Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АБАЙ ЖӘНЕ АДАМЗАТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ




Ахметжанова Ф

«Әкесінің баласы адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» деп нәсіліне, дініне, ұлтына қарамай бүкіл еңбекші адам баласын бауыр көргенімен, Абай – өзінің қазақ ұлтынан туғанын, сол ұлттың өркендеуіне бойдағы бар қайратын, ойдағы бір ақылын жұмсауға міндетті екенін өзі ес білгеннен өле-өлгенше ұмытпаған адам. Сол ұмытпағанның үстіне, қазақ көркем әдебиетінің тарихында «қазағым» деген сөзді ұлттық мағынасында Абайдан бұрын ауыз толтыра айтқан адамды біз әлі білмейміз. Әрбір дана адам, қай кезде болсын, өмірді, өз айналасын бақылай отырып, одан өзгеше қорытынды шығарады, өмір туралы аз сөзге көп мағына сыйғызып, өз көзқарасын кейінгіге мұра етеді. Бұл арада да Абайдан асып айтқан ешкім жоқ. Ол өз дәуірінің көлеңкелі жағын айқын суреттеп, өз заманына тән, сол жағдайға лайық, әлеуметтік, таптық ірі, келесі мәселелермен қатар, кейбір елеусіз нәрселерге де назар сала білді, сөйтіп ол өз заманынң айнасы болды. Мәселенің қандайын алсақ та, оның бүгілгенді жазып, бүркенгеннің бетін ашқандығының куәсі боламыз. Жер бетінде қазақ дейтін халық бар екенін дүние жүзіне танытқан Мұхтар болса, керісінше, Мұхтарды айдай әлемге әйгілеген Абай деуге әбден болады.

Абай – әдебиет тарихы жағынан алғанда ең көп зерттелген ақын. Оның өмірі мен шығармашылығы туралы кандидаттық, докторлық диссертациялар жазылды. Маңызды монографиялар дүниеге келді. Ол жөнінде жазылған мақала-еңбектерде сан жоқ, алайда біз қарастырып отырған адамгершілік, парасат мәселесі – тың тақырып. Абай шығармаларының тақырыбы әр алуан, өмірге көзқарасы, жұртшылық алдына қойған мәселелері сан түрлі. Оның еңбектері тек әдебиетшілер ғана емес, тарихшы, педагог, психолог үшін де ғылыми зерттеу объектісі болып отырғаны бұл күнде ешкімді таңдандырмайды. Ұлы ойшылдың 150 жылдық тойы қарсаңында зерттеу еңбектер саны еселеп өсті.

Өзіңе қазақ әдебиетінде де, Шығыс пен орыс әдебиетін де терең түсініп, олардан өзінің шығармашылық өсу жолдарына еректерін ала білген және оларды шығармашылық жолмен іске жаратқан ақын осы арқылы өз кезіндегі қазақ әдебиетін биік сатыға көтерді. Оның тағы бір ерекшелігі – өз халқын әлем мәдениетінің озық үлгілерімен, философиялық терең ойларымен таныстыруы. Ақынның таланттылығы, үлкен мәдениеттілігі, халқының болашағын дұрыс түсінуі, әрі ұлттық, әрі халықтық идеяны үндеуі оны ұлы ақын дәрежесіне жеткізіп, көркемдігі жоғары мұра қалдыру, әдебиетіміздің негізін салу белесіне бастады. Қазіргі күнде өзіндік үні, өзгеге ұқсамас жолы бар беделді қындарымыздың көпшілігі қазақ әдебиетінің шеберінде ғана қалып қоймай, орыс, Шығыс, Батыс әдебиеттерінің озық үлгілеріне құлаш ұрып жатса, ол Абай өлеңдерінің әсері, ақын қалдырған үлгі.

«Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан» ақын бұл күнде «жүрегінің түбіне» тереңдей үңілген, шығармаларын сүйіп оқитын тәуелсіз Отаны бар асыл халқын тапты.

Ақын өзі өмір сүрген заманға, өз шығармаларына сын көзбен қарап, халқының ілгерілуіне бөгет болып отырған мәселелер түйінін өз шығармалары арқылы шешуге тырысты. Қараңғылыққа қарсы қаламымен майдан ашты. Зұлымдықты тамырынан жоюды мақсат тұтты. Бұл қалыпта қала беруге болмайды, мәдениетке қарай аяқ басу керек деген қорытынды пікір айтты.

Көркем шығармадағы болсын, өмірдегі болсын Абай бейнесінің парасатты, үлкен адамгершілік иесі болып қалыптасуының үш қайнар бұлағы бар. Олардың біріншісі - әжесі Зере, өз анасы Ұлжан, телініп өскен анасы Айғыз, екіншісі – қазақ халқының ұшан-теңіз бай ауыз әдебиеті, үшіншісі – орыс достары. Үй-ішіндегі адамдардың, ата-ананың басындағы әр түрлі мінездер Абайға жастайынан ой салды. Зерек бала өз айналасындағы қайғылы халдерді көзімен көрді, алыстағыны құлағымен естіді, сондықтан өзі туған ортадан көріп-білген өмір шындығы өсе келе шығармашылық еңбегінде толық орын алды. Ақын:

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың, -

дегенде ру ішіндегі, бір румен екінші ру арасындағы тартыс-таластарды ашына айтты. Патша өкілдерінің байларды сүйеп, кедейлерді кері теуіп, пара алуын, шеншекпен беріп алдауын, сөйтіп қара халықты езіп, жаныштап отырғандығын ерекше бір әсермен әшкереледі, партияшылдық, жікшілдік, алауыздық атаулыға жан-тәнімен қарсы ьолды.

Ел бүлігі тобықты, көп пысыққа жолықты

Өзінен шыққан жақсылар, түзете алмай сорықты-

деп, ақынның ой қорытуы сондықан болар. «Ел бүлігі Тобықты деп, ең алдымен, ағам біздін Ырғызбайдың жуандарын айтқан» деп жазды баласы Тұраш естелігінде.

Өз халқының қайғы-қасіретіне күйініп, көңілін мұң торлаған ақын оның келешегінің бақыты болуын арман етті. Келешек ұрпақ бақытты болса екен деген игі тілек оның жүрегінен бір сәт те кеткен емес. Сол бір келешек үшін қолдан келгеннің бәрін істеп, қатулы қараңғылықпен арпалысты. Сол себептен де:

Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын, -

деп жазғаны көпке мәлім.

Бір кездері бұратана халық саналып, қорлық пен орлықты көп көріп, аштықты, жалаңаш-жалпылықты бастан өткеріп, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» дегендей етек-жеңімізді жинай алмай келсек те, бұл күндері саны он миллионнан асқақ қазақ егемен ел болып, шаңырақ көтеріп отырмыз. Елбасының сарабдал саясатының арқасында қазақтардың бірінші дүниежүзілік құрылтайынан бергі уақытта қазақ деген бауыр-қарындасымыздың өз Отанына оралуы толастаған емес. Алайда тегеуріні күшті басшылар тарапынан болсын, басқамыздан болсын сол ағайындарға деген қамқорлық күн сайын азайып келе жатқаны көпке белгілі жайт. Осы біздің жоқ болса, бере алмайтын, бар болса, көре алмайтын әдетіміз не екен? Дүниенің төрт бұрышын оймен болжап, санамен билеген ұлы Абай біздің осы жаңа келген, ата қонысына оралған ағайындарымызды кеудеге қағып, аяқтан шалып отырғанымызды көргенде не айтар еді? Осы арада ақынның «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандастарының бәрі кінәлі» деген өсиеті ойға оралады. Десек те, осы қағиданы ұдайы жадымызда сақтау жетпей жатады-ау.

Тарихи деректерде көрсетілгендей, Абай 1885 жылы «Қарамола» съезінде екі түрлі жетістікке ие болды. Біріншісі – өзін жазалаймын деп келген аязбен терезесі түрлі тең адамдай сөйлесіп, өзінің кінәсіздігіне оның көзін жеткізіп, соңынан оның қолдауымен Төле би сайлануы да, екіншісі – қазақтың бұрыннан бар заң-ережелерінде қазақ ішінде болатын көптеген мәселелермен қатар әйел теңдігіне де жол ашылды. Тіпті адамгершілік, моралдық нормаларды да өзі белгілеп, заңға кіргізді. Мысалы, отқа түскен немесе суға батқан адамдарға көре тұра көмектеспеген, үйге келген қонаққа қонақасы бермеген адамдар кінәлі деп саналып, жауапқа тартылған, айып төлейтін болған. Өтірік арыз тасығандар, нақақ жала жапқандар 28 күнге дейін абақтыға қамалатын болып шешілген.

Абайдың бұл заң-ережелері ескіден келе жатқан қазақтың билік жобасына, ғасырлар бойы бұзылмаған керартпа әдет-ғұрыпқа, халық тұрмысына сәйкеспейтін патша өкіметінің заңдарына үлкен тойтарыс болғаны анық. Осы бір ізгілікті іс Абайдың көптен ойлап жүрген арманы еді және көзі тірісінде бұл заң-ереже бұлжымай орындалғандыығына архив материалдары дәлел.

Ұлы ойшыл парасаттылығын, адамгершілік қасиеттерін данышпандық тұрғыда айтылып, бүгінгі күн биігінен қараған сайын жарқырап көрініп көңілінді елең еткізетін ой-тұжырымдарын ақынның кез келген шығармасынан табуға болады. Егер «әдебиет – өмір айнасы» деген қағмданы еске алсақ, бұған бірден-бір дәлел Абай шығармалары, онсыз өткен күнді, ақын өмір кешкен уақытты көзге елестету қиын.

Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп,

Екі жаққа үңілдім.

Құлағын салмас,

Тіліңді алмас

Көп наданнан түңілдім, -

деп, ақынынң толғануы, сол кездегі заман шындығы. Ақын өмір сүрген дәуірге көз жіберсек, бұл өлеңнің басқаша жазылуы мүмкін де емес секілді.

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын, -

деп, ұлы ақынның айтқанына қазір санап отырсақ, бір ғасырға жуық уақыт өткен екен. Солай бола тұра, осы бір данышпандық ой қай дәуірге болса да сыйып тұрғандай. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында бұл өлеңнің мән-мағынасы үсті-үстіне арта түскендей.

Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап мал ізде.

Адал бол – бай бол,

Адам бол – мал тап.

Қуансаң, қуан сол кезде,

деген ойлар да біз көз тоқтатқан пікірлердің жалғасындай, сол айтылған мәселелерді тереңнен толғай көрсетеді.

Абай поэзиясына алғаш баға беріп, оның терең сырын ұғып, сипатын таныған Ахмет Байтұрсынов; «Не нәрсе жайын жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қарамай жазады», - деп қорытуы жоғарыда айтылған ойлардың іргетасы.

«Жасында ғылым бар деп ескермеген» ақын өз тұсындағы жастарға «талапты ерге нұр жауар», ғылым ізде, ой ойла, бос жүрме, «айт пен той» абұйыр әперген күні жоқ деген ойларын түйінді түрде айтып, оларға аса үлкен талап қойған.

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге

Артық ғылым кітапта.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қойсаңыз,

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайдан деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Осындай мағыналы ойлар уақытпен бірге ескіреді, дәуір ағымынан қалып қояды деп қалай айта аламыз?! Абай шығармаларынан кемшілік іздеушілер ақын еңбектеріне қара жаяу өлеңдер баршылық, өткен дәуірдің үлкен салқыны бар дейтін пікірлерді ара-тұра айтып жатады. Бұған не деуге болады? Ақын да тірі пенде ғой, ол өзін қоршаған ортадан тысқары, болмаса алға озып кетіп немесе айналасындағыны көрмей-білмей, жақсыға сүйсінбей, жамандыққа күйінбей, тебіренбей өмір сүре ала ма? Сондықтан да ақынның «не ғылым сөзім қор болды-ау, Тобықтының өзіне» дегені заманның жанды суреті, адам бойындағы жақсы-жаманның бәрін айқын көрсетуі.

Малдың күшімен жас қыздардың тағдырын шешу, олардың талап-тілегімен санаспау ақын өмір сүрген заманның негізгі берілглерінің бірі болған. Сондықтан да Абай:

Кәрі, жас дәурені өзге тату емес,

Епке көнер ет, жүрек сату емес.

Немесе:

Есерлер жас әйелді тұтады екен,

Жас қайғысын білдірмей жұтады екен, -

деп қатулы заманды айнытпай суреттеген. Ақын тілімен айтқанда, «Бірі – көк балдырған, бірі – қурай» немесе «Екі көңіл арасы жылшылық жер болса, ондай көңілдер «қыс пен жаз» секілді бір жерде тұра ала ма? Өзін-өзі жұбатып алдағаны болмаса, мұндайда сүйіспеншілік туралы ойлауға да болмайды ғой» деп қорытынды жасайды.

Ақын өзінің өлеңдері мен дастандарына қазақ қыздарының бостандығы мен теңдігін ғана жырлап қойған жоқ, сонымен қатар қыздарға тән нәзіктікті, әдемілікті, ұяндықты солардың бойынан таба білді.

Қылығында жоқ ағат,

Қарап тойман жүз қарап,

Ыстық тартып барасың

Бір сағаттан бір сағат, -

деп, қазақ қызының мінезділігін суреттеп:

Қызарып, сұрланып,

Лүпілдеп жүрегі.

Өзгеден ұрланып

Өзді-өзі керегі –

деп, өжеттігінен ұяңдығы басым қыздар келбетін жасадым. Адам басынан кешетін сезімдердің бәрін назардан тыс қалдырмай, терңдете түсіп, қазақ қыздары осындай болса екен деген арман-тілегін де астарлы оймен оқушысына жеткізе білген.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Немесе:

Ғашық тілі – тілсіз тіл,

Көзбен көр де, ішпен біл.

Сүйісер жастар қате етпес,

Мейлің илан, мейлің күл, -

дегенде де Абай адал сүйіспеншілікті – үлкен адамгершілік нышаы деп айтып отыр. «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңыз» деп толғануы осыны дәлелдейді. Осы арада ақын айтқан пікірлер бүгінгі жастар бойында бар ма, болса қандай дәрежеде дейтін заңды сұрақ туындағанымен оған қалай жауап бере аламыз?! Қараторғайдың ұясындай жетімдер үйінің Қазақстанның түпкір-түпкірінде қаптап кетуін немен түсіндіреміз? Сылдыр қаққан шолпы, кәмшат бөрік, білектей бұрым көзімізге көрінбегелі қай заман? Тіпті қазіргі жағдайдағы тілге байланысты мәселелерді, кемшіліктерлі айтпағанның өзінде, соңғы келтірілген ойлар қазақ үшін күлетін нәрсе емес.

«Жанымда халық қалса, халыққа жолымды қосатын,

Жанымды қосатын қолымдағы жарық қалса, жеткені» деп, келер ұрпаққа ақын үлгі-өнеге қалдырған.

Ақынға бірқатар идея жағынан үлкен әсер еткен Ресейдің прогрессивті өкілдері болды. Олармен танысу, қарым-қатынас жасау Абайдың ақыл, ой-санасының дамуына кең өріс ашты. Абай орыс кітаптарын оқумен бірге орыс достарының жәрдемімен сол кездегі ішкі Ресейдегі саяси-әлеуметтік өмірдегі өзгешеліктер мен қайшылықтарды жете түсінді. Бұл жағдай оған өз халқының хал-жағдайын дұрыс тануға көмектесті. Осыдан кейін Абай санасында Ресей қалыптасқандай болды. Орыс жұртшылығы ақын шығармаларымен шағын аударма түрінде болса да, 1941 жылдан бастап таныс бола бастаған. Нәзипа Құлжанова «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін орыс тіліне аударып, «Сибирский студент» журналына бастырған. Біраз өлеңдерді Алекторов аударған. Ағайынды Белослюдовтар (Семей тұрғындары) ақын шығармаларын аудартуға әрекет жасаған. Қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы А.Н. Белослюдов Абай турасында тұңғыш мақала жазған. Алайда Белослюдовтың кейбір қате пікірлірі де болған.

Абай және оның орыс достары туралы айтқанда, ұлы Абайдың да достарына істеген қамқорлығын естен шығармау керек. Қазақтың ұланғайыр кең даласында «мыңмен жалғыз алысқан» ақынның өзі айтқандай, «көзін ашып, көкірегін оятқан» Михаэлис болса, ол Өскеменге кеткенге дейін толық Абайдың қамқорлығында болған екен. Жалғыз Михаэлис емес, Долгополов та, Гросс та ақынның Жидебаайдағы ауылын өздерінше бір шағын университетке айналдырған.

Ұлы ойшыл қалың ел өміріне араласқан да, кейінгіге өсиет қалдырғанда да, Шығыс, Батыс мәдениеті мен әдебиетіне ұмтылғанда да көздегені бір-ақ мақсат болды. Ол – адамгершілік пен парасат қасиеттерін адам бойына сіңіру, жастар келбетінен алдағы күндерде соның нәтижесін көру, соған қуану. Бұл үлкен мақсат пен биік мұрат орындалып та жатыр.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных