Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






М.ҒАБДУЛЛИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЛІМІ




Рманбаева М

Адамзат даму үрдісінде ұрпақтар байланысының, тәрбие сабақтастығының маңызы зор. Сондықтан, педагогикалық тәрбиенің өзекті мәселелерінің бірі – ұрпақтар арасындағы байланысты сақтау, оны үзбей атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыру.

Жазушы-публицист, педагог-ғалым Ғабдуллин Мәлік өз еңбектерінің бірқатар бөліктерін осы мәселеге арнап, оны өз шығармаларына арқау еткен.

Қазіргі кезде қиындықтан қашқақтап, қалайда жан қинамаудың жолдарын ойлайтын, Отан алдындағы борышын өтемей, әскер қатарына бармаудың тәсілін қарастыратын ата-ана, жастарымыз аз емес.Осы орайда, қаһарлы жаумен қастаса соғысқан, қазақтан туып, халқына қызмет еткен, олардың батырлық еңбегіне халқы сүйсінген Ғабдуллин Мәліктің майдандас достары туралы шығармасы рухымызды жігерлендіргендей.Қалам мен қаруын қатар ұстап, окопта отырып, соғысып жүргенде жазған естелігі өте құнды.Бір ғана Бауыржан Момышұлы туралы жазғанын алып қарасақ та, тәрбиеге тұнып тұр...

Жауынгерлерін қатаң әскери тәртіпке, шыдамдылыққа, төзімділікке үйрету оңай соққан жоқ. Ызыңдаған сөздерге, жүздеген жанарларға, шаршап-шалдыққан түрлерінен сыр бермей, төтеп беру үлкен қайратты қажетсінеді.

Мәлік адамды жігерлендіріп, батыл ететін, алға қойған мақсатқа жетуге ұмтылдыратын, нағыз адам ететін күштің бірі саналы тәртіп пен тәртіптілік деп, Бауыржанның бойынан тура осы қасиеттерді көреді.Ыстықта жауынгерлерін жүгіртіп, тамақтарын өздеріне істетіп, бұйрығын орындатуы – бұған дәлел.Бұл жерде қиындыққа төзе білуге, қорықпайтын, ақылға сай әрекет жасайтын, алған бетінен таймайтын, табанды да ержүрек, алдына қойған мақсатына жету жолында тәуекел етіп іске кірісетін етіп тәрбиелеуді мақсат тұтқан.Өзінің әрбір ісіне қорытынды жасап, таразылап отырған.

Жаралылардың аш адамдар арқалап, батальон жағдайы нашарлағанда Бауыржанның: «біріншіден – жаралы адамдарды тастап кету адамның адамшылық арына сыймайды.Олар да адам.Екіншіден, менің де жаралы болып, осындай жағдайға түспеуімен кімнің көзі жетеді.Менің жаралы күйімде айдалаға жолдастарым тастап кетсе қандай болар еді.Жоқ, бұлай етуге болмайды». («Менің майдандас достарым». 29-бет.) Мұнда өзінен жолдасын жоғары қоюға, досын сатпауға, адал болуға, көпшілікке баулиды. Көпшілік қандай қиын-қыстау болса да ақылмен жол табады, бір-біріне көмектессе қиындықтарды жеңеді. Көпшілікке аштық та, шаршап-шалдығу да, азап шегу де бөгет бола алмайды, көпшілік мұның бәріне төтеп береді де мұратына жетеді. Ұйымшылдығы, бірлігі күшті көпшілік ешқандай жауға алдырмайды, қайта ерлік жасаушы болады деген пікірмен түйінделеді.Осы жерде Мәліктің өз жауынгерлерінен: «Міне, қараңдаршы, бір бау шыбық пен бір тал шыбықтың қайсысы мықты?» деген қарапайым да құдіретті сауалы еріксіз еске түседі.

Шығармада Бауыржанның әлсіздікке айбармен қарауының, олардың жақсылығын көре білудің үлкен педагогикалық тәлімі бар.Мәселен, алғашқы күннен Бозжанов Жалмұхамбеттің жауапкершілігін, батырлығын көре де сезіне білу немесе Қарабаевтың қателігін кешіріп, үлкен сенім артып командир етіп тағайындауы – ұлағатты ұстаздың, ұлы жүрек иесінің ісі.Білмегенін жасырып, жақсылығын асырып, кісілік пен кішілікті қатар ұстап, мейірбан, шыншыл да кішіпейіл болуға шақырады.

Шығарма соңында Қарабаев пен Бозжанов ерлікпен қаза табады.Олар «Қызыл Ту» орденімен марапатталады.

Ал Сыламқұловтың қиындықта келіп айтқан шағымын Бауыржан мұқият тыңдап болған соң:

-Әй, Мұқан, қазақтың «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деген мақалын білуші ме едің?

Уа, білуші ем.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных