Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ




Лшанова С.

Ы. Алтынсарин - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, демократ тәлімгер, публицист жазушы, өз заманының қоғам қайраткері. Біз оның бейнесінен қазақ халқының мәдени экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін көксеген данамызды көреміз.

Еңбек тақырыбы қазақ жазба әдебиетінде XIX ғасырдың аяғында Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы келді. Дене мен еңбек тәрбиесін ол адамгершілік тәрбиесінің аса күрделі мәселелері ретінде таныды.

Еңбек тәрбиесі Ы.Алтынсаринның хрестоматиясында, көркем шығармаларында негізгі орын алады. Ол өзінің еңбек тәрбиесіне байланысты ойларын терең және айқын көрсетіп өтті.

Ы.Алтынсаринның еңбекке байланысты шығармаларымен таныса отырып, философиялық ой түюге болады, ол ұлы ұстаздың әдептілік қағидаларынан шығады. Бұл қағидалар мен өлшемдер адамгершілік тәрбиесінің негізгі мұраты, өйткені адамға оның мағыналы өмір сүруі үшін белгілі бір мақсатқа қарай әрекет жасауы керек, ол - еңбек әрекеті. Осы жолда адам көптеген қарама-қайшылықтарды жеңе отырып өзіне қанағат алады. Пайда болған қанағат келесі қажеттілікті тудырады, қажеттілік әрекет етуге жетелейді, ол жаңа мақсаттың орындалуына ұмтылу болып табылады. Ы.Алтынсаринның еңбек идеялары осындай диалектикалық заңдылықтар негізінде іске асады.

Ы.Алтынсарин жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерінде орыс ағартушыларының еңбектерін өте жоғары бағалады.

Орыс әдебиеті классиктерінің еңбектерімен танысу, Л.Толстой, К.Ушинский сияқты белгілі ағартушылардан үйренуі Алтынсаринның өмірге көзқарасын тереңдете түсті, қазақ қоғамының негізгі мәселелерін дұрыс танып, оларға нақтылы пікірлер айтуына жәрдемін тигізді.

Жастарды еңбекке баулу - қай кезде де азаматтық тәрбиенің елеулі шарттарының бірі. XIX ғасырда еңбек мәселесі орыс әдебиетінде де айрықша көтеріліп, халық өкілдерінің негізгі ерекшеліктері мен биік қасиеттері еңбекке байланысты көрсетілгені белгілі. Тәрбие адамның ақыл-ойын дамытып, оған белгілі көлемде білім беріп қана қоймайды. Ең бастысы, Алтынсарин орыс жазушылары мен ағартушыларының еңбек мәселесін шешудегі зор жетістіктерінен үйреніп және оларды өзінің әдеби, сондай-ақ педагогикалық жүмыстарында ұтымды пайдаланды. Бұл жағдай оның әңгімелерінің жалпы мазмұнынан байқалып отырады.

Ы.Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясын” орыстың ұлы педагогі К.Ушинский мен белгілі педагог Паульсонның хрестоматияларының үлгісінде құрастырды.

Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен әңгімелерінде автор еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді. Автор хрестоматиясын оқушыларды еңбектің мақсатқа жеткізетіндігіне, еңбек арқылы табылған табыстың берекелі болатындығына сендіре отырып, еңбек ету үшін “тұрақтылық пен табандылық” қажет екендігін уағыздайды. Оған дәлел оның хрестоматиясындағы көптеген еңбекке байланысты мақалдар мен мәтелдер. Мысалы, “Бейнетсіз рахат жоқ”, “Жалқау текке жатар, оның ырысы қашар”, “Жігіттің ерінгені, көрінің көрінгені”, т.б. дәлел болады.

Хрестоматияның бүгінгі мектептің оқу-тәрбие жұмысына тигізетін әсері үлкен. Оны көптеген ғалымдарымыз Т.Тәжібаев, Б.Сүлейменов А.Қасымжанов, Е.Бекмаханов, Ә.Сыдықов, т.б. берген бағалары дәлелдейді. Т.Тәжібаев “ЬІ.Алтынсаринның хрестоматиясының негізі және оның мазмұны бүкіл халықты еңбек етуге және еңбекті сүюге шақырады” деп көрсетеді.

Еңбектің адам өмірінде атқаратын міндетінің зор екендігін және ол өмір сүрудің мағынасы мен мазмұн дәрежесінің көрсеткіші екендігін өзінің балаларға арналған әңгімелері арқылы дәлелдейді. Енді солардың кейбіреулерін мысалға келтірейік. “Бай баласы мен жарлы баласы” әңгімесінде Алтынсарин бүкіл ағартушылық еңбегінің негізгі сырын, әлеуметтік тенденциясын айқын ашып береді. Үсен арқылы еңбекші бұқараның жас ұрпағының еңбек сүйгіштігін, әр нәрсенің ретін таба білетіндігін көрсетеді. Асан бейнесінен мұндай қасиет байқалмайды. Үсен бейнесінен тек еңбек сүйгіштіктен басқа дәрменсіз Асанға көмегі оның адамгершілік жағынан бейнесін сомдай түседі.

“Қыпшақ Сейтқұл” әңгімесінде Сейтқұл арқылы қарапайым халықтың толысқан өкілін бейнелейді, оның жақсы істерін көрсетеді. Сөйтіп, жазушы бұл әңгімелерінде қазақ шаруаларының екі ұрпағын суреттейді, сол арқылы жалпы халықтың тіршілік ету, өмір тану, табиғатты меңгеру әрекеттерін баяндады. “Бай мен жарлы баласы“, “Қыпшақ Сейтқұл” әңгімелерінің бір-біріне байланысты шығармалар ретінде қаралуы осы себепті. Мысалы, “Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш” деген әңгімесінде бұл үшеуі әрқайсысы өздеріне тамақ іздеп, еңбек етеді, күн көру үшін күреседі. Бұл өңгімеде әкесі жас баласымен сөйлесіп, одан бірнеше сауал сұрағаннан кейін әкесі құс, жәндіктердің еңбектену арқасында өздеріне қорек тауып жүргенін айтып, “Сен де ертеден кешке дейін босқа жүріп уақытыңды босқа жіберме, еңбек етуге әдеттен, еңбек етсең - емерсің” дейді.

Ұлы педагогтің бұл әңгімесі ой туғызады. Адамда рухани және табиғи қажеттіліктің болатындығын, ал қажеттіліктің орындалуы тек еңбек әрекеті арқылы ғана іске асатындығын өзінің әңгімесі арқылы дәлелдеп берген.

Ы.Алтынсарин еңбекке тәрбиелеу мәселесі тақырыбына орыс тілінен тәржімаларды, халық аңыздарын көп пайдаланды. Солардың бірі - “Атымтай жомарт” аңызы. “Күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі пұлға нан сатып жесем де, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбектен табылған тамақтың тәттілігі болады екен” деген жолдары “Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады” деген халықтың мағыналы сөзімен ұштасып жатыр. “Байлық неде?” деген тағы бір әңгімесінде кедей кісінің сұрағына ғалым жауап береді. “Қанағат ете білсең, еңбек қылсаң - байлық сол. Малы көп болмаса да, соған қанағат ете білсе, біреуді алдап жемесе, біреудің еңбегін пайдаланбаса, мұндай адамның көңілі жай болады. Сол үшін байлық - қанағат пен адал еңбекте”. Автордың еңбекті адам құлқынын түзейтін құрал деп қарауы өте мәнді нәрсе.

Ы.Алтынсаринның “Сәтемір хан” әңгімесінде кішкентай ғана ақсақ құмырсқаның қайта-қайта құлағанына қарамастан қабырға арқылы үйдің төбесіне шыққанын көріп отырған Сәтемірге мынандай ой келеді: “Өзі ақсақ құмырсқа еңбектене отырып әзінің мақсатына жетті, ал мен болсам түк бітірмей өмір сүріп жүрмін. Маған мына құмырсқадан өнеге алу керек екен” деп, ақырында өз елінің ақылы толған патшасы болыпты”.

Бұл әңгімеден еңбек үлкен мұратқа жеткізіп қуаныштар әкелетінін, ол қуаныш қажеттіліктен туған мақсатқа жету идеясын көрсетеді.

ЬІ.Алтынсаринның еңбек арқылы дүниетаным туралы көзқарасы қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Адам өмірінде еңбек бақыт, қанағат пен қуаныш әкеледі және еңбек адам өмірінің физиологиялық қажеттілігі болып табылады. Ы.Алтынсаринның көптеген шығармалары өмірдің мәні және мағынасы еңбекте екендігін дәлелдейді, ол адам өмірін еңбек әрекетінсіз мәнсіз деп есептейді.

Еңбек әрекетінің біткені - өмірдің біткені. Ал біреудің еңбектерімен күн көру арамтамақтың және ақымақтың, яғни адалдық қасиеттің жоқтығы. Бір кездегі Ы.Алтынсаринның ойлаған арманы, еңбек идеялары қазіргі заманда адам өмірінде орнын тапты.

Педагогтің осындай прогрессивті идеялары мектептің оқу-тәрбие жұмысы арқылы іске асып отыр. Атап айтқанда, Ы.Алтынсаринның әңгімелері төменгі сынып оқу үрдісі арқылы іске асса, кейбір сыныптарда тәрбие сағаты, сыныптан тыс оқу, конференцияларда, еңбек тәрбиесіне байланысты диспуттар, т.б. арқылы жүзеге асады.

Қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесінің ғылым негізін қалаған да Ы.Алтынсарин. Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән берді, қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ашуға күш жұмсады.

Ы.Алтынсаринның еңбек туралы пікірлері, идеялары қазіргі біздің экономикалық жағдайда қойылатын талаптармен сәйкес келеді.

Қазіргі қоғамымыздағы өзгерістерге байланысты пайда болған әлеуметтік жағдайларда еңбек етпеген адам өмір сүре алмайды, қайыршылыққа, өлімге дейін барады.

Оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде оның шығармаларынан аларымыз мол.

Ы.Алтынсарин адал еңбек етуді, қанағат қыла білуді адамгершілік қасиет деп санады. Оның “Біз өзіміздің адал еңбегімізбен тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам - шын бақытты адам” дегені соның нақты айғағы.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных