Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН – ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ




Ыбыраева К.

Ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып,өмір сынына мұра болып, өмір сынынан өткен, бүгінге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер негізінде тәлім–тәрбие үлгілері қалыптасты. Халқымыздың даму тарихымен байланыстырып айтсақ, қазақтың сенім-нанымдары әлі күнге дейін өзінше даму үстінде келеді. Жалпы, Тәңірлік сенімнің құдірет күші табиғат болғандықтан, тіршіліктегі көп жағдайлардың қадір-қасиеттері табиғат заңдылықтарымен байланысып жатады.

Қай ғасырда болсын, ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік, ағыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі кең ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндет. Халық ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен. Әрбір қоғам өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.

Әйгілі педагог К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнынына және тәрбие мен оқыту әдсіне тоқтала отырып: «Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы дәстүрінен іздестіру керек» деп, бала тәрбиелеуде ауыз әдебиетін қолдану жайында тамаша үлгілерді ұсынған. Даналар айтқандай, қандай қасиеттерге тәрбиелеуді өзіміз білуіміз керек.

Адамгершілік қасиеттің өзегі – қайырымдылық, достық.

Адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық ережелері болмағанымен, эпостық, фольклорлық шығармаларда үлгілері бар. Олардағы әсерлі тілмен жазылған оқиғалар балдырғаннан бастап, еңкейген қартқа дейін ықпалын тигізеді. Халық ауыз әдебиетінің, сонымен қатар, бізге жылдар бойы жат болып, енді ғана тәрбиелік тағылымын мойындап отырған ислам дінінің де тәлім-тәрбиелік ықпалын ұмытпаған дұрыс.

Х-ХІ ғасырларда өмір сүріп, сол дәуірдің озық өнер туындысын дүниеге әкелген Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі адамгершілік тәрбиесінде маңызы зор мұра.Онда әділдік туралы былай делінеді:

Қылығымды көр,қылаудай жоқиіні,

Өзім де әділ,сөзім де әділ – сот күні.

Әділдікпен кеспей тоқтаман,

Құл ма,бек пе, еш айырымы жоқ маған (805,120)

Өткенге көз жіберіп, талғап-таразылап алып, ертеңге сеніммен қарау қажет. Адам бойындағы асыл қасиеттер мен жағымсыз әдеттер жөніндегі күні кешегі данышпан ата-бабаларымыздың өсиет-өнегесін бүгінгі мен ертеңгі ұрпақ оқып білсін, содан тағылым, тәрбие алсын дейміз.

Не дер екен, тыңда, білімді адамды,

Жасы жеткен, сынап көрген ғаламды (260, 73),- деген Баласағұн сөзі осы ойға жетелейді.

Халық ауыз әдебиетін оқып, сусындаған әрбір баланың адамгершілігі мол, ақылы толық азамат боларына шүбә жоқ.

Жастарды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде өскен ортаның, құрбы- құрдастың, тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген:

Жақсы, қанша жасар, кәрі болмайды,

Жаман қанша түзегенмен оңбайды.

Жаман жасы - қысқа, өкініп қартаяр

Жақсылық жасы – ұзақ,қамсыз марқаяр.

Осы жақсылық пен әдептілік, ұят пен ар, намыс, шындық пен бірлік, жолдастық пен достық, ата-анасын,үлкенді сыйлау, тағы да басқа қасиеттер туралы Баласағұнның өсиет сөздері өте көп.Шығармада тұлғалық қасиеттерден бастап,түрлі әлеуметтік топ өкілдері мен қоғамды басқарушылардың мінез-құлық ережелері, олардың арасындағы қарым-қатынас мәселелерінің көрініс табуы еңбектің педагогикалық қызметінің ауқымды екенін байқатады.Баланың жеке басын құрметтеу, оған талап қоя білу - дастанның басты қағидаларының бірі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных