Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Л. Эйлер және оның Россиядағы математиканың дамуына қосқан үлесі




Он алты жасында магистр (ғылым кандидаты), жиырма алты жасында академик болған, теңізді көрмей тұрып, кеме жүргізу туралы кітап жазған, артына 886 еңбек қалдырған, он рет Париж академиясының сыйлығын алған, Леонард Эйлердің кейбір замандастары, екі аяқты бір басты адам емес, “шайтан” дейтін болған. Эйлер саны, функциясы, Эйлер интегралдары ауыстырмалы, Эйлер теңдеуі, бұрыштары, Эйлер шеңбері, теоремасы. “Барлық замандардың және барлық халықтардың ұлы математигі” деп аталған ғалым Леонард Эйлер 1707 жылы, жаңа стиль бойынша 15 апрельде Швейцарияның Базель қаласында туған. Әкесі Пауль Эйлер Базель университетін бітірген. Леонард екі – үш жыл Базельде нағашы әжесінің үйінде тұрып мұғалімдер жалдап білім алған. 1720 жылы күзде он үш жасар Леонард әкесінің ақылымен Базель университетінің дін факультетіне оқуға түсті. Дін оны қызықтырмайды, аңсары математикаға ауады да тұрады Ол өз факультеті бойынша міндетті сабақтарға барып жүрді де бос уақытында Иоганн Бернуллидің басқа факультеттердегі лекцияларын тыңдайды. Леонардтың үлкен дарын екенін тез аңғарған оған Евклид, Архимед, Лейбниц, Ньютон т.б. ғалымдардың математикалық шығармаларын оқып игеру жөнінде нұсқау береді. Леонард дін бойынша білім алуды қойып, математикаға мамандануға әкесінен ұлықсат алады да И.Бернуллиден қосымша сабақ беруін өтінеді.1723 жылы сентябрьде Леонард университетті үздік бітіріп шығады. Декарт пен Ньютонның философияларының айырмашылығы жөнінде диссертация қорғап, философия мен өнер магистрі дәрежесі атағы беріледі. 1724 жылы 8 июньде магистрлік диплом алады. 1724 жылы 28 январьда Россия сенатының Петербург ғылым академиясын ашу туралы қаулысы шыққан соң,оған шет елден физика, математика ғылымдарының мамандары шақырылады. 1726 жылы И.Бернуллидің мінездемесімен Петербург Россия академиясына физиология кафедрасына адьютант болып жұмысқа орналасады. Осыдан кейін Эйлер өзінің туған жері Швейцарияға барған емес. 1730 жылы физика кафедрасының профессоры, 1733 жылы математика ғылымы бойынша академик болып бекітіледі. Эйлер Петербургта бақытты семья құрып, Россия екінші отаны болып кетеді. Л.Эйлер Петербург университетінде математикадан, физикадан, астраномиядан, механикадан, физиологиядан сабақ береді. «Механика немесе аналитикалық жолмен баяндалған қозғалыс туралы ғылым» атты 1736 жылы жазған шығармасы екі том болып шықты. Эйлердің мақалалары көбінесе «Петербург академиясының комментарийлары» деген журналда басылып тұрды. Шетелдіктердің математиктері Россия академиясымен санаса бастады. XVIII–ғасырдың 40-жылдарында академияның жұмысы нашарлай бастады. Ғылымдардың тиісті жалақысы уақытында төленбеді. Соңдықтан 1741 жылы 5 июнде король – II-Фридрихтің шақыруын қабыл алып, Берлин академиясына кетеді. Кетерде Эйлер Россияның құрметті академигі болып жарияланды. Оған бұрын сіңірген еңбегі үшін, өмір бойы 200 сом жіберілетін болды.

Эйлер Берлинде тұрған жылдарында да Россиядан қол үзген жоқ. Шығармаларын Петербургқа жіберіп тұрды. 1741-1766 жылы оның 127 еңбегі Берлинде, 109 еңбегі Петербургта басылды. Қейін Ломоносов пен Эйлер дос болып кетті. Берлин академиясының президенті Леонард Эйлер болды.

Ол бірталай ірі шығармалар жазды. Олардың ең бастылары «Шексіз аздар анализіне кіріспе» /2-том/, «Шексіз аздар анализі» /4-том/.1748 жылы оның екі томды «Шексіз аздар анализіне кіріспе» деген кітабы Лозаннада басылып шықты. Онда шексіз қатарлар, - қатарлары құрылған және мынадай қатыс орын алған.Кеңістіктер мен қисықтарды, олардың теңдеуіне қарай оңай зерттелгені соншалық, «Шексіз аздар анализіне кіріспені» біз аналитикалық геометрияның алғашқы оқулығы ретінде қарастыруымызға болады.

Эйлердің өте бай шығармаларының бірі «Дифференциалдық есептеу» (1755) деп аталатын кітабы. Одан кейін 3-томдық «Интегралдық есептеу» деген кітабы 1768-1770 жылы Петербургте басылып шықты.Бұдан біз тек қана қарапайым дифференциалдық және интегралдық есептеулерге ғана емес, дифференциалдық теңдеулер теориясы, Тейлор теоремасы, Эйлердің қосындылау формуласы, Эйлер интегралдарымен кездесеміз. Эйлердің «Механика немесе аналитикалық жолмен баяндалған қозғалыс туралы ғылымы» (1736) деген кітабында материалдық нүктесінің ньютондық динамикасы аналитикалық түрде анықталған алғашқы кітаптардың бірі болып табылады. Бұдан кейін «Қатты денелердің қозғалыс теориясы» (1765) деген, қатты дененің механикасы жазылған еңбегі шықты. Бұл трактатта нүктені айнала қозғалған дененің теңдеулері жазылған кітабы шықты. 1744 жылы «Максимум және минимум қасиеттері болатын қисық сызықтарды табу» еңбегі жарыққа шықты.Эйлер еңбектерінің қейбіреулері астрономия бағытында болды. Ол әсіресе үш дене есебінде, негізгі бөлім болып табылады. Ол «Айдың қозғалыс теориясына» көп көңіл бөлді. Оның «Планеталар мен кометалардың қозғалыс теориясы» (1774) деген еңбегі аспан жөнінде трактат болып табылады. Эйлердің гидравлика, кеме жасау және артиллерия туралы жазған кітабы бар. Оның музыка мен философиядан жақсы хабары болған.Интегралдық есептеменің осы күнгі окулықтарда негізінен алғанда Эйлер ізімен жазылып келеді. Эйлер өз қадірін білетін, ғылымға шаң жуытпайтын, ешкімге жалпақтамайтын. «Корольсіз да өмір сүре аламын» - дейтін. Ол – Россия академиясының құрметті мүшесі, Берлин академиясының президенті. Ол 1749 жылы Лондонның корольдық қоғамының, 1755 жылы Париж академиясының мүшесі болып сайланды. Басқа ұсақ академиялар да оны құрметтеген.Англиядан 300 фунт стерлинг, Франциядан 6000 ливр, Россиядан 2000 сом сыйлықтар, Швейцариядан, Италиядан, үлкен алтын медальдар алған.Эйлер ғылымның үлкен еңбеккері болатын. Ол бір күнін бос өткізбейтін. Қара басына елеулі күтім де тілемейтін. Шаршағанда скрипка тартатын. Тынымсыз еңбек ғалымның денсаулығын бұзбай қоймады. Ол 1767 жылы екінші көзінен айрылып, мүлде соқыр болып қалды. Кітаптарын өзі ауызша айта отырып, хатшыларына жаздыратын болды. Соңғы мүлде соқыр болып қалған 16 жылында Эйлер Петербургта ғана 120 еңбек жариялады. Олардың ішінде «Жалпы арифметика» (2том), «Диоптрика» (3том), «Ай қозғалысының жаңа теориясы», француз тілінен варианты т.б. бар Берлинде жазылған «Интегралдық есептеу» (3том) де осы кезде басылды. 1744 жылы 23 майда Петербургте үлкен өрт шығып, Эйлердің үйі мен кітапханасы да күйіп кетті. Граф Орлов пен оның көмекшілері соқыр ғалымды түнде аман сақтап қалды. Россия үкіметі 6000 сом қаражат беріп, жаңа үй салып береді.1771 жылы 15 сентябрьде көз дәрігері Венцель операция жасап, Эйлердің көзін көретін етті. Бірақ күтінбей, көп оқып, жаза бергендіктен, бір айдан кейін тағы көрмейтін болды. 1783 жылы Эйлер 7 қыркүйекте түскі шай ішіп, 1 сағат дем алған, содан кейін бір немересін алдына алып, ойланып отырған. Солай отырғанда ол «Өліп барам, өліп барам», - деген. Сөйткенде кенет өліп кеткен. Сүйегі үш күннен кейін Петербург іргесіндегі Смоленск бейітінде зор құрметпен жерленген. 1837 жылы зираты жөнделіп, басына үлкен ескерткіш тас орнатылған. Ескерткіш тас осы күнге дейін сақталған. Петербург ғылым академиясы 1783 жылы 2 қыркүйекте Леонард Эйлердің қайтыс болуына байланысты қаралы жиналыс өткізген. Академия Эйлердің жарияланбаған еңбектерін бастыру туралы қаулы қабылдаған. Эйлердің шәкірттерінен 8 адам академик болды. Олар С.К. Кательников, С.Я. Румовский, Иоганн-Альберт Эйлер, В.Л. Крафт, А.И. Леккель, П.Б. Инахоцев, М.Е. Половин және Н.И. Фусс. Біздің елімізде Эйлердің есімі құрметпен аталады.

57.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных