Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АБАЙ ӘУЕНІ САБАҚТА




Рахымжанова Д

Бұл сабақта оқушылардың зейінін өткен заманның да, қазіргі кезеңнің де өнер шығармалары адамның өте күрделі ішкі жан дүниесіне ықпал етуге бағытталатынына баса назар аудару керек.

Халқымыздың мәдени тарихындағы ерекше тұлға – Абай Құнанбаевтың музыкалық туындыларымен танысуды немістің ұлы композиторы Л.В.Бетховеннің «Айлы түн сонатасын» тыңдаудан бастаймыз. Алдымен бұл музыканың қандай сезімге құрылғаны туралы сөз болуы тиіс. Оның жай ғана мұңаю немесе қайғыру сезіміне емес, қайта ерлікке толы екенін ашып көрсету керек. «Айлы түн сонатасы», сөз жоқ, монологпен басталады, онда тебірентерлік шындыққа толы өсиет-ой жатқанын сезіну қиын емес. Музыка әлемінде мұндай құбылыстар сирек кездеседі.

Осыдан кейін Абайдың «Мен көрдім ұзын қайың құлағынан» әнін тыңдауды ұсынамыз. Әнді тыңдау арқылы әр түрлі халықтардың өкілі болып табылатын ұлы композиторлардың жазған музыкалары арасындағы ішкі өзара байланыстарды салыстырып көру керек. Өмір сүрген орталары да, шығармашылық ізденістері де әр түрлі екендігіне қарамай, Бетховен мен Абайды бір-бірімен жақындастырып, біріктіріп тұрған адамгершілік рухани қазыналарды атап көрсету аса маңызды болмақ. Бұл ретте Бетховеннің мына бір сөздерін мысалға келтіру керек. «Музыка адам жанынан от-жалын лаулатуы керек», «Мен ұлы істер атқарып кетуге әрқашан әзір тұрдым...» Ал мұны Абайдың:

«Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым – кінә қойма!» -

деген өлеңімен салыстырған дұрыс.

Бұл жерде олардың шығармашылығының негізгі бағыты – зұлымдықтың дүлей күштеріне қарсы ерлікпен күресу екенін оқушыларға неғұрлым тереңірек ұғындыруға тырысуы керек. Сонымен қатар адамның ішкі жан дүниесінде жүріп жатқан кескілескен күресті, өзге жұртқа құпия, қайғылы сезім тартыстары да шоғырланғанын аңғарту қажет. Бұл ретте «Айлы түндегі сонатада» қайғылы мұңға бөленіп, ауыр ойлар қыспағында қалған адамның буырқанған күйінің белсенділікке ұмтылғанын, жан дүниесіндегі рухани күштің қайғы-қасіретті жеңіп, үстем бола бастағанын көреміз.

Ал, Абай музыкасында да әлдебір әдеттен тыс ауыр мұң бар екенін түсіндіру қажет. Дауыл соғып құлатқан жалғыз қайыңның өліп бара жатып жылағанын бейнелеу арқылы адамның сезіміне терең әсер ететін ән әуені Абайдың сол кездегі қазақ халқының тұрмыс тіршілігі мен өз басының тағдыры туралы терең философиялық толғанысқа толы екенін ұғындыру керек.

Неғұрлым жарқын да көркем музыкалық шығармалармен танысу кезінде мектеп оқушылары белгілі бір композитордың шығармашылық стилін, оның өмірді қабылдауының сан қырлы тәсілдерін мүмкіндігінше терең сезініп, жан-жақты түсіне алатын болуы тиіс.

Абай әндері үзінді ретінде, сонымен бірге түрлендірілген сипатта көптеген камералық, симфониялық хор және опера музыкаларына арқау болғанын айтып кету керек.

Абайдың «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» әні Е.Брусиловскийдің қазақ музыкасындағы алғашқы симфониялық «Жалғыз қайың» атты поэмасының музыкалық драматургиясына өзек болғанын атап көрсетеміз.

Осы музыкалық поэма негізінде оқышыларға тапсырма беріп, бізге Абайдың қандай-қандай негізгі идеялары етене жақын, әрі терең түсінікті, оның әндерінің төгіліп тұрған сұлу саздары біздердің бүгінгі жас ұрпақтың жүрегіне неліктен әсерлі деген мәселелер төңірегінде өздерінше ойланып, толғануына жағдай жасау керек. Оқушылар бұл симфониялық поэмада қандай әндердің қамтылғанынан хабардар болғаны жөн. Оны мұқият тексеріп алған дұрыс. Шәкірттер осы бір лирикалық-драмалық шығарманың лейтмотивтік тақырыбы «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» әні екенін жадынан шығармағандары абзал. Ол мұңлы монолог түрінде беріліп, шығарманың алғашұы және соңғы бөлімдерінде келтіріледі. Поэма негізінен үш бөлімнен тұрады.

«Жартасқа бардым.

Күнде айқай салдым,

Онан да шықты жаңғырық.

Есітіп үнін

Білем деп жөнін.

Көп іздедім қаңғырып.

Баяғы жартас – бір жартас,

Қаңқ етер, түкті байқамас».

Симфониялық поэманың авторы Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі осы бір жолдарды өз шығармасының эпиграфы етіп алған. Шығармадағы көптеген нәрсе XIX ғасырдың аяқ кезіндегі орыс симфонизмінің лирикалық-драмалық жанрының белгілерін еске түсіреді. Бұл жерде қазақ әнінің әуенін өңдеудің тап осындай стилі Абай әндерінің өзіндік ерекшеліктерімен жарасымды үйлесім тапқан. Мұның қзі симфониялық поэманың мейлінше терең бейнелі шешім табуына игі ықпал ете түскен. Абайдың созып айтылатын, лирикалық-элегиялық әндерінің әуендері өзінің құрылым ауқымы жағынан да, жалпы сипаты жағынан да орыстың қалалық жерлердегі әндерімен және және орыс романстарымен ырғақ жағынан сарындас келеді. Шығарманың эпигрофы дауыл қопарып, құлатып кеткен қайғылы жалғыз қайыңның музыкасы.

«Күз қатау болғандықтан бетеге-буырыл, кеде-сарғыш. Көктемде жасыл желек, көк шашақ атқан сасыр, қурай да қазір қызара сарғайған. Семіп алған реңімен өтіп жатқан дәуренді, семіп қалған өмір ьілек дәрменсіздігін дәлелдейді... Бәрінде де елсіздік. Өлі дүниедей үнсіздік, сарылғандық бар. Абай өзінен-өзі жетімсіреп жүдеулік сезеді... Абай бірталай ыстық сезімдерін қорытады. Осындай иен елсіз сахараны отан, мекен еткен қазақ халқының кернегі жүдеу ғой! Үлкен иесіз дүние ішінде анадай аз ауыл, шарасыз жалғыз-жалғыз ауыл болып отырғаны мынау. Қазіргі қазақ жайлаған жердің бәрі осы. Бәрінде ел аз, иесіздік мол.іргелі мекен, өнерлі шаһар жоқ. Алты айлық құла түз, құм сахарада сараң қатынның кең дастарханға шашып тастаған бір-екі уыс бауырсағындай шашылған панасыз ел ғой».

Алғашқыда ақырын ғана баяу естілетін мұңды әуен бірте-бірте ұранға үндеген сипат ала бастайды – дабыл үдей түседі (әуелі ішекті, содан соң мыс аспаптардың үні естіледі). Жалғызсырап, жетімсіреудің жүдеулік тақырыбы симфониялық поэмадағы лирикалық жарқын эпизодтың өң бойына лейтмотивтік тақырып болып өрілген. Ал, онда «Айттым сәлем, қаламқас», «Көзімнің қарасы» сияқты сұлу сазды әндердің әсерлі әуендері айрықша естіліп, дами түседі. Бұл әуендер жалғыздық пен дабыл тақырыбының ішкі қарсылығын жеңіп бара жатқандай болады. «Айттым сәлем, қаламқас» әнінің алғашқы нұсқасы өмірге деген құштарлыққа толы. Әннің жастарға тән сипаты оркестрдің (флажолеттер, ішкі аспаптар пиццикатосы, қоңыраулар) орындауындағы жарқ-жұрқ әсер ететін мөп-мөлдір әуеннен аңғарылады. Содан соң әннің басқаша, неғұрлым әуезді нұсқасы естіледі. Ол да «Көзімнің қарасы» әні сияқты созып айтылатын элегиялық, драмалық сазы бар әуен болып келеді. Бұл әуен күтпеген жерден қайңылы түрде үзіле қалады да жалңыз қайың туралы әннің қайңылы сазы орындалады. Бұл – күреске үндеу әуені. Сөйтіп мөп-мөлдір нәзік әуен әлемнің терең түкпіріндегі дәуір тынысындай сезіледі.

Абайдың сипаты жағынан сан қырлы әндері терең лирикалық поэманың симфониялық музыкасына табиғи жарасымдылығымен үйлесім тапқан, сөйтіп, Абайдың жарқын да көркем образы жасалған. Композитор бұл образды ақынның жалғызсыраудан шеккен қайғысы мен оның жарқын болашаққа зор үмітпен ұмтылысын бір-біріне қарсы қою арқылы аша білген. Е.Брусиловскийдің «Жалғыз қайың» лирикалық – драмалық бұл поэмасы 1943 жылы қазақтың ұлы ағартушы ақыны, халық композиторы, қазақтың халық музыкасының, орыстың, шығыс пен батыс әдебиетінің нағыз білгірі Абайдың қайтыс болғанына 40 жыл толуына жазылған.

Мұғалім Абай творчествосының мәнін неғұрлым айқынырақ ашып, оқушылардың оны тереңірек түсінуі үшін ұлы ақынның өлеңдерінен мысал келтіріп отырған дұрыс. Өйткені М.Әуезовтың «Абай жолында: Бұл күндері Абай ақын атын анық алған. Сол ақындық еңбегін енді халыққа етер азамат қарызы деп біледі» деп атап жазғанындай, өз творчествосын халық мүддесіне арнаған. Оны мына өлең жолдарынан да айқын аңғаруға болады:

«Болды да партия,

Ел іші жарылды.

Әуремін мен тыя,

Дауың мен шарыңды.

Құрбыдай қош тұттым,

Жасың мен кәріңді.

Жоқтамай ұмыттым

Ақыл мен нәріңді...»

«Сөз қыдыртқан,

Жұрт құтыртқан.

Антын, арын саудалай,

Бұтты, шатты

Үй санатты

Байдан артты алмалай,

Ел қағынды

Мал сабылды.

Ұрлық, өтірік гуде-гу

Байы-баспақ

Биі-саспақ

Әулегі аспақ сыпыра қу...»

Ақынның «халық хақында» атпен жинақталып шыққан көптеген өлеңдері ел арасын бүлдірген. Көкірегі көр надандарды масқаралады, кең сахараның ақырған билеп –төстеушілерін, парақор, би-болыстарын мейлінше әділ ашу-ызамен аяусыз әшкереледі. Абай ескіліктің зиянды сарқыншақтарының бәріне қарсы аяусыз күрес жариялады. Артта қалған, заманы өткен ескі идеологияның шырмауында жүргендерді барынша әшкереледі, сынап-мінеді. Абайдың поэтикалық ойлау және көркем образдар жасау жөніндегі бүкіл жүйесі орыс және жалпы адамзат мәдениетін жақындастыру арқылы қазақ қауымының санасын оятуға деген ағартушылық ізгі ниетке қызмет етуді көздейді. Абай өлеңдерінің күні бүгінге дейін өзінің маңызы мен актуальдығын жоймай келе жатқанында мән бар. Бір ғана мысал келтірейік: «Ғылым таппай, мақтанба,

Орын таппай,баптанба.

Құмарланып, шаттанба,

Ойнап босқа күлуге...

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсен.

Ашыларсың жылма-жыл,

Біреу үшін үйренсең

Біреу білмес, сен білмес

Білгеніңнің бәрі – бұл.

Сөзіне қарай кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма.

Шын сөз қайсы-біле алмай,

Әр нәрседен құр қалма.

Мұны жазған білген құл

Ғұламапи даулни.

Солай оқып және ойла,

Тез үйреніп, тез жойма.

Жас уақытта көңіл – «гүл».

Жалынды ағартушы, ақылгөй дана, қайраткер ақын Абай прозалық және музыкалық – поэтикалық шығармаларында халыққа, жас ұрпаққа осылай өсиет етіп кетті. Мұның сырын жас ұрпақтың жан дүниесіне сіңіріп отыру – абыройлы парыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных