ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ДИНА КҮЙЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІГ.Рысқалиева Қазақ күйлерінің адам санасын тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Себебі, қазақ куйлерінің қай-қайсысын алсаңыз да оның астарында адамгершілік, ізеттілік, ұлағаттылық, сезім байлығы, көркемдік, әдемілік жатр. Күй арқылы халықтың сана-сезімі, ой-өрісі, өмір тәжірибесі кеңейіп отырған. Қазақ халқының тарихында күй шығарушы сазгерлер көптеп саналады. Олардың барлығы да шебер орындаушылығымен қатар кейінгі ұрпаққа тәлімдік мағынасы бар асыл дүниелер қалдырған адамдар. Солардың бірі – батыс өңірінде өмір сүрген, күй атасы Құрманғазының шәкірті Нұрпейісова Дина. Ол өзінің асқан орындаушылық шеберлігімен күй өнерін көш ілгері дамытып, өз жанынан бірнеше күйлер шығарған. Күйлердің тақырыбы мен мазмұны әр түрлі және кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлықтай тәрбиелік мәні бар. Өйткені, Динаның өзі әділетті, азатшыл, үлкенге құрметті, кішіге қамқор, халқымыздың әдет-ғұрпын қатал сақтау, оны үлгі, өнеге тұту, өнерді сүю, болашаққа үмітпен қарау сияқты жақсы қасиеттерді бойына жинаған адам еді. Мұның бәрі оның шығармаларынан көрініс тапты. Динаның шыншылдығы сол: ол «Көгентүп» күйінде кедей, жетім балалардың ауыр тағдырын, мұң-мұқтажын жүрегі езіле суреттесе, «Бұлбұл» күйінде Балғын атты әнші қыздың бақытсыз өмірі, қасіретті тағдырын бұлбұл құсқа теңей отырып, тебірене баяндайды. 1916 жылы патша өкіметінің қара жұмысқа адам алу жөніндегі жарлығы мен жергілікті болыстардың осы оқиғаны пайдалана отырып, елден пара алуы, халықты қанауы, шексіз әділетсіздігі «16 – жыл» күйінің туындауына түрткі болады Дина – қазақ халқының «күй өнері» дәстүрін ілгері дамытушы, соның ішінде Құрманғазы мектебін жалғастырушы болды. Өз ұстазына арналған «Байжэұма», «Жігер», «Меңдіқара» күйлерінен Құрманғазының тағдар тәлкегіне мойымай күрес жүргізген жігері мен қайраты сезіледі. Күй желісі мен ішкі әуендік құрылымынан үлкен тұлғаны суреттейтін ойын аңғару қиын емес. Күйлер Құрманғазы стилінде шығарылғанымен, өзінің орындаушылық шеберлігі жағынан ілгері дамушылық байқалады. Динаның орындау мүмкіншілігі ұстазынан да асып түседі. Дина – 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі және онан кейінгі екі дәуірді бастан кешкен адам. Оның жаңа заман тынысын суреттейтін бірнеше күйлері бар. «Жаңа бозшолақ», «Шынар», «Тойбастар», «Әсем қоңыр», «Мереке», «Сегізінші март», «Қазақстанға – 30 жыл», «Еңбек Ері», «Сауыншы», т.б. күйлері осы тақырыпқа арналған. Бұл күйлерінде Д.Нұрпейісова халықтың бейбіт еңбегін, сол еңбектің арқасында республиканың жетістіктерін мадақтап, жастарды ерінбей адал қызмет етуге шақырады. Екінші дүниежүзілік соғысы тақырыбы да Дина күйлерінен кең орын алған. Қазақ поэзиясының алыбы Жамбылдың «Ленинградтық өренім» сияқтыжауынгерлерге патриоттық рух беретін өзінің «Ана бұйрығы» күйін шығарған. Бұл күй соғысқа аттанғандарға күш-қуат, жігер берді. Шығармадан жауынгерлердің қаскүнем жауға деген өшпенділігі, жеңіске құштарлығы, өмірсүйгіштігі, отаншылдық асқақ сезімі сазды үнмен жігерлі асқақтай естіледі. Дина асқан шебер орындаушылығымен адам жүрегінің кілтін тауып, рухани көтерілуіне, эстетикалық талғамының өсуіне, туған жер, өмірді сүюге, өнерге таңырқауға шақырады. Оның шығармалары сұлу сазды, мазмұнды, тақырыпты маңыздылығымен дараланып, кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге боларлықтай мұра болып қалды. Оған ешкімнің күмәні жоқ. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|