ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ол бірталай ірі шығармалар жазды. Олардың ең бастылары «Шексіз аздар анализіне кіріспе» /2-том/, «Шексіз аздар анализі» /4-том/.Жылы оның екі томды «Шексіз аздар анализіне кіріспе» деген кітабы Лозаннада басылып шықты. Онда шексіз қатарлар, - қатарлары құрылған және мынадай қатыс орын алған. Кеңістіктер мен қисықтарды, олардың теңдеуіне қарай оңай зерттелгені соншалық, «Шексіз аздар анализіне кіріспені» біз аналитикалық геометрияның алғашқы оқулығы ретінде қарастыруымызға болады. Эйлердің өте бай шығармаларының бірі «Дифференциалдық есептеу» (1755) деп аталатын кітабы. Одан кейін 3-томдық «Интегралдық есептеу» деген кітабы 1768-1770 жылы Петербургте басылып шықты. Бұдан біз тек қана қарапайым дифференциалдық және интегралдық есептеулерге ғана емес, дифференциалдық теңдеулер теориясы, Тейлор теоремасы, Эйлердің қосындылау формуласы, Эйлер интегралдарымен кездесеміз. Эйлердің «Механика немесе аналитикалық жолмен баяндалған қозғалыс туралы ғылымы» (1736) деген кітабында материалдық нүктесінің ньютондық динамикасы аналитикалық түрде анықталған алғашқы кітаптардың бірі болып табылады. Бұдан кейін «Қатты денелердің қозғалыс теориясы» (1765) деген, қатты дененің механикасы жазылған еңбегі шықты. Бұл трактатта нүктені айнала қозғалған дененің теңдеулері жазылған кітабы шықты. 1744 жылы «Максимум және минимум қасиеттері болатын қисық сызықтарды табу» еңбегі жарыққа шықты. Эйлер еңбектерінің қейбіреулері астрономия бағытында болды. Ол әсіресе үш дене есебінде, негізгі бөлім болып табылады. Ол «Айдың қозғалыс теориясына» көп көңіл бөлді. Оның «Планеталар мен кометалардың қозғалыс теориясы» (1774) деген еңбегі аспан жөнінде трактат болып табылады. Эйлердің гидравлика, кеме жасау және артиллерия туралы жазған кітабы бар. Оның музыка мен философиядан жақсы хабары болған. Интегралдық есептеменің осы күнгі окулықтарда негізінен алғанда Эйлер ізімен жазылып келеді. Эйлер өз қадірін білетін, ғылымға шаң жуытпайтын, ешкімге жалпақтамайтын. «Корольсіз да өмір сүре аламын» - дейтін. Ол – Россия академиясының құрметті мүшесі, Берлин академиясының президенті. Ол 1749 жылы Лондонның корольдық қоғамының, 1755 жылы Париж академиясының мүшесі болып сайланды. Басқа ұсақ академиялар да оны құрметтеген. Англиядан 300 фунт стерлинг, Франциядан 6000 ливр, Россиядан 2000 сом сыйлықтар, Швейцариядан, Италиядан, үлкен алтын медальдар алған. Эйлер ғылымның үлкен еңбеккері болатын. Ол бір күнін бос өткізбейтін. Қара басына елеулі күтім де тілемейтін. Шаршағанда скрипка тартатын. Тынымсыз еңбек ғалымның денсаулығын бұзбай қоймады. Ол 1767 жылы екінші көзінен айрылып, мүлде соқыр болып қалды. Кітаптарын өзі ауызша айта отырып, хатшыларына жаздыратын болды. Соңғы мүлде соқыр болып қалған 16 жылында Эйлер Петербургта ғана 120 еңбек жариялады. Олардың ішінде «Жалпы арифметика» (2том), «Диоптрика» (3том), «Ай қозғалысының жаңа теориясы», француз тілінен варианты т.б. бар Берлинде жазылған «Интегралдық есептеу» (3том) де осы кезде басылды. 1744 жылы 23 майда Петербургте үлкен өрт шығып, Эйлердің үйі мен кітапханасы да күйіп кетті. Граф Орлов пен оның көмекшілері соқыр ғалымды түнде аман сақтап қалды. Россия үкіметі 6000 сом қаражат беріп, жаңа үй салып береді. 1771 жылы 15 сентябрьде көз дәрігері Венцель операция жасап, Эйлердің көзін көретін етті. Бірақ күтінбей, көп оқып, жаза бергендіктен, бір айдан кейін тағы көрмейтін болды. 1783 жылы Эйлер 7 қыркүйекте түскі шай ішіп, 1 сағат дем алған, содан кейін бір немересін алдына алып, ойланып отырған. Солай отырғанда ол «Өліп барам, өліп барам», - деген. Сөйткенде кенет өліп кеткен. Сүйегі үш күннен кейін Петербург іргесіндегі Смоленск бейітінде зор құрметпен жерленген. 1837 жылы зираты жөнделіп, басына үлкен ескерткіш тас орнатылған. Ескерткіш тас осы күнге дейін сақталған. Петербург ғылым академиясы 1783 жылы 2 қыркүйекте Леонард Эйлердің қайтыс болуына байланысты қаралы жиналыс өткізген. Академия Эйлердің жарияланбаған еңбектерін бастыру туралы қаулы қабылдаған Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|