ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІАрасаев Ғ. Абай өз шығармаларында дүниенің, қоғамның дамуын түсініп, халықтың болашағын, оның дамуының себептерін дұрыс көрсете білуі оның асқан кемеңгер, ойшылдығын көрсетеді. Аталған тұрғыдан алғанда, әсіресе, Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік ойшылдық рөлі ерекше. Бұл жерде айта кетерлік бәр міселе – соңғы кезге дейін Абайдың қара сөздері толық зерттелмей келеді. Оның ақындық жағы кеңінен көрсетіліп, басқа бағыттаға шығармашылығына жете назар аударылмады. Оның да өзіндік себебі бар. Атап айтқанда Кеңес заманында коммунистік идеология мен Абайдың құдайды тілге тиек етуі қатар тұруы мүмкін ес еді. Тіпті Абайды дінді уағыздаушы деп те айыптады. Осыдан барып оның қара сөздеріндегі тәрбиеге, білімге шақырған, дүниенің, қоғамның, жеке адамның дамуы жөніндегі пікірлері ескерілмеді, зерттелмеді. Абайды қарапайым халықтың езіліп отырғанын көре, оның себептерін біле тұра революциялық күреске шақыра алмады деп айыптап, оған «ағартушы-демократ» деген ғана баға берілді. Бүкіл қоғамның дамуын тар құрсауына алып, бір жақты тап күресі теориясына негізделген коммунистік саясат күйреді. Демократия мен жариялық, ойлану және дүние таным бостандығының арқасында Абайдың данышпандығы, өз заманының артық тұрған ойшылдағы бізге қазір анық анықталып отыр. Абайдың қара сөздері тұтас бір халықтың болашағы неде екенін ашып берген. Философиялық ойлардың жиынтығы. Абай Батыстың ұлы ойшылдары Декарт, Кант, Гегельмен тең дәрежеде тұр. Бұл ойшылдардың халық болашағы қоғамның дамуы туралы білімдері мен ой толғауы астасып жатыр. Әсіресе, Абай философиясы мен Гегель философиясының бірлігі басым. Бұл мақалада мен Абайдың қара сөздеріндегі халықты білімге, ғылымға, өнерге, еңбек етуге шақыруының қазіргі заман тұрғысындағы маңызын көрсетуді ғана мақсат еттім. XIX ғасырдың ортасында дүниеге келген Абай ержете келе озық ойшылдылығын, өмірге көзқарасының кеңдігінің арқасында-ақ туған халқының заманнан көп артта қалғандығына көзі жеткен, қазақ халқының арасындағы байлық үшін талас-тартыс, парақорлық пен рулық қақтығыстар, халықтың жаппай сауатсыздығы, көшпенді өмір, ғылым-білімнің жоқтығы туған халқының болашағына аса зор кесел келтіретіндігін, мұндай тірлік арқылы оның жек ұлт, тәуелсіз халық болып өмір сүре алмайтынын ұққан, оған жаны күйзелген. Өз халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру кәсібі, бұл жолдағы ауыр жағдайы Абайдың ой жүйесінде халықты мұндай ауыр тірліктен арылтудың жолын іздеуге мәжбүр етті. Орысша білім алуы, орыстың алдыңғы қатарлы ойшылдарының арасында болуы, олармен араласуы, осы арқылы Батыс Еуропа халықтарының тұрмысымен, жалпы Еуропалық дүниетаныммен танысуы, қала өмірі Абайға өз халқының басқа ұлттардан мүлдем төмен қалып қойғандығын көрсетті. Осы арқылы Абай бірыңғай мал шаруашылығының, көшпелі өмірдің халыққа көп пайда әкелмейтінін білді. Халықтың түгелдей осындай кәсіппен айналасуы, жаппай сауатсыздық, надандық, т.б.ел тұрмысының осыған байланысты туатын көптеген келеңсіз жақтары Абайды күйзелтті. «Қалың елім қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың» - деген өлең жолдары осыдан барып туса керек. Бұдан шығар жол қайда? Халықтың болашағы не болады? Қандай амал керек? Абайды осы сауалдар қинады. Абайдың ұлылығы – бай тұқымынан шыққанымен өскен ортасына, отбасы тәрбиесіне қарамай өз мүддесінен халық мүддесін жоғары қоюында.өзінің жеке, алаңсыз өміріне дәулеті артығымен жететін ол бай замандастары, қауымдастары сияқты атақ, даңқ, дәреже үшін күреспей, халық мұңын жақтап, оның болашағын көрсетуді алдына мақсат етті. Табиғат берген дарын-ақындығымен ғана айналысып қоймай, қоғамның, дүниенің, өз халқының дамуының кілтін ашуға тырысып, келер күнін ойлады. Дұрыс жолды көрсете де білді. Абай өмір сүрген кезде қазақ халқы өзінің бостандығынан, мемлекеттігінен айрылып, Ресейдің құрамына толық көшкен еді. Сондықтан да Абай халықтың болашағын ойлағанда оның жеке мемлекет болып, бөлек шығуына шақырмаған. Ұлы Абай мүмкін сол кездегі қазақ халқының ауыр жағдайын көре келе оның жеке мемлекет болуға дайын еместігін білген де шығар. Егемендікке, тәуелсіздікке жетудің алғы шарттары – халықтың білімін, ой-өрісін, кәсібін дамыту деп болжаған болар. ХІХ ғасыр – білімнің, ғылым мен техникалық, жалпы әлемдік ойлаудың, әдебиет пен өнердің өлшеусіз өскен кезі болды. Нарықтық экономика нәтижесінде кәсіпорындар, мемлекет арасындағы экономикалық бәсекелер, сауда кең етек алып, ұлттар, халықтар арасында тыңыз байланыс орнауы, осыған орай халық санасының дамуы, т.б.ұлттардың дамуындағы прогрессивті себептерден ол кезде қазақ халқы көп алыс жатыр еді. Біздің халқымыз патшалы Ресейдің отарлық саясатының негізінде оның ең артта қалған алыс аймағына, бұратана халыққа, екінші қатарлы көшпенділерге айналды. Ұлтымызға құрып кету қаупі да осы ХІХ ғасырда төнген. Тура осы кезеңде халық мұңын жақтаушылар болмады. Патша үкіметінің өкілдеріне жағыну, пара беру, осы арқылы шен-шекпен алу, алдау, арбау арқылы халықты екі жақты қанау кең етек алды. Қазақ байлары аталған жолда өзара бәсекеге түсті. Болыс болу, ел билеу, осы арқылы өз дәулетін арттыру, бақталастарынан асып түсу – олардың негізгі арманы болды. Патшаның жергілікті билеушілеріне осындай мақсатта жағыну бұрын болып көрмеген дәрежеге жетті. Мұндай әрекеттен ұсақ белсенділер де қалыспады, яғни аталған кезеңдегі билеуші, басқарушы топқа айналған қазақтың ірі байлары мен орташа, ұсақ толып жатқан белсенділерінің негізгі мақсаты онсыз да жағдайы ауыр, халық есебінен күн көру болды. Олардың алдына қойған өмірлік ұраны «менен кейін не болса ол болсын» дегенге саяды. Осындай әрекетті өз өлеңінде ақын былай көрсетеді: «Мәз болады болысың Арқаға ұлық қаққанға. Шелтірейтіп «орысың» Шенді шекпен жапқанға»... Халықтың қамын, ұлт болашағын ойлаушылар болмады. Болса да олардың қолында патша империясына, олардан қуат алып отырған қазақ бай, шонжарларға қарсы күресетін күш болған жоқ. Міне, Абайдың өмірі, қызметі осы кезеңге сай келді. Жас кезінен Абай өзінің өлеңдерімен, күнделікті қызметімен қазақ даласындағы осындай келеңсіз құбылыстарға қарсы күресті.байлардың іс-әрекеттерін әртүрлі жолмен батыл сынады. Халықтың арашашысы, ақылшысы, шамасы келгенше қамқоршысы болды. Осындай әрекеті арқылы өз тобының арасында жалғыз қалды, жаулары көбейді. Есейе келе халықты жаппай білімге шақырды. «Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!» дейді ақын. Алайда өз заманынан ерте туған Абай алдына қойған мақсатына жете алмады. Қазақ байлары, атқа мінерлері ғана емес, оның үндеуін, шақыруын қарапайым халық та түсіне алмады, Абайдың соңына ермеді. Халықтың тобырға айналғанына оқыған адамдардың, атқа мінерлердің өз байлығы үшін күн кешіп жүргеніне жаны күйзелді. Сондықтан да ұлы ақын: «Таппадым көмек өзіме, Көп наданмен алысып. Көнбеді ешкім сөзіме. Әдетіне қарысып» - деп қынжылады. Ешкім ізгі ойын, ниетін түсінбеген соң Абай халыққа арнаған өсиетін әйгілі қара сөздері арқылы жеткізуге тырысты. «Енді ел ортасы жасқа келдік, қажыдық, жалықтық...ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» деп өзінің халық болашағы үшін алдына қойған мақсатына жете алмағынына, халықтың өзін түсінбегеніне, ұқпағандығына күйінеді. Алайда Абайдың ұлылығы мынада, ол саналы өмірін елінің, ұлтының болашағына арнап, осы жолда қолынан келгенінше еңбек еткеніне, шаршағандығына, заманынан соққы жеп, жалғыз қалғанына қарамастан қартайған шағында өзінің осы қара сөздері арқылы халықты дұрыс жолға салғысы келеді, болашағын көрсетуді мақсат етеді. «Ақыры ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын» деп, қара сөздерді жазуының мақсатын көрсетеді. Екінші қара сөзінде «Біздің қазақ сартты көрсе күлуші еді...кең қолтық ноғайды көрсе оны да боқтан күлуші еді... орысқа да күлуші еді; ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс деп. Сонда мен ойлаушы едім: ой құдай-ау, бізден басқа халықтың бәрі ант ұрған екен, ең тәуірі біз екенбіз деп. Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ,қылмаған шеберлігі жоқ. Орыстығ өнерлерін де бізден олар көп бұрын үйреніп кетті. Ноғайды қарасаң, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды... еңбек қылып мал табудың да жолын солар біледі, салтанат тағ әсем де соларда. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтап, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда», - деп, шындыққа налиды, өз халқын аталған ұлттардан үлгі алуға шақырады. Үшінші қара сөзінде қазақ халқы арасындағы осы кезеңде кең етек алып кеткен қайратсыздық, тойымсыздық мақтаншақтықты, олардың ауыл,ағайын арасындағы даудан, бәсекеден бас ала алмай жүргендігін сынап: «Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге: егін, сауда, өнер, ғылым – солар секілді нәрселерге салынса бұлай болмас еді», - деп көрсетеді, халықты егін егуге, оқуға, ғылым-білімге, өнерге шақырады. «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі – жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса қолы тиер ме еді» - дейді. Оныншы қара сөзінде сол кездегі халықтың басым көпшілігінің ойы – мал, байлық жинау, әлсізден тартып алу, ұрлау, алдау, жағыну арқылы баю екені, одан әрі ешқандай мақсаттың жоқтығын көрсетті. Халық болашағы ғылымда, білімде, пен жастарды оқытуда, жинаған байлықты осы ізгі ниетке пайдалануда екеніне көз жеткізеді. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой дегенннің бәрі де ақымақшылдық», деп, ғылымның орнын көрсете келе, «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, танып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - деп, халқына білім алудың қажеттігін уағыздады. Ұлы ақын өз ұлтының даму болашағы білім, ғылым екенін көрсете келе осы арқылы дүниенің тетігін тапқан, әлемге танытқан ұлттарды үлгі етті, олардан үйренуге шақырды. «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі де орыста зор. Заианнан қашық болу, пайдасына ортақ тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды... Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік айтысқа түседі, аса арсыздана жалынбайды... Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі» дейді ұлы ойшыл. Бұл жерде Абай орыс тілін үйренгенде оған бағынуға, жарамсақтануға шақырып отырған жоқ. Орыстардың ғылым, білім арқылы бізден озып кеткенңн, сондықтан оның ғылымын, білімін пайдаланып, өз халқын алдыңғы елдер қатарына қосуды мақсат етті. Оқуға, білімге, өнерге тарту үшін белгілі саясат, ықпал етуші күштің қажет екенін ұғып, қалың жұрттың ғылым соңына түсуді әлі дұрыс ажырата алмай отырғанына қынжыла келе, ол қырық бірінші қара сөзінде былай жазады: «Әуел бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарына алып, медреселерге беріп бірін ол, бірін бұл жолға салып дүниеде есепсіз жолдары бар, сол әрбір жолда бір медресе бар. Соларға тоздырып бірін сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хәтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберіп, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары қартайып, сөзден қалғанда түзелсе болар еді», - деп, оқытудың, ғылымға, білімге тәрбиелеудің мемлекеттік тұрғыда жүруіне заңдар шығаруына негіз жасаған екен. Онсыз халықтың жаппай сауатын ашу, білім алудың мүмкін емес екенін көрсеткен. Халықты осындай игі жолға шақыра отыра, Абай халық арасындағы сол кезде меңдеген бойкүйездік пен селқостықты аса қатты сынаған, налыған, халықтың көңілін оятуды зор мақсат еткен. «Қазақты я қорқытпай, я параламай ақылмен не жерлеп, не сырлап айтқаныменен ешнәрсеге көндіру мүмкін де емес. Етінен өткен, сүйегіне жеткен атадан мирас болған, ананың ақ сүтін емген, надандық әлдеқашан адамшылықтан кетірген» - деп, өз халқының осындай кері қылығына реніш білдіреді. «Өстіп жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қылып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістетерлік күн болар ма екен?» -деп толғанады ақын. Халықтың алдында қандай жол күтіп тұр, қайткен күнде қазақ ұлты басқа ұлттармен тең дәрежеде сөйлесе алады, қашан қазақ жері гүлденген аймаққа айналады, халық арасында әділетсіздік, теңсіздік жойылады, міне, ақын өзінің осы асқақ арманына жетуді өмірінің соңына дейін көксеп өтті, артына үлкен өлмес мұра қалдырды. «Мен өзім тірі болсам да, анық тірі де емеспін. Әшейін осылардың ызасынан ба, әлде өзіме ыза болғаннан ба, яки бөтен бір себептен бе? – еш білмеймін... Қайратты күнімде қазақты қиын, бөтен жаққа кеткен түгіл өзін жақсы көріп, үміт етіп жүретінмін. Қашан әбден біліп, үмітімді үзген кезде, өзге жаққа барып, жатты өз қылып, үйір боларлық қайрат, жалын сөніп те қалған екен» - дей келе, Абай өзінің бүкіл өмір бойы халқы үшін атқарған ісінің қолдай таппағанына қынжылады, алайда келер ұрпақ өкілдеріне үміт артқандай болып, «Ғалым мен ойшыл – адамзат мақтанышы. Оған ақылдылар мен талапкерлер ғана жетеді» - деп қара сөздерін аяқтаған. Ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі айтылған ойлар, өсиеттер айна-қатесіз осы күнгі халқына, жас ұрпаққа арналғандай. Еліміз бостандығын алып, тәуелсіз халық болған күні ғана біз Абай өсиеттірін жаңа қырынан түсінудеміз. Бұрын Абайды ұлы ақын деп бір жақты ғана қарап келсек, енді Абайдың ағартушы, педагог, халықшыл, философ екеніне көзіміз жетіп отыр. Абайдың философиялық ілімі әлі терең зерттеуді қажет етеді. Осы арқылы Абайдың дүниетаным ілімін жоғары оқу орындарында Кант, Гегель, Фейербах философиясымен қатар сабақтаса оқыту керек. Бұл бағытта терең зерттеулер, еңбектер жазу, оқу бағдарламаларына осы тұрғыда қарау керек деп есептейміз. Абай қара сөздеріндегі халықты заман талабына сай оқуға, білім алуға шақыруы, ел болашағындағы отырықшылықтың, сауданың, қала салудың, өнердің алатын үлкен орнын көрсете білуі қазіргі егемен республикамыздың саяси, әлеуметтік, экономикалық дербестігін қамтамасыз етуді іск асыратын азаматтардың, ұлттық ғылыми-техникалық интеллигенция, жұмысшы кадрларын дайындау ісіне дөп келгендей. Осыдан бір ғасыр бұрын айтылған Абай сөздері, өсиеттері, міне, осылай дәл қазіргі күні де өз ұрпағын елінің болашағын іске асыруға шақырып тұрғандай. Өкінішке орай, Ұлы ақын ашына көрсеткен жалқаулық, бойкүйездік, күндестік, т.б. кері қылықтар халқымыздың арасында әлі күнге сақталуда. Нарықтық экономиканың қатал заңы, осыған орай жалпы экономикалық әлеуметтік-саяси қатынастардың жаңа салаға өтуі – халықтың қалың тобының арасында көптеген қиыншылықтар келтіруде. Бұрынғы одақтың ыдырауы, осыған орай экономикалық байланыстардың үзілуі, республикамыздың шикізат базасы ретінде қалуы, қазақ ұлтының ауыл-селоларда тұруы, көшпелі мал шаруашылығымен айналысуы, халық шаруашылығының бқл саласының аса ауыр дағдарысқа ұшырауы, сонымен қатар кәсіпорындарды, ұжымшар, кеңшарларды мемлекет меншігінен ұжымдық, жекеменшікке көшіру, әсіресе негізгі ұлт өкілдерінің нарықтық қатынастарға дайын еместігі, осыған байланысты тиісті мамандардың болмауы, т.б. көптеген себептерде еңбек жасындағы адамдардың басым көпшілігінің әсіресе, жастардың жұмыссыздыққа ұшырауына, ауылдардың тоқырауына әкеліп соғуда. Қазіргі күні тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық жұмысшы тобын қалыптастыру мақсатында жастарды арнайы кәсіпке дайындау, жергілікті ұлт өкілдері есебінен қала халқынығ үлес салмағын көтеру саясаты іске асуда. Алайда әліде болса қазақ жастары, арнайы орта, жоғары оқу орындары студеттері арасында ұлы Абай көрсеткен олқы қылықтар кездеседі. Жастарымыздың көпшілігі осындай кері жағдайлардың әсерінен өз мүмкіндіктерін заман талабына сай толық көрсете алмауда. Жастар арасында араққа үйірлік басым, уақытша қиын заманға орай мақсатсыз бос жүру, ұрлық жасау көбейе түсуде. Үлкенді сыйлау, әйелді, ананы құрметтеуде де олқылықтар көп. Алып сатарлық, ұсақ сауда белең алып келеді. Мұның барлығын дер кезінде ескеріп, олардың өрбуіне тыйым салмаса, халқымыздың болашағына үлкен кесел тигізері сөзсіз. Міне, осының барлығын Ұлы Абай халқына арнап осыдан бір ғасыр бұрын айтқан екен.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|