ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мұқашев Т, Мұқашева А.Қазақтың төл әдебиеті саналатын жыраулық поэзияның астарлы ой төркіні, танымдық, тереңдігі әлі ашылмай келеді. Тереңнен ой қозғайтын жыраулық дәстүр – ел тарихымен қатар халықтық даналықтың қайнар көзі. Қайбір жырау жайлы сөз қозғағанда, жырау поэзиясының ой төркінінен гқрі оның тарихилығына, шығарма тілі мен құрылымына терең мән береміз де, жыраудың ойына, меңзеген сырына назар сала бермейміз. Себебі, жырау тілі, жырау ойы сан қатпарлы. Оның ақындардан ерекшелігі де осында. Астарлы ой, терең таным, сөз қуатын мақсат еткен жырау ерікті пайымдаудың иесі саналады. Жырау атадан балаға мұра болып келе жатқан сөз құдіретімен бірге тарихи дамуды, салт-дәстүрді терең меңгеріп қана қоймай, өз заманындағы жетістік пен кемшілікті жіті саралап, жырының арқауы етеді. Поэзияның қуаты, шымыр болып келуі оның сыртқы құрылысында ғана емес, ішкі мазмұнында да. Осындай шымыр поэзияның, жыраулық дәстүрдің бірі және бірегейі – Бұхар жырау. Жыраудың: Ай мен күннің өлгені – Еңкейіп барып батқаны. Айдын шалқар өлгені – Мұз болып тастай қатқаны. Қара жердің өлгені – Қар астында қалғаны. Өлмегенде не өлмейді? Жақсының аты өлмейді, Әлімнің хаты өлмейді, - деген өлең жолдары бір қараған кісіге өсиет үлгісінде айтылған қанатты сөз ретінде көрінуі мүмкін. Бірақ, адам өмірімен байланыстыра ойланып көрсек, тіптен басқа мазмұнға ие болатыны даусыз. Осы жердегі ай, күн, шалқар көл, қара жерді адам өмірінің түрлі белестеріне балап, талдап көрсек, онда былай түсінуге болар еді. Халық ұғымында арайлап атқан күнді жастық шаққа, күннің батуын өткен өмірге теліп отырған. Ал ай – күннің түнгі жалғасы. Шалқар көл – бірде толқын, бірде толқын жатұан өмір, қара жер – бәрімізді дүниеге әкеп, емізіп отырған ана. Демек, дүниеде шексіз ешнәрсе жоқ. Бәрінің белгілі бір уақытқа шегі болмақ. Адам өмірі де мәңгілік болмақ емес. Мәңгілік болар нәрсе –сенің дүниеде жасаған жақсылығың, терең ғылымың. Бұхар жырының ерекшелігі – ондағы айтылар ойдың тура келмей үнемі жанасымды, түрлі теңеу, салыстыру арқылы келуінде. Тура сөйлемей, ойлы тұспалдап, астарлап жеткізу атадан қалған дәстүр екені мәлім. Бұхардың осы халықтық дәстүрді өз жырында шебер пайдалана алғанын аңғаруға болады. Ақ сұңқар құстың баласы, Ұяда алтау тумас па, Ұяда алтау туғанмен, Оның ішінде біреуі-ақ алғыр болмас па! – деген өлең жолдары сұңқар құстың ұрпақ тарату жолдарын суреттеп отырған сыңайлы.Жырды әрі оқи берсек, жырау ойының астарын түсінеміз.Яғни: Адамзаттың баласы, Атадан алтау тумас па, Атадан алтау туғанмен, Оның ішінде біреуі арыстан болмас па! Жырау ойды тереңнен меңзейді. Не жақсы, не жаман, өмірде қайтпек керек, қайтсек істеген ісіміз жақсылық болмақ деген сұрауларға жауап беруде жыраудың өзіндік соқпағы бар. Ол не жақсыны айтудан, үгіттеуден, насихаттаудан аулақ. Қай мәселені көтерсе де сара жол, ақиқатын ашып береді. Соны істеуді ұсынады. Адами болмыстың биік шыңына жетудің бағытын көрсетеді. Демек, жырау бүкіл өмір жолына көкейіне түйгенін бағалап, бағамдап туған халқының барар жерін пайымдаған сияқты. Сондағы жыраудың мақсат тұтқаны не? Тек халқының ауқатты, білімді болуы, тыныштықта өмір сүруі ме? Жоқ, әлде, басқа ма? Ауқатты болуы үшін көшпелі халыққа керегі қалың мал, білімді болуы үшін көптеген сауат ашып, білім қуу керек, бейбітшілік болуы үшін жерді жаудан азат ету керек.Әрине, бұл айтылған нәрселер қажет-ақ. Дегенмен, жырау мақсаты тереңде жатыр. Жыраудың не жақсы, не жаманның сырын ашуда моральдік танымның теориялық алғы шартын ашу идеясы жатқанын аңғаруға болады. Және осы идеясын тәжірибелік жағынан, яғни, өмірде көрген-білгендерімен салыстыра отырып қуаттайды. Жаманмен жолдас болсаңыз – Көрінгенге күлкі етер, Жақсымен жолдас болсаң – Айырылмасқа серт етер. * * * Екі жақсы қосылса, Санат емей немене. * * * Жал, құйрығы жаба деп, Жабыдан айғыр салмаңыз! Қалың малы арзан деп, Жаман қатын алмаңыз! Жабыдан айғыр салсаңыз, Жауға мінер ат тумас. Жаман қатын алсаңыз, Топқа кірер ұл тумас! Міне, осы жыр жолдарынан жырау ойының нақты дәлдігімен қатар тура жолды көрсеткен өмірлік бағытын байқаймыз. Болмысында Бұхар сауатты, алдында өткен ойшылардың еңбегімен кеңінен таныс екені мәлім. Діни сауаттылығын өз жырында шебер пайдалана отырып, ел арасында көмескілене бастаған сопылық ілімнің жаңғыруына мұрындық болады. Бұхар жыраудың: Халықтың жолын күзетіп, Жақсылықты ұққан жұрт, - деуінде аңғара білген тыңдаушыға айтарлықтай салмағы бар ұғымдар жатыр. «Бұхардың «Хақтың жолын күзетіп» деген пікірінің астарында, бүкіл сопылық танымның ең өзекті теориялық танымдары жатыр» дейді белгілі ғалым, профессор М.Мырзахметұлы. Бұхар өмір сүрген дәуір – қазақ даласында Жоңғар щапқыншылығының күшейіп тұрған тұсы. Ел ішінде алауыздық белең алып, ханнан қайыр, қарадан ынсап кеткен, Бұхар сөзімен айтқанда: Ай, заман-ай, заман-ай, Түсті мынау тұман-ай, Істің бәрі күмән-ай болған заман. Елден береке кеткенде, діннің де мешеу тартқан тұсы. «Ораза, намаз тоқтықта» дегенді ту етіп ұстаған қазақ халқы үшін аласапыран заманда діннің де керегі шамалы екенін аңғару қиын емес. Ал діннің халық рухы үшін қаншалықты қажеттілігі бар екенін түсінген Бұхарға діннен ауытқи бастаған халқының харакеті құрдымға кетумен бірдей. Сондықтан ол: Бірінші тілек тілеңіз, Бір аллаға жазбасқа, Бесінші тілек тілеңіз, Бес уақытта бес намаз Біреуі қаза қалмасқа, - деп, елді, дінді ұмытпауға шақырады. Бұхар сопылық ұғымды уағыздауда діндік фанатизмнен аулақ. Ол Алланың – хақ екенін терең түсінеді. Дүниенің жалған, ақыреттің бар екенін де растайды. Бұхардың: «Дін пұсырман болмаса,Тіл пұсырман не пайда», - деуі осыдан болса керек. Сопылық ілімнің айтуынша, адамның негізгі өмірі ақыретке барғаннан кейін басталмақшы. Сондықтан адам өмірге шыр етіп келгеннен бастап о дүниеге барар сапарға дайындалуы тиіс. Сондықтан Алланы сүю керек. Бұхар ойы бұған қарағанда ерікті.Ол ақыретке сенеді, бірақ адам екі өмірде де адами қасиетті жоғалтпай, қажетінше өмір сүруі тиіс. Алланың аманат қойған жаны Қай күні алары болжамсыз, - деуі сондықтан. Бұхар пайымы сопылық ілімнен алшақ кетпейді. Ол сопылық ілімді теориялық жағынан дұрыс қабылдап, нақты өмірмен ұштастыруға ұмтылыс жасайтынын көреміз. Оның жаны да бар. Себебі, Алладан гөрі әруаққа бірінші бас ұратын қазақ халқына бірінші Алланың хақ екенін ұғындыру қиынға соқтырса керек. Алланың хақтығын санаға берік қалыптастырмай, оған ғашық болуға шақыру бос әурешілік екенін жырау дөп айтқан. Алла дегне ар болмас, Ақтың жолы тар болмас. Тар пейілді кеңімес, Кең пейілді кемімес. Хақтың жолында пенделіктің көмескіленіп, рухани тазаруға жол ашылатынын, ал рухани тазалықтың төрінде тек жақсылыққа жол берілетінін жырау тұспалдап танытады. Тегінде жырау жырларында адамды екі топқа бөлетінін байқаймыз. Ол – жақсы адам және жаман адам.Жырау жақсы адам мынандай, жаман адам мынандай болады деген нақты тұжырым жасамайды. Оны бүкіл шығармасын оқып, ой елегінен өткізген кезде аңғарасыз. Өйткені, жақсы адамның жақсы болуы оның табиғи болмысында ғана емес екен. Жақсы адам өлшемі жырау ұғымында – ардың жолын мақсат тұтқан, сахара рухымен үндестік тапқан, жақсылық туын желкен еткен, ата дәстүрді қасиет көрген адам. Осының жиынтығы адами руханияттың негізгі тірегі. Жырау ұғымынша, мұндай адам біреу. Ол – Абылай хан. Жыраудың бізге жеткен Абылайды жоқтау жырында осы сәт өте әдемі көрініс табады. Ғаділдігін Наушаруан ғаділге жеткерген, Жомарттығын Хатымтай, жомарттан өткерген, Күнде меһман күзетіп, Кескілеп ет берген. Имандының ісіне қарап бет берген. Бір құдайдың дидарын Сен көрмесең кім көрер. Мұсылман ұғымында Алла дидарын көру құрметі ешкімнің еншісіне тимеген дәреже. Жырау жақсы адамның құдіретін асыру үшін құдай дидарын көру биіктігіне дейін суреттейді. Жырау шығармашылығы сан-салалы ой қатпарымен ерекшеленеді. Оның бір жағын ашып, сырын ұғынып жатсаң, екінші жағынан жаңа ойдың ұшы қылтиып шыға келеді. Осындай сырлы ой мен астарлы ұғымның қалтарысында сахара философиясы туып, қалыптасып отырған деуге толық негіз бар.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|