Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






М.ҚАШҚАРИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ АҚЫЛ-ОЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ




Алиева К

 

Махмұт Қашқаридың аса бай мұрасынан біз үшін аса құндысы: оның болашаққа ұмтылдыратын және білім алуға шақыратын озық идеялары болып табылады. Автордың білімділіктің мәнін қалай түсінгендігі, оқу үрдісі жөнінде көзқарасы қандай болғандығы, ой-өрісті жетілдірудің қандай әдістері мен тәсілдерін қолдануды ұсынатындығы аса үлкен ғылыми-педагогикалық қызығу туғызады. Оған қоса белгілі ғалымның ақыл-ой тәрбиесі мәселелеріндегі сіңірген еңбегін лайықты бағалау да аса маңызды. Қашқарлық ұстаз білім және білімдарлық жөнінде «Бақыттың белгісі – білім мен ақыл» деген жоғары пікірді ұстанады. Ғұлама ғалым жеткіншек ұрпақ үшін ғылымды игерудің маңыздылығын, білім беру педагогикалық ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселе екенін дұрыс көрсетеді. Оның пікірінше білім беру тарихи ілгерулеулер мен ғылым табыстарындағы бүкіл жетістіктерін жеткіншек ұрпақты мәдениетке тарту үшін ұтымды пайдаланған жөн. «Сөздікте» былай делінген: «Ұл, менен насихат ал, жәрдем тіле. Елде ұлық дана болып, білім үлес». Бұл сөз ғылымдарды игеру адамдардың өздері үшін ғана емес, сондай-ақ қоғамға пайда келтіру үшін де қажет болғандықтан орынды айтылған.

Білім алу жас ұрпақты қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлау және оның жан-жақты жетілуін қамтамасыз ету үшін керектігі жқніндегі ойлар енді бір тұста былайша көрініс береді: «Өнер-білім ізде, үйренуде өркөкірек болма, жиренбе, өнер-білімсіз білімдінсе, сынаққа қиналар». Демек, білімге ұмтылу, әр алуан ғылым салалары бойынша ойды кеңейту әркімнің тікелей міндеті. Мұны жүзеге асырғандар, өзінің өмірін рухани байлықпен толықтырғандар тек осылар ғана жақсылықтың мәңгі идеяларын түсіне алады. Білім тәрбиелілікпен, адам бақытымен байланыстыра қарастыратын осы мазмұнды ойлар мен идеядар ды «Сөздіктен» молынан ұшыратуға болады.

Ғылымдарды дамыту, сауаттылықтың үлкен мәні бар екендігін айта келе, М.Қашқари жалаң фактілерді, білімдерді қабылдап қана қою жеткіліксіз деп көзқарас қалыптастыруға, мінез-құлық формалары мен дағдыларын игеруге қызмет етеді. «Білік жетілді, яғни ақыл-білік толысып жетілді ұғымы осы шарттар жүзеге асқанда ғана қолданылған жөн» - дейді ғалым.

Қашқари білімнің жоқтығы, надандық адамды ұнамсыз көрсететіндігі жайлы ащы шындықты жасырмайды. Білімділікті дәріптеп, білімсіздікті сынға алған ойларын «Ұлым ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар, Білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар» деген ғибраттармен білдіріп отырады.

Қашқарлық ғалымның оқу-үрдісі, оның сипатына көзқарастры да назар аударарлық. Оқу үрдісі, Қашқари түсіндіруінде, үйренілетін материалға «тереңдеп ену» және үйренушінің «өзін өзі ұғынуы» арқылы өтеді. Осы себептен ұстаз шәкіртінің өзі қалаған мақсатын ескеруі аса маңызды. Бұл жағдайда оқу адамдағы әр алуан, жан-жақты қабілеттілікті дамытуға, оның қызығу шеңберін кеңейтуге жәрдемдеседі. Осы үрдістегі ұстаз-тәрбиеші қызметіне үлкен мән береді. Жақсы жетекші өзінің тәрбиелеу ұстанымдарын берік және үздіксіз іске асырады, олардан ешқашан бас тартпайды. Өзін ұдайы жетілдіреді. Тек осындай жағдайда ғана ол үйренушіде білімді меңгерудегі жігерлілікті қалыптастырады және оның бойына кездескен қиындықтарды жеңе білу дағдысын сіңіреді. Бала табиғатынан әрекетті күштерге ие, сондықтан ұстаздың мәндеті, Қашқари пікірінше, осы күштерді жаттықтыру үшін қажет лайықты материал беру.

Ғалым мұрасын талдау мұнда педагогикалық ой желілерін түзуге болатын ұғымдар мен атаулардың бірізді жүйесі жасалғанын көрсетеді. Мәселен, олардың бірқатары әрекет, тапсырма, оқу, білік, түсіну, таным, қабылдау, әдіс, талдау, түйсік, үйрену, ынта, ізденіс, бейімділік ұғымдарына қатысты болса, мектеп, жазба, шәкірт, ұлағат, ілім, ғалым, хат, дәуіт (сия сауыты), кітап, қағаз, дәптер, қоңырау, хатшы, жазбашы атауларының болуы, олардың қолданылуы осы кезеңнен басталатындығының дәйекті дәлелдері.

Көптеген педагогикалық, психологиялық атаулар мен ұғымдардың негіздері ой, қылық, тілек, ұқ, икем, үн, ым, зейін, тәртіп, елес, сөз, сан, жас, балама, әдет, түз, рух, түй, жоба, мән, өлшем сөздерінде жатыр.

Ғалым негізгі дүниетанымдық идеяларды білу және түсіну, оларды қабылдау, олардың дұрыстығына сенімнің болуы білімді игеру үрдісіндегі маңызды сатылар деп біледі. Білімнің орнықты игерілуіне және шығармашылық белсенділіктің қалыптасуына қызмет ететін әдістерді дәл көрсетеді. Жанды және бейнелі сөз, Қашқари дәлелдеуінде, үйренілетін материалды қабылдау мен оның мәнін түсінуді жеңілдетіп қана қоймайды, сондай-ақ ол қызығу мен зейінді жұмылдыру қасиетіне ие. Сондықтан оның сан алуан түрлерін іс жүзінде қолданып көрсетеді. Мәселен, шығармада фактілер, оқиғалар, образдар әңгімелеу арқылы баяндалса, ережелер мен заңдылықтар түсіндіру жолымен мазмұндалған және мұндай әдістерді қолдану барысында әр уақытта үйренушінің дайындығы мен тәжірибесіне: өмірлік бақылаулары мен түсініктеріне, бұрыннан бар білімдеріне сүйеніп отыру қажеттігі ескерілген.

Жалпы Қашқари көзқарасына білімді өмірмен байланыстырып отыру тән. Өмірден алшақ абстрактілі білімдер құндылыққа ие емес, сондықтан ол білімнің тәжірибелік бағыттылығының мәнін, оқудың пайдалылығын түсіндірудің маңызын әділ атап көрсетеді. Үйренілетін заттар мен құбылыстар бір жағдайларда тікелей көзбен көріп, өзге жағдайда бұрыннан бар сезімдік тәжірибеге сүйенетін көрнекті бейнелер немесе сөз (оқу) арқылы қабылданады. Бұл жағдайлардың қай-қайсысында болсын білімнің өмірмен байланыстылығы оның сапалы меңгерілуін арттырады, үйренілетін заттар мен құбылыстар жайлы анығырақ және дұрысырақ түсініктердің түзілуіне ықпал етеді. Білім, білік және дағдылардың табиғи үйлесімділігін қамтамасыз етеді деп санайды.

Ал білімнің қажеттігі мен пайдалылығын сезіну, Қашқари пайымдауында, немқұрайдылықты болдырмайды және олардың терең және орнықты сенімдерге айналуына ықпал жасайды.

Алайда дүниені танып білу, ғылым негіздерін игеру оңай жол емес, бұл мақсатқа жетуде табандылық пен шыдамдылық, еңбектене білу дағдысы қажет. «Білікті, дана адамдарды тап, соларға еріп, елікте, жақын жүріп, олардан өнеге көр, ұқсап бақ» дейді ғалым.

Ол адам өзінің жеке қабылдауларынан ақыл, сезім, сана бірлігі жайлы пікірге келеді, өзінің көзқарастары мен өмір құбылыстарының барлық тұстарын ұғынады, асыл мақатына жол таба біледі деген сенімде. Оқу,білім алу ешқашан кеш болмайды. Дегенмен, оны адам бүкіл жаңаға ерекше зерек және алынған білімдер өмірлік игілік болып қалатын жастық шақтан меңгергені пайдалырақ. Білімнің негізгі көзі қашанда кітап және оқу. Кітап дүниетанымды қалыптастырады, ойды дамытады. Автордың әлемнің көптеген құпияларын ашуға көмектесетін ұлы ғалымдардың еңбектерін үзбей оқуды нұсқауы осыдан.

Яғни, кітаппен жұмыссыз баяндалған немесе түсіндірілге материплмен ғана шектелу үйренуші үшін жеткіліксіз. Тиісті білімдермен үздіксіз, күнделікті айналысқанда ғана қарулануға болады.

«Сөздікте» дүниені танып-білудің мүмкіндігі жөнінде айтылған ойлар аса жеткілікті. Қашқарлық автордың білім – ойлау құралы, ол табиғат пен қоғам дамуы заңдылықтары көрініс тапқан фактілер, заңдар және ұғымдарды жүйелілікпен меңгерудің қорытындысы деп кең мағнада түсінуіне заманының өзімен тұстас және одан бұрын өткен Әбу Нәсір әл-Фараби, секілді ерте ғасыр әлеміне танымал болған энциклопедист ғалымдардың ықпалы болғаны байқалады.

Кезінде отырарлық ғалым әрі философ ӘбуӘли ибн-Сина, Әбу Райхан Бируни, Жүсіп Баласағұн бақыт, яғни шаттануды, ең алдымен, әлем негіздерін түсінуге бағытталған ынталы жұмыста деп білсе, осы ойды шығыстың өзге көрнекті ойшылы әл-Бируни ілгері апарып, танымдық қызығуды дамыту идеясын ұсынған болатын.

Философия, саясат, поэиямен айналысып, ғылымның түркі тілдері, этнография, фольклор және де өзге салалары бойынша аса көлемді мұра қалдырған Жүсіп Баласағұн білімді меңгеру жүйелі интеллектуалдық күш жұмсауды талап ететіндігін айта келіп «Ер ақылға ие болса, (сынап) көр, пайдасы көп, (оған) білім қосылса, қадір-қасиеті артады» деп арнайы атап көрсетті. Өзінің «Құтты білік» еңбегін ол ғылыми білім – ұзақ жаттығулар жәрдемімен алынатын өзгеше дағды екендігін дәлелдеуге арнады. Фактілер ғана емес, мәнді танып-білу жөніндегі идеялар қашқарлық ғалым туындыларында толыққанды мазмұнға ие.

Автордың оқу, білім алу, ақыл-ой жүктемесіне көзқарастарын талдап келе, оның дүниетанымды кеңейтуге үндеп қана қоймағанын, оқу үрдісін таным заңдылықтарына ену қажеттігімен байланыстырғанын байқаймыз.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных