ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Уақыт көмді бәрін жердей табытқа.Болған талай ауылымыз,тайпамыз, Енді соның ізін тауып байқаңыз...- дейді. (Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» Алматы, «Жазушы». 1986. 602-бет). Ұлы ғалым адам баласының тарихына диалектикалық тұрғыдан қарап, әртүрлі себептермен бұрын отырықшы мәдениеттің орталығы болған талай-талай қалалардың жоқ болып кеткенін,олар құлап,жермен-жексен болғанын баяндайды. Жердің табытына бөленгендердің бірі тарихта әйгілі Баласағұн қаласы. Оның қай жерде болғанын шығыстанушы ғалымдар XIX ғасырдан бері іздеуде.Олар бұл қала жөнінде бірнеше пікірлер айтумен шектелген. Бұл ғылыми тұрғыдан осы күнге дейін қарастырылған жоқ. 1893-1894 жылдары академик В.В.Бартольд Талас, Шу өңірлеріне келіп, бұл жерлерден қираған көптеген ортағасырлық қалалардың орнын көрген. Осы саяхат кезіндегі зерттеу жұмысының нәтижесін ғылыми мақала етіп жазған. Осы еңбегінде мүмкін Ақбешімнің Баласағұн болуы, Бурана оның шетіндегі қалалық орындары сияқты, бірақ, Баласағұнның қай жерде екенін дәлелдейтін деректер жеткіліксіз деп, Баласағұнды Таластың (Тараз) шығыс солтүстігінен-Шу өзенінің бойынан іздеу керектігін айтқан болатын. Бұл пікірін өзінің «Баласағұн» деген мақаласында да қайталаған. В.В.Бартольдтан кейін де, Қазан революциясынан соң да Баласағұнды іздеу тоқтатылған жоқ. Шу өңіріндегі көптеген ортағасырлық орындарын көріп, совет археологтары, тарихшылары әртүрлі пікірлер айтқан болатын. Солардың бірі, белгілі шығыстанушы профессор А.Н.Барнштам. Ол Тоқмақ қаласының қасындағы ортағасырлық Ақбешім және Бурана қоныстарында қазба жұмыстарын жүргізеді. 1953-1955 жылдардағы осы қалалардан табылған археологиялық деректердің нәтижесін мақала етіп жариялаған. Осы ғылыми еңбекте, А.Н.Барнштам мен Л.Р.Қызласов Ақбешім қонысын Баласағұн деп дәлелдеген ғылыми еңбектерде, Қырғыстанның тарихында, қилы карталарда Ақбешімнің орнына Баласағұн деп жазылып та кетті. Осы ғылыми тұжырым кең өріс алып, көптеген ғалымдар және мәдени қызметкерлер Ақбешімді, Баласағұнға айналдырды. Бірақ бұл пікір ұзақ уақыт өмір сүре алмады. А.Н.Барнштам қайтыс болғаннан кейін, оның шәкірті археолог Л.Р.Қызласов Ақбешімдегі қазу жұмысын жалғастырып, табылған археологиялық деректерге сүйеніп, қолдан табылған заттар тарихта белгілі Баласағұнның өмірін сәулелендіре алмайтынын ғылыми еңбектерінде дәлелдеген және Ақбешім Баласағұн емес деп ашық айтқан.(Қызласов Л.Р. древнего Баласагуна. Вестник МГУ.Сер.Общ.Наук, 1958.№ 11). Л.Р. Қызласов Ақбешімнің қасындағы Бурананы зерттеп, қарахан түріктері кезінде Бурананың ірге тасы Х ғасырда қаланғанын да анықтады. Осы екі қаладағы археологиялық зерттеудің нәтижесінде Л.Р.Қызласов Ақбешім де, Бурана да Баласағұн қаласы бола алмайды, себебі, бұл қалалардың өмір сүрген кезеңдері, Баласағұнға тура келмейді деген. Қазір Р.Қызласов Москва мемлекеттік университетінің профессоры, ССРО Мемлекеттік және Ломоносов атындағы сыйлықтың лауреаты. 1989ж. наурызда Алматыға келгенде кездесіп сұрағанда, Баласағұн жөніндегі пікірінің өзгермегенін білдірді. Л.Р.Қызласовтың пікірін П.Н.Кожемяко Шу өңіріндегі ертедегі ортағасыр қалаларының орындарын археологиялық жақтан зерттеп, «Раннесредневековые города и населения Чуйской долины» деген еңбегін жарыққа шығарды. Бұл қоныстарды кішігірім шұқырлар қазып, содан табылған археологиялық заттарға қарап, сол естеліктердің жасаған дәуірлерін белгілеген және олардың схемалық (үлгі) жоспарларын жасаған. Солардың ішінде, Бурана қонысын зерттеп, ол IХ ғ. салынып, XII ғ. дейін өмір сүрген деген тұжырымға келген. Яғни, Қарахан династиясы кезінде дүниеге келген қалаға ұқсайды. Сол дәуірден қалған мұнара сақталған. Солай болса, Бурананың өмір сүрген дәуірі Баласағұнға тура келмейді. Тарихта жазылып қалған деректер бойынша Баласағұн VI ғасырда ірге тасы қаланып, XIII ғасырға дейін жасаған қала. Сөйтіп, археологиялық зерттеулердің барысында Ақбешім қонысы Баласағұн болмағанына көзі жеткен соң, Қырғыстан тарихшылары жоғарыдағы аты аталған Бурананы Баласағұн деп ғылыми еңбектерде тағы жариялап жіберді. Содан бері қырық жылдан астамырақ уақыт өтсе де Бурананы Баласағұн деген атпенен жазып келе жатыр. Қырғыз ССР-нің бес томдық тарихының,бірінші томында Баласағұнның қай жерде орналасқаны жөнінде ғалымдардың әртүрлі пікірлері бар.Солай болса да Тоқмақтан қашық емес жерде орналаскан Бурана-Баласағұн болу керек делінген. Бұл пікірді болжау деп қарауға болмайды. Себебі, осы кітаптың көп жерінде, Бурананың Баласағұн екенін анық жазған және картада көрсеткен. Сөйтіп, Қырғызстан тарихшылары Баласағұн қаласы өздерінің жерінде орналасқанын дәлелдеуге тырысуда. Мақсат - бұл қала қай республиканың жерінде болғанын дәлелдеу емес, оны ғылыми тұрғыдан, тілге тиек болатындай дәлелдермен көрсету керек. Себебі, Баласағұн тарихта көп жазылып калған қала. Оны жеңіл-желпі деректермен дәлелдеу мүмкін емес. Осы тұрғыдан қарағанда, Акбешім де, Бурана да Баласағұн болуы мүмкін емес. Енді Баласағұн деп жүрген Буранаға зер салайық. Бурана - Тоқмақ қаласының оңтүстігінде 15км жерде. Бурана өзенінің сол жағында орналасқан. Оның ауданы: солтүстік-батыс жағы - 570 м. оңтүстігі-600 м. шығысы -500 м. Солтүстіктен шығыска қарай екі қатар тартылған үш бұрыш сызық сияқты ордың (қамал) қалдығы сақталған. Бурана қаласында цитадель-орталық бекініс болмаған. Бұл келтірілген деректерден Бурананың Баласағұнға ешбір жақындаспайтыны көрініп-ақ тұр. Оның көлемі кішкентай. X ғ. арабтың географы, саяхатшысы Ибн Хаукал өзінің «Сурат аль-Ара» деген еңбегінде Фергана, Ахшикет, Кубал, Узгенд, Ош және тағы басқа Орта Азия қалаларында болғанын баяндай келіп, Ферғана қаласында цитадель (кухендиз) оның ішінде шахристан (медина) орналасқан, олардың шет жағында рабад бар. Үлкен намаз оқитын мешіт күхендиздің сыртын да. Бүткіл Ферғана өңірінде кухендз, бекініссіз, бау-бақшасыз бір де бір қала жоқ дейді. Солай болса, көп ғасырлар Батыс түріктердің астанасы болған Баласағұнның цитаделі болмаушы ма еді? Баласағұнның орталығы бар екенін талай ортағасырлық авторлар да атап өткен. Осыған қарамастан, кейінгі жылдары Бурана Баласағұн деп ғылыми еңбектерде, карталарда және көркем әдебиеттің өкілдерінің енбектерінде айтылып келе жатыр. Біздіңше Ақбешім және Бурана екеуі қосылып Сужабты (Суябты) кұраса керек. Бұл пікір тарихи деректерге тура келді. Мәселен, Қудамы ибн Джафале өзінің «Китаб ал-харадж» еңбегінде: «Сужаб екі қаладан құрылған. Біреуін Кубал, екіншісін Сагур Кубал. Сагур Кубалдан Барсханға, онан әрі Қытай шекарасына дейін түйемен 15 күндік жол...» деп көрсеткен. Бұл екі бөлік қаланың бірігуі қазіргі Ақбешім, Бұрынғы Сагур Кубал болса, екіншісі Бурана бұрынғы Кубал болуы тиіс. Бұл пікір ғылыми тұрғыдан алдағы уақытта анықталуы тиіс. С.Г.Кляшторныйдың болжауы біздің пікірге тура келеді: «Батыс түрік қағанаттарының астанасы Сужаб қаласы болған (Қырғызстан республикасындағы Тоқмақ қаласы - қазіргі Ақбешім...») - дейді ол. Сөйтіп, жоғарыдағы аты аталған профессор Л.Р.Қызласовтың Ақбешім және Бурана Баласағұн бола алмайды деген ғылыми тұжырымы шындыққа келеді. Бұл қалалардың Баласағұн екенін ғылыми тұрғыдан дәлелдеу мүмкін емес. Олай болса, тарихи Баласағұн казіргі Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалардың кайсысы болуы мүмкін? Біздіңше, Жамбыл облысының Шу ауданындағы Калинин атындағы колхоздың жерінде ортағасырлык Ақтөбе деп аталатын үлкен қаланың орны болуы тиіс. Онда Аль Фараби атындағы Қазақ университетінің археологиялық экспедициясы 1974 жылдан бері қазба жұмысын жүргізуде. Қолда бар әдеби және археологиялық этнографиялық мағлұматтарға сүйеніп, осы Ақтөбенің бұрынғы Баласағұн екенін ғылыми тұрғыдан дәлелдемекшіміз. Тарихи деректер бойынша Шу, Талас өңірлеріндегі ертедегі ортағасырда дүниеге әйгілі үш үлкен қала болған: Баласағұн, Сужаб (Суя), Талас (Тараз). Осы үшеуі 603 жылдан кейін Батыс түрік қағанатының астаналары болған. Олардың ішінен ең үлкені, көбірек дүниеге әйгілі-Баласағұн. Бұл қала ұлы Жібек жолының Жаркентке (Яркенд) баратын тармақтарына” орналасқан. Бұл қалаларға соқпай: еш саудагерлер, саяхатшылар кете алмаған. Осы жолмен келген жолаушылар «Әулие таудың» үстінен салынған жолмен келіп. Тасөткел арқылы Шудың оң жағасындағы Тасқалаға келіп, Шудың оң жағын жағалай Қастек асуынан өтіп, одан Ұзынағашқа келген. Одан Жібек жолы Жаркентке қарап созылып жатқан. Сужаб (Суяб) қаласы Жібек жолының Ыстыккөл аркылы өтетін тармағында орналасқан. Баласағұн VI ғ. басынан бастап түргештердің (603-756 жылдары, қарлұқтардың, (IX-Xғ.ғ.) Қарахандардың, қарақытайдың (X-XIIIғғ) астаналары болып, осы мемлекеттердің үлкен экономикалық, саяси және мәдени орталығына айналған. Сондықтан, сол кездегі ғалымдардың, саяхатшылардың еңбектеріне көңіл аударсақ, VIII ғ. ақырында IX ғ. жасаған ұлы Хорезм ғалымы әл-Хорезмий өзінің дүниежүзінің географиялық картасында Шу, Талас, Жетісу өңірлеріндегі түрік елдері бар екенін көрсеткен. X ғ. аяғында XI ғ. бірінші жартысында жасаған Хорезм елінің ұлы ғалымы Абу Райхан Беруни өзінің дүниежүзінің географиялық картасында Баласағұнның 91 ендікте, 44 бойлықта орналасқанын, Таластың 89 ендікте, 43 бойлықта жайласқанын көрсеткен. Осы картада Талас (Тараз) қаласын 89-50 ендікте, 43-35 бойлықта көрсеткен. Өзбекстанның белгілі ғалымы, географ, профессор Хамидулла Хасанов марқұм Птолемейдің, әл-Хорезмийдің, Әл-Берунийдің, Махмуд Қашқаридың және т.б. тарихи географиялық ғылыммен ұзақ айналысқан болатын. 1984 ж. осы ғалыммен кеңескенде, ол осы аталған карталардың өзара айырмашылықтарына тоқталып, Баласағұн әл-Берунидің картасында дәл көрсетілген, ол Таластың (Тараздың) шығысында шамамен 200 км. қашықтықта орналасқан деген болатын. Бұл тұжырым В.В.Бартольдтің болжамына да тура келеді. Махмуд Қашқари да өзінің дөңгелек картасында Баласағұн жетінші климатта, Таластың шығыс-солтүстігінде орналасқанын баяндаған. Бұл ғалым Баласағұнда тұрған, ғылыми еңбектер жазған. Сондыктан, әйгілі ғалым өзінің «Диван лұғатит-түрік» еңбегінде Баласағұн жөнінде толығырак мағлұмат берген. XIII ғ. ақырында, XIV ғ. басында жасаған араб географы Абу-л-Фида Баласағұнның орналасуын картаға салған. Бұл қала түрік елінде 7-ші климатта орналасқанын баяндаған. Ғалымның Баласағұнға берген координаты жоғарыдағы айтылған. Ол Берунидің көрсеткен мағлұматына жакын келеді. Солай болса, Баласағұнның тұрған жері қазіргі ортағасырлық қаланың орны Ақтөбеге тура келеді. Жоғарыдағы ғалымдардың Баласағұнның орналасқан жерін, картада көрсеткендері бір-бірінен онша айтарлықтай алшақ кетпейді. Олардың барлығы Баласағұн Таластың (Тараздың) шығысында, Шу бойында екенін бірауыздан баяндайды. Тарихта белгілі, Таластың шығысындағы Баласағұнға дейінгі Жібек жолындағы ірі қалалар - Құлан, Мерке, Аспара, Баласағұн. Осы жолмен жүргенде Талас пен Баласағұнның арасы 200-250 шақырымнан аспайды. Бұл қашықтық Талас пен Ақтөбеге тура сәйкес келеді. Ертедегі ортағасырдағы ғалымдардың еңбектерінде Баласағұнның орналасқан жерінің тұрмысқа өте қолайлы екені атап көрсетілген. X ғ. жасаған арабтың ұлы географы Әл-Макдиси: «Баласағұн суға бай және халқы көп үлкен қала» деген. Арабтың ғалымы Махмуд Ибн Вали өзінің «Бахр Ал-Асрар» деген еңбегінде Баласағұнның қорғанының ені 2,5 гяз (біздіңше 5-6 м.) дейді. (Материалы по истории Средней и Центральной Азии X-XIX вв.. 1988, 241-бет). Махмуд ибн Вали Баласағұн жөнінде тағы да былай дейді: «Моңғолдар келгенге дейін Баласағұн жақсы сақталған, гүлденген қала болатын. Оның кейін қирап, азып-тозып каңырап калған. Мен бұл кітабымды Балх қаласында жазып болған кезімде, маған Қашқардан келген бір жолаушы мынадай хабар берді: Қашқардың қолбасшысы әскерімен Батыс түріктердегі қалмақтарды бағындыру үшін шабуыл жасады. Шығыстан-солтүстікке қарай жүріп отырып, екі айдан кейін бір қираған қалаға келдік. Айналасын құм басқан, үлкен-үлкен үйлердің қираған қабырғаларын көрдік. 4 фарсах (Бір фарсах 6 км.) қашықтықтан сорайып алыстан көрінген мұнаралар, сарайлар, медреселер анық көрінеді. Осы қаланың қасында қалмақтарға жетіп, екі ортада жеңіп Қарабалта өзенінен кейін қайырып жаңағы қираған қалағаалып келдік. Сонан кейін қолға түскен қалмақтардан бұл қай қала деп сұрағанда, олар біздің білетініміз Баласағұн қаласы деп жауап берді. Шыңғысханның әулеттері басқарған кезде осындай қирап, топырақ басып қалғанын баяндады. Біздер қаланы аралағанда бұзылған үйлердің ішінен тұрмысқа қажетті нәрселерді көрдік: қазандар, қыштан жасалған әртүрлі ыдыстар, алашалар және т.б. бұйымдарды кездестірдік. Кейбір бөлмелерде өлген адамдардың денелері жатыр. Бұрын ең жақсы үлкен қала болған, қазір қирап қалған. Қаланың аты да естен шыққан». Осындағы Қарабалта өзені Ақтөбе қаласының батыс бөлігінің үстінен кесіп өтіп, Ақсу өзеніне кұяды. Солай болатын болса, қашқарлықтардың келген қаласы апатқа ұшыраған, бүлінген Баласағұн болып отыр. Сөйтіп, қазіргі Ақтөбе бұрынғы Баласағұн деп дәлелдеуге тілге тиек болып шығады. Махмұд ибн Валидің айтуынша Баласағұнда діни адамдардың арнайы жиналып намаз оқитын 40 жұма мешіті, күнделікті намаз оқитын 200-ден астам жәй мешіті 20 ханақа және 10 медресе орналасқан. В.Д.Горячева Махмуд ибн Валидің бұл берген деректеріне күмән келтіріп, Баласағұнда бұндай көп мәдени орындардың болғанын асырыңқырап айтылған дейді. Махмуд ибн Валидің айтқанына В.Д.Горячеваның күмән келтіру себебі, ол жоғарыдағы аты аталған ортағасырлык көлемі көрсетілгендей үлкен емес Бурана-Баласағұн деп жүрген археологтың бірі. Осындай Бурана сияқты Шаһарға көп санды мәдени орындардың сыймайтынын еске алып, М.Вали Баласағұнның мәдени орындарын асыра айтқан деген пікірге келеді. Баласағұнның бірнеше ғасырлар бойына түрік қағанатының ірі астанасы болғаны туралы тек М.Вали емес, талай ортағасыр ғұламалары жазып кеткен. Олар өз заманының шын ғалымдары болып, жазған еңбектеріне адамгершіліктің негізінде қарағандарына күмән болмайтын сияқты. Біздіңше Махмуд ибн Валидің айтқаны шындыққа келіп, Баласағұнды сәулелендіреді. Махмуд Қашқаридің айтуынша Шу, Талас өңірінің тұрғындары IX ғ. бірінші жартысында ислам дінін қабылдаған. Махмуд Қашқари жұртшылыққа белгілі «Диван-луғат-ат-түрк» деген еңбегінде: «Баласағұнның тұрғындары соғдийларша және түрікше сөйлейді деген. Исфджабтан Баласағұнға дейінгі қала тұрғындарының тілдері жұмсақ келеді» деген. Бұған қарағанда IX ғ бастап-ақ Шу, Талас өнірінің тұрғындары түріктерше және соғдийларша сөйлеген және жазған ғалымы Мұхаммед ибн Мансур Мерверруди «Тарих-и Мубаракшах» кітабында «Түрік елінің шығысы Қытайға дейін, батысы Византияға (Рум), солтүстігі-Гога, Магога далалығына дейін, оңтүстігі-Индистанға дейінгі жерлерді алып жатыр» деген. Бұл ғалым түрік елдерінің кең байтақ жерді алып жатқанын баян етумен бір қатарда, түріктердің рухани мәдениеті жөнінде де хабар береді. «Араб тілінен кейінгі, түрік тілі өте жақсы және жағымды (әсерлі) тіл. Түріктердің жазуы болған. Олар жаратылыстағы кұбылыстардың заңдылығын иеленген. Балаларын оқытып, сауатын аштырған. Олардың жазуы екі түрлі болған: біреуі соғдийларша, екіншісі—тоғұз-гузектерше. Түріктер өлеңдер жаза білген - қасида және рубаи. Бізге олардын мағынасы өте зор рубайлары жеткен,-деп жазады. (Аталған кітапта) Арабтың ғалымы, энциклопедисі, саяхатшысы Иакут ибн Абуллах ар-румиал-Хамава (1179—1229) Баласағұн туралы былай дейді: «Баласағұн түріктермен шекаралас қала... Бұл қаладан бір топ ғұламалар шыққан. Олардың ортасынан Абу Абдаллах Мухаммед ибн Муса әл-Баласағұн шыққан. Ол кісі Ат-Түрік деген есіммен дүниеге белгілі. Ол Бағдадтағы Абу Абдаллах ад Дамағани қади Ханифта оқыған. Одан кейін ол Шамға (Сирияға) барып, ол жерде Байт-ал-Мукаддас қади қызметін атқарған. Онан соң, ол Дамаскіде қызмет еткен». В.В.Бартольд Баласағұннан ақын Жүсіп (Юсуф) хас-Хаджиб шыққандығын, ол «Кұтты білік» поэмасын жазғандығын атап айтқан. «Құтты білік» дастанын көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі мен түсініктерін жазған казак жазушысы Аскар Егеубаев алғы сөзінде Жүсіп Баласағұн жөнінде: «Қазір бүкіл шығыс зерттеуші ғалымдардың назарын күн санап өзіне аудара түскен «Құтадғу білік» 1069-1070 жылдары он сегіз айдың ішінде жазылған. Авторы: Жетісу өңірінің Шу өзенінің бойындағы тарихқа ықылым заманнан белгілі ірі шаһарлардың бірі Баласағұнда (Құзорда деп те аталған) туып, өскен Жүсіп Баласағұн. Жүсіп бұл қоғамдық-әлеуметтік мәні терең халықтың моральдық-эстетикалык программасы іспеттес еңбегін 54 жасында (Түркия ғалымы Рашид Рах-мати Араттың жобалауы бойынша) жазған. Ежелгі Баласағұнның сол кездегі әмірі Бүғра ханға тарту еткен. Хан оның еңбегін жоғары бағалап «Хас Хажыб» деген атақ берген. Сөйтіп, Жүсіп хас Хажыб Баласағұн деген аты дүниеге тараған... Поэмадан айқын байқалып түрғандай Жүсіп Баласағұн өз заманының озық ойлы энциклопедист ғалымы, философ, адам жанын нәзік сезінгек ақын. Шығыс поэзиясы мен мәдениетін қоғамдық-әлеуметтік диалектиканы кемел біліп түсінген ойшыл, білімді қайраткер. Астрономия, математика, жаратылыс, қоғамдық қарым-қатынастар зандылығын жетік білгені анық» - дейді. Бұл сөздерден Жүсіп Баласағұн бабамыздың кемеңгер, ақылды ғалым екенін, оның есімі мәңгі кұрметпен аталатын жерлесіміз екенін мактаныш етуіміз керек. «Кұтты білік» поэмасын адамгершілікке талпынған ұрпактардың баршасы, соның ішінде ел басқарушы азаматтар окып, иелеп алулары керек деген пікірдеміз. Сөйтіп, біздің іздеп жүрген Баласағұн тек Жібек жолындағы сауда- саттықтың күшейген қаласы ғана емес, ол біздің ертедегі бабаларымыздың дамыткан рухани мәдениетіміздің ірі орталығының бірі. Бұл қаладан тек кана Жүсіп хас-Хаджиб Баласағұн ғана емес, көптеген ғұлама ғалымдар шыққан, әкесі Барысханда туған Махмуд Қашқар да бұл калада талай болғанын өзінің ғылыми мұрасында атайды. Көпшілігінде Баласағұн шаһарінен шығып, дүниеге әйгілі аты шыққан бір топ ғұламалардың ішінен қазіргі окырмандарға көбірек таныстары М. Қашқари мен Ж.Баласағұни болып келсе, енді ұлттык ғалымдарымыздың өсуі мен казақ тарихына, әдебиетіне, тіліне жалпы мәдениетімізге бірқанша жаңалықтар еніп калды. Солардың бірі, 1991 жылы «Жұлдыз» журналының 10, 11 сандарында профессор Әбсаттар Дербісәлиевтің «Жылғадан басталған дария» атты еңбегінде Қазақстан Республикасының топырағына кіндік каны тамған, ортағасырдағы мәдениетімізді дамытуға атсалысқан бірқанша ғұламалардың есімдерін атап, олардың еңбектеріне азды-көпті тоқталған. Сол ғұламалардың ішінде, бұрын бізге белгісіз Баласағұн шаһарінен шыққан оқымыстылар да бар. Солардың бірі Әбу Абд Алла Әл-Баласағұни. «Ғалымның өз аты-Абу Абд Алла Мухаммед әкесінің ныспысы - Мұса. Баласағұни оның Баласағұн қаласында туылғандығын білдіреді. Бірақ Иақут ар Руми жерлесіміздің қай жылы туылғандығын айтпаған. Оны тек Сирия астанасы Дамаскіде-1112-жылы қайтыс болды деумен шектелген. Соған қарағанда баласағұндық ғалымның кіндігі 1040-1050 жылдар арасында кесілген-ау деп болжам жасауға болады». (Дербісәлиев Ә. Жылғадан басталған дария. «Жұлдыз» 1991 № 10). Бұл жерлесіміз жөніндегі пікірін жалғастыра келіп, Ә.Дербісәлиев Әбу Абд Алла алғаш білім нәрін туған мекенінде алған деуге болады. Ол кейін сол кездері бүкіл Шығыс жұртының рухани орталығы болған Бағдадқа сапар шегеді. Араб тілі мен әдебиеті, тарихы мен философиясын окып-үйреніп, жаксы меңгереді. Иакұт ар-Руми оның араб жұртында «Ат-түрік» деген атпен белгілі болғанына назар аудара келіп: «Ол мұсылман правосы бойынша Бағдадтағы Әбу Абд Алла аз-Дамғани әл-Ханафи (1085-1086 ж.кайтыс болған) атты казыдан дәріс алады» деп жазады Осы келтірілген деректерге қарағанда жерлестері М.Қашқари, Ж.Баласағұни сиякты, Әбу Абд Алла Әл Баласағұни да алғашқы білімді Баласағұн шаһаріндегі мектеп медресесінде алып, білімін тереңдету үшін сол кездегі Шығыс білімнің ордасы болған Бағдадта білім алған, ірі түріктен шыққан ғұламаларымыздың бірі екені кейінгі ата-бабасын сыйлап өскен ұрпақтарын қуанышқа бөленді: Осындай түріктен шыккан жерлестеріміз болған көп санды ғұламаларды Ә. Дербісәлиев жарыққа шығарып отыр. Баласағұни бірнеше атпен аталғанын араб ғалымы Ала-ад-Дин Ата- Малик Джубайни өзінің «Тарих-и бжахангушай» деген еңбегінде бұл қала «Гуз-Балыг», «Гуз-улус», «Гуз- орду» деп айтылғанын баян етсе, Махмуд Қашқари да бұл каланың әртүрлі атаулары бар екенін көрсеткен. («Күз-улуш».) («Қуз-урда»). Осы жерді мекендеген джикилейлер ауылдық жерлерді «улуш» деп атаған да, қалаларды «Аргу» деген. Баласағұн екі таудың ортасында орналасқанын баяндайды. Басқа да оқымыстылардың еңбектерінде бұл қалаларды екі таудың арасында деуінің себебі, ол да болса Баласағұн (бүгінгі Ақтөбе) Әулие тау, Бозжорға, Жайсаң тауының басталатын жеріндегі тегістікке салынған кала. Ғалымның бұл пікірі де шындыкка үйлеседі. Махмуд Қашқари Баласағұнға жақын жатқан жерлердің, қалалардың атын атайды. Оның төңірегінде үлкенді-кішілі қалалар, ауылдар көп болған. Олардың кейбіреулері Баласағұнмен жалғасып жатқан. Солардың бірі Қырыкүй каласы. Осы күнгі Ақтөбе қаласы солтүстікке қарай созылып Тасөткелмен жалғаскан. Аксу, Қарабалта, Тоқташ өз елдерінің Тасөткелге кұйған жерінде Қырықүй қаласы орналаскан. Бұл жердегі қала тұрғындары, әрине қырық үйден көп болған. Бұндай атаулы қазақтар көп ұлттан кұрылған ауылдарды да, көп санды үйлерден құрылған қалаларды да осылайша айта беретіні баршаға мәлім. Қырықүй қаласында Шу өңіріне әйгілі болған Ағыбай батыр жасаған. Оның ұрпағы Ендібай Базылбаева 63 жаста, осы Актөбедегі Калинин колхозында тұрады. Жібек жолы Аспара каласынан шығып, Аспара, Ойранды, Құрак, Сұлы, Сарғау өзендерін басып өтіп, Тасөткелдің қасындағы Қырықүй каласына келген. Жоғарыдағы келтірген әдеби деректерге қарағанда Баласағұн Шу өңіріндегі өте қолайлы жерге орналасқан, халқы көп, үлкен, ертедегі ортағасырлық қала болғанына ешкім күмәнданбауы тиіс. Бұндай дүниеге әйгілі Баласағұнды Бурана қалашығымен, Ақбешіммен салыстырудың еш ғылыми тұрғыдан реті келмейді. Енді, Ақтөбедегі көп жылдардан бері жүріп жатқан археологиялық зерттеулердің нәтижесіне көз жіберейік. Араб және парсы ғалымдарының жазғанындай, Ақтөбе тұрмысқа өте қолайлы жерге - Ақсу, Қарабалта, Токташ, Шарғау өзендерінің Шуға құятын төменгі ағыстпрына орналасқан. Бұл өзендердің сулары мол, жері біркелкі тегіс және ауа райы жұмсақ. Қала тамаша жерге салынған. Оның жалпы көлемін анықтау үшін, 1980 жылы самолетпен 200 м. биіктіктен суретке (аэрофлтосъемка) түсіріп, Ақтөбенің аумағы анықталды. Ақтөбенің орталық жерінің көлемі 70 шаршы км. Қала бірнеше қатар ормен қоршалған. Әсіресе, Актөбенік батыс жағы көбірек коршалған. Ордың сыртынан ені 8-10 метр канал жүргізіліп, оның ішінен су ағып тұрған. Бұл каналды жергілікті тұрғындар Дода (рудың аты) деп атайды. Одан акқан сумен егістік жерге су апарса, негізінде ол канал қорғаныш та. Қала бірнеше рет ормен қоршалған. Бұл қорғанның дуалы пахсадан (саз) соғылған. 700-800 жылдай қирап жатса да олардың биіктігі 4-5-6 м. және табанының ені 18-20 м. болып сақталып келген. Қала өмір сүріп тұрған кезде, бұл қорғандар биіктігі көрсетілген биіктіктен әжептәуір биік болса керек. Жалпы картада көрсетілген Қорғанның ұзындығы 52 км. Қалаға кіретін бірнеше қақпалар (дарбазалар) болған. Осындай ұзындықтағы, биіктіктегі және енділіктегі қорғанды Бурана сияқты кішкентай каланың тұрғындарының салуы мүмкін бе? Бекіністің тек ішінде ғана емес, оның сыртында көптеген қала тұрғындары мекен еткен. Олардың қоныстары үлкенді-кішілі төбелер болып, қазірге дейін сакталған. Ол қоныстардың қастарында тұрғандардың қора-қопсылары, бау-бақшалары және тұрмысқа керекті құрылыс орындары салынған. Осындай қоныстар бір-бірімен тығыз жалғасып жатқан, Самолеттен түсірілген картада осы қоныстардың орындары, егістік жерлер, суару жүйелері және көшелер жақсы, ашық көрінеді. Қаланың төңірегін көптеген қарауылтөбелер қоршаған және олардың аралары 1-2 шақырымнан аспайды. Соған қарағанда, сақшылар бір-бірімен толық хабарласып тұрған болуы тиіс. Олардың кейбіреулерін зерттегенде, бұл төбелер саз балшықтан соғылғаны байқалды. Самолеттен түсірілген Ақтөбе қаласының картасына қарап, қаланың гүлденіп өскен кезіндегі тұрғындардың санын шамамен жобалауға болады. Қаланың орталығындағы салынған құрылыстың көлемін (700 гектар) алсақ, Таяу Шығыстағы мұсылман елдерінің қалаларының тұрғындары бір гектар жерде 500 адам жасаған болса, Ақтөбенің орталық бөлігінде 350 мыңдай адам тұрған. Сол елдердің есебі бойынша, бір гектар суармалы жерде 50 адам жасаса, Ақтөбедегі суармалы жердің көлемі 1500 га. Солай болса, егістік жердегі қала тұрғындарының саны 75000 адамға тура келеді. Жиі-жиі салынған үйлердің орны 1000 гектардай жерді алып жатыр. Бұндай жерде 250000 адам жасаған. Осылардың бәрін косқанда, Актөбеде 675000 адам өмір сурген. Қаланың қорғанының сыртындағы жерді қоса есептегенде, Ақтөбенің жалпы көлемі 15000 га. болып, қала тұрғындарының саны бір миллионнан асады. Бұндай есеп, жалпы дүниелік қала халықтарын есептеп шығару заңдылығына қайшы келмейді. Самолеттен түсірілген картада ертедегі суару жүйелері жақсы көрінеді. Қаланың тұрғындары жоғарыдағы айтылған өзендердің, соның ішінде Аксу мен Қарабалтаның суын кең пайдаланған. Қала тұрғындары ірі-ірі су жүйелерін салған. Солардың ең үлкені Дода, Қожай тоғандары. Үлкен ортағасырлык қалалардай Ақтөбе де үш бөліктен құрылған. Қаланың қақ ортасында, Ақсу өзенінің сол жағасында биіктігі 20 м. үлкен төбе бар. Оны жергілікті тұрғындар кейінгі кезде Актөбе деп атап кеткен. Бұл төбе қаланың цитаделі (ку- хендизі). Оның солтүстік жағы - 35 м. батысы - 60 м. оңтүстігі - 80 м. шығысы - 50 м. Жалпы цитадельдің көлемі 7-8 га. Шахристанның көлемі 20 га. Қалған жері - рабад. Ол улкен көлемдегі жерді алып жатыр. Қаланың кай ғасырларда жасағанын білу үшін, цитадельдін және шахристанның үстінен төмен карай (разрез) кесік түсіп, табылған археологиялық заттарға сүйеніп, естеліктің өмір сүрген дәуірін анықтадық. Ақтөбенің солтүстік-шығыс-шығыс мұнарасының тұсынан жоғарыдан төмен қарай ені 7-8 метр тереңдігі 10-12,5 метр ұзындығы 22 метр қазба түсірілді. Бұл жұмыс 3 жыл бойына созылды. Қазылған жер 22 квадратқа бөлініп қазылды. Кездескен заттар, ярустар қабаттар бойынша есепке алынды. Қазба жұмысы ескерткіштің ұлтанындағы жерге жеткізілді. Осы археологиялық зерттеудің нәтижесінде, цитадельдің көп қабаттан құрылғаны анықталды. Оның сыртқы бекініс қабырғасы үш кезеңде салынған. Бірінші кезеңге жататын жерден әртүрлі қыштан істелген ыдыстар табылды (үлкенді-кішілі құмыралар, ыдыстар, шырақтар және тағы басқа бұйымдар). Бұл ыдыстардың барлығы үй тұрмысына қолданатын, қолөнершілердің қыштан істеген бұйымдары. Олар Орта Азиядағы Панджикенттен, Қазақстандағы Отырар каласынан табылған VII-VIII ғ. жататын қыштан істелген ыдыстарға ұксас. Цитадельдің 5-қабатының деңгейінен, күлдің ішінен VII-VIII ғғ. жататын түргештердің 5 мыс теңгесі табылды. Бұл теңгелердің шеттерінде үш тіс тәрізді белгілері бар. Бұрынғы ортағасыр қалаларынан сирек болса да табылған түріктердің теңгесінде ондай ерекшеліктер байқалмаған. Соған қарағанда, Ақтөбені өздерінің астанасы еткен түріктер осы қалада өздерінің ақшасын шығарған болса керек. Тарихта белгілі, біздің эрамыздың V-VI ғғ. Жетісу, Шу, Талас өңірлерінде Түргеш қағанатының жасағаны. 603 жылы жалпы түріктер Шығыс және Батыс болып екіге бөлінбестен бұрын да бұл жерлерді түрік тілдес тайпалар да мекен еткен. Бұнан кейінгі екінші кезеңде көптеген археологиялық деректер шықты: құмдар, кұмыралар, казан, жебе ұштары және басқа бұйымдар. Бұл заттар Отырардан, Құланнан табылған заттарға ұқсас. Қолға түскен археологиялык деректерге қарағанда, цитадельдегі екінші кезең УІІ-ІХ ғғ. тура келеді. Бұл қарлұқтар билік жүргізген кезең. Бұл кезде ежелгі мәдениет айтарлықтай өзгеріске ұшырамаса да, цитательде үлкен құрылыс жүріп, ол бұрынғыдан мықты бекініске айналған. Үшінші кезеңде цитадельге үстеме құрылыстар салынып өзінің сыртқы көрінісін, көлемін өзгерткен. Нәтижеде цитатель өте үлкен бекініске айналған. Қазылған кезде қабырғаның ішінен көптеген археологиялық заттар қыштан істелген әртүрлі ыдыстар - құмыралар, дастарханның сынықтары, қазан, ыдыстар, мыс шырақтар және тағы басқалар шықты. Табылған заттардың көбі Орта Азия және Қазақстандағы ортағасырлық қалалардан шыққан қыш бұйымдарына ұқсас келеді. Осы деректерге қарағанда, цитадельдің үшінші кезеңі ІХ-ХІІ ғғ. тура келеді. Бұл кезең Қарахан және Қарақытай (Қарақидан) әулеттерінің үстемдік еткен кездері. Қарахан әулетінің ең үлкен ханы Баласағұнда жасаған. Сондықтан да казіргі Ақтөбе деп аталатын қоныстың цитаделінен табылған заттар Қарахан дәуірін көрсетеді. Ал Қарақытайлар кезінде мәдениеттің төмендеп кеткенін байкаймыз. Цитадель мен Шахристанның ңмір сурген кезеңдерін анықтаған соң ар- хеологиялық казба жұмыстары 1974 жылдан бастап цитадельде. ІІІахрис- танда және рабадта жүріп жатыр. Бұл арада әртүрлі ғылыми басылым- дарда М. Елеуовтың, Н. Алдабергеновтың Ақтөбе туралы бірнеше қаласы басылғанын ескерте кеткен жөн. Ақтөбедегі жүргізілген археологиялық зерттеудің басым көпшілігі цитадельде жүргізілді. Нәтижеде Актөбенің өзі патшалардың орналасқан комплекстік сарайы және бекінісі екені анықталды. Бекініс пахсамен кірпіш бірнеше кабаттан салған дуалмен коршалған. Оның ішінен он бестен астам үлкенді-кішілі бөлмелер, едені қыш кірпіштен төселген алаң, астынан жылытатын шығыс моншасы, пайдаланған суды сыртқа шығаратын қыштан істелген үлкен кұбырлар және т. б. сол сияқты заттар табылды. Актөбенін үстіңгі кабатында бөлмелердің алдында қалқа (навес) орны бар. Еденіне күйген қыш кірпіш төсеген. Айванды көтеріп тұратын колонналардың астына аумағы 55x55x5 сом. күйдірілген кірпіштер қойған. Цитадельдің алаңына шығыстан және оңтүстіктен кіретін екі қақпа (дарбаза) аршылды. Осы орындарды қазып шығарғанда көптеген археологиялық заттар табылды. Кейінгі жылдарда Шахристанда екі жерден археологиялық қазба жұмысы жүргізілді. Бұларды шартты түрде 1- Шахристан, 2-Шахристан деп атадық. 1-Шахристанның үстіңгі қабатынан көптеген тұрғын үйлер ашылды. Зерттеудің барысында үй тұрмысына керекті қыштан істелген көптеген ыдыстар: құмыра, дастархан, тандырлар, кетпен және басқа да көп бұйымдар табылды. Осы бөлмелердің біреуінен Қарахан дәуірінің қоладан істелген 4 мыңдай теңгесі шықты. Қарахан дәуірінің бұндай теңгелері Орта Азия және Қазақстанның ортағасырлық қалаларынан табылған. Бірақ, бұндай көп көлемде бірінші Ақтөбеден табылып отыр. Бұдан басқа Ақтөбенің цитадель, шахристан, рабадтардың мәдени қабаттарынан да шашылып жатқан қоладан соғылған ақшалар табылған. Солардың 35 данасын Қазақстанның белгілі археолог нумизматы Р.З.Бурнашева ғылыми тұрғыдан жазып, жарыққа шығарған болатын.Осы ғалымның айтуынша, ғылыми тұрғыдан зерттеліп отырған теңгелердің бәрі де қоладан соғылған. Олар VII-VIII және XI-XII ғғ. тиесілі. VII-VIII ғғ. жататын, теңге түрік-тухус тайпаларының ақшасы болса, 3 теңге түргештердікі екені анықталды. Түргештердің теңгелері Шу, Талас алқаптарына VIII ғ. бас кезеңдерінде тарағаны мәлім. Қалған 25 теңге XI-XII ғғ. жататын қарахан дәуірінің дархамдары. Р.З.Бурнашеваның анықтауына қарағанда X-XII ғғ. Шу, Талас өңірлерінде ақша шығаратын орындар Баласағұнда, Таразда, Барсханда болған.Бұл еңбектен кейінгі бес жылдың ішінде Ақтөбеден көптеген теңгелер және жоғарыда айтылған 4000-дай теңге табылды. Бірақ бұл құнды археологиялық деректер әлі толық зерттелген жоқ. Ол алдағы іс. Барлық табылған археологиялық заттар және бұйымдар VI-XII ғғ. жасаған түріктердің мәдениетін сәулелендіреді. 2-Шахристан Ақтөбенің оңтүстік жағындағы шахристанның шетінде орналасқан. Бұл жерден де үлкен қоныс ашылып 13 бөлменін беті аршылды. 2-Шахристан қонысы бір-біріне жапсырып салған екі бөлік үб жайдан кұрылған. Үй жайдын бірінші жартысы бөлмеден кұрылған. Оның аланы солтүстікке қараған болса, жартысы 8 бөлмеден тұрады. Оның сыртқы есігі батыстағы алаңға қараған. Бұл қоныс үлкен патриархалдык семьяның үй жайы сияқты. Қазба жұмыстың барысында 2-Шахристан үш кабатты коныс екені анықталды. Бұл тұрғын үй де екі дәуірдің естелігі екен. Үстіңгі қабатында ІХ-ХІІ ғғ. мәдениеті жатса, астыңғы қабатында УІ-ХІІІ ғғ. Бейнелейтін деректер табылды. Осы шахристандағы ашылған бөлмелердің ішінен бөренелердің көмірі, күл, т. б. сондай өрттен кирағанын дәлелдейтін заттар көптеп кездеседі. Соған қарағанда, қала жалпы өртке ұшыраған болуы тиіс. Бөлмелердің ішінен, оның дуалдарына қадалып калған садақтын оғының ұшы жиі табылады. Бұлардын бәрі қала жаугершіліктің нәтижесінде өртеніп, жау оны жермен жексен етіп, қайта қалпына келтіре алмастай етіп кеткен деген пікірге еріксіз келесіз. Жоғарыда кысқаша келтірілген көпжылдық археологиялық зерттеулердің нәтижесі тарихи Баласағұнның жасаған өмірін сәулелендіреді. Цитадельден, Шахристаннан және рабадтан табылған заттай және рухани мәдениеттің қалдықтары біздің жыл санауымыз бойынша У-ХІІІ ғғ. жатады. Жеті жүз жыл бойына түрік тайпасынын ең үлкен астанасы болған Баласағұнның тарихи сахнадан қалай шыққаны, оның орналасқан жері жұмбак болып келе жатыр. Әдеби, археологиялық, этнографиялық деректерге карағанда, әлемге әйгілі Баласағұн қаласы өзара феодалдық соғыстардың нәтижесінде қираған болуы керек. Бұны дәлелдеу үшін мынандай мысалдар келтірейік. 1130 жылы Баласағұнды қарақытайлар (караки- дандар) жаулап алған. Қашқардан келген Гурханды Баласағұнда хан көтерген. Оның кейінгі мираскорлары да осы атпен аталған. Осы хандардың бірі болған Гурханнын кезінде 1210 жылдың август-сентябрь айларынын ішінде, Талас өзенінің жағасында Хорезмнік шахы Мұхаммедтің әскері мен Гурханның әскерлері ортасында шайқас болған. Бұл соғыста Хорезмнін ханы жеңіп шыққан. Бірак сол жерден Мұхаммед еліне қайта оралған. Женілген Гурхан Баласағұнға калған әскерімен кайтып, жолдағы өзінің елін тонап, бүлдіріп, Баласағұнға жеткен. Астананың тұрғындары өздерінік ханын қалаға кіргізбеген. Қала халқы он алты күн бойы Гурханның әскерлерімен соғысқан. Себебі, бұл ханды қала тұрғындары жек көрген, ол өте жауыз болып, кол астындағы халықтарға азап көрсеткен. Ақыры, сатқындардың жәрдемімен, соғыста колға түсірген пілдерінін жәрдемімен Гурхан калаға кіріп, үш күн бойына Баласағұнды өртеп, тонап, тұрғындарын қырған. Осы апатта Баласағұнды мекендеген тұрғындардың ішінен 47000 белгілі адам өлтірілгені тарихи деректерде баяндалған. (Бұл кырғында Баласағұннын барлык тұрғындары түгел жойылмаған, өлтірілгендер тек басшы адамдар екені ашық жазылған. Олай болса, тек опат болған адамдарды Бурана қаласының ішіне қаз-қатар койғанда да сыймайды ғой). М. Қашқари осы еңбегінде түрікмен халкының келіп шығуы туралы Александр Македонский атымен байланысты аңыз кітабында келтірілген. Сонда «Баласағұн каласына аккұтан (ләйлек) жыл сайын ұялап, одан әрі ұшып кетпейді» деген. Қазіргі сол жердің тұрғындарынан сұрастырсак, шындығында да аққұтан жакынға дейін «Қалинин» колхозының орталығындағы үйлердің биік теректерінің басына ұя салып, өзінің балапандарын шығарып, оңтүстікке карай күзде кайтатынын көптеген тұрғындар айтты. Бұл кұсты жергілікті тұрғындар киелі кұс деп білген. (Жалпы ислам дінін дәріптейтін халықтардың баршасы да бұл құсты киелі, касиетті кұс деп біледі). Оның ел арасына келуі адамдарға қуаныш, бақыт әкеледі деген наным болған. Ақтөбенің оңтүстігінде карауыл төбелер орналасқан биік төбе бар, оны қазіргі кезде Бозжорға тауы (төбесі) деп атзйды. Осы қаланың солтүстік-шығысында Тасөткелден Шығысқа созылып жаткан тау жотасы бар. Қазіргі кезде оны Жайсаң (Бакырлык тау) тау деп атайды. Сөйтіп, Баласағұн екі таудың арасында орналасқан дегенге орай, екі таудың арасындағы тегістікте, өзендердін жағасында көміліп, үлкенді-кішілі сансыз төбе болып жатыр. М. Қашқари айтқан Баласағұн тауы да Ақтөбенін қасына орналасқан. Түріктердің дәруші Құлбақ Баласағұн тауын мекендеген екен. Ол өзінің қолымен тау тасына «Тең- гри коулы Құлбақ», яғни Құлбақ - кұдайдың кұлы» деп ақ тасқа қара бояумен жазып кеткен. М. Қашқаридың осы сөзі бойынша зерттеу жүргізсек, Баласағұн (Әулиетау) жоғарыдағы аты аталған Тасөткел су қоймасының солтүстік-батыс жағына орналасқан екен. Бұл тауды қазірдің өзінде жергілікті халықтар «Әулиетау» дейді. «Әулиетауды» анықтайтын тағы бір дәлел - Тасөткелдегі Тасқаладан 1982 жылы табылған түйенін жауырынына жазылған жазу. Осы сүйектің екі бетіне қара сиямен жазылған жазуларды Өзбек ССР Ғылым Академиясының Шығыстану институтының профессоры Бөрі Ахметовке оқытқанда, мынандай сөздердің бар екені анықталды:1 қатардағы сөздер: «Қулуқтың қызы Мийан Қабар»; 2-қатарда - «Қулуқтың баласы Чунисі»; оның екінші бетінде - «Мухаммед Махр Құлұқ»; 5-қатарда — «Баркұлұк Алидің ұлы» онын екінші бетінде - «Құлұқ Махр» 6-катарда - Құлұқ Алидің тағы бір баласының есімі, өстіп жалғаса береді. Осы сөзге сүйенсек, Баласағұнда өмір сүрген, өз заманында әулие деген атты иеленген Кұлұқ деген әйгілі дәруіш болған. Ал осы жауырында Құлұк әулиенің ататегі баян етілген. Құлұқтын есімі Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» еңбегінде Құліп деп дәл аталса, Махмуд Қашқаридың «Диуан лұғат ат түркінде» Құлбақ деп берілген. Бұл деректердің айтуы бойынша ол кісі Баласағұн тауларын мекендеп, сол кісінін кұрметіне бұл тауды «Әулиелі» жер деп атап кеткен. Құліптің сүйегі де Баласағұн тауына жерленген. Баласағұнда туған, әлемге аты кең тараған энциклопедиялық ғалым Жүсіп Баласағұн өзінін «Құтты білігінде»: Адал қызмет еткің келсе, кел, біліп... Мұндайлардан тый өзіңді, ей Құлік! Жақын тартып, бұл көңілің тоғаяр, Менің де, ізет ыкыласым молаяр! - дейді. Бұл келтірілген шумақтан Жүсіп Баласағұнның Құлік әулиеге сыйынғанын байқау қиын емес. Ж. Баласағұн XI ғ. жасаған ғалым. Оның жасаған кезінде Құлік «Әулие» ретінде түрік тайпаларының арасында әйгілі болғаны көрінеді. Сондықтан, ғалым Құлікке өтініш ретінде адамдардағы жаман қасиеттерге тыйым сала көр, сонда менің де ізет-кұрметім байыйды деген пікірді білдіреді. Сөйтіп, М. Қашқаридың жазған Құлбак әулиесі мен Ж. Баласағұнидің Құлік деген адамы, екеуі де бір кісінің есімі деген тұжырымға келеміз. Құлік Баласағұн тауын мекен еткен және Ислам дінін уағыздаған алғашкы батыс түріктердің ірі уәкілдерінің бірі болған. Құліктің атымен Баласағұн тауы «Әулие тау» деп аталып келе жатқан. Міне, сол тау осы күнгі ортағасырлық Ақтөбенің солтүстік-батысында орналасқан. Сөйтіп, Махмуд Қашқари жазған Баласағұн тауы, бұрынғы Баласағұн қазіргі Ақтөбе ортағасырлық қаланың қасында екені анықталды. Біздің сөйлескен қарияларымыз «Хулие тау» Шу өңіріндегі қазақ және қырғыздарға белгілі жер десті: Жұрт бұл тауды құрметтеп, оған сыйынады. Керек десеңіз, ертеде қазақ пен қырғыздардың және өңірді жайлаған тұрғындардың ақсақалдары жылына бір рет «Әулие тауға» жиналып, таудың басына шығып кеңес құрып, халықтар арасындағы шешілмей жатқан мәселелерді талқылап, бір шешімге келіп отыратындары әлі күнге дейін адамдардың есінде сақталған. Махмуд Қашқари: «Баласағұнға жакын жатқан жердің аты Бакырлық» - дейді. Сонан кейін Бакырлық таудан мыс қазылады деп түсінік берген. Осы М. Қашкари айткан Бакырлық тауды да таптық. Бұл тауды қазіргі кезде Жайсаң тауы деп атайды екен. Ол үшке бөлініп аталады: Балажайсаң, Ортажайсаң және Қадіржайсаң. Жайсаң тауының шығысы Қордай тауымен жалғасып жатыр, оның батыстүстігі Тасөткелмен шектеседі. Жайсаң тауының табиғаты адамның тұрмысына қолайлы жер. Таудың ішінде: Үңгірлі, Шатырқұл, Үшмайтас, Теректі Бұкпан және Сүлікті өзендері бар. Осы өзендердің бойлары ерте заманнан, яғни Қола және Темір дәуірлерінен бастап-ак адамдардың қоныс басқан жері екені көрінеді. Оған дәлел. Жайсаңда қола және темір замандарының естеліктері көп сақталған. Ертедегі мыс қорытқан кендердің орындары Орта Жайсаң тауында сақталған. Олардың көлемі 5-6 км жерді алып жатыр. Бұл жер қазір Шатырқұл кені деп аталады. Жайсаң тауының түсті темірінен Ақтөбенің (Баласағұнның) тұрғындары кең пайдаланған. Осы кеннен тек қана мыс емес, алтын, күміс десеңіз шойын өндірілген. Әртүрлі темірлерден жасаған бұйымдар Ақтөбедегі қазба жұмыс кездерінде жыл сайын табылуда. Мысалы, Ақтөбеден мыстан, күмістен істелген әдемі шырақтар, түрлі-түрлі ыдыстар, түймелер, білезіктер, сырғалар, ақшалар, садақтың ұштары және сол сияқты тұрмысқа керекті бұйымдар табылды. Шойыннан жасалған үлкен қазандар, тісағаштың тісі, қара темірден соғылған балғалар, кетпендер, шотбалта жэне баска темір бұйымдар. Тек, бір бөлмені ашқанда Қарахан дәуірінің құмыраға салған 400 мыс акшасы табылды деп жоғарыда айтқан едік. Онын салмағы 20 кг астам. Бұлардан басқа да жыл сайын археологиялык қазба жұмысы кезінде, мыс теңгелер, сом мыстар, моншақтар табылады. Осы бұйымдардың көптеп Ақтөбеде кездесуін кездейсоқтық деп қарауға болмайды. Ақтөбеде қолөнер кәсібі жоғарғы дәрежеде дамыған. Солардың ішінде, темірден тамаша бұйымдар шығаратын зергерлер, темір ұсталары болып, олар темірді өте жақын жерден алған. Жайсаң, Шатыркұл кендері бар тау Қашқари жазып қалдырған «Бақырлық тауы» екеніне күмәндануға болмаса керек. Бұл тау қазіргі Ақтөбеден, бұрынғы Баласағұннан 30— 40 км жерге орналасқан. Махмуд Қашкари Баласағұнға жакын жерде Юн-Арық (Жон- Арық) деп аталатын жайлау бар екенін жазған. Ғалымның осы сөзін қуалап, Жон-Арықты іздесек, Ақтөбеден «Луговойға» қарай бұрынғы Құлан қаласы созылып жатқан жазықтық жер екен. Бұл жер Баласағұн сияқты үлкен қаланың жайлауына өте лайықты. Бұл жайлау Ақтөбеден басталып Мерке ауданының солтүстігінде Луговой ауданының шығысындағы Шу ауданының батыс-оңтүстігіндегі кең жазық жерлерді алып жатыр. Осы жайлаудың арқа жағы Мойынкұммен жалғасады. Жері жаз жайлауға өте қолайлы. Бұл жерде үлкенді-кішілі бірнеше өзендер бар: Тоқташ, Сарғау, Құрғақ, Ойранды, Аспара, Қызуған, Ойтал өзендері ағып, олардың барлығы Құрғайты өзеніне кұяды. Құрғайты осы күнгі Кеңес аулының тұсынан шу өзеніне косылады. Түйіп айтсақ, араб түрік ғалымдарының, әсіресе, Махмуд Қашқаридың еңбектерінде көрсетілген Баласағұнның төңірегіндегі жер атамалары, осы күнгі Ақтөбе қаласының атырабына орналасқаны айдан анық көрініп тұр. Бұл тұрпатты жерлерді Қырғызстандағы Баласағұн деп жүрген Ақбешімнің, Бурананың төнірегінен ешқашан да табуға болмайды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|