Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бектұрғанова Н




М.Шахановтың «Арман» шығармасының мазмұны мен ой-түйінін, Әл-Фараби бейнесін, адамға «Арман» сөзінің маңызын, өлеңнің суреттеу тілін меңгерту және оқушылардың сын тұрғысынан ойлау мен жазу дағдысын қалыптастыру, өзіндік көзқарастарын қорғай білуге үйрету, тосын сауалдар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ шәкірттерді ізгі қасиеттерге: Отаны мен елі алдындағы борышын сезінуге, алға қойған асқақ армандарына жету үшін күресуге тәрбилеу мақсатында сабақ өткізіп, оның көрнекілігіне магнитафон, үнтаспа, М.Шахановтың шығармалары, Әл-Фараби туралы деректер, Әл-Фарабидің, Н.Назарбаевтің сөздері, кестелер, «Венн» диаграммасын пацдаландым. Бұл дәстүрлі сабақтың өту барысы мына төмендегідей.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Оқушылар жазып келген «Менің арманым» тақырыбындағы шығарма жұмысына талдау.

ІІІ.Жаңа сабақпен байланыс.

ІV.Жаңа сабақ.

Мұғалім. Арман-киелі ұғым. «Армансыз адам-қанатсыз құспен тең» дейді атамыз қазақ. Кезінде аталарымыз дүниенің төрт бұрышын түгел көрсететін сиқырлы айнаны, қалаған жеріне лезде жеткізетін ұшатын кілемді өлген адамды тірілтетін ғажайып алманы арман етіп, ертегіге арқау еткен. Сол ұшатын кілем қазіргі заманның тікұшақтары, сиқырлы айнасы - теледидар, ғажайып алмасы-түрлі дәрі-дәрмектер мен дамыған ғажайып медицина емес пе? Армандау арқылы адам баласы өрениетті ХХІ ғасырға жетіп отыр. Біз бүгін осыны танып білу үшін М.Шахановтың «Арман» атты шығармасымен танысамыз.

Содан соң сыныптағы Мұхтар есімді балаларға: «Ата-аналарың неге осындай есімді таңдады деп ойлайсыңдар?» деген сұрақ қойып, ой-талас тудырамын.

Мұхтар сөзі араб тілінде «қалаулы» деген мағына береді. Қазақ халқында еліне қызмет еткен қандай Мұхтарлар бар?

Оқушыларының М.Шаханов жайлы білетін мағлұматтары арқылы топтастыру жұмысын жүргіземін.

Даналықтың басы даналықты танып біліп, оны қастерлеуден басталады. «Өзім қанша мықтыны мойындадым» дейді Мұхтар ақын. Бүгінгі біз танысатын «Арман», «күре тамырды іздеу» поэмасының бір бөлігі ғана.

«Арман» өлеңін оқушылар рөлге бөлініп оқиды, соңынан топтық тапсырма беріледі.

Бірінші топқа - аллитерация мен ассонанс.

Екінші топқа - теңдеулерді табу.

Үшінші топқа - өлеңді қара сөзбен баяндау.

Бұдан кейін жас екі шәкіртті және ұлы ойшыл мен белгілі саудагерді «Венн» диаграммасы арқылы салыстыртамын.

Бекіту жұмыстары кезінде сұрақтар қойылады.

1.Оқушылар сабақтың басында сендер суреттеген үлкен «Арман» мен ақын баяндаған үлкен «Арманда» қандай айырмашылық бар?

2.Шығармадағы қарт Дойылға неге ренжіді? Дойыл кінәлі ме?

Сабақ соңында оқушыларға М.Шахановтың үнтаспадағы «Арман» туралы айтқан тілегін тыңдатамын. Сосын өзімнің сөзімді келтіремін. Олар мына мағынада.

Арманның үлкен-кішісі, жаман-жақсысы бар. Әл-Фарабидің «Адамға біліммен бірге тәрбие берілуі қажет. Тәрбиесіз берілген білім жамандыққа апарады» дегені мәлім. Сондықтан тек арманымыздан елімізге, халқымызға деген сүйіспеншілік сезіліп тұрса деймін.

Үйге төмендегідей тапсырма беріледі.

1.Шығарманы оқу.

2.Әл-Фарабидің арманын жатқа оқу.

3.М.Шахановтың шығармашылығы туралы ізденіс жұмыстарын жасау.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных