ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ЫБЫРАЙ – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ САҢЛАҒЫП. Сүйінкина
Халық жадында бірге сақталып, бірдей бағаланатын тұлғалар болады. Мысалы: Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би. Бірі аталса, өзгелері де ауызға еріксіз ілігеді.халқымыз ешқайсысын да аласартпай, тең дәрежеде дәріптеп келеді. Осылайша бірге аталып, бірдей ардақталатын асылдарымыз қатарында Абай, Ыбырай, Шоқан бар. Иә, тарих зердесінде шынайы үйлесім тауып, бірін-бірінен айырғысыз үш арыстың екеуі: Абай, Шоқан мыңжылдық саңлақтары атанды. Қазақ елі үшін перзенттеріне ақ-адалдығын айғақтап, терең сүйіспеншілігін сездірді! Қазақ жері қашанда дарабоз дарындарға, тамаша таланттарға кенде болмаған. Ұсынылған 49 адамнан нағыз лайықтыларын дөп басып іріктеп алу жеңіл болмағанын түсінеміз. Саңлақтар қатарына ілікпесе де, Ыбырай атамыз қазақ тарихындағы өз орнында. Бірақ... Ардақтыларымызды бәйгеге қосып, сарапқа саларда мына өлшемдер басшылыққа алынған болар деп жорамалдаймыз: -Елі үшін атқарған қызметі, оның мән-маңызы, ауқымы; -Мұрасының құндылығы, өміршеңдігі; -Халық зердесіндегі орны, кейінгі ұрпақтардан алған бағасы, мұрасының зерттелу, танылу дәрежесі; -Әлемдік өредегі орны... Қалай таразыласақ та Ы.Алтынсариннің даралығы анық, жұлдызы жарық екендігі әмбеге аян. Бірліктің, өркениеттің алтын діңгегі – Білім әлеміне қазақ сахарасында тыңнан жол салып, ұстаздардың Ұстазы атанды. Ыбырай бабамызды бүгінде еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін біледі. Оның шамшырақ боп жазылған нұрлы, сәулелі оттары – білім ордалары бүгін де молайып, біршамасы ұлы ағартушы есімін иеленді. «Кел, балалар, оқылықты» жаттап өскен әрбір қазақстандық азамат тамаша педагог есімін әр кез қастерлеп, асыл мұрасынан рухани нәр ала бермек. Оның мұрасы кәусар бұлаққа ұқсап, нәр алған сайын ынтықтырып, баурай түседі. Сол себепті Ыбырайды білгісі, танытқысы келетіндер қай кезде де болған, бола бермек. Ыбырай бабамызды пір тұтушылар қатарында қостанайлық Ыбырай-танушы, ұлағатты ұстаз Беген Көпешевті де атар ек. Бекеңнің облыс орталығындағы Алтынсарин мемориалдық мұражайында, одан тысқары жерлерде: мектеп, колледждерде өткізілген кездесулері – ұлы ағартушы туралы тағылымы мол ерекше сабақтар екені даусыз. Өзіміз еңбек ететін білім ордасында дәстүрлі Алтынсарин күндері, семинар, конференциялар өткізіліп тұрады. Осы жолдардың авторы жазған мақалалар да «Қостанай таңы» газеті мен «Қазақстан мектебі» журналында бірнеше мәрте жарияланды. Колледж мұғалімі Қ.Омаровтың Ұлы Ұстазға арнаған ән-күйлері дүниеге келді Ы. Алтынсаринды патша өкіметінің, Ресей империясының отарлау саясатын жүргізуші және миссионерлер тобының адамы етіп көрсету әрекеті әдеқашан әшкере болған. Үстіміздегі жылы ЫАлтынсаринның туғанына 160 жыл толады. Ыбырай тойы халық тойы болатынына сеніміміз мол. Енді саңлақтарға орнатылар ескерткіште Ыбырай бейнесі орын алса игі дейміз. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|