Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ШАЛКИІЗ ЖЫРАУДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТОЛҒАНЫСТАРЫ




XV ғасырда өмір сүріп, терең ойлы толғаулармен өшпес із қалдырған жыраулардың бірі - Шалкиіз. Ішкі тебіренісін сыртқа сарқа шығарып, қоғамдағы құбылыстарға өзіндік баға берген Шалкиіз жыраудың толғаулары өзгеше. Ол жақсылық мен жамандықтың ара жігін шығармашылық тұрғыдан ашуда терең моральдық танымның алғышарттарын көрсетіп кетті. Бұған философ ғалым О.Сегізбаевтың «В основе нравственного кодекса Шалкийза лежит деление людей на хороших и плохих» деген пікірі терең дәлел.

Не жаман, не жақсы деген сауалға жырау сан түрлі жақтан келіп, оның айырмасын ашуда өмірлік тәжірибесімен қатар ақындық шеберлігін де пайдаланады.

Жаман туған бар болса,

Жаман жолдас бар болса,

Жазаны содан коресің.

Немесе

Жаманға жақыным деп сөз айтпа,

Күндердің күні болғанда

Сол жаман басына айғақ-ты!

...Жаманнның жамандығы сол болар,

Сөйлесе дәйім бетін қара етер...

Жыраудың жақсы мен жаманды салмақтауында қоғам дамуының көрінісі жатыр. Антогонистік бағыттағы екі қарама-қарсы күштің бірінсіз-бірі дамымайтындығын жырау түсінген деуге негіз бар. Жақсының кейде жаманға, жаманның жақсыға айналуын жыраудың діл бағалауы оның адам факторын терең әрі ұзақ жылдар бағалағанын байқатады.

 

Жаманнан туған жақсы бар,

Адам айтса нанғысыз,

Жақсыдан ьуған жаман бар,

Күндердің күні болғанда –

Бір аяқ асқа алғысыз.

Осы жерде адам бойында жақсы не жаман қасиеттер туа пайда бола ма, әлде жүре келе қалыптаса ма деген заңды сұрақ өзінен-өзі туады. Генетика заңына сүйенер болсақ, онда адам бойындағы қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек. Қазақ даналығы да текке байланысты дегенді айтады. Ал жырау толғауына үңілсек, онда жаманнан жақсы,жақсыдан жаман тууын даралауда терең таным бар. Демек, жыраудың бұл ойға арнайы тоқтауында үлкен сыр бар. Ол – қоғам, орта, тәрбие. Бұл аталғандар адам факторын қалыптастыруға атсалысатын ұлы күштер. Жырау осыны өмірлік тәжірибеден білген, терең пайымдаған.

Бұл мәселе төңірегінде терең ойлы толғау айтуда өз заманында Шалкиізден артық ешкім бара алған жоқ деп айтуға әбден болады. Адамды жіті тану, оған орнықты баға беру, оң мен солдй ажырату үшін жалғыз өмірлік тәжірибе аз. Оған қоса асқан байқампаздық, терең таразылау, дұрыс шешім де керек. Осы тұрғыдан келгенде біз Шалкиізді адам болмысының қыр-сырын терең түсінген, оған байыппен терең талдау жасаған тұңғыш жырау деп айта аламыз.

«Шығармаларының бізге толық жетпеуі себепті болар, Шалкиізде аяқталған, бір қалыпқа түскен философиялық көзқарас жоқ. Алайда қолда бар толғаулардағы кейбір сәттердің өзі оның адам қоғамы, өмір жайындағы түсініктерінен елес береді» дейді әдебиетші ғалым М.Мағауин. бұл пікірге толық қосыла отырып тек Шалкиіздің ғана емес, бүкіл жыраулық поэзияның философиялық құндылығы әлі толық қарастырылып, бір ізге түспегенін айта кеткеніміз жөн.

Шалкиіз жыраудың шығармаларының әр тармағында терең сыр жатыр. Жалпы жыраулық поэзияның дәстүрлік сипаты ондағы ойдың астарланып, тұспалданып берілуінде. Қайбір жырау өз толғаулары арқылы тұспалдап та болса өз-өзіне баға беріп кетеді. Өз-өзіне баға беруде де терең мән жатыр. «Жыраудың өзін біз көбінесе лирикалық «мені» арқылы танимыз. Осылардың ішінде жыраудың Темір би мен өзін бейнелеуінен сөз зергерлігін анық аңғарамыз» («Дала даналары» кітабынан).

Тарихта Шалкиіз жырау Темір бидің қасында ұзақ жылдар өмір сүріп, оған екң көлемді толғау арнағаны белгілі. Әсілі жыраудың «Ұлық болсаң, кішік бол» деген халық қағидасын берік ұстанатын осы толғауларынан аңғарамыз. Темір бидің алдында жырау адам ретінде қандай орынға ие болғандығы бізге беймәлім. Бірақ, халық алдында оның дәрежесі асқақ болғандығы даусыз.дегенмен ұлылыққа тән өарапайымдылық жырау бойынан шет қалмағаны ақиқат.

Сен алтынсың – мен пұлмын,

Сен жібексің – мен жүнмін,

Сен сұлтансың – мен құлмын,

Сен сұңқарсың – мен ұлумын.

Осы жерде «мен» деу арқылы өзінің қоғамдағы орнын аңғартып тұр. Ел билеушілерімен өзін тең ұстауға атағы да, дәрежесі де сай келеді. Бірақ жырау әр уақытта да халықпен бірге. Сондықтан ол халықтан бөлінгісі келмей, халық рөлінде өзін қойып отыр. Яғни «Меннің» түкпірінде халықтың «біз» деген ұғым жатқанын аңғару қиын емес.

Жыраудың өмірге деген көзқарасы сахараның қайырымдылыққа, бақытқа құралған дәстүріне лайықталынып келеді. Осы бір жағы шариғат қағидаларымен үндестік тауып жатады. Қайырымдылықтың сахара заңдылығы мен шариғат қағидаларын ұштастырып, өз толқауларында арқау етуі Шалкиіздің ата-дәстүрін берік ұстанғанын байқатады. Мысалы, Темір биді қаж сапарынан тоқтатарда айтқан толғауына назар аударалық.

Жығылғанды тұрғызсаң,

Жылағанды уатсаң,

Бұзылғанды түзетсең,

Тәңірінің үйі бәйтолла,

Сұлтан ием, қарсы алдыңда жасапты!

Қайырымдылық – ізгіліктің, адамгершіліктің сара жолы. Ұлы философ Әл-Фарабидің «Счастье – это добро, искомое ради самого себя: к нему никаким образом и никогда не стремятся, чтобы добится чего-то другого, по ту сторону (счастья) не находится ничего более значительного, чего бы человек не смог достигнуть» деген пікірі мен Шалкиіздің көзқарасы бір арнада табылып жатады.

Шалкиіз мұраларында Алла мен Тәңірі қатар жүреді. Мысалы: «Тәңірі жанын алмаса», «Тәңірі өзіне бермесе», «Ниет еттің тәңірінің үйі кебеге», т.б.

«Шалкиіз ислам дінін ұстанған, оның тәңірісі көк емес, Алла» дейді М.Мағауин. толғау өрнектеріне үңілер болсақ, жоғарыдағы пікірдің растығын аңғарамыз. Соған қоса жырау өзінің ислам дінінен хабардар және оны берік мойындайтынын мына сөздерінен байқауға болады: «Бармай тапқан қағбамсың», «Мен ісімді хаққа тапсырғанмын Һәр кезде». Келтірген мысалдан байқайтынымыз: Шалкиіз монотеистік түсінікті терең пайымдап, тәңірі мен Алланы бір ұғымда қабылдаған. Мәселен, «Мен ісімді хаққа тапсырғанмын Өмір кезде» деген жолдарынан Шалкиіздің сопылық ілімінің негізгі қағидалары мен шариғатты, марифатты терең меңгеріп, оны өмірлік мұраттарының бірі етіп ұстанғанын аңғартады.

Өмірді «жалған» деп қабылдау қазақ халқында ертеден қалыптасқан түсінік. Күнделікті күйбең тіршілікті жалған өмірдің аясында тіршілік үшін күресудің бір формасы ретіде қабылдау жырау шығармашылығында берік орныққан. Өмірге оптимистік көзқараста қарап, ондағы түрлі көлеңкелі кезеңдерді болмашы сәтсіздіктер деп қарауы жыраудың өмірдің түрлі кезеңдерін басынан өткергенін, оған әбден төселгенін байқатады. Демек, Шалкиіздің осы ойларының астарында өмір жалғастығы, ұрпақ үйлесімділігі идеясы жатыр.

Күлелік те ойналық,

Киелік те ішелік,

Мынау жалған дүние,

Кімдерден кейін қалмаған!!!

Шалкиіз – өмірдегі сәтсіздіктерге күле қараған, батырлықты ер мұраты деп түсінген жырау. Халық ұғымында және шариғат заңдылықтарында ел үшін құрбан болған адамның жәні жаннатқа қонбақшы. Осы идеяны беруде Шалкиіз жыраудың өмірдегі азаматтық орнын байқауға болады.

Жалаңаш барып жауға ти

Тәңірі өзі біледі,

Ажалымыз қайдан-дүр!

Жырау ұғымы сан алуан, әрі ұшы қиырсыз кең. М.Мағауиннің «Шалкиіз – новатор еді. Ол қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салды. Өзінің философиялық афористік поэзиясы-толғауларында Шалкиіз ойлылықтың, көркемдіктің шыңына шықты» деген пікірі жыраудың бүкіл философия ілеміндегі қыр-сырын ашпаса да, сол әлемдегі жыраудың орнын анықтап тұрғандай.

Шалкиіз қазақтың төл әдебиетінде философиялық лириканың жаңа және жан-жақты бағытын қалыптастырып, оған жаңа рең, жаңа ой үстемелеген ойшыл жырау болды. Оның мұралары кейіннен ғұмыр кешкен данагөй Бұхар сынды жыраулардың дәстүрлеріне ықпал еткені даусыз.

 

СТАЗ ҰЛАҒАТЫ

Сабыр А

Қазақ халқының көрнекті ғалымы, мемлекет, қоғам қайраткері, педагогика ғылымының докторы, профессор, Ғылым академиясының академигі, абзал азамат Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлы 1910-шы жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы маңындағы Тоғызыншы ауылда туған. Қазақстанның Оңтүстік аудандарында 1917 жылы болған жұт отырықшылыққа үйрене қоймаған ауылдарды қиыншылыққа ұшыратты. Осындай ауыр кезеңде Төлегеннің ата-анасы қайтыс болады. Жолаушыларға ілесіп Арыс темір жол станциясына келген панасыз, жетім баланы аязды күні үйіндінің үстінде жатқан жерінен Кабанов Иван деген теміржолшы тауып алып, үйіне ертіп келеді. Баланы өзінің алтыншы баласы етіп бауырына басады. Алдымен Төлегенді интернатқа оұуға берген Иван оның зеректігін байқап, 1922 жылы Шымкент қаласындағы педагогикалық техникумға түсіреді. 1925 жылы техникумды үздік бітірген Төлеген сонда оқытушылыққа қалдырылған.

Білімге құштар жас көп кешікпей Мәскеу қаласындағы Комунистік тәрбие академиясына оқуға жіберіледі. Оны бітірген соң сол академияның «Адам денесіндегі бұлшық еттерінің мидағы ой процестерімен байланыстылығын эксперимент арқылы дәлелдеу» деп аталатын диссертациялық жұмысын жазды. Бірақ, сол кездегі жағдайдың бұған мүмкіндік бермеуіне байланысты ол көп ұзамай диссертация тақырыбын өзгертіп, «К.Д.Ушинскийдің педагогикалық психологиясы және педагогикалық психология» тақырыбындағы диссертациясын ойдағыдай қорғап шығады.

Төкең Республика Халық ағарту комиссарының бірінші орынбасары, Қазақстан халық ағарту комиссары секілді тағы басқа жауапты жұмыстар атқарды. Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі де болды. ҚазМУ-дың ректоры міндетін де қоса атқарды.

Т.Тәжібаевтің Қазақстандағы педагогика, психология саасындағы еңбектері өзіндік күрделілігімен ерекшеленеді. Оның қаламынан педагогика, психология, философия салаларынан жүзге тарта еңбек жазылып, баспадан шыққан. Сонымен бірге топографиялық зерттеулер мен ғылыми мақалалар да жазды.

Оның ғылыми еңбектерін негізінен екі бағытта қарастыруға болады: 1) педагогикалық психология теориясының негіздері; 2) Қазақстанда педагогика ғылымының даму тарихы, оқу-ағарту мәселелері. Екінші бағытта жарық көрген негізгі еңбектері мыналар: «Психология и педагогическая психология К.Д.Ушинского» (1948 жыл), «А.Құнанбаевтің педагогикалық көзқарасы», т.б.

Т.Тәжібаевтің Қазақстан педагогикалық психологиясының, ой-пікірінің даму тарихын зерттеуі аса маңызды проблемалардың бірі болды. Әсіресе, қазақ халқының ағартушы-демократ қайраткерлері Уәлиханов Шоқан, Алтынсарин Ыбырай, Құнанбаев Абай т.б. педагогикалық-психологиялық ой-пікірлерін зерттеу оның жұмыстарында анық байқалады. Ол Абайды «психологиялық білімдерді туған халқының арасына насихаттаушы кемеңгер ойшыл» деп бағалады.

Т.Тәжібаев Ы.Алтынсаринның «Қазақтарды орыс тіліне оқытудың алғашқы құралы» деген еңбегін саралай отырып балаларын орыс тіліне қандай тиімді жолдармен үйретуге болатынын әдістемелік, психологиялық тұрғыдан түсіндіреді және Қазақстан – көп ұлтты республика, сондықтан мұндағы түрлі ұлт адамдарының тәрбиесі халқымыздың тәрбие саласындағы ғасырлар бойғы жинақтаған бай тәжірибесінің негіздері екендігін атап көрсетеді.

Төкеңнің жас ғалымдарға жасаған әкелік қамқорлығы өз алдына бір төбе. Ғалым Х.Сүйіншіәлиев ғылым жолындағы алғашқы қадамына Т.Тәжібаевтің жасаған қамқорлығыг былай еске алады: «Менің 1950 жылдардың басында аспирант есебінде жүрген кезім. Диссертацияның тақырыбы «Абайдың қара сөздері». Ғылыми жетекшім Б.Кенжебаев. оған (тақырыпқа) қарсылар да көп болды. Олар: «осы қара сөздер Абайдың өз шығармасы ма? Соны әуелі анықтау керек. Ал, мына қара сөздерді кейін ұлтшылдар қосқан» деп отырып алды. 1952 жылы еңбегімді қорғауға шықтым. Бір қызығы мен қорғайтын ғылыми кеңесті Тәжібаевтің өзі басқарды. Бірінші оппонент М.О.Әуезовтің өзі болды. Бұл тұста ол Москва университетінің профессоры болып жан сақтап жүрген. Үш ұлы абайтанушы (М.Әуезов, Т.Тәжібаев, Б.Кенжебаев) тұс-тұстан шығып, сөйлеген зал түгел бас игенін бірден сездім. Сондағы Төкеңнің ағыла сөйлегені әлі есімде. Оның сөзін тек Әуезов сөзімен салыстыруға болатын еді. Тыңдаушы қауым: «Ой, сабаз, ақылды ғой. Жарайсың, Төке!» деп риза болды. Иә, айта берсе, Төкеңнің сегіз қыры мен бір сырын тауысу қиын...»

Міне, үстіміздегі жылы туғанына 94 жыл толғалы отырған ұлағатты ұстаз, қажымас қайраткер, академик Төлеген Тәжібайұлының азаматтық тұлғасы осындай.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных