Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






УЕЗОВТАНУ - ІРГЕЛІ ҒЫЛЫМ




Кәрібаева Б

 

Әуезовтану ілімі, негізінен, кеңестік кезеңде қаз тұрды. Заман өзгерді. Ғасыр алмасты. Қазақ халқы үшін М.Әуезов сынды мәңгі тұлға өз уақытына лайық талдау-танымын тауып отыруы-заңдылық.

Өскелең ұрпақ санасы қашанда қозғалыс, даму үстінде болатыны белгілі. Әсіресе, әдебиеттану ілімі қасаңдықты көтермейді. Жанды өмір, тірі тарихты тілейді. Сол сияқты өнер мен ілім егіз. Осындай төл ерекшеліктер түйіні тарқатылса ғана туған әдебиет, оның танымы өінің ғылыми өресін биіктетіп, өрісін кеңейтеді.

Әдебиетіміздің дәстүрлі даму жолын кеңестік әдебиетпен жарыстыра, қатар қоя ілгерілеткен Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармалары арқылы тұтас жазба қазақ әдебиетінің көтерген деңгейін байқауға болады.

Мұхтартану - Абайтанудың ой-сана білім биігінде танылып, қаз тұрды да, әрмен қарай Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің түбегейлі сыбағасына айналды. Бұл екі тұлғаның да әлемдік даңқы тікелей Әуезовтің қыл мойыны көтерген ұлағатты еңбектің нәтижесі. Руханияттың, халықтың маңызы бар жүктің бұл екі тұлға ең ауырын көтерді. Олай болса бүгінгі рухани қайта түлеу дәуірінің көш басшылық міндетін де халықтың осы рухани көсемдері Абай-Әуезов негізін салған ілім атқаратындай. Сондықтан Мұхтартану ілімі - бүгін жалпы халықтың маңызды ісі.

Әуезовке Абайды сақтап қалу оңайға соқты ма? Сол ұлан-ғайыр еңбектің еш кетпеуін, қазақ үшін соғылған сол рухани қорғанның іргесі беки түсуін бүгінгі саналы ұрпақ сезінуі ләзім. Сондықтан Әуезовтану ілімі - тұтас институт айналысатын, әр мамандық иелері араласатын күрделі ілім. Ол сүбелі монографиялармен көктейді. Науқандық шара кезіндегі кезіндегі жүзеге асып қалған жаппай кітап шығару науқаншылдығымен шектелуге болмайды. Оның көпшілігі - Әуезовті ашу емес, керісінше, көміп тастауы мүмкін. Ал, шын өркениетке қарай қадам басса-ақ алдымызды Әуезов орайтыны талассыз. Сондықтан бүгінгі ұрпақ дәстүрі алдымен Әуезов мектебінен алғаны тиімді-төте жол.

Әуезовті тамыры бір Алашпен қатар қоя зерттеу керек. Көп мәселеде бұлар бір тұлғаға айналады. Өйткені, бәрі де Абай өркениетінің түлектері. Олай болса, ең алдымен, М.Әуезов методологиясын айқындаудың мәні зор.

М.Әуезов - әлемдік әдебиет үлесі. Абай секілді жалпы адамзаттық ауқымдағы суреткер. Несімен? Бұл тұрғыда да, Әуезовтануға біраз тіс батыруға тура келеді. Шын мәніндегі талдау - танымсыз, құрғақ мадақ, білімсіз пікірлермен Әуезовті тым жалаңаштап аламыз. Әуезовтану аса жанды ілім болғандықтан, оның танымдалуы өз уақытының сұранысына сай болып отыру керек. Догма - Әуезовке жат. Мұның бәрі ұрпақ үлесіндегі тәуелсіздіктің жетекті тұтқалары. Бұл ілімді актуальдылық жағынан қарастыруымыздың мәнісі де сонда. Әуезов - аса күрделі құбылыс.

Сонау ауыз әдебиетінен бастап, жазба мәдениеттің шыңына шыққан Әуезов соқпағы да Абайды еске салады. Алайда, екі алыптың суреткерлік лабораториясы басқа. Қайталаудан аулақ. Өйткені, Әуезовтің өзінің жазушылық тағдыры қалыптасты. Тариха қоғамдық бітім-болмысы тұлғаланды. Бірақ, қандай бір қиындықта ол Абайдан көз жазбады, моральдық тұрғыда да, концептуальдық биігімен де жазушыға тұғыр болды.

М.Әуезов мұрасы шашырамай, біршама жинаулы тұр. Абайтануға қарағанда, Мұхтартанушылар үшін бұл үлкен жеңілдік. Тек оның ғылыми көздерін ашу керек. Оқу, оқыту жүйесінде тұрақтандыру қажеттігі туындайды. Сонда оның ренессенстық тұлғасы өз-өзінен айқара ашыла түседі. Бұл тұрғыда принципті қоғамдық шаралар қажет. Ғылым қай заманда да өзінің шын ұйымдастырушысынсыз - тұл. Бұл жалпы халықтық іске әрбір саналы адам жан ауыртуы тиіс. Алаңдайтынымыз - біздегі қоғамдық жаңа бастаманың көпшілігі науқаншылдықпен тұйықталып қалатындығы.

М.Әуезовтің өмірі де, шығармашылық тағдыры да тарихтың алмағайып-аласапыран кезінде өтіп, қалыптасты. Бел шешпей, күрес үстінде өтті. Қайшылықты шайқас - екі дүниенің, екі түрлі көзқарас, ғылым тілімен айтқанда, екі методология арасында шарпылысты. Ол процестің ұзаққа созылғаны белгілі. Қуаныштысы, жеңіс - Әуезовтікі. Жан ауырта араласқан ісінің көпшілігі оңға басты. Өмірге өнеге болатын қыруар істер атқарды. Шәкірт тәрбиелеп, шын ғылыми мектептің негізін қалады. Прометей отынан сахна шамын жақты. Санада ғана сәулеленген Абай бейнесінің мүсінін сомдауға дейін тікелей өзі араласа отырып, ойдағыдай шығуына ұйытқы болды.

Сол көзінің қарашығындай қорғаштаған қазақ халқының руханиятындағы Әуезов ізі - ісі бүгін не халде?! Оны жоғалтып алуға, әйтпесе қарабайырлауға халқымыз жоқ. Әуезов - жазба мәдениет классигі. Оған байланысты қандай да іс-шара өзіне сәйкес шешім тілейді. Яғни, Әуезовті тек шежірешілік жолмен шығара алмаймыз. Ғылыми зерттеудің теориялық 20-жылдары жазылған «Әдебиет тарихы» оқулығы әрі зерттеу еңбектің ғылыми мәні мен мәнділігі әлі еш солғын тартқан жоқ. Керісінше, бүгінгі тарихи таным сұранысқа сәйкес келіп, тарихи көкжиегімізді кеңейтуге бірден-бір қажетті еңбекке айналып отыр.

Әлемдік таным қалыбына сәйкес келетін Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» секілді, Мұхаңның «Әдебиет тарихы» да мәнін жоймайтын, тым сарабдал еңбек. Ұзақ уақыт репрессиялануы да оның осы концептуальдық мықтылығынан болатын. Дер уақытында шешім тапқан, сол кезеңдегі дұрыс тенденцияға жұмылған, тарихи санаға сабақ тартқан жазушының алғашқы сәтті қадамы еді. Ғылыми негіздегі бұл сияқты зерттеулермен жазушы лабораториясы көп жағдайда біте қайнасып жатады. Оның көркемөнерге тұтастық концепциясы да осы күйді аңғартады. Тарихты Мұхаңдай сөйлету үшін, әрине, терең білім, соған сай көркемдік психологиялық дайындық керек. Әлгіндей зерттеулердің көпшілігі жазушы жанын қайрап, қиялын ұштап отырғаны сөзсіз. «Абай», «Қилы заман» сияқты таза эпикалық туындыларымен бірге, «Қобыланды», «Хан кене», «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан» сияқты асыл мұраларды сахналауы - өнер тіліне айналдыруы содан. Драматургияға ол универсализм үшін келген жоқ. Өзінің көркем концепциясын әр жанрға шақты. Сол арқылы қазақ өркениетін жеделдетуге қайрат жұмсады. Сонда оның көркемдік-эстетикалық концепциясының арқауы - халқымыздың сөз өнері, көркемдеу амал-тәсілдері - халық әдебиетінің жанрлары. Сондықтан оның көркем бейнелерінің халықтық бояуы қанық қазығы осы халықпен етене байланысында болатын. Мұхаң да - өз халқының руханиятында бойлай енген кіндік қазығы.

Қазақ әдебиеттануының бойын да, ойын да өсіретін Әуезовтану.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных