Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Алижан Бекқожин




Жиылыс бітті.

Жалғыз мен залда қалдым.

Өтті міне

Өлеңге арнаған күн.

Сонша неге шуладық?

Басым мең-зең...

Маған төрден қадалып

Қараған кім?

 

Ойлы көзбен

Ол төнді қабырғадан.

Көрді-ау жаңа

Біздерді дабырлаған.

Әлде ұнатпай қалды ма?

Не түйінді?

Не айтпақ екен өзі

Кәзір маған?

 

Абай аға,

Дауымыз жақпады ма?

Мұршамыз жоқ

Өзіңдей баптануға –

Жыр шіркінді

Түйдектеп жазамыз да, асығамыз

Жарыса мақтануға.

 

Биігіндей

Жыр деген даналықтың.

Сен жазыққа

Асқардай дара біттің,

Біз көппіз ғой,

Төбе мен төмпешіктей.

 

Сен шыңысың

Жүз жылғы аралықтың.

Арамызда

Өзіңдей биік құз жоқ,

Таласпаймыз

Таппаған тұйықты іздеп.

Жаңа ғана көрдің ғой,

Таласамыз

Абайдан соң

Қайсымыз биікпіз деп.

 

Сен өлеңді жазбадың

Жүлде тілеп.

Атағыңды тараттың

Жыр жетелеп.

Кітапсыз-ақ

Даланы кезді сөзің.

Қаламақы қумадың

Сен ентелеп.

 

Ал біздер ше?!

Том-томдап жыр құрамыз,

Жүлде десе,

«Мен бар!» деп жұлқынамыз.

Бұйымдарын өткізген бақалшыдай,

Жыр бағасын

Бұлдауға ынтығамыз.

 

Мейлің күл,

Ерсі болса кәсібіміз.

Дүниеқұмар емеспіз әсілі біз.

Жидебайда

Жусаған жылқымыз жоқ,

Өлеі ғана –

Нәріміз, нәсібіміз.

Иә, бізде көп ду жиын, қызу кеңес.

Өлең үшін боламыз қызыл өңеш.

Арамызда аға жоқ

Сендей дара,

Жасымыз да

Көкпайдай кішік емес.

 

Бәріміз нән...

Сөз сырын кім сараптар?

Сынға қырын

Әлі көп қисалақтар.

Оралсаң сен,

Сайлар ек местком етіп,

Егер саған

Қызметін қиса Жаппар...

Дарындылар аз емес жырға шебер.

Аз да емес

Сөзуарлар тілмен шенер.

Жесір дауы,

Жер дауы

Жоқ болса да,

Бізде де бар

Кер езу Жиреншелер.

 

Солар тегі

Тақылдап сауысқандай,

Сәуерлейді-ау

Қасымен қағысқандай,

Тырмысқанда, сондайлар тасбақадай,

Сөйлегенде сірескен қайыс таңдай.

Аш кенедей жабысып денемізге,

Өрмелейді сондайлар өремізге.

 

Түймең түссе,

Түйеден зіл тағады,

Керіспейше,

Сондайға көнеміз бе?

Ал сен жалғыз ашындың, ойлар тулап,

Армандарың

Шашылды сайға құлап.

Біз мың ойды гулесіп жаңғыртамыз,

Шуламай ма

Тасырда қайнар бұлақ?

 

Біз солаймыз, жақтырма, мейлің сына!

Біз бұлақпыз- айдынның құйлысында.

Өзің де өршіп сөйлер ең,

Қатыссаң бір бұл күнгі

Поэзия жиылысына.

 

Сан заманнан біз өскен дәуір мықты!

Арқалатты

Жырға да ауыр жүкті.

Жалғыз емес жүз Абай

Қажет шығар,

Тербеуге қазіргі қауым жұртты...

 

Кеше гөр!

Бұл сырым ғой айтылмаған!

Сыр ашпаса,

Шыдайды қайтіп адам?

...Ол күбірлеп,

Қозғалып қалды білем.

Абай аға,

Не ойладың,

Айтшы маған?!

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных