Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кеш гестоздар. Клиникасы, емдеу жодары 6 страница




Дамыту: ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: жауапкершілік, сезімді тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: плакаттар, муляж.

 

Хронокарта

Сабақ тарауының атауы Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут
Ұйымдастыру сәті (студенттерді тексеру). 5 мин
Тірек білімдерін бақылау Әдістері;сұрақ-жауап, талдау 15 мин
Жаңа материалды баяндау Әдістері; әңгіме, баяндау, өткенмен байланыс. 10 мин
Плакатар мен жаңа материалды бекіту 10 мин
Студенттердің дәрісті жазуы 15 мин
Тарату материалдармен жұмыс жасау 20 мин
Ситуациялық есептер 10 мин
Студенттердің түсініктерін бағалау 5 мин

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру сәті ;

Амандасу, студенттерді түгендеу,сабаққа дайындыктарын тексеру,

оқу құралдарының бар жоғын тексеру.

медициналық форманың барын тексеру-халат және колпак;

Журнал толтыру;

Сабақтың тақырыбын және міндетін айту.

№ 9 дәріс

Гинекологиялық «іштеспе»

1. Кіріспе 2.Негізгі бөлім

А) Гинекологиядағы жедел жағдайлар

Б) Гинекологиялық «іштеспе»

Гинекологиядағы жедел жағдайлар

Гинекологиялық науқастарда іш қуысының жедел аурулары кенеттен асталады. Іш қуысының жедел ауруларының дұрыс және өз уақытында диагностикалау-әйелдердің тек денсаулығын ғана емес сондай-ақ өмірін де сақтап қалуда маңызы зор. Гинекологиядағы жедел жағдайлар- шұғыл көмек көрсетуді қажет етеді.

Гинекологиядағы жедел жағдайлар патогенезіне байланысты келесі негізгі топтарға бөлінеді:

1.Ішкі жыныс мүшелерінен жедел қан кету.

2.Ішкі жыныс мүшелерінің қан айналымының кенеттен бұзылуы.

3.Пиосальпинкстің (түтіктің іріңдеуі) немесе перитониттің дамуына себеп болатын пиовардың(аналық бездерінің абцесі) жарылуы.

- Ішкі жыныс мүшелерінен жедел қан кету көбінесе түтіктік жүктілік бұзылысы кезінде, сирек жағдайда аналық безден қан кеткенде болады.

- Ішкі жыныс мүшелерінің кенеттен қан айналысының бұзылысы аналыық бездің ісік аяқшаларының айналамының немесе миоматозды түйіннің қоректенуінің бұзылуына байланысты.

- Жатыр қосалқыларының іріңді перфорациясы пиогенді капсулаға іріңдіктің протиолитикалық әсер етуінен болады.

Жатырдан тыс жүктілік

Ұрықтанған жұмыртқа жатыр қуысынан тыс дерде имплантацияланып дамитын жүктілікті – жатырдың тыс немесе эктопиялық жүктілік деп атайды.

Жіктелуі:

Ұрықтанған жұмыртқаның жабысу орнына байланысты:

-Түтіктік;

-Аналық бездік;

-Іш қуыстық.

Сирек жағдайда жатырдан тыс жүктілік жатырдың рудиментарлы мүйізінде орын алады.

Патологиялық жиі формасы бұл түтіктік жүктілік (98-99%). Өз кезегінде түтіктік жүктілік ұрықтың ену орнына байланысты: ампулярлы, истмикалық және истерстициалды бөліктерінің жүктілігі депбөлінеді.Түтікшелік жүктілік көбңне сол жақ түтікшеге қарағанда оң жақ түтікте жиі дамиды.

Этиологиясы және патогенезі. Қалыпты жағдайда аналық жасушаның ұрықтануы түтікшенің ампулярлы бөлігінде жүреді, содан соң ұрықтанған аналық жасуша түтік арқылы жатырға қарай жылжиды. Жатыр түтіктерінің тасымал қызметі көптеген факторларға тәуеді: аналық бедің гормонды қызметіне және оның экзогенді гормон бөлінісіне, түтік қабырғасының барлық қабатының толық болуына, қанмен қамтамасыз етілуі және ішкі жыныс мүшелерінің иннервациясы. Осы аталған факторлардың бұзылыстары – ұрықтанған аналық жыныс жасушасының қалыпты механизммен тасмалдануына кедергі жасап, жатырдан тыс жүктілікке әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлар әртүрлі болады:

-жыныс мүшелерінің қабыну аурулары;

-жатыр түтігінде жасалған пластикалық операциядан кейін;

-жатыр мен жатырқосалқыларының ісіктері;

-эндометриоз;

-жыныс инфантилизмі;

-жыныс мүшелерінің даму ақаулары мен дұрыс емес орналасы;

-ұрық жұмыртқасының миграциясының бұзылыстары;

-трофобластың протеолитикалық белсенділігінің жоғарлауы;

-эндокринді аурулар.

Клиникасы. Әдетте жатырлық жүктілік кезінде ұрықтанған жұмыртқа жасушасы трофобластардың көмегімен дицидуальды қабатты ерітіп оған енеді. Түтіктің кілегей қабаты децидуальды өзгеріске ұшырамайды, сондықтан трофобластардың бүрлері кңлегей қабатты бүзып, бұлшықетті қабатқа еніп, онын бүтіндігін бұзады. Түтіктік жүктілік 5-6 апталық мерзімге дейін өседі, қте сирек одан да үлкен жүктіліктің мерзіміне дейін жетуі мүмкін.

Түтіктік жүктілікті прогрессирлеуші және үзілген деп бөледі.

Үзілген түтіктік жүктілік – аборт немесе түтіктің жарылуы болып екіге бөлінеді.

Прогрессирлеуші жатырдан тыс жүктілік. Жатырдан тыс жүктілік кезінде қалыпты жатырлық жүктілікте сияқты әйел организмі өзгерістерге ұшырайды: етеккірдің тоқтауы, сүт бездерінің дөрекіленуі, уыздың пайда болады, жүрек айну, тәбеттің бұрмалануы кездеседі. Қынаптың және жатыр мойнының кілегей қабатының цианозы анықталады. Жатыр үлкееді және жұмсарады. Жатырдың кілегей қабаты децидуальді қабатқа айналады. Аналық бездерде жүктіліктің сары денесі түзіледі. Жүктіліктің имуннологиялык реакциясы оң болады.Түтіктік жүктілікте ерте кезінде диагноз қою қиын. Бірақ, жатырдан тыс жүктілікке тән белгілер бар: жатырлық жүктілік кезінде жатыр көлемі үлкееді және жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сәйкес келеді.

Жатыр түтігінің жарылуы. Ұрық жатыр түтікшесіне еніп, өскенде, белгілі бір мезетте оның жарылуы болады, содан сон іш қуысына массивті қан кетіп, шоққа алып келеді. Бұл кезде жедел клиникалық көрінісін болады: науқаста физикалық күш түскенде немесе дефекация акті кезінде кенеттен іштің төменгі жағының жедел ұстама ауырсынуы, ауру сезімінің тік ішекке берілуі болады. Салқын тер, бозару, аз уақыт естен тану, АҚ төмендеуі байқалады. Пульс әлсіз, жиі болады. Іштің бүйір жағын перкуссиялағанда дыбыстың тұйықталуы анықталады. Іштің бұлшық ет ерінің керілуі және іштің төменгі жағының ауырсынуы болады. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының қозғалуы бірден ауырсынады, жатыр мойнынан қою қанды бөліністер бөлінеді. Науқастың жағдайы белгілі бір уақытта стабилизерленуі тіпті жақсаруы да мүмкін. Бірақ іш астарлық қан кетудің жоғарылауымен коллапс және шок дамуы мүмкін. Науқас күйінің ауырлығы қан жоғалту көлеміне және оған бейімделуіне байланысты болады. Клиникалық лабораторияда зертеулер нәтижелері науқастың жалпы жағдайымен сәйкес келуі мүмкін, гемоглабмннің құрамы төмендеген және эритроциттердің саны азайғанмен науқас өзге қанағаттанарлық серігуі мүмкін.

Түтіктік аборт.

Түтіктік аборттың клиникасы жалпы жүктіліктің субьективті және обьективті белгілерімен қосарлана жүреді. Әдетте етеккірдің аз кешігуінен іштің төменгі жағының толғақ тәрізді, қайталамалы, ұстамалы ауырсынулар, жиірек бір жақты, белгілі бір уақыт аралығында жыныс мүшелерңнен қою қанды бөліністер болады. Түтіктік аборт әдетте ұзақ өтеді, көп жағдайда жедел клиникалық көрініссіз. Түтіктік аборттың кеш клиникалық көрінісі іш қуысына екіншілік қан кетумен, жатыр-тік ішек қуысында гемотома түзілуімен, анемия және іш астардың тітіркенуімен сипатталады.

Емі: диагностикаланған жатырдан тыс жүктілікке жедел жасалатын оперативті ем жүргізеді. Әдетте жатыр түтігінің патологиялық өзгеріске алып тастайды. Пластикалық операция жасалады. Пластикалық операция дәрігердің хирургиялық техникасының жоғарғы дәрежелігін талап етеді.

Үзілген жатырдан тыс жүктілікке диагноз қойып болғаннан соң, 30-40 минуттың ішінде операция жасау керек. Осы уақыттан бастап, қан құю немесе қан алмастырғыш заттар құю керек. Қанның жедел құйылуы науқаста қан жоғалтудан дамитын гиповалемиалық шокқа қарсы жүргізіледі.

Науқастың күцінің ауырлығына байланысты операцияға дейін қан алмастырғыш заттарды вена ішілік енгізе бастайды. Іш қуысты ашқан соң қанның 1-ші мөлшерін содан соң қан кетуін анықтап, оны тоқтатып қалған қан мөлшерін (порция) содан соң қан кетуін анықтап, оны тоқтатып қалған қан мөлшерін майдаланған қуыс қанын қолданғанда физиологиялық ерітіндіден басқа бір мезгілде 2500 ЕД геарин енгізеді. Ол қан ұюының қалыптасуын және коагуляция қасиетінің төмендеуіне негізделген.

Аналық бездің апаплексиясы

Бұл патология аналық бездің бүтіндігінің бұзылуы салдарынан кенеттен іш қуысына қан кетумен сипатталады. Іш қуысына қан кету себептерінің 0,5-2,5% аналық без апаплексиясынан болды. Ауру көбінесе 20-36 жас аралығында кездеседі. Бұл сары дененің гемотомасының жарылуы немесе фоликуланың жарылуына байланысты.

Этиологиясы және патогенезі. Аналық бездегі гематома аналық бездің тіндері мен тамырларындағы өзгеріс салдарынан болуы мүмкін. Ол гиперемияға, варикозды кеңеюі, тамырлардың склероздануы, қабыну процестері, аналық бездегі майда кистозды өзгерістерге алып келеді. Аналық безінің апаплексиясының себебі әлі толығымен анықталмаған.

Аналық бездің апаплексиясы келесі жағдайлардан кейін жиі пайда болады:

-жарақаттар;

-физиклық күш тісу;

-жыныстық қатынас кезінде және басқа факторлар себеп болды.

Клиникасы. Аурудың клиникалық көрінісі кешке қан кетумен сипатталады. Егер қан кету фолликула жарылуымен байланысты болса аурудың симптомдары етеккір циклінің 12-ші және 16-шы күнінде туындайды.

Ауру кенеттен басталады. Іштің кенеттен ауырсынуы немесе бір жақ мықын аймағының ауырсынуы, иррадиациясы аяққа немесе тік ішекке берілуі мүмкін.

Диагноз толығымен толығымен операция кезінде қойылады. Әдетте аналық бездік қан кетуде етеккірді тоқтатуға болмайды. Жүрек айну, құсу, сүт бездерінің дөрекіленуі, уыз бөлінуі сияқты жүктілік белгілері болмайды.

Емі. Қанда аз мөлшерде жоғалтқанда және науқастың күйі қанағаттанарлықтай болғанда консеративті ем жүргізеді. Науқасқа күтім стационарда жасалады. Айтарлықтай қан кеткенде ішті ашу, реакция немесе аналық безді тігуге жүгінеді.

Аналық без ісігінің аяқшасының оралуы.

“Аналық без ісігінің” аяқшасының түсінігіне аналық безге жататын: аналық без шаңырқайы, аналық бездің өзіндік байламы, аналық без ілініп түратын байламдарының анатомиялық түзілімі кіреді. Мұның барлығы аналық ісігінің анатомиялық аяқшаларын құрайды. Аналық без ісігінің аяқшаларынан қан тамырлары, лимфа және нерв тамырлары өтеді.

Этиологиясы және патогенезі. Аналық без ісігінің аякшаларының оралуының себебі көбінесе анық емес. Көп босанған, іш қабырғасы аса керілген әйелдерде аяқшалардың оралып қалуы жиі кездеседі. Кейде ісік аяқшаларың оратылуы тұлғаның айналуының қозғалысы бірден тоқтағанда, физикалық күш түскенде болуы мүмкін.

Клиникасы: аяқшалардың оратылуы ол ең алдымен ісіктің қорегін бұзады. Осының салдарынан оралуға сипатты симптомдар пайда болады. Оратылуы тез және жәй жүруі мүмкін. Ол толық және бөліктік те болады. Осыған байланысты клиникалық көрінісі әр түрлі болады. Егер оратылу жай басталса, онда қан ағысы бүзылады. Ісіктевеналық іркілу болып, көлемі ұлғаяды, қан құйылуы тіпті іш қуысына ісік капсуласының жарылуынан қан кету мүмкін. Ісіктің түсі бастапқыда қою емен түсті, кейін қоңыр түсті болады.

Емі: оперативті ем. Ішті ашқан соң оратылған аяқшаларды айландырмай тұрып, эмболиядан болдырмау үшін қысқыштар қойылады.

Ісікті алып болған соң, оны тез тіліп қарау керек. Ішкі бетінің тегістігі қатерсіз түзіліс екенін білдіреді. Әртүрлі тығыздалу, жіңішке емізікше, милы құрамды болса, жылдам гистологиялық зерттеулер жүргізу ұсынылады.

 

 

 

 




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных