ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННЫҢ ДІНИ КӨЗҚАРАСЫМамырова Д. Қазақ халқының ұлы зиялыларының бірі, алғашқы қазақ мектебін ұйым- дастырушы, сонымен бірге мектептерге арнап оқу құралдары мен әдістемелік құралдар жазып қалдырған аса дарынды ағартушы Ыбырай Алтынсаринның діни көзқарастарына үңілер болсақ, Ислам дінінің қайшылықтарын әшкерелеу, оның қателіктерін көрсету сияқты мұсылманшылықты айыптайтын әрекетке бармағанын байқауға болады. Ол бүкіл әлемді, табиғатты Жаратушының болғанына шек келтірмейді. Бірақ, ол ислам дінін уағыздаушы, насихаттаушы, таратушы адамдар арасындағы дүмше молдаларға, дүмбілез, сауаты жоқ солақай діндарларға ашық қарсы шығады. Иә, Ыбырай заманында мұндайлар өте көп еді. Әсіресе, білімі кем, берекесіз дүмше молдалар Қазаннан, Уфадан келіп, қазақ жерінде қаптап кетті. Олар қазақтардың араб, парсы тілдерін білмейтіндерін пайдаланып, бұл тілдердегі азды-кемді білімін татаршамен араластырып, уағыз жүргізді. Бұл молдалардың арабша оқытудағы өрескелді істеріне қазақтан шыққан көзі ашық зиялылар жаны түршіге қарсы шықты. ЬІбырай Алтынсарин де солардың қатарында болды. Қазақтың Дүмше молда дін бұзар”, “Аңқау елге арамза молда” деген мақалдары тап сол тұста шықты-ау деген ойға барамыз. Ыбырай дүниелік ғылыммен бірге діннің ғылыми негізін, тарихын жақсы білген. Ол өзінің бұл саладағы білімінен “Мұсылманшылықтың тұтқасы” деген еңбек жазды. Бұл еңбекті жазудағы оның мақсаты өзі ашқан мектептерде сол кездің талабы бойынша міндетті түрде дін сабағы өтуге тиіс еді. Бұл талапты орындауда да Ыбырай педагогтік бағытынан жаңылмай адамгершілік тәрбиесі мәселесін басты орынға қойып, тәрбиенің түп қазығы ислам дінінде екенін баса айтып, ислам дінінің мән-мақсатымен таныстыруды бірінші кезекке қойды. Кітаптың жазылуына себепші болған екінші жағдай, жоғарыда айтып кеткеніміздей, тілдің шұбарлануы. Сондықтан ЬІ.Алтынсарин аталмыш еңбегінде “Біздің қазақ тілінде әркім түсініп оқып немесе біреу оқыса тыңдаған қара халық түсініп отыратын бірде-бір кітап жоқ. Сол себептен жалғыз кітап таныған молдалар болмаса, көп қара халық өзінің діні не екенін кәміл тусінбейді. Мұны көріп біз фақыр қыпшақ руының Ибраһим Балқожа Би ұлы екеуміз халқымыз қазақ жұртына пайда келтірмек ниетпен һәм қараңғы туғандарымызды тусінікті тілмен өзінің дінін түсіндіру үшін бұл кітапты жазуға кірістік. Құдай тәбәрәкә, уа, тағала қайырлы еткей еді, әмин” деп жазды. Аталмыш еңбекте ол Алланың құдіретін айта келіп қанша мақтау бір Құдай тәбәрәкә, уа, тағала лайық. Оның лайықтығына ешбір зат, мақұлыққа теңдесі жоқ. Бұл - үстіміздегі шеті-шегі жоқ көк, күндіз болса дүниені жарық еткен күн, кеш болса күлімсіреп тұрған ай, жұлдыздарменен бұл дүниені айналып жатқан шеті жоқ мұхит, теңіздері һәм таулардан таза жауһардай жылтырап аққан өзендері, ішінде неше алуан мақұлықтар, балықтарыменен, астымызда біздің дүниеміз астына қарасақ астында алтын, күміс, мыс, бақыр, темірменен һәм үстіне қарасаң алыстан тұманданып көрінген, ішіне кірсең жапырақтары жайқалып, дүниеге хош иістер жайған биік орман ағаштар, һәм мың түрлі патшалы, патшасыз жұрт болып тұрған азаматтар мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық - қадір екендігіне дәлел болса керек ” деп бүкіл әлемді, яғни аспанды, жерді, көкті, бүкіл жер бетіндегі мақұлықтарды жаратқан бір Алла екендігін сипаттайды. Ыбырай Алтынсарин осы еңбегінде бір Аллаға мадақ айта келіп, одан кейінгі мақтауға лайық Мұхаммед Пайғамбарым деп біледі. Ғалым “Мұнан соң мақтауға лайық Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа салла аллаһу уаассалам. Адамзаттың қараңғы, надан уақыттарында от пен суды һәм қолдан істеген ағаш суреттерді құдай деп біліп, адал-арамды бұзықтық пен түзіктікті танымай, бәлкі айуан қалпында жүрген замандарда құдай тағала бұйрығымен адамзатқа түзу жолды Пайғамбар болып келіп, үйретіп, шын Құдайды танытып, шын діннің, һәм дүнияның ғылымдарын көрсетіп беріп еді” дейді. Аталмыш еңбектің сөз басын Исламның бес шартының бірі - Иманнан бастаған. “Мүмин мұсылманның мұсылман аталуы құр мұсылман киімін киіп, мұсылман арасында жүргеннен емес. Әуелі иманды болып, ол иман деген не екеніне түсініп, түсінген соң сол иман ішіндегі сөздерді шексіз шын көңілмен дұрыс деп білген кісіні мұсылман деп атайды. Соның үшін Құдай тағаланың пенделеріне парыз еткен парыздарының ең әуелгісі иман болса керек. Иманнан соң дін ғылымы тұр. Дін ғылымы дегеніміз - Құдай тағала пенделеріне екі жол көрсетті: бір жолы - осылай бар деп бұйырған жолы, екінішісі - бұл жолға түспе деген тыйған жол. Әуелгі жолдың баратын ұшы - жұмақ, соңғы жолдың ұшы - тозақ. Осылайша, иман мен дін ғылымын үйреніп, соның бойынша дүниеде іс істеуді амал деседі. Пенделердің амалының немесе істейтін істерінің бағзысы көңілменен һәм дінмен болады. Көңілмен дегеніміз - көңілмен шындап дұрыстауды, мәселен, иман рәуіштіні айтады. Бірақ әрбір жақсы амалдарды да асыл түбі иманнан, яғни иланудан келеді. Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да ол намаздың керектігін көңілі дұрыстамаса, әлбетте, ол намаз болып табылмас... ” деп, ғалым-ағартушы өз еңбегінің әр тарауын араб тілін білмейтін қарапайым халыққа түсінікті тілмен Ислам дінінің мән-мағынасын, маңызын терең ашып көрсетуге талпынған.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|