Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АБАЙДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ




Тәжібаев Т

«Ыстықтан, суытқан» (1894) деген өлеңінде Абай адамның көңіл ауаны да сезімнің бір түрі, ол жағымды да, жағымсыз да болып келуі, адамды ұнатуы да, ренжітуі де мүмкін деп түсіндіреді...

Қайғы. «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құрытып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады...»

Қуаныш. Қуаныш – адамға сергектік пен күш-қуат беретін жағымды сезімдердің бірі. Ол көбінесе жастыққа тән сезім болып табылады...

Күлкі. Адам қуанышының айқын көрінісінің бірі болып табылады... Сондықтан орнымен ғана күлу керек. Күлкі адамның рақаттанып, ләззат алуынан туындағанда ғана жақсы (орынды) күлкі болып табылады. Ал біреудің қайғысына күлуге тіптен де болмайды, қайта ондай адамның қайғысына ортақ болып, жәрдемдесу керек...

Ашу ерікпен (Абайша - қайратпен) байланысты: «Қайратсыз ашу тұл, тұрлаусыз ғашық тұл, шәкіртсіз ғалым тұл» (369-бет) дейді...

Ұят. Абай ұяттың екі түрі бар (надандықтан болатын ұят, абыройға сыйымсыз іске ұялу) деп көрсетеді де, олардың әрқайсыларын сыпаттап, ұялу және ар деген нәрсе адамгершіліктің маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады: ұят адамның табиғатына зиянын тигізеді деп түсіндіреді...

Достық пен қастық – екеуі де жүректің ісі, ақылды адамның ары мен ұяты аұылының күзетінде болады («жүрек – теңіз, қызықтың бәрі асылтас» /1902/ деген өлеңін қараңыз).

Ерік (Қайрат). Абай ерікті адамның алдына қойған мақсатына жету үшін, біліммен қарулану үшін ең қажетті сапалардың бірі деп қарайды.

Құмарлық – адамның бір нәрсеге қатты қызығушылығы. Бірақ сол құмар болған нәрсеге жеткенде көп адамда адамның ақылын алжастыратын дандайсу, масаттану дегендер болады...

Абайдың айтуынша мінез (характер) – ғылым мен ақылды сақтап тұратын сауыт...

Еріншектік – халықтағы барлық пайдасыз істерді туғызушы басты себеп. Еріншек, жалқау адам – қорқақ және қайратсыз, ал қорқақ және қайратсыз адам – әдетте мақтаншақ және қорқақ – ақымақ немесе надан болады да, ал ақымақ немесе надан адам жалғаншы болады...

«Залымдық – адам баласының дұшпаны, адам баласына дұшпан болса адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан есебіне қосылады, бұлардың емі халқына махаббат, халқына ғаламға шапағат, қайратты, тұрлаулы, ғадәләт ісінің алды артын байқарлық білімі, ғылымы болсын » деп көрсетеді Абай (8-12 беттер).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных