Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Серғазы Қалиев. Қазақ әдебиеті тарихындағы тамыры отаршылдық саясатпен ұштасып жататын аса бір беймағлұм тұс - профессор




Қазақ әдебиеті тарихындағы тамыры отаршылдық саясатпен ұштасып жататын аса бір беймағлұм тұс - профессор Ильминский мен Ыбырай Алтынсариннің өз ара қарым-қатынасын шыншылдықпен сынай қараудың орнына тарихи ақиқатты бүркеп, бұрмалап, жалған танымның тұтқынында көптен бері шырмалып келеміз. Яғни ащы да болса шындықты ашып айта алмай тайсақтаудамыз.

Ыбырай Алтыңсарин мұрасын зерттеушілер бұл қолдан жасалған ақтаңдақ мәселенің шын мәніндегі әлеуметтік-саяси мағынасын ашудың орнына одан саналы түрде айналып өтіп, ғылыми негізі жоқ жасанды ұраншыл ұғымдарды насихаттап келеді. Мысалы, қазіргі қазақ зиялыларының арасында дәл бүгінге дейін Ыбырай тұңғыш рет орыс графикасы негізіндегі жаңа алфавит жасаушы деген жалған ұғымның тұтқынынан құтыла алмай келеді. Бұл аса күрделі де нәзік мәні бар мәселенің жан-жақты зерттеліп, саяси астары бар құбылыстың түп-төркіндерін сол кезең тарихының болмысымен тікелей байланыста ала отырып, ғылыми тұрғыдан шын бағасы берілмегі керек. Әрине, бұл үшін архив қазынасын қайтара сын көзімен сүзе отырып, ғылыми негіздегі талдаулар арқылы ғана шындықты айта аламыз.

Оқырман қауымға мәлім, Ы.Алтынсарин отаршылдық мүдде тұрғысынан ашылған Орынбордағы оқу орнында тәрбиеленіп, орыс тіліне терең жетіліп шықты. Арманы - туған халқының көкірек көзін ашып, европалық білім беру, кітаби ақындардың қисса-дастандарындағы шұбарланып бара жатқан ана тілінің табиғатын таза сақтау жолында күрес жүргізу еді. Бірақ сырттан еріксіз таңылған миссионерлік дүниетаным мен олардың педагогтық жүйесі бұл мақсатын жүзеге асыруға кедергі келтірді. Осы себепті де Ыбырай екі жақты саяси-әлеуметтік қыспаққа түскенін Мұхтар Әуезов: «...Он чувствовал двухстороннее давление от церковников и мусульманства. Мусульмане считали, что он хочет крестить казахских детей, клевать на него, а Ильминский, который официально помогал ему, был убежденный христианин-миссионер, уверял всех, что через эти школы скорее можно провести, свою идею обрусение казахов» -деп мәселенің түп тамырын дәл танып көрсеткенімен, бұл пікірін баспа бетіне шығара алмады «теорияның» дүрілдеп тұрған кезі болатын-ды.

Отаршылдар мен миссонерлер оқу-ағарту саясатында қаншалықты түлкі бұлаңға салып түп мақсатын культрегерлік жолмен бүркемелегенімен, бұратана халықтарды шоқындыру арқылы орыстандыру саясатына қазақ жұртшылығы сескене қарады. Екінші жағынан, бұл жағдайды діндар молдалар да ушықтыра түсті. Мұндай құбылысты Қостанайдағы екі кластық аралас мектептің оқытушысы Ф.Д.Соколов өзінің 1889 жылғы 28 қыркүйектегі естелігінде:

«...Оның Троицкі молдаларының ықпалына түскен Николайлық қазақтар арасында жаулары да болды. Олар оны орыстарға ілтифатпен қарағаны үшін, қазақ балаларын шоқындыруға қызмет етеді деп жек көрген. Алтынсарин қазақ балаларын шоқындыру үшін емес, оларға европалық білім беру жолында үкімет ашқан орыс-қазақ аралас мектебін халық мүддесіне пайдалану мақсатын олар, әрине, біле бермеген.

Ильминский Россия империясының орыстандыру саясатын қазақ арасында жүзеге асыруды қазақтардың өз қолымен істету саяси жағынан әлдеқайда сенімді жол болады деп білгендіктен, Ы.Алтынсарииді осы іске пайдалануды көздеген. Осы себепті Ильминский 1869 жылы Ағарту министріне жазған хатында: «...Алтынсарин... қазақтардың ортасында өзі мектеп ашса, орыс алфавитін сонда қолданса, оны орыс елінің адамдары істетіп отыр дегізбей, өзі ащқан болса... оны орыс бастықтарының инициативасы деп халық ойламайтын түрде жүргізсе... ең әуелі жаңа идея Алтынсариндікі болады» (Қазан архиві, ф. 968, оп. 1,іс. 16, 1-2-бет),— деп өз мақсатының басты да өзекті желісін ашып көрсеткен. Яғни, мұнда орыс алфавиті негізінде қазақ жазуын жасаушы Алтынсарин еді деп көрсетіп, халықты осы идеяға сендіруді көздеген. Ал қазақ әдебиетшілері, тіпті осы күнге дейін «жаңа идея Алтынсариндікі» деп жазып («Правда», 1987 6 октябрь), насихаттап жатуы саяси жағынан аса нәзік астарлы тұтас алданып келе жатқанын көрсетеді емес пе?

Ильминскийдід екінші мақсаты - қазақтарды татарлардың ықпалынан ажыратып бөлектеп ұстаудағы басты құралы халқымыздын сан ғасырлар бойы қолданып келе жатқан араб жазуын орыс алфавитімен алмастыруға келіп тіреледі екен. Осы алысты көздеген саяси мақсат тұрғысынан келіп Ильминскийдің миссионерлін әрекетіндегі- «...басты радикалды құралы - қазақ тіліне орыс алфавитін енгізу. Қазақтар орыс алфавитімен жазып отырғанда, ол қазақтарды өзінің шырмауынан шығармай, өзіне тарта береді... Бұл ойды орыс чиновнигі жүргізуі, тіптен келіспейді» - деген Ильминскийдің ой байламы көп нәрсенің астарлы сырларын ашып беріп отыр емес пе?! Яғни, идеологиялық мәселенің өзінде де басқаның қолымен от көсеу арқылы әрекет ететін отаршыл атаулыға ортақ тәжірибенің жымысқы тәсілін сездіреді. Батыс Сібір генерал-губернаторының 1876 жылы ішкі істер министріне жазған қатынас қағазында: «...Торғай облысының халық мектебінің инспекторы Алтынсарин өзі орыс алфавитін қолданып, жазып, қазақтардың халық өлеңі текісін маған әкеп тапсырды... біз орыс алфавитімен қазақ грамматикасын жасауымыз керек... бұл жұмыс Ильминскийге тапсырылды» (СОГА, ф. 1281, іс. 25),—деп хабарлауынан қазақтар үшін орыс алфавитін алғаш рет жасаушы Ильминский екенін, ал оны оқу тәжірибесінде алғаш рет қолданып байқаушы Ыбырай болғандығы ашық айтылған.

Шынын айту керек, Ильминскийдің ресми түрде көмектесе отырып, қатаң талап етуімен және де Ағарту министрі граф Толстойдың тапсыруымен Ы.Алтынсарин өз кітаптарын Ильминский ұстанып келген ресми принцип негізінде жазып шығаруға мәжбүр болған. Ы.Алтысариннің іс жүзінде қолданған орыс алфавитін өзгертпей қаз қалпында алуды талап еткен Петербург университетіндегі кертартпа ғалымдардың талабы тұрғысынан орындалғанын да ұмытпаған жөн. Осы себепті Ыбырай мен Ильминский арасындағы қарым-қатынастың көп жағдайда дипломатиялық қарым-қатынасқа құрылған өте нәзік астарлы қабаттары мол құбылыс екенін, оған ерекше көзімен қарап барып, зер салуды талап ететіндігін естен шығармаған жөн. Ильминский дипломатиялық жолмен Ыбырайды өз мүддесіне, яғни миссионерлік жолға пайдалану үшін қолынан келгеннің бәрін де пайдалануға тырысты.

Жалпы профессор Ильминский бодан халықтардың ғылым-білімге ұмтылған Ыбырай сияқты бірлі-жарым дарынды жастарын өзінің миссионерлік идеясын жүзеге асыруға пайдаланып қалуға көп күш жігерін жұмсаған отаршыл империяның қой терісін жамылған аса қауіпті кертартқан идеологы болғанын енді жасырудың реті жоқ шығар. Өйткені татар ғалымы Абрар Каримуллиннің зерттеп тануы бойынша, миссионерлерді даярлаудың кілтін қолына ұстаған Ильминский бүкіл Россия өлкесінің барлық аудандарына кадрлар даярлаумен айналысқан. Әр халықтың ерекшелігіне қарай миссионерлік саясатын да, оны жүргізудің тәсілін де өзгертіп, жағдайға бейімдей жүргізген айлакер идеолог екендігін көрсетеді. Татар халқының ақыны Яков Емельяновтың (1848—1893) қатал тағдыры осы пікірімізді айғақтай түседі. Ол 1864—1869 жылдар арасында арнайы түрде ашылған «Шоқынған татарлар мектебінде» оқып, оны бітірген кезде Ильминский қамкорлыққа алып, Қазанның духовный академиясына оқуға түсіреді. Ол академияны бітірісімен дьяк атағын алады. Яков жастайынан өлең жазумен айналысып, алғашқы өлеңдерін жариялай бастайды. Ильминский Яковтың ақындық өнерін өз идеясын насихаттауға пайдаланбақ болып, оны 1880 жылы дьяктан поп дәрежесіне көтереді.

1879 жылы оның өлеңдер жинағы «Шоқынған татар тіліндегі өлең» деген атпен басылым көріп, ақын ретінде таныла бастайды. Осы жинақ жайында Ильминскийдің жеке архивтік фондында жатқан доностардық бірінде: «...Шоқынғандардың санасын оятып, татар исін күшейту себепті» (Татар әдебиеті тарихы. Қазан, 1985, 465-бет), — ақын Яков Емельянов «қаһар ұрған поптардын» қара тізімінен бір-ақ шығады. Өйткені ол туған халқының әлеуметтік мұңын жырлап, Ильминскийдің көздеген мақсатынан шығып кетуіне байланысты миссионерлердің қарғыс таңбасы басылып отырғаны көрініп тұр. Ильминский Яковтың «Шатасканның оянуы» деген алғашқы миссионерлік сарында жазылған өлеңінен үлкен үміт күткенімен, өмір талқысы сөзгір ақынды туған халқының мұңын жырлауға ойысқанда табанымен шоқ басқандай одан түңіле үмітін үзген еді.

Міне, татарларды біржолата шоқындырудан күдер үзген Ильминский енді Орынборға ауысып, қазақтарды шоқындыру әрекетін сездірмей өте құпия сақтықпен жүргізуге кіріседі. Ильминскийдің Қазаннан қазақ даласына ауысу себебін оның замандастарының пікірімен өзінің де қазақтарды іштей танып білуінен іздемек керек. Өйткені, қазақтардын татарларға қарағанда ислам дініне селқостығын, оларда діни фанатизмнің жоқтығы туралы қоғамдык пікір қалыптасып та қалған еді. Бір ғана мысал, С. Южаков деген белгілі публицист өз мақалаларында ислам діні қатты дендеген мұсылман чалыктарын ассимиляциялау өте қиын мәселе екендігін ашып айтқан. Қалай болса да олардың жазуын орыс жазуына ауыстыру арқылы қимыл жасауды ұсынған. Бұл үшін мәселені ең алдымен қазақтардан бастау жемісті болатынын ескертіп, олардың ислам дініне салқын қарайтынын негізге алады.

Міне, Ильминскийдің казақ даласына аңсары ауып, Ы.Алтынсаринді іздеп табуында өзінің миссионерлік мақсатын жүзеге асырудың ең ұрымтал орны қазақ даласы екеніне көзі жеткен соң бел буғандығы байқалады.

«Отаршыл Россия империясының мүддесіне қалтқысыз қызмет атқарып, қой терісін жамылған қасқырдай ағарту саласында көлгірсіген осы профессор Николай Иванович Ильминский (1822—1891) кім? Не себепті ғылыми енбектер мен мектеп оқулықтарында оны жас ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде таныстырып келеміз?» деген сұраққа жариялылық заманында нақтылы жауабын беретін кез жеткен сияқты.

Н. И. Ильминский 1822 жылы Пенза губерниясында священниктің әулетінде дүниеге келген. Жастай діни ықпалда, діни ортада тәрбиеленіп өскен. 1846 жылы Қазан қаласындағы арнайы духовный академияны бітірген. Осы духовный академияда арнайы мақсатпен ашылған «Противомусульманское отделение» кафедрасының тұңғыш меңгерушісі де осы Ильминский болатынды. Академияда жүріп теологиядан, татар тілі мен араб тілінен дәріс берген. Теологиялық білімін жетілдіріп, тәжірибе жинастыру мақсатымен Сирия, Египетті аралап, 1847 жылы 2 маусымда Қазан қаласында миссионерлік мүддемен ашылған «Аудармашылар комитетін» басқарады. Бұл комитет православие дінінің қасиетті кітаптарын шоқындырылатын бұратана халықтардың тіліне аударумен айналысатын. Комитеттің құрамына сенімі жағынан сыннан өткен беделді деген мисснонер ғалымдар: Е.Малов, В.Т.Трофимов,

Н.Остроумов, Н.И.Золотинцкий, И.Я.Яковлев, Н.А.Боброников, В.В.Катаринскийлер кірген. Осындай миссионер ғалымдардың аударуымен басылым көрген 307 кітаптың 288-і теологиялық кітаптар болғандығын татар ғалымы А.Каримуллиннің арнайы түрде атап өтетіні бар. Түбінде шоқындырылатын бұратана халықтар тіліне аударылған осы басылымдардын арасында бірде бір тарих, география, арифметика тәрізді өміршен кітаптардың болмауы - әрине, миссионерлік мүддені көздеген талапқа тікелей байланысты құбылыс екені айтпасақ та түсінікті шығар.

1847 жылы 5-ақпанда граф Протасов татар тіліне тек православия дінін насиаттайтын кітаптарды аудару туралы арнайы бұйрық бергенде бұл жауапты жұмыстың да тетігі Ильминскийдің қолына ұсатады. 1858 жылдан бастап үш жыл бойы Орынбор шекаралық комиссиясында қызмет атқарған Ильминский енді миссионерлік мүдде тұрғысынан пайдаланып қалуда жан сала кіріседі. Өйткені қазақтар ислам дініне құлай берілмей, өздерінің ата салтын мығым ұстауы себепті, оларда діни фанатизмнің болмауы миссионерлік жұмысқа аса қолайлы жағдай тудырып, жаңа дінге тез аударып жіберуге болады деген байламға келген еді. Бұл пікір орыс ғалымдары мен миссионерлері арасында да мол тараған болатынды. Олар тарапынан талай пікірлер де айтылған еді.

Ильминский Орынбор өлкесіңде жасаушы қазақтардың өмірі мен тұрмысын, әдет-ғұрпын, салтын жете танып біледі. Әсіресе олардың мұсылман дініне деген бейтараптығына үңіле отырып, зерттей қараған. Орынбор қазақтары туралы публицист А. Солнцев те өзінің «Из религиозной жизни киргизов Букеевской орды» деген мақаласында: «...равнодушное отношение киргизов к закону Магомета дает возможность заключить, что ислам не проник еще в орду, так сказать, до мозга-костей, и что Киргизская орда с этой стороны быть самою благородную трудов русских миссионеров» («Астраханская Епарихальная Ведомость». 1890, № 8, 11) деген ой байламына Ильминский Орынборда жүрген кезінде-ақ көзі жетіп, казақ даласына біржолата бет бұру керектігін алдымен сезінген еді. Осы танымға келгеннен кейінақ ол «...менің махаббатым да, жүрегім де енді қазақ даласына ауды», — деуінде, өзінің түпкі мақсатына жетудің төте жолына түсуінде қатпарлы сырлар жатыр.

Россия империясы отарлаған түркі тілді халықтардың арасында саны жағынан да, жер көлемі жағынан да басым жатқан қазақ елін идеологиялық жағынан игерудін келешекте аса зор мәні барлығын әрі үлкен халықты рухани жағынан құлдыққа түсірудің саяси астарын жақсы білген Ильминский бұл өлкедегі жүргізілер ағарту мәселесін миссионерлік мүдде тұрғысынан пайдаланып қалуға жан сала кіріседі. Ильминский осы идеяларды жүзеге асыру жолында өз әрекетінің сырын ашып, шиін шығармай атқаратын кісіні қазақтардың өз ішінен іздестіре бастайды.

1861 жылы Ильминскийге профессор атағы беріліп, енді Орал, Сібір, Еділ бойы мен қазақ даласындағы отарланған халықтарды шоқындыру тізгініне ие болады. Ол алдымен бұл жолда татарларға арналған орыс алфавиті негізіндегі жазудың жаңа үлгісін жасап, оны өмірге ендіру жолында әрекет етті. 1872 жылы ол Қазан университетіндегі кызметін тастап, біржолата миссионерлік жолдағы қызметке ауысады. Бұдан бұрын-ақ яғни 1862—1867 жылдар арасында ол татар тілінде жеті кітап шығарды. Олардың бәрін де миссионерлік мүддеге орай тек орыс алфавитімен жариялайды.

1872 жылы Қазан қаласында миссионерлік әрекеттің рухани орталығына айналған оқытушылар семинариясы ашылғанда Ильминский директорлыққа ұсынылды.

А. Каримуллин осы мәселеге назар аудара отырып:«...таким образом и подготовка кадров миссионеров перешла в руки самого Ильминского... здесь готовила миссионеров для всех районов России», - деп көрсетуі арқылы-ақ, Ильминскийдің миссионерлік жолдағы басты мақсатын толығымен ашып берген.

Ильминский 1881 жылы. П.Масловскийге жазған хатында Россия халықтарының санасы ашылуынан әсіресе, мұсылман халықтардың балалары кадет корпусы, жоғары оқу орны мен орталық университеттердің есігін ашуынан қатты шошынатындығын көрсетті. Мұны, тіпті монғол шабуылынан да әсері жаман құбылыс деп қараған. Ол, тіпті қарпайым халыққа бастауыш білім беріп сауаттандырудан да үрейлене бас тартып: «в школах грамотность,... орфография и грамматика совершенно излишни, а для инородческих школ вредно и убийственно», - деп мән бере жазуы, оның әлеуметтік идеяларының ішкі сырын жалаңаштай түседі.

Ильминскийдің тюркологиялық, педагогикалық еңбектері негізінен тек қана миссионерлік мақсатқа бағытталған болатын. Оның тюркология ғылымына қабілеті жақсы болса да, бар күш-жігерін, ынта-талабын миссионерлік жолға сарп етуі себепті де, оның ғылым жолындағы қызметіне әділ баға бере қараған академик Крачковский: «... Н.И.Ильминский выдающийся представитель Казанской школы, блестящий тюрколог и арабист, глубоко увлеченный идеями миссионерства и «просветительной» деятельностью среди «инородцев», не дал ни тюркологии ни арабистике того, что он мог бы дать» (том. 2, стр. 387), - деп қынжыла отырып жазған еді.

Советтік дәуірде Ильминский мұрасы да біршама зерттеліп, өзіне тиісті бағасын алды. Ол атқарған миссионерлік идеядағы «ағартушылық» қызметі теориялық, практикалық жағынан алып қарағанда да, оның шектен шыққан монархистік, отаршылдық пиғылы айқындалып тұрады.

Ал Қазақстан баспасөзінде Ильминский жайында 1937 жылғы жаппай жазалауға дейін оны кертартпа дүниетанымдағы миссионер ретінде бағаланып келді де, ол туралы шындық сол кезден бастап бұрмалана бастады. Өйткені өзінше ойлап, әр нәрсеге сын көзімен қарай білетін ұлттық зиялы қауымның қаймағы бірнеше рет саналы түрде оның сыпырылып алынған соң, енді Ильминскийге жалған танымдағы жасанды бағалар беріле бастады. Тарихи шындықтың түп тамырына бармалақ ақты қара, қараны ақ деп көрсету жағы үстем болып, оны асыра бағалау, империялық мүддені көздеген миссиянерден озық ойлы қайраткер жасауға ойысып. Жабыла мақтай насихаттау жағы бел алып кете барды. Тарихшы, педагог, тілші, әдебиетші болсын Ильминскийге дәл бүгінге дейін сын көзімен қарап, ол жасаған кездегі тарихи, саясн жағдайлармен байланыстыра отырып бағалау сырт қалып келді. Қайта ғалымдарға қарағанда ауыл қариясы Әбен Сыбанұлының 1963 жылы 25 желтоқсанда көшіріген қолжазбасында (Шымкент облысы, Ленин ауданы, Жапа-Базар селосы): «...кешегі орысқа қарағанымыздан кейін 1865 жылы атақты дін бұзушы Ильминский қазақ арасына шығып, қазақ мұсылман емес, шамани деген дінсіз халық, оларды орыс дініне айналдыру оңай деп үкіметті осы сөзбен нандырған екен... Мінеки, үкіметтің осындай тұтқан жолы қазақ арасып тынышсыздандырып, 1869 жылы қазақтар үкіметтің бұл ісіне наразылық шығара бастады», - деп тарихи шындыққа сай бағасын беріп, көп нәрсенің сырынан хабардар ететіні бар. Бір назар аударатын мәселе, осымен бірге осы қарияның қолжазба көшірмесінде патшанын ресми түрде жүргізілген миссионерлік саясатына қарсы қазақ арасында исламиятқа іш бұрудан туған кейбір діндар қисса-дастандардың жиі таратыла бастауы, тіпті казак әдеби тілінің шұбарлану процесін де осы саяси құбылыспен тікелей байланыстыра қарау танымы айқын сезіліп тұрады.

Патша отаршылдарының ресми түрдегі шоқындыру саясатына қазақ даласының қай бұрышында болса да бірде ашық, бірде жабық жасырын түрде қарсылық әрекеттері шаң беріп жатты. Тіпті, чуны миссионер ғалымдардың өздері де еңбектерінде пікір білдіріп жатуынан көреміз.

Н, И. Ильминскийдіц казақ даласындағы «ағартушылық» қызметінің бар болмысы мемлекеттік саясат ретінде қойылып отырған ұлы державалық шовинистік миссионерлік идеяны жүзеге асыруда жатқанына көзіміз жете түседі.

Ыбырай Алтынсарин мен профессор Ильминский арасында болып өткен әр қилы қарым-қатынас атаулының бәрін де осы саясатпен тікелей байланыста ала отырып, әділ бағасын беретін уақытты жариялылық заманының өзі күн тәртібіне қойып отыр.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных