ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
БАЛАСАҒҰН ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕКең байтақ жерінің табиғи-географиялық жағдайына икемделіп, қазақ халқы отырықшы, көшпелі және жартылай көшпелі болып өмір сүріп көне заманнан-ақ өзінің заттай және рухани мәдениетін дамыта білген. Еліміздегі сақталып келген археологиялық, архитектуралық, фольклорлық, жазба және басқадай тарихи ескерткіштер бұған куә бола алады. Археологиялық ескерткіштер - Қазақстан тарихының ертедегі дәуірлерін сәулелендіретін құнды, оқылмай жатқан «кітаптар». Олардың көп ғасырлар бойы сақталып келген сыры көп, оларды археологтар ғылыми тұрғыдан енді аша бастады. Сол деректерге сүйене отырып, жалпы халықтық мәдениетіміздің тарихына тереңірек қарауға мүмкіншілік таптық. Ертедегі орта ғасырда Қазақстанда отырықшы мәдениеттің орталығына айналған үлкенді-кішілі қалалар көп болған. Арабтың Х ғасырдағы ұлы географтардың бірі, Әл-Макдиси «Ахсан ат-такасим фи-Ма рифат ал-акалим» деген еңбегінде Орта Азия және Қазақстанның көптеген қалаларын сипаттап жазған. Осы ғалым Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс жағында 200-ден астам қала бар екенін баяндапты... Олардың ішінде дүниеге әйгілі, мемлекет астанасы болған ірі-ірі қалалар да болған. Солардың бірі, Шу өзенінің өңірінде орналасқан Баласағұн қаласы. Өкінішке орай, Баласағұнның орналасқан жерін анықтау өте қиынға соғып келді. Себебі Шу, Талас өзендерінің алқаптарында біздің дәуірге дейін сақталып қалған орта ғасырлық қалалардың орындары көп кездеседі. Заманы ескіргендіктен, олардың көпшілігі өздерінің алғашқы аттарын қойған. Ол қалалар біздің дәуірімізге үлкенді-кішілі төбелер күйінде жеткен. Орта ғасырлық ұлы ғалым,біздің жерлесіміз Жүсіп Баласағұни өзінің тамаша «Құтты білік» поэмасында бұрынғы өткен өмірге көз жіберіп:
...Болған талай қалалар да халық та, Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|