ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ШӘКӘРІМ ӨЛЕҢДЕРІ АДАМГЕРШІЛІККЕ ШАҚЫРАДЫАмаева С Мектепте жүргізілетін тәрбие жұмыстарының түрі, оның ұйымдастырылу жолдары әр алуан. Тәрбиенің негізі сабақта беріледі. Оқушыны педагогикалық, психологиялық тұрғыдан танытатын, оның эмоциялық сезіміне әсер ететін тәрбие түрі – адамгершілік тәрбиесі. Адам санасына сініп, бойына тазалық пен инабаттылық дарытатын көркем шығармалардың тәрбиелік мәні зор. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып, егемен ел болған заманда туған халқымен қайта қауышқан алыптарымыздың бірі Шәкәрім шығармаларын оқыту, оқытып қана қоймай, терең сырлы құпиясын ашып, оның адамдық, азаматтық құқық жайында жазған өлеңдеріне талдау жасау мектеп мұғаліміне зор міндет жүктейді. Жас ұрпақты адамгершілік биік мұраттарға, адалдық пен ақылдылық, парасаттылық пен азаматтыққа үндейтін Шәкәрім шығармалары бүгінгі күні жоғары және орта оқу орындарында оқытыла бастады. Шәкәрімнің «Кісіге адамшылық неге керек?»өлеңінде адамдық пен айуандық бір-бірімен бетпе-бет келіп адамдық қасиетінің орны белгіленеді. Кісіге адамшылдық неге керек. Адамдық өзге айуаннан артық демек. Ит жасалған төбеттен қалай дейсің. Аямай әлі келгенді жұлып жемек,- деп оқырманға ой тастайды, пікір сұрайды. Мейірім жақсы, зұлымдык жаман дейсің. Қасқырлыққа қайтасын құр дөңгелеп. Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам. Өсіп өніп құлаған бір бәйтерек - деп өзі қорытынды жасайды. Ал «Адам немене?» өлеңінде адамды адам ететін, адалдық пен азаматтыққа жеткізетін амалды, түрлі жолдарды іздестіреді. Адамның түзу жолда жүруіне ар тазалығы мен жан тазалығына ақылдың үнемі көш бастаушысы болып отыруын қалайды. Білімділер сөз жазып зарлағанда, Ой кезіп жердің жүзін шарлағанда. Алдаусыз адам өмірін түзетерлік, Әділет, ынсап, мейірім бар ма адамда - деп толғанып, өз заманын, қоғамын сынап, адам бойындағы жағымсыз мінез-қылықтарға жиіркене қарайды, басқаларды да жирендіреді.
Адам сыртқы дене жаралысы, Нәпсісі айуанмен анық теңдес. Бөлектігі жалғыз-ақ таза ақылда, Әлің келсе жол тап та осыны емдес. - дейді. Ар-ұяттың жоғалуын адам бойындағы теріс мінез, жағымсыз қылықтардан іздейді.
Көрсе қызар, жалмауыз бәрі алдағыш, Көп адамның қылығын барлағанда. Ұлы ақынның бұл өлендерін оқып-үйрену оқушыларға жақсылық, әділдік, азаматтық сезім, ар-ұят, өзін-өзі бағалау, қамқорлық, қарапайымдылық, кішіпейілдік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Ш.Құдайбердіұлының азаматтық рухты жоғары көтеретін, оқушыларды эстетикалық сезімге баулитын өлеңдерінің бірі - «Нәсихат». Бұл өлеңнің идеясы тұнып тұрған өсиет, ақыл мен нақыл. Ақын жастарға өнер, ғылымға жету жолдарын көрсетіп, оқуға шақырады.
Сен ғылымға болсаң ынтық, бұл сөзімді әбден ұқ, Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді қыл шәкірт. Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер, - деген жолдарда ғылым мен білім адамдық пен азаматтыққа жеткізетін бірден-бір құрал екенін айтып, шәкірттік пен ұстаздықтың арасын айшықтап көрсетеді. Шәкәрімнің оқу-білімге, өнерге, еңбекке, биік гуманизм, адамгершілік идеясына көзқарасы үнемі Абаймен үндес келіп отырды.
Қай ғылымды білсеңіз де қазір оны елге жай, Құр ішінде кеткенше пайдалансын өзгелер, - деп, ғылым мен білімнің көпке ортақ байлық екенін түсіндіреді. Осы өлеңнің әрбір шумағындағы ой қорытындысына көз жіберу, саралап оқыту жеткіншектерді түсініп оқуға шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшеліктерін сезіне білуге үйретеді. Ақын өлеңдерінде құдай аты жиі аталады «Көкіректе толған шер, көңіл қаяу» өлеңінде:
Көкіректе толған шер көңіл қаяу, Ермейсің деп елім жау, досым баяу Сүйер кісім,сүйенер жақыным жоқ, Бір өзіңе сыйындым бір құдай-ау. Мен адалмын дегенге жолдас қайда Екі көзі төрт болып қалар сайда Сырласым жоқ, сырласар жақыным жоқ, Бар сүйеніш үмітім бір құдайда,- деген толғаныстарында ақын адалдық пен әділет жолын ұстандым, бірақ мені қолдайтын бір адам жоқ, «Сүйенішім бір құдай», - деп, өз басындағы жалғыздығты айтады. Осы уақытқа дейін қорқып, өзімізге жат санаған «құдай» сөзі Шәкәрім өлеңдерінде жалғыздықтың серігі, қорғансыздын сүйеніші тәңірі ретінде қолданылады. Бұл сөз арқылы ақын өз бойындағы тәңірге табынушылық пен сенімді білдіреді. Сонда сендіру дегеніміздің өзі – оқушы санасын, ойы мен сезімін жандандыру, адамгершіліек жайлы түсініктерді және ұғымдарды қалыптастыру, сезімі мен ерік қайратына жан-жақты әсе ету болса, сол сенім ақын өлеңінен көрініп тұрған жоқ па?! Ал, «Жуандар» өлеңіндегі ой-пікірі алдыңғысына мүлде кереғар мағынада:
Мақсұты тамам жанды өзі білмек, Ол қашан өзгелерді көзіне ілмек. Жанның бәрін жүргізбек жарлығымен Жуандардың ойы жоқ онан басқа - дейді. Мұнда ақынның қоғамға деген көзқарасы көрініп, -әлеуметтік мәселе көтеріледі. Абайдың «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» атты өлеңдерімен мазмұндас, идеясы ұқсас келеді. Шәкәрім де адам мен қоғам өміріндегі өзгерістерге бейжай қарамайды. Халық үшін қабырғасы қайысып, ерекше жанашырлық танытады. Қоғамдық үлкен философия тудырады. Ақын адамдықтың бір кілті еңбекте екенін, жалқаулық, еріншектік секілді мінездердің кері әсерін дәлелдейді.
Адамдық борышың Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай, Ар сақта, оны біл, - деген шумағында еңбектің адам өміріндегі маңызын, тәрбиелік мәнін ашады. «Баяулы суыр», «Қаншыр бөдене», «Қасқыр, түлкі, бөдене», «Піскен мен шикі» мысал-өлеңдерінде өтірік, өсек, айлакерлік, мақтанқұмарлықты өткір сынайды. Мысал жанрына тән астарлы сөз, сырлы мағына, кекесін мен әжуа айқын беріледі. Мысал-өлең орынсыз мақтан мен арсыздықтан аулақ болуға үндейді. «Піскен мен шикі» мысал-өлеңі ақынның замандасы, педагог-жазушы Ы.Алтынсаринның «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесімен төркіндес, тәрбиелік мән–мағынасы ұқсас.
Не қылды байқадың ба,піскен адам, Қор болар үйде отырып өскен адам. Қиялап, қиын жерде қол созады. Көп жер көріп, басына іс түскен адам. - деп мысалдың астарлы мәніне жете түсінуді, терең үңіліп қарауды талап етеді. «Қанжар мен бөдене» мысалында адамдар арасындағы достық пен жолдастық жайында сөз болады. Достық пен жолдастыққа адалдық адамгершілік іс екенін, айлакер мен сұмдардың арасында достық болмайтынын баяндайды. Шәкәрім өлеңдерін оқып үйренуде оқушылардың эмоциялық қабылдауын қамтамасыз ету ескеріледі. Бұлай қабылдау өлең өрнегіндегі ойды, көңіл күйді ұғып, тарихи суреттер мен бейнелерді, характерлерді тарих тұрғысынан танып, әсерлеуге,ойлауға, баға беруге үйретеді. Шәкәрім поэзиясының биік тұғыры - гуманизм, туған халқына деген махаббат, жан мен тән тазалығы екенін айтып, ұрпақ санасына сіңіру - көкірегі ояу, сезімі сергек, зерделі жастың парызы.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|