ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
МАҒЖАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУСеңкібаев С. Мектепте пәндер, негізінен, әсіресе, әдебиет пәнін оқыту мәселесі сөз болғанда, К.Д.Ушинскийдің көнелеу болса да көңілге қонымды мына бір пікірі ойға оралады: «Всякая школа прежде всего должна показать человеку то, что в нем есть самого драгоценного, заставив его познать себя частицей бессмертного и живым организмом мирового духовного развития человечества». Ал енді өнер адамының, әсіресе ақын жанның тіршіліктегі жай адамның көзіне көрінее бермейтін небір нәзік сырларды, құпия құбылыстарды байқағыш екендігін, яғни өнер туындыларының адам мен табиғат, өмір арасындағы таным көпірі іспетті екендігін ескеретін болсақ, әдебиет пәнін мектепте оқыту мәселесіне шығармашылық тұрғыдан келу қаншалықты маңызды екендігі түсінікті жай. Өкінішке орай, күні бүгінге дейін мектептердегі әдебиет сабағы идеология құралы болудан арыла алмай келеді. Көркем шығарманы тарих, тұрмыс, саясат тұрғысынан тану, таныту, басым. Біздіңше, әрбір суреткер шығармашылығы бүкіл азамаььың құндылықтр тұрғысынан танытылуы тиіс. Мысалы, М.Жұмабаев поэзиясының құндылығы неде деген мәселеге Мағжанға дейін дүние дамуында, Адамзат мәдениеті дамуында нендей құндылықтар бар еді, оған Мағдан не қосты, қаншалықты қоса алды деген мәселелерді айқындап алу қжет секілді. Жалпы Мағжан шығармашылығының өзегі неде, күші қандай деген сұрақтарға кезінде ақын шығармашылығына байыпты барлау жасап, әділ пікір айтқан Ж. Аймауытов былай дейді: «Мағжан ақын ба, ақын емес пе? - деген сұрауды қоюда мағына жоқ. Оны ақын емес деп таласушы бола қоймас. Жалғыз-ақ ақындық күші қандай деген сұрауды қою керек. Бұл сұрауға Мағжанды күшті ақын деп жауап береміз. Несімен күшті? Тыңнан тапқан жас пікірімен бе, болмаса терең ой, терең пәлсапасымен бе, әлде қазақтың өткен-кеткенін, бүгінгі өмірін айнаға түсіргендей көрсетіп, келешекті болжап пайғамбарлық еткенімен бе? Жоқ, бұлардың бірі де емес. Мағжан терең ойдың ақыны емес, ол заманды суреттеуге шебер емес. Ол келешекті болжап, жұртты соңына ертетін пайғамбар ақын да емес. Мағжан - сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, Маржандай тізілген торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен шерлі, мұңды зарымен күшті. Ол сыршыл толғағыш, суретші, сөз ұстасы, түршіл, романтик, мәдениетшіл, отаршылдыққа, жауынгерлікке қарсы күншығысшыл ақын» Ендеше Мағжанды ақын ретінде, азамат ретінде жас ұрпаққа осы тұрғыдан таныту қажет. Жалпы білім беретін орта мектептің қазақ әдебиеті бойынша М.Жұмабаев шығармашылығына бас-аяғы 17 сағат бөлінген. 5 сыныпта «Жүсіп хан» 3 сағат. 6 сыныпта «Мен жастарға сенемін! 3 сағат бөлінген. 7 сыныпта «Сүйемін», «Жазғытұрым» 3 сағат. 8 сыныпта «Тез барам», 3 сағат. 11 сыныпта өмірі мен қызметі, өлеңдері. «Батыр Баян» 5 сағат. Ал 9 сыныптан бастап қазақ әдебиеті тарихи-хронологиялық жүйемен оқытылатындықтан (9 сыныпта - ауыз әдебиеті үлгілері мен ХVIII ғасыр әдебиеті, 10 сыныпта - ХІХ ғасыр мен ХХ ғсырдың басындағы қазақ әдебиеті) бұл сыныптарда Мағжан шығармашылығы бағдарламаға енгізілген. Ақын шығармашылыған мектепте оқытудың жайы қандай болып келді деген сұраққа жауап беру үшін 11 сыныптың әдебиет пәніне арналған оқу бағдарламасынан нақты үзінді алып көрейік: «Өмірі мен творчестволық жолы. Өлеңдерінің басты өзегі - еңбекші халықтың ауыр халі, әйел азаттығы, рухани қанауды, қатыгездікпен озбырлықты жою, адамгершілік, таза махаббат. Ұлт-азаттық күрес, Октябрь революциясы, оқу-ағарту мәселелері. «Батыр Баян - күрделі этикалық поэма. Ақынның шығармашылық мұрасы тұтас алғанда ірі дарын иесі екендігін айғақтап, ізгілік, демократия идеяларымен астасып жатады». Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғаімдеріне Мағжан поэзиясына оқытуда осындай бағыт-бағдар берілген. Біздің ойымызша, біріншіден, мұндай бағыт ақын ретінде Мағжанды тануға толық әрі жан-жақты мүмкіндік бере алмайды. Өйткені, ақын шығармашылығының негізгі өзегі, жоғарыда аталеған өзіндік ерекшеліктері көрсетілмеген. Екіншіден, көркем туындыға деген эстетикалық талғам, өзіндік ой-пікір қалыптастыру мүмкін емес. Себебі, ақын шығармашылығының эстетикалық құндылығынан гөрі (ал оп ең басты ерекшелігі ғой) тарихи, саясат, тұрмыстық тұрғыдан қарастырып, қалыптасып қалған қасаң пікірден ұзай алмайды. Дәл осындай кемшілік басқа сыныптарда берілген өлеңдерін оқытудың бағдарламасында да бар. Енді жаңа буын оқулықтарына арналған оқу бағдарламасына көңіл аударайық. Мұнда біршама ілгері басқандық бар, өйткені ақын өлеңдерінің көркемдік қуатына көп көңіл аударылады дегенмен, мұнда да біржақтылық байқалаады. Мысалы, 5 сынп оқулығында Мағжанның 3 өлеңі «Балалық шақ», «Қысқы жолда», «Сағындым» ғана берілген. Бағдарламада осыған қатысты была деп көрсетілді: «Балалық шақ» өлеңіндегі жылы лиризм. Мағжан өлеңдерінің құрылысындағы, суреттеу құралдарындағы ерекшеліктері». Соңғы екі өлең туралы бағдарламада мүлде ештеңе айтылмаған. Бір қызығы, оқулық мазмұны мен бағдарлама қабыса бермейді. Мысалы, жоғарыда аталған «Балалық шақ» өлеңі бойынша оқулықта мынадай тапсырмалар бар. 1 - тапсырма: Ақынның сөзінің мәні – балалық шақты патша тағына теңеп, осы бір қымбат уақытты құр жібермей, өнер үйреніп, білім алыңдар деген пікірін өз сөздеріңмен түсіндіріп беріңдер. Бұл тапсырманы оқушы қалай орындамақ. Өйткені оқулық авторы ақынның өлеңдегі ойын өз сөзімен жеткізіп тұрған жоқ па? Оқушы одан артық енді не айтады? Егер тапсырма «өлеңнің бірінші шумағында ақынның айтып отырған өсиетін өз сөздеріңмен айтып көріңдер» десе бір сәрі еді. Бұдан басқа үш тапсырманың үшеуі де осы сиптата берілген. Жоғарыда айтылғандай, Мағжан үгітшіл ақын емес, ол өлеңді күнделікті өмірдің қайшылығын суреттейтін күрес құралы ғана деп түсінбейді. Мағжанның тамыры тереңде. Оны түсіну үшін жоғарыда келтіргендей оның өлеңдерінің құр мазмұнын қуалап, үстірт талдауға болмайды. Дәл осындай бір жақты үстірт талдау 5 сынып оқулығында (жаңа оқулығында) «Сағындым» өлеңіне де ұсынылған. Көңіл аударыныз: 1 тапсарма: Ақын нені, кімдерді сағыныпты? 2 тапсырма: Ақын абақтыға кімдер үшін түсіпті? 3 тапсырма: Ақынның қайтпас, қайсар мінезін өлеңнің қай тұстарынан тануға болады? Ол ақынға мінездеме беруге көмектесе ме? 4 тапсырма: Өлеңдегі өзінді толқытып тебіренткен сөздерді, жыр жолдарын жаттап алыңдар. Абақтыда жатқан адамның ауылын сағынғандығын айту үшін Мағжан болып өлең жазудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Өлеңге бұдан гөрі тереңірек барған дұрыс шығар мәселен, алпыстағы ағайын, туған, ел-жұртын еске алғанда неге үнемі Алтын, Күн, Қара жер, Жүйрік жел, Күміс көл ақынның аузына қайта-қайта түседі? Өзін табиғаттың ажырамас бір бөлшегі деп сезінетін, сонымен біте қайысып кеткен ақын Сарыарқаның сар даласын аңсамағанда қайтеді? Заман бөлек болса да, жалғыздық тағдырын арқалаған Абай ақынның өзінің ортасынан таба алмаған таянышты қара жерден іздеуі, бостандықты жүйрік желден іздеуі, жарықпене жылуды алтын күннен іздеуі, тазалықты мөлдіп көлден көруі ағаттық па? Әлде оны (табиғатты) сағынуы ағаттық па? Адам менен табиғаттың арасында бітпес жаулық орнап алған мына заманда экологиялық тәрбие үшін Мағжан өлеңдерінен артық қандай шипа бар екен. Жалпы Мағжан Мұрасында от пенен су, ай менен күн, күн мен түн. Кең дала ақынның дүниені, болмысты тану, қабылдау ерекшелігіне байланысты. Сол ерекшелікті, жалпы әр ақын-жазушының өзіндік ерекшелігін таныта білу - әдебиет пәнінің басты міндеті емес пе?! Туған жерді жырламайтын, оқу-білімге үгіттемейтін, табиғатты суреттемейтін ақын жоқ. Содан соң тағы бір айта кетерлік жай - поэзияны айтып ұғындыру, талдап түсіндіру немесе баяндап беру мүмкін емес. Поэзияны сезіне білуге үйрету қажет деп ойлаймыз. Бұл жерде мәнерлеп оқудан артық әдіс әлі жоқ. Өлеңдегі ой мен сезімді бере білу үшін бұл жеткіліксіз. Ол үшін өлең теориясын, сонымен бірге интонация деген ұғымның бөліктерін жақсы білу керек, яғни дауысты күші, темпі, тембрі, әдістемесі дегендердің бәрі поэзияны сезінуге септігін тигізетін дүниелер. Оны ұстаз нәзік түсіне білуі керек. Өкінішке орай, мәнерлеп оқуға үйретудің толық әдістемесі жасалып, жинақталмай келеді. Кезінде 1985 жылы Қарағанда мемлекеттік университетінің доценті Лекеров Қаби Кәкенұлының «Келістіріп оқу» деп аталатын ғылыми тұрғыдан талдап-түсіндіріліп жазған әдістемелік құралы болып еді. Сол неге таратылмай қалды. Қорыта келгенде айтарымызҮ.Жұмабаев Мағжан - ғасырлар белесінде әр заманда бір қылаң беріп қоятын көркемдік ойлау әлеміндегі Абайдан кейінгі үлкен бір құбылыс. Оған оның «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы», «Жан сөзі», «Жүсіп ханы». Тағы басқа да ірі-ірі шығармалары куә. Сол құбылыстың сырын ашып, жас ұрпақты шынайы суреттер арқылы поэзия бұлағынан сусындата білу, асыл менен жасыл, жақсы менен жаман, қатыгездік пен ізгілік, бір күндік пен мәңгілік секілді өмірлік мәселелерге қатысты көзқарас қалыптастыруда ақын мұрасын шебер пайдалана білу - әр ұстаздың асыл мұраты болуы керек. Әсіресе, жас ұрпақты ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеуде Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын оқып үйрену, одан нәр алу – ұлы парызымыз.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|