ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ы.АЛТЫНСАРИН: ҚАЛАЙ ТҰРУ КЕРЕК, ҚАЙДА ТҰРУ КЕРЕК?П.Сүйінкина Қазақ халқының таланты перзенттерінің бірі, ұлы ағартушымыз Ы.Алтынсаринның өзіндік көзқарасы, пікірлері, ұсыныстары, насихат жұмыстары қай мәселе төңірегінде болсын қазіргі күн тәртібіндегі мәселелермен, уақыт талабы мен үндесіп жатыр.Осы тұжырымның растығы ағартушы мұрасына толық тоқталмай-ақ, оның кейбір қырларына қазіргі көкейкесті мәселелер тұрғысынан баға беру арқылы көз жеткізуге болатынын дәлелдейік, оның өзінде де көршілікке етене таныс емес, бірақ қоғам үшін маңызы зор қырларына тоқталып өтейік. Нарық экономикасы қыспағына түскен еліміз бүгінде Ы.Алтынсарин тұсындағы небір әлеуметтік қиыншылықтарды бастан кешіріп отыр, Өндірістің құлдырауы, тауарлардың тапшылығы, кәсіпкерліктің өрге баспауы, нақтылы іс-әрекеттің мардымсыздығы халқымыздың әл-ауқатын ойсыратып тастады. Ел болып, тығырықтан шығу жолын қарастырудамыз. Бұл тұрғыда қалың жұртшылық үлгі тұтарлық елі үшін еңіреп туған есіл ері, Ы.Алтынсарин өнегесін алға тартар едік. Ағартушылықпен қатар, кезінде қажырлы қайраткерлігімен танылған Ыбырай халықтың тұрмысын, әл-ауқатын арттыру мәселесін көтеріп, күнделікті тұтынатын тауарларды көптеп өндіру қажеттігін ұсынған. Ол үшін іске бейім, жергілікті кісіпкерлерді даярлап шығару керек деп санаған. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин қазақ жастарын Ресей жеріндегі түрлі кәсіптерге баулитын оқу орындарын жіберуді ұйымдастырып отырған. Сөйтіп, қалың елді діңкелеткен көкейкесті мәселелерді дөп басып, қиыншылықтармен жалғыз арпалыса жүріп нақтылы шаралар арқылы нәтижелі істерге қол жеткізді. Сөзіміз дәлелді болуы үшін, мына бір деректі келтірейік. Красноуфим өнеркәсіп-техникалық училищесінің директоры бір естелігінде Ы.Алтынсарин жіберген қазақ жігіттері илеген тері, қайнатқан сабын, жасаған ірімшік майлары Сібір Орал көрмесінде сарапшылар комиссиясы тарапынан өте жоғары бағаланғандығын жазады. Туған халқына құлай берілген, оның ана тілін, әдет ғұрпын, салт-дәстүрлерін қастерлей білген ардақты азаматымыз қзақ газетін де шығаруға ұсыныс жасаған, алайда жоғары орындардан қолдау таппаған. Газеттің мазмұнын қазақ және орыс тілдерінде құрастырып, оның макетін өз қолымен жасайды. Мұндағы бас мақаласында қазіргі кезде де көкейде жүрген өзекті мәселелердің бірін сөз еткен. Әсіресе, коммерцияны мұрат тұтып, тұрмысын түзеуді көздеген қандастарымыз үшін тағылымы зор мына бір үзіндіні келтіре кетейік. "... Өнердің ең жаманы ағаш аяқ табақ, күрек, балта, төрт аяқ арба болса, соларды өзіміз істей алмай, базардан сатып аламыз. Малымыз бізге есепсіз көп май, жүн, тері береді. Олардан өзіміз ешбір нәрсе істей алмай, терімізді 30 тиыннан 3 теңгеге дейін, майымызды 2-3 теңгеден сатамыз. Қала жұрты теріден дереу былғары илеп,өзімізге 2-10 теңгеге шейін қайтадан сатады. Тіпті, жерден илеп, кім болса істеп жатқан кірпішті өзіміз істей алмай, қазақ орыстан, ноғайдан сатып аламыз. Осылардың бәрін де оқып, үйренсек, кез келген қазақ істейтін нәрселер, бірақ бәрі де бізге қиын көрінеді". Ыбырайдай ұлының аузынан шыққан осы бір-екі ауыз жүрекжарды сөзде қаншама шындық, қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Қөлөнерге, пайдалы кәсіпке қырсыздықтың салдарынан әлі күнге арыла алмай жүргеніміз - ащы шындық. "Ұлыдан- ұлағат" дегендей, ұлы атамыз өсиет еткен кәсіпкерлікті бауырларымыздың әлі күнге мойндамай келе жатқаны өкінішті-ақ. Алыстағыны болжайтын, көрген данышпанның мына бір іс-әрекетінен оның тапқырлығын, ізденімпаздығын байқаймыз. Ы.Алтынсарин мектеп салу, кітапхана ашу істеріне қамқоршыларды қазіргі біз айтып жүрген демеушілерді жұмылдыра білген. Мысалы, оқу ісі жайындағы есептерінің бірінде Беркінбаев, Бірімжанов және т.б қамқоршыларының 100-260 сом ақша, ал Ә. Қылышбаев деген мырзадан 500 бөрене алуға уағдаласқанын жазады. Ы.Алтынсариннен бастау алған демеушілік бүгінде кең өріс алып отыр емес пе?! Ел экономикасы тұралаған қазіргі қиын-қыстау кезеңде қалталы кәсіпкерлердің көмегенсіз шаруамыз тындырылмайтын дәреже жеттік. Онсыз күн қараң. Демеушісіз қазіргі мектеп күй қараң. Демеушісіз қазіргі мектеп күйін көз алдыңыз елестетіп көріңіз. Ұлы ағартушы оқу-тәрбие ісінің нәтижелі болуы мектептегі басты тұлға -мұғалімге байланысты дей келіп, оған қатаң талаптар қоя білген. Әріптестерін бауырларындай көріп, олардың жағдайын ескеріп отырған. Ағартушының сөзі мен ісінде алшақтық болмайтындығының бір дәлелін әріптесі Мозохинның естелігінен оңай аңғаруға болады: "...Инспекторымыз небары 18 күннің ішінде мебель, оқулықтар, көрнекіліктер, не керек, бастауыш мектепке қажетті дүниенің бәрін әкеп үлгерді. Мені де ұмыт қалдырған жоқ: керует,матрац, жатсық, ыдыс-аяқ және т.б ұсақ-түйек заттарды жеткізіп кетті". Иә,сонау қиын-қыстау кезеңде де Ы.Алтынсарин мұғалім беделін көтеруге,оларға артықшылық беруге, әлеуеттік тұрғыдан қорғауға атсалысқан. "Мектеп дегеніміз шын мектепке ұқсас болуы үшін оған қаржы көбейтіле ме? Жақсы оқытушылар беріле ме? Мектеп бітірушілер мен оқытушылардың қай жөнінен болса да бір артықшылығы бола ма?"- деп армандаған. Өкінішке қарай, ұлағатты ұстаздың арманы қазіргі мұғалімдер қауымының арманына ұласып, әлі күнге шешімін таппай келеді. Бар өнерін, еңбегін, уақытын сарп етіп, маңдай терімен тапқан жалақысы ең болмаса жөні түзу бір етік сатып алуға да жетпейтіні өтірік емес. Өркениетті елдер қатарына қосылу ойласақ, қоғам келешегі- жастардың тәрбиешісі мұғалімдерді әлеуметтік қорғау мәселесін әділ шешуді кешеуілдете беруге болмас. Ы.Алтынсаринның сөзімен айтсақ, адам баласының өміріндегі ең үлкен мәселе- қалай тұру керек, қайда тұру керек деген сұрақ. Осы мәселенің де бүгінгі күн тәртібінен түспей тұрғандығы жасырын емес. Басында жеке баспанасы жоқ,жатақхананы жағалап, не болмаса пәтер жалдап күн көріп жатқандардың да дені өз қандастарымыз. Ы.Алтынсарин осындай өміршең мәселелерді дөп басып көре білген, оларды дер кезінде шешуге белсене кіріскен. Сонымен біз халық қамын жеп, оның мұңын мұңдаған, жоғын жоқтаған азаматтың тек ағарту саласына ғана емес, өмірдің өзге де өзекті мәселелеріне қатысты кейбір пікірлеріне, іс-әрекеттеріне тоқталдық. Ұлы ағартушы мұрасының құндылығы қазіргі өмірмен үндестігінде. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|