Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЖАҢАЛЫҚ ЖАҢҒЫРЫҒЫ




Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту саласындағы еңбегі - қазіргі заман талабымен астасып жатқандығы байқалады.

"Мен өз дәуірі жаңғырығымын" деп, В.Гюго айтқандай, Ыбырай да ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы тып-тыныш жатқан қазақ даласының жаңғырығы болды.

Ы.Алтынсарин творчествосына ой тоқтатып, көз жүгірте қарасақ, оның өлеңі де, әңгіме-новеллалары мен аудармалары да түгел дерлік халық ағарту ісіндегі тәлім-тәрбие мәселесіне арналғанын байқау қиын емес.

Ол жазба әдебиетінің алғашқы қарлығашы ретінде барлық жанрға жаңалықтар енгізді.

Поэзияда "Кел балалар оқылық", "Өнер- білім бар жұртта", "Балқожаның оқудағы баласына жазған хаты", т.б. өлеңдерінде жастарды оқу-білімге саналылыққа шақырып халықтың тұрмыс жағдайын жақсартатын техникалық прогресті жақсы суреттейді. Бұл өлеңдерінде тілдің көркемдегіш тәсілдерінің ішіндегі ең көп тараған түрі- теңеу, салыстыру құралдарын көп қолданады. Мысалы:

Адамды құстай ұшырды,...

Теңізде жүзді балықтай,...

Қорғасын оқтай балқытқан,...

Айдынды көлді шалқытқан, т.б.

"Ей, достарым", "Ей, жігіттер" деген өлеңдерінде артта қалған ескіліктің зиянды салтын, озбырлықты әшкерелеп, өжеттікке, адамгершілікке үгіттейді. "Ананың сүюі" атты өлеңінде ананың балаға деген махаббатын суреттей отырып, ананы құрметтеу керек деген идеяны нұсқайды.

Қазақ әдебиетіне Ыбырай қосқан тағы бір ерекшелік-табиғат лирикасы. Ол табиғаттың сұлу көріністері өте бір сезімталдықпен жырлаған.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных