықтанда рак гистологиялық тұрғыдан екі түрде болуы мүмкін:жазық клеткалық және аденокарцинома. Клиникасы.
Қатерлі ісіктің дамуына әдетте ағымы ұзақ,емге нашар көнетін және жатыр мойынының рецидивирлеуші аурулар әкеледі.Рак алды болып эпителиалды дисплазиялар табылады.
Ауырсыну ісіктің едәуір тараған кезінде,нерв өрімдерінің қысылып қалуы немесе ауырсыну рецепторларының тітіркенуі нәтижесінде пайда болады.
Диагностикасы.
Қатерлі процестің таралу дәрежесін анықтау үшін цисто және ректоскопия,лимфо және ангиография жүргізіледі.Қазіргі кездегі диагностиканың міндеті рак алды өзгерістер мен рактың предклиникалық формаларын анықтау болып табылады.Анамнезін жинай отырып,дәрігер рактың дамуынаәкелетін клиникалық факторларды анықтай білу керек:ол әртүрлі эндокриндік бұзылыстар,әсіресе,гиперэстрогенэмия белгілерінің басымдылығымен,босанудан кейінгі жарақаттар,жатыр мойынының ұзақ және рецидивтеуші аурулары,қайталама диагностикалық және емдік манипуляциялар.

Емі. Емі гистоморфологиялық өзгерістерге қарап,науқас әйелдің жасына,басқа да гинекологиялық ауруларына байланысты индивидуальді тағайындалады.
N1-регионарлы лимфа түйіндері метастаздармен зақымдалған

М-алыс метастаздар
М0-алыс метастаздар белгілері жоқ
М1-алыс метастаздар анықталады,шап лимфа түйіндерінің зақымдалуымен бірге.
Клиникасы.

Ең маңызды және жиі кедесетін симптом жатырдан менопауза кезінде қанды бөліністердің болуы жиі сұйық шірік иісті бөліністер:
Диагностикасы.
Эндометрийдің тотальді қырындысын зерттеуге негізделеді.Қосымша цервикогистиография,радиокативті фосформен зерттеу,цитолщгиялық әдіс және биопсия жатады.
Емі ауру кезеңіне байланысты жүргізіледі.Комбинирленген әдіс,қосарланған әдіс қолданылады.Кейінгі кезде жиі гормонотерапия және оперативті,сәулелі терапия қосарлануы қолдануда.


Аналық без ісігі


Рак жиі цилозпителиальды папилярлы клеткалардан дамиды.Сирек жағдайда жазық қабырғалы целлоэпителиальды және псеидомуцинозды кистомалардан дамиды.

Патологиялық анатомиясы

Жиі рак қуыссыз,тығыз гамогенді ісікпен бейнеленеді.Миктоскопииялық тұрғыдан ісік полиморфты эпителийден тұрады,фиброзды стромада альвиолярлы,трабекулярлы және диффузды құрылымды болады:
Клиникасы.

Көбіне 40-60 жаста кездеседі.Көрінісінде бірінші субъективті белгі ауырсыну.Ол бастапқыда аз мазалайды,кейде кейде физикалық жүктемемен тамақ қабылдаумен сәйкес келеді.
Диагностикасы.
Қиын.Рентгенография және артқы қынап күмбезінен алынған материалды цитологиялық зерттеу жүргізеді.

Емі.
Комбинирленген ем жүргізіледі.Міндетті еүрде жатырды қосылқылармен,үлкен шажырқаймен алып тастау керек.

Аналық бездің метастаздық рагы(крукенбург метастазы) Аналық безі барлық қатерлі ісіктерінің 20% құрайды. Біріншілік ошақ әдетте, асқазан ішек жолы мүшелерінде орналасады. Біріншілік ошақта рак линфогенді гематогенді және имплантанциялық жолдармен таралады. Процесс екі жақты дамиды. 40 жасқа дейінгі адамдарда жиі кездеседі.

Клиникасы. Клиникалық ағымы ісіктің тез өсуімен, екі жақты орналасуымен және асцит болуымен сипатталады.

Емі. Аналық бездің екіншілік зақымануы – кез келген бірішілік орналасқан рактың IV кезеңінің белгісі.Көп жағдайда метастаздар басқа мүшелерде де анықталады.Егер біріншілік ошаққа радикалды ем қолданып,аналық бездегі метастаздан басқа ісік ошақтары анықталмаса,қосалқыларын алып тастау немесе пангистерэктомия жасалады операцияға қосымша химиотерапиялық ем жүргізіледі.
Болжамы.Әдетте жағымсыз.Алайда көп жағдайда радикалды хирургиялық емнен кейін науқастар бес жылдан артық өмір сүреді.

Аналық бездің герминогенді ісіктері.

Қатерсіз ісіктері.
Қатерсіз тератома (дермоидты киста)-кез келген жаста,жиі 20-30жаста кездеседі.Кейде екі жақты зақымдану болады.Ісік көлемі бұршақ дәнінен жаңа туған нәрестенәң басындай,жұмсақ немесе тығыз консистенциялы,жиі бір камералы.
Клиникасы.Ісік өте баяу,симптомсыз ағыммен ерекшеленеді.Ауырсыну және дизуриялық көріністер асқыну кезінде байқалады.

Емі. Хирургиялық.Ісікпен зақымданған аналық безді алып тастау.Екі жақты дермоидты киста кезінде зақымданбаған мүше тіні қалдырылып,ісік резекциясы жүргізіледі.

Қатерлі ісіктері.
Аналық бездің тератобластомасы (жетілмеген эмбриональды тератома)-сирек кездеседі,кез келген жаста,жиі жас шақта байқалады.Ісік көлемі үлкен-ересек адам басы мөлщеріндей.Ісік пішіні дөңгелек,косистенциясы біркелкі емес.Микроскопиялық іртүрлі жету дәрежесіндегі,пролифирацияға бейім тіндер анықталады.
Клиникасы. Ісіктің өсуі бақылаусыз.Науқаста әлсіздік,ауырсыну байқалады,жұмысқа қабілеті төмендейді.

Емі. Комбинирленген.Бангистерэктомия операциясы жүргізіледі.

Аналық бездің дәнекер тінді ісіктер
Қатерсіз ісіктер.

Аналық бездің фибромалары сирек кездеседі.Аналық ісіктерінің ішінен 7% құрайды.

Патанатомиясы. Ісік көлемі әртүрлі,пішіні овалды немесе шар тәрізді.Ісік беті тегіс,жылтыр,түсі-ақ,консистенциясы-тығыз.Фиброманың диффузды өсу түрі-айқын капсуласы жоқ және шектелген өсу түрі-өзгермеген аналық бездің ісіктен бөліп тұратын капсуласы бар.

Клиникасы. Фиброма әйел адамда климакс немесе менапауза кезінде кездеседі.Жиі бір аналық без зақымданады.Ісік симптомсыз немесе типтік триадамен өтеді.Ісік баяу өседі.
Емі. Хирургиялық.Ісікпен зақымдалған аналық без алынып тасталады.
Болжам жақсы.Радикалды операциядан кейін асцит және гидроторакс спонтанды қайтады.

Патанатомиясы. Ісік пішіні овальды,төмпешікті немесе бөліктік болады.Консистенциясы жұмсақ,Ми тәріздес.
Клиникасы. Саркоманың клиникалық ағымы аналық бездің рагына ұқсайды.Жиі екі жақты зақымдану және жас әйелдерде кездеседі.Ерте метастаз берумен сипатталады.
Емі. Комбинирленген.Алғашқы этапта –жатыр қосалқыларымен бірге алынады;екінші этапта-сәулелік терапия жүргізіледі.

Жатыр мойнының фондық аурулары деп жатыр мойнының қынаптық бөлігінің бүтіндігі эпителий нормоплазиясы сақтала отырып бұзылысын айтады.

Жатыр мойнының патологиясының жіктелуі:

Фондық аурулары:

А. Посттравматикалық

Шынайы эрозия

Жатыр мойнының жыртылуы

Эктропион

Тыртықтар

Жатыр мойын-қынаптық жыланкөздер

Б. Қабынулық:

Цервициттер

а. Жедел

б. Созылмалы

В. Дисгормоналдық:

Жалған эрозиялар

Полип (атипиясыз)

Папиллома (атипиясыз)

Лейкоплакия

эндометриоз

Рак алды аурулар

А. Дисплазия:

а. жеңіл

б. Орташа

в. Ауыр

Б. Атипия бар кез-келген фондық процесстер

В. Эритроплакия

Рак

А. Преклиникалық форма

Преинвазивті рак (рак in situ, О стадия немесе Т0)

Микроинвазивті рак

а. І а1 – рак клеткаларының базалді қабатқа 3 мм-ге дейін енуі

б. Іа2 - рак клеткаларының базалді қабатқа 7 мм көлемінде 5 мм-ге дейінгі тереңдікке енуі

Б. Клиникалық формалар

Іb или Т1b

II a и ІІb стадиялар

ІІІа и ІІІb стадиялар

IV стадия.

 

Глоссарий

Миома -жатырдың блшықет қабатынан өсіп шығатын қатерсіз ісік.

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1)Жоғарғы және төменгі қабаттың қатерсіз ісіктерін атаңыз?

2) Жоғарғы және төменгі қабаттың қатерлі ісктерін атаңыз?

3)TNM жүйесіне сипаттама жасаңыз?

Қолданатын әдебиет:

Р.С. Бейсембаева, Ә.Т.Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова, «Акушерия» Алматы “Білім”, 2008жӘ.Т.Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова, «Акушерия және гинекология» Алматы “Асем систем”, 2006ж.

www. google. ru

Пән: «Акушерия және гинекологиядағы МІ» медицина колледжі
№ 8 дәріс. Тақырыбы: Гинекологиялық науқастарды жалпы емдеу. 4 -курс 8-семестр
Оқытушы: Сарсенбаева Э.А.  

Сабақтың түрі: жаңа материалды оқыту сабағы

Сабақтың типі: дәріс сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:студенттерге анализ жасауды,қорытынды шығаруды,шешім шығаруды үйрету;

Дамыту: ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: жауапкершілік, сезімді тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: плакаттар, слайд

 

Хронокарта

Сабақ тарауының атауы Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут
Ұйымдастыру сәті (студенттерді тексеру). 5 мин
Тірек білімдерін бақылау Әдістері;сұрақ-жауап, талдау 15 мин
Жаңа материалды баяндау Әдістері; әңгіме, баяндау, өткенмен байланыс. 10 мин
Плакатар мен жаңа материалды бекіту 10 мин
Студенттердің дәрісті жазуы 15 мин
Тарату материалдармен жұмыс жасау 20 мин
Ситуациялық есептер 10 мин
Студенттердің түсініктерін бағалау 5 мин

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру сәті;

Амандасу, студенттерді түгендеу,сабаққа дайындыктарын тексеру,

оқу құралдарының бар жоғын тексеру.

медициналық форманың барын тексеру-халат және колпак;

Журнал толтыру;

Сабақтың тақырыбын және міндетін айту.

 

 

№1 дәріс.

Гинекологиялық ауруларды тексеру. Репродуктивті жүйенің қызметінің бұзылуы. Қабыну аурулары.

1) Кіріспе.

2) Негізгі бөлім.

а) Гинекологиялық науқастарды жалпы тексеру.

б) Гинекологиялық науқастарды арнайы зерттеу.

Орытынды.

 

 

Гинекологиялық аурулармен сырқаттанатын науқастарды тексеру әдістері:

Науқасты объективті зерттеу – организмнің тұтастай жағдайын жалпы зерттеу және арнайы зерттеуден тұрады.

Жалпы зерттеу – дене бітімінің типін анықтаудан басталады, себебі ол организмнің нервтік, эндокриндік және басқа да жүйелерінің қызметімен тығыз байланысты, қалыпты дене бітімінің келесі типтерін ажырату керек:

5) Инфантильді

6) Гиперстеникалық

7) Интерсексуалды

8) Астениалық

Арнайы зерттеу – сыртқы жыныс мүшелерін қараудан басталады. Қараған кезде қасаға аймағындағы түктену айқындалады, патологиялық өзгерістеріне, аралықтың пішініне және биіктігіне, оның жырытылуына, жыныс өзегінің жағдайына, қынаптың қабырғасының түсуіне, жыныс саңылауын ашқан кезде вульваның кілегей қабатының түріне, уретраның сыртқы саңылауының жағдайына, парауретральды жолдарға, қынап кіреберісінің үлкен бездеріне, шығару өзектеріне, қынаптың бөлінісіне көңіл аудару керек.

Қынап арқылы зерттеу – қынапқа екі және үш саусақты енгізу арқылы жүргізіледі. Бұл кезде қынапқа кіру енін, аралықтың, жамбастың бұлшықеттерінің жағдайын, қынаптың ұзындығын, күмбездерінің тереңдігін, жатыр мойнының қынаптық, жатыр денесінің және қосалқыларының жағдайын анықтау мүмкін болады.

Ректальды зерттеу – екі саусақпен жүргізіледі. Ол жатыр мойнының паравагинальды және параректальды клетчатканың жағдайын анықтауға, тік ішектегі өзгерісті анықтауға көмектеседі.

Жатырды зондтау – жатырлық зонд арқылы жүргізіледі. Ол ұзындығы 20-25 см, ұшы дөңгелектеніп қалыңдаған стерженнен тұрады. Зондтау арқылы жатыр қуысындағы деформацияны, даму ақауларын, жатыр қуысының ұзындығын анықтауға болады.

Артқы күмбез арқылы іш қуысын пункциялау – 12 см қалың инемен жүргізіледі. Бқл зерттеуді жатырдан тыс жүктілік немесе жатыр қосалқыларының қабыну арасында екшеу диагностикасы мақсатында жүргізеді.

Хромдиагностика – айқындалған биопсияны орындау үшін қажет. Айналар көмегімен жатыр мойнын ашады және кілегейден тазартады, сосын Люголь ерітіндісімен ылғалданған тампонды жатыр мойнына енгізеді, бір минуттан кейін тампонды алып тастайды және тканьдердің боялуын бағалайды.

Аспирациялық биопсия – Браун шприцінің көмегімен жасалады, оның ұшына арнайы қасық енгізеді, оны жатыр мойны каналын кеңейтпей, жатыр қуысына енгізеді, аспирация жолымен жатырдың түбі, бұрыштары және басқа бөлімдеріне тез бөлінетін энжометриді алады, оны заттық шыныға салып басқа шынылық жеңіл қимылымен жағынды жасайды, сосын бояйды және микроскоппен зерттейді.

Пневмоперитонеография – жатыр және аналық безінің шектерін анықтауға көмектеседі. Бұл зерттеу әдісі ішперде астылық миоматозды түйін, аналық безінің ісіп және склеронистозды өзгерістердің диагностикасында қолданылады.

Кольпография – қынаптың көлемі, пішінің, сыйымдылығы, даму ақаулары немесе атрезиясын анықтауға мүмкіндік береді.

Эндоскопиялық зерттеу әдістері:

Кольпоскопия – жарықтандырғыш прибормен жабдықталған бинокулярлы және монокулярлы лупа көмегімен қынапты және жатыр мойнының қынаптың бөлігін қарау, ол зерттейтін аймақты 30 есе үлкейтіп көруге мүмкіндік береді.

Цервикоскопия – цервикоскоп көмегімен жатыр мойны каналының кілегей қарау әдісі. Ол эндоцервикстің рак алды өзгерістерін анықтауға және прицельді биопсия жүргізуге көмектеседі.

Медико – генетикалық зерттеу әдістері: Гонодалардың анатомиялық және функционалды деректісін анықтауға және адам организімінің жыныстық дамуы және эстрогенитальды бұзылыстарын жіктеуге анықтауға көмектеседі. Осы мақсатта келесілер жүргізіледі:

5) Клинико- цитогенетикалық зерттеу әдістері яғни жыныстық хроматинді анықтау, хромосомдық.

6) Анализ жүргізу, кариотип анықтау.

7) Генеологиялық зерттеу яғни зерттелетін жанұяның болашақ балаларында белгілі бір тұқым қуалайтын белгінің пайда болу мүмкіндігін зерттейді.

8) Биохимиялық зерттеу, ол зат алмасудың тұқым қуалаушылық бұзылыстарында белгілі бір ферменттің жетіспеушілігін анықтауға немесе экзимотозды белокты анықтауға мүмкіндік береді.

 

Пән: «Акушерия және гинекологиядағы МІ» медицина колледжі
№ 9 дәріс. Тақырыбы: Гинекологиядағы «іштеспе». 4 -курс 8-семестр
Оқытушы: Сарсенбаева Э.А.  

Сабақтың түрі: жаңа материалды оқыту сабағы

Сабақтың типі: дәріс сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:студенттерге анализ жасауды,қорытынды шығаруды,шешім шығаруды үйрету;






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных