Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Йелмендік тәрбие мәселесі




Баланың үйелемендегі мәселесіне Сұлтанмахмұт үлкен мән берген. Бұл тақырыпқа арнап мақала жазбаса да, өзінің көркем шығармаларына осы мәселені көтереді.

Халықта: «Ата көрген – оқ жанар, ана көрген – тон пішер», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» деген мақалдар бар.

Осы даналық сөздердің мәнісі:

1) баланың мінез-құлқының қалыптасуында үйелмен тәрбиесі маңызды роль атқарады.

2) баланың үйелменде өнегелі немесе өнегесіз болып өсуі – үйінде көрген тәрбиесіне, ата-анасына үйренген үлгісіне тікелей байланысты болады. Сұлтанмахмұт үйелмендік тәрбие мәселесіне осы тұрғыдан қарайды.

Қорыта келе, білім беру саласы тарихын оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жастарға нағыз ұлттық білім беру негіздерін алуға мүмкіндік береді. Себебі, тәуелсіз мемлекет ретінде жастардың ұлттық білім алуының маңызы арта түсуде. Ендеше Қазақстандағы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы мағлұматтар жинақтап, оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жастарды адалдыққа, ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуге септігін тигізері сөзсіз демекпіз.

ЛЫ АҒАРТУШЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕКТЕБІ

Елікбаев К.

Ы.Алтынсарин - оқу ағарту саласына тұңғыш түрен салып, қазақ педагоика ғылымның дамытуға өлшеусіз үлес қосқан ғұлама педагог. Ол қазақ даласында ондаған мектептер ашып, оқулық жазып, мұғалімдер даярлап, қазақ педагогика ілімінің негізін қалады. Сөйтіп, қазақ педагогикасында өзіндік мектеп, дәстүр қалыптастырды. Оның ұстаздық жасап, ашқан мектептерінен жүздеген шәкірттер білім алса, ал көбісі ұлы ұстаздың жолын қуып, оқу-ағарту жүйесінде айтарлықтай еңбек етті. Ы.Алтынсариннің дәстүрін одан ары қарай жалғастырып, халық ағарту ісін, педагогика ілімін дамытты. Сондықтан да Ы.Алтынсаринды қазақ халқы тарихындағы тұңғыш педагог, ағартушы деуге хақылымыз.

Ы.Алтынсаринның қалыптастырған педагогикалық мектебін топқа бөлуге болады. Біріншіден, Ы.Алтынсаринге шәкірт болып, ұстаздың жолын қуған, оның жарық сәулесін шашуды армандаған асыл ойларын жүзеге асырушылар. Екіншіден, Педагогикалық мұра қалдырып, ұстаз дәстүрін жалғастырушылар.

Алғашқы қазақ мұғалімдері, Ыбырайдың жолын қуған шәкірттері туралы мәліметті ғалым Ә.Ламашевтің "Ы.Алтынсарин-ұстаз" атты мақаласынан да таба аламыз. Талантты шәкірттерінің бірі Ғ.Балғымбаев Ыбырайдың тікелей нұсқауымен Қостанайдағы мектепте мұғалім болып орналасады. Жас ұстаз Ыбырайдың ақыл-кеңесін тыңдап,оның дәстүрін жалғастырады. Ғ.Балғымбаев бұл жайында" Ы.Алтынсарин күн аралап Қостанайға келіп, мұғалімдердің сабағына кіретін, әсіресе менің күндегі оқитын бірінші кластағы орыс тілінен болатын сабағыма үзбей қатысатын. Пәлендей дерлік кемшілік, сын айта қоймайтын, тек синтаксистік, мағыналық жалғаулар жайында өз тәжірибесінен жинаған ой-ескертпелерін ғана баяндайтын. Мен келісе отырып сол пікірлерді іске асыруға келісетін едім ", - деп ұлы ұстаздың педагогтік жұмысының бір қырын еске түсіреді де, ұстаз жайлы сол кездегі қазақ мұғалімдерінің ортақ пікірін білдіреді.

Сондай-ақ, Ыбырайдың педагогикалық еңбегін зерттеуші ғалым Ә.С.Сыдықов өзінің монографиялық еңбегінде Ғ.Балғымбаевтың Ы.Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін Торғай облысындағы қазақ мектебінің директоры болып жемісті еңбек еткенін, оның істерін ілгері жалғастырушы болғанын жазады.

Ғ.Балғымбаев Ыбырайды көрген, Ыбырай туралы алғашқы естелік жазғандардың бірі. Оның еңбегіне біз Ы.Алтынсаринның ұстаздық еңбегі, отбасы, адамдармен қарым-қатынасы, жеке басының адамдық қасиеттері туралы қызғылықты деректер табамыз. Сондай-ақ ғалым зерттеуші Ә.Ламашевтің жоғарыда атап өткен мақаласында Ыбырай ашқан тағы бір мектепте оқып,кейін жазушы,атақты педагог болған С.Көбеев туралы мәліметтер кездеседі.

Ұлы ағартушының қамқорлығы мен шапағатын көрген, Ыбырай дәстүрін жалғастырушы шәкірттері аз болмаған. Сондай ұстаздардың бірі - Тоқтабаев Досмағұл. Ол туралы жазушы-педагог С.Көбеев "Орындалған арман"атты мемуарлық романында сүйсіне жазған. Сондай-ақ С.Көбеевтің осы аталған шығармасынан Ы.Алтынсарин мектебінде оқып, ұстаздық мұра тұтқан шәкірттері туралы бірсыпыра дерек табылады "Қазақ балаларының менімен бірге оқығандар,кейін белгілі ақын болған Бекет Өтетілеуов, Әбубәкір Бәйтішев, Шынтаев Тұрмас деген балалар еді. Бәйтішев әлі оқытушы. Бекет Өтетілеуов 1949ж. қайтыс болды, ол да оқытушы болатын ".

Жалпы, Ы.Алтынсариннің педагогикалық жолын қуып, ұстаздық жасап, туған халқына білім ұрығын сеуіп сауаттандыру ісіне қомақты үлес қосқан мұндай шәкірттерін көптеп мысалға келтіруге болады.

Ал екінші топқа Ы.Алтынсарин қасында оқып, тікелей білім алмаса да, ұлы ұстаздың дала сахарасына қаққан қоңырау сыңғырынан оянып, кейбіреулері ол ашқан мектептерде оқып, білім нәрімен сусындап, өз өмірін оқу ағарту саласында бала тәрбиелеу ісіне арнап,қазақ педагогикасына белгілі бір үлес қосқан, ұстаз дәстүрін жалғастырушылар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаев және т.б жатады.

А.Байтұрсынов өзінің саналы өмірін қазақ қоғамындағы білім-ғылымның жоғары бағаланып, ағартушылық бағыт әбден қалыптасқан кезде бастады. Ол ауыл мектептерінде, семинарияларда халыққа білім беру, оны жетілдіру саласында көп ізденді. Алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарын жазды.

А.Байтұрсынов Ы.Алтынсаринның педагогикалық жолы мен ілімін одан әрі дамытты. "Қазақ" газетінде оқу-ағарту жүйесі, оқулықтар, әліппе, емле, грамматика, мәселелерін қозғап, қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірге ұйытқы болды.

А.Байтұрсынов қазақ халқының ғылым-білімге ұмтылуын,әр қазақтың ең болмаса, бастауыш білім алуын армандады." Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйрететін білім сондай керек"деді ол.

Ы.Алтынсарин болыстық мектеп ашса, А.Байтұрсынов ауылдық мектеп ашуды көкседі. Сол кездегі ауыл мектептерінің жағдайы төмен екенін, оларда бағдарлама, оқу құралдарының жоқтығын, мұғалімдердің жетпейтіндігін жазды. "Білімнің бас қаруы - кітап" дей келіп, ол балаларға арнап оқу құралдарын жазу, мұғалімдер даярлау ісіне көңіл аударады. Ағартушы-педагог қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылу керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндерді оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа - кәсіп, қолөнер, жағрафия, жаратылыс тану керек екендігін атап көрсетеді.

А.Байтұрсынов өзі өмір сүрген тұстағы қазақ мектептерінің жай-күйіне терең үңіліп, оған көңілі толмай, оны биік сатыға көтерудің жолдарын қарастырады.

Ы.Алтынсарин ұстазы секілді А.Байтұрсынов та мұғалімнің атқаратын рөлін айрықша бағалады." Мектептің жаны-мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы... Мектепке керегі-білімді,педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім " деуі соның нақты айғағы. Сондай-ақ, А.Байтұрсынов көп жылдық мұғалімдік тәжірибесіне сүйене отырып, қазақ мектептерінің ең зәру ісі - оқулық жазу мәселесімен тыңғылықты айналысты және қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады.

Ы.Алтынсарин ашқан мектепте оқып, білім нәрімен сусындаған талантты шәкірттерінің бірі - М.Дулатов та(1885-1935) ұстаз салған жолмен жүрді. Ұйықтап жатқан, қараңғылықта жүрген туған халқын оятып біліммен қаруландырып, өркениетті елдер қатарына жеткізуге еңбегімен елеулі үлес қосқан санаулы перзенттерінің бірінен саналатын М.Дулатов Ы.Алтынсарин негізін қалаған Торғайдағы 2 сыныптық мектепті бітірген соң, осындағы оқытушылар курсында оқиды. Бірнеше жыл ауылда мұғалім болып қызмет атқарады. Бала оқыта жүріп,әлеуметтік теңсіздікті көріп,қазақ халқының жағдайына қамығады. Сөйтіп, ұлт қамын ойлаған қазақ зиялы азаматтарының қатарына қосылады.

Ы.Алтынсаринның ағартушылық дәстүрін мұрат тұтқан М.Дулатов ұстазының оқу ағарту мәселесіне байланысты идеяларын ілгері дамытып, А.Байтұрсынов секілді оқу-тәрбие мәселесінеғылыми тұрғыдан қарауға,атап айтқанда, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне, оқушылардың жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән береді. Ең бастысы,баланы жастайынан ана тілінің уызына жарытып қана қоймай, оларды ұлттық рух, салт-дәстүр, әдеп-ғұрыппен мейлінше сусындауына көңіл бөлді. Бұл туралы былай деп жазды " Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті, сіңімді болуы, қай халықтың мектебінде болса да,оқу кітаптары ана тілінен,өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғаттан жазылып,баяндап оқытқанда,балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, ана тілін анық үйретіп, керекті мағлұмат алып шығады. Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың арасында жүрсе де сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады. Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес,біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру...".

С.Көбеевте(1878-1956) - ұлы ұстаз ашқан мектепте білім алып,ұстаздық жолын қалап,бүкіл саналы ғұмырын осы жолға арнаған кісі. Ол Қазан төңкерісіне дейін-ақ шәкірттерді оқыта жүріп, ауыл мектептеріне арналған бірнеше оқу құралдарын жазды.

Қазақ қыздарын оқытып тәрбиелеу ісіне де жол ашқан Ы.Алтынсарин еді. Соның нітижесінде мұндай мектептер Торғайда (1891), Қостанайда(1893), Қарабұтақта(1890), Ақтөбеде(1896) ашылды.

Міне,осындай Ы.Алтынсарин аштырған Қостанайдағы қыздар гимназиясын бітірген(1902)қазақ қыздарының бірі, талантты журналист-педагог Құлжанова Нәзипа(1887-1934) болатын. Ол кеңестік өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ әйелдері ішінде өзінің педагогикалық ойларымен ерекше көзге түсті. Көп жылдар бойы мектепте, оқытушылар семинариясында, қазақ баспасөздерінде мұғалімдік және жрналистік қызметтер атқарды.

Н.Құлжанованың басшылығымен 20-жылдары мектепке дейінгі қазақ педагогика ғылымының іргетасы қаланды. 1924жылы Орынборда "Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу"атты педагогикалық еңбегі жарық көрді. Кейіннен "Әйел теңдігі" осы игілікті басиаманы одан әрі жалғастырды. Журнал беттерінде қазақ балабақшаларының озат тәжірибесі,онда жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстарының жағдайы,мақсат-міндеттері туралы мақалалар үздіксіз жарияланды.Ал,Н.Құлжанованың 1923 жылы жарық көрген "Мектептен бұрынғы тәрбие" атты жинағы А.Байтұрсынов алғысөзімен шықты. Онда мектепкедейінгі тәрбие беру мәселесі түбегейлі сөз болады.

Аталған еңбегінде Н.Құлжанова мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тарихын,оның отандық және шетелдік үлгілерін сөз етумен бірге балабақшада тәрбиеленетін баланың жас ерекшелігіне қарай,оның қоршаған ортасының ықпал-әсерінен туындайтын психологиялық өзгерістерді жан-жақты әңгімелейді.Бұл жайында автор былай дейді: "Ойын-оның шын тіршілігі. Төңіректегі нәрседен өзіне қзықтысы ғана көзіне түсіп,ықылас тартады және бір мінезі сөйлеуге жалықпайды. Тынымсыз қимылының бәрі сөзімен жалғасып жүреді. Көрген нәрсені айтқанда,ұмытқан жерлерін ойдан толықтырады".

Талантты ақын, білікті педагог М.Жұмабаев та (1893-1938) -Ы.Алтынсарин ашқан мектепте арнайы оқымаса да, оның педагогикалық ілімінен, идеясынан, мұрасынан үлгі алып, оның жолын жалғастыруға сүбелі үлес қосқан шәкірттердің бірі дей аламыз.

Ы.Алтынсарин жолын қуған ол да Омбыдағы мұғалімдер семинариясын бітірген соң мұғалімдік курстарда оқытушылық қызмет атқарды.Дәріс оқыған жылдарында тәлім-тәрбие ғылымның теориялық жағына үңіліп, өзінің дарынын танытты.

М.Жұмабаевтын пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен құлық тәрбиесі. Автор олардың бір-бірімен байланыстылығын түсіндіре келіп, былай дейді: "Егер адам баласыно осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны.Егер де ол ыстық, суық, аштық,жалаңаштық сықылды жұмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, сұлу саз, сиқырлы әуен, әдемі ләззат алып, жан толықтырарлықтай болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып,шын адам болғандығы.Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын".

М.Жұмабаев, сондай-ақ, оқу құралдары мен әдістемелік құралдар жазды. Бұл еңбектерді уақытысында халыққа білім беру ісіне, сауат ашуға орасан пайдасын тигізді.

Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық,ағартушылық ой-пікірлерімен, идеясымен сабақтасып жататын сарындарды қазақтың ХХ ғасыр басында өмір сүрген педагог,ойшыл, ғұламалардың еңбектерінен кездестіреміз. Олар: Ж.Аймауытов, М.Көпеев, Ғ.Қарашев, М.Көшімов, Шәкәрім, С.Торайғыров, т.б Бұл күнде Ы.Алтынсаринның педагогикалық мектебі ұстаздың дәстүрлі өркенін жайып келеді. Ыбырай отын маздатып жаққан білімнің жарық сәулесі қазақ халқының жанын нұрландырып, қараңғылықтан құтқаруға қызмет етті. Оның армандаған асыл ойлары мен идеялары жүзеге асты.Қазақ халқы өркениетті елдер қатарына қарай бет бұрды. Сөйтіп, Ы.Алтынсарин салған жол-арналы даңғыл жол екені дәлелденді. Бұл оның идеясы мен ілімінің өміршең екендігін көрсетеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных