ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Нұрсұлтанқызы ЖҒылымда тілдік қатынастары – вербалды амалдар, тілсіз катынасты – бейвербалды амалдар деп атайды. Бейвербалды амалдар мимика, ишара, дене қалыбы (кинетика), қол алысу, сүю, құшақтасу (такесика), интонация, темп, ырғақ(просодика),адамдар арасындағы қашықтық(проксемика), т.б. арқылы жүзеге асады. Осы қимылдар арқылы ақпарат бере алады. Ғалым Н.И. Смирнованың ойына жүгінетін болсақ: «Необходимая в общений информация может поступать не только через собственно языковые, то есть вербальные средства, но и через невербальные,к которым мы относим нормы общения кинесические и паралингвистические». Ал Т.М. Николаева «Любая речь не сводится только к вербальному языку:без специфических невербальных средства (мимика, жеста) речь неестественна, мертвенна» деп тұжырымдайды. Бейвербалды амалдардың ішінде ең көп тарағаны – кинесикалық амалдар. Кинесика (kinesis) грек тілінен аударғанда «қозғалыс» деген ұғымды береді. Лингвистикалық терминдер энциклопедиясында бұл термин былай түсіндіріледі: «Кинесика – совокупность кинем – значимых жестов, мимических и пантомических движений, входящих в коммуникацию в качестве невербальных компонентов непосредственного дбщении коммуникантов». Кинесикалық амалдардың бірлігі кинема деп аталады. Кинема дегеніміз – кез келге аяқталған немесе өз бетінше келтірілген ым–ишаралық қимылдар. Кинесикалық амалдар қарым-қатынас барысында қолданылатын мимика, ишара, дене қалыбы сияқты ұғымдардың жиынтығы ретінде танылады. В.Б. Беглова бұл үш терминге мынадай анықтама береді: «Мимика – бейвербалды қарым-қатынастың, әсіресе, көңіл-күйдің хабар беру жолы болып табылады. Ишара дегеніміз – бас, қол, аяқ, т.б. дене мүшелерінің саналы қимылы арқылы қарым-қатынасты нақтылау. Дене қалыбы – адамдардың отырысы немесе тұрысы арқылы ішкі сырларын, басқа адамдармен қарым-қатынасын білдіреді». А.И.Галичевтің пікірінше «Мимика – көз, қас, ауыз, мұрын, маңдай,тіл,тіс, ерін қимылдарының жиынтығы». Е.Я. Кедрова орыс тілі білімінде ишараға қатысты жалпы екі түрлі түсінік қалыптасқаны туралы айтады: 1)ишара – қолдың қимылы, 2) ишара – жалпы дене қимылы. Демек, оның ойынша «Ишара–қолдың және саусақтың қимылы, мимика – бет бұлшық еттерінің қозғалысы». Ал Г.В.Колшанский «Мимика– сөйлеушінің бет – әлпет қимылы»- дейді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|