ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Серғазы Қалиев
Ыбырай Қостанай өңіріне белгілі атақты Балқожа бидің семьясында тәрбиеленіп, 9 жасында (1850 ж.) Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған 7 жылдық мектепке оқуға түседі. Сол кезде Орынбор шекара комиссиясында қызмет істеген белгілі шығыс зерттеушісі В.Григорьевтен сабақ алады. Оның үйінде жиі болып, кітапханасынан көркем әдебиет, тарих, философия кітаптарын оқиды. Дүние жүзі әдебиеті классиктері: В.Шекспирдің, И.Гетенің, Д.Байронның, А.Пушкиннің, Н.Гогольдің, М. Лермонтовтың, Ә.Фирдоусидің, Низамидің, Ә.Науаидің, т.б. шығармаларын өздігінен оқып, нәр алады. Көп ізденіп кітап оқу Алтынсариннің ой-өрісін кеңейтеді, орыстың озық ғылымы мен мәдениетіне деген қүштарлығын арттырады. Мектепті үздік бітіргеннен кейін, 1857-59 ж. арасында Алтынсарин өз атасы Балқожа бидің писары (хатшысы) болады да, 1860 ж. Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Аз уақыт істе-ген соң Ыбырай әкімдіктен безіп, өз тілегі бойынша Торгай қаласында бастауыш мектепке мұғалімдікке келеді. Осыдан былай Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Шалғай түкпірде мектеп ашу ол кезде өте қиын еді: қаражат, мектеп үйі, оқу құралдары жоқ-ты. Оның үстіне осындай ардақты іске облыстық басқармадағылар да, жергілікті әкімшілік мекемедегілер де Салқын қарады. Бір-ақ осының бәрі Алтынсариннің тауын қайтара алмады. Ағартушылық идеямен қанаттанған қайраткер көздеген мақсатын орындауға құлшына қірісті. Ол, алдымен, мектеп ашуға ел-елді аралап қаражат жинады. 1864 жылы қаңтардың 8-де көптен бері күткен халық мектебі ашылды. Ол балаларды оқытуға бар ынта-жігерімен кірісті. Өзінің досы, Қазан университетінің профессоры Н.И.Ильминскийге 1861 ж. қаңтардың 19-да жазған хатында: «Осы жылы январьдың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар... Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан қасқырдай өте қызу кірістім. Кейін паракөр болып шықпаулары үшін оларга адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын!» (Ы. Алтынсарин. Таңдамалы шығармалар. Алматы, «Ғылым», 1955, 273-6) деп, өзінің сүйікті ісіне белсене кіріскенін зор қуанышпен хабарлайды. Ы. Алтынсарин балаларға сабақты өте қызықты, түсінікті етіп берді. Соның нәтиежесінде діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жыл ішінде әзер хат таныса, Ыбырайдың алдынан оқыған балалар небәрі үш айдың ішінде, оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды. Сөйтіп, Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметінің алғашқы қадамы осылай қалыптаса бастады. Алтынсарин педагог классиктер Я.А.Коменский, Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, т. б. гуманистік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ даласында оқу-ағарту ісінің практикасына енгізген тұңғыш педагог болды. Француздың ұлы ағартушысы Ж. Ж. Руссо: «Бала тәрбиесінің көзі ең-бекте, тәрбиені семьядағы еңбекке үйретуден бастау керек» десе (Кон-стантинов Н. А.Медынский Е.Н.Шабаева М.Ф.История педагогики. М. 1974, стр. 72.), орыстың ұлы педагогы Қ. Д. Ушинский: «тәрбиенін негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек... ол тілі және әдет-ғұрпы арқылы көрініс табады» (Ушинский Қ. Д. Сәбр. сәч., т. 2. изд-во АПН РСФСР, 1948, стр. 482) деді. Ал орыстың ұлы жазушысы, әйгілі педагог Л.Н.Толстой өзінін. 1882 ж. «Ясная поляна» атты журналының №1 санында жазған «Халыққа білім беру туралы» атты мақаласында Германия, Франция, Англия, ертедегі Индия, Египет, Греция елдеріндегі оқу-ағарту ісінің даму тарихына шолу жасай келе, «білуге құмарлық әр адамның бойына іштен туа бітетін қасиет. Халықтың білімге құштарлығы адамның ауаға құштарлығындай қажеттіліктен ту-ындайды. Халыққа білім беруді өрістеткіміз келсе бұл істі жеке чино-вниктердің қолынан алып бүкіл қоғамға беруіміз керек» (Толстой Л. Н. Педагогические сочинения. М., «Педагогика», 1989, стр. 55.) дейді. Бала бойындағы анадан туа біткен қасиеттер мен қабілеттерді тәр-биенің нәтижесінде жетілдіріп еркін дамыту француз ағартушысы Ж.Ж.Руссоның да ұсынған идеясы болатын. Л.Н.Толстой осы идеяны қолдай отырып, балаға адамгершілікпен, жылы жүрекпен қарауды, оны еркін әкімшілік күшпен, беделмен шектемеуді, оларға мүмкіндігінше еркіндік беруді, яғни тәрбиеден демократизм мен гуманизмдіқ идеяның өзекті орын алуын ұсынды. Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да Толстой ұсынған балаға еркіндік беру, жылы жүректі алу, мұғалім мен оқушы арасын-дағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Алтынсариннің мектепте татарша діни жаттамалы оқудың орнына ба-лаларды ана тілінде оқытуға ерекше мән беруінен, оларды халықтық дәстүр, аңыз-әңгіме, мақал-мәтел негізінде оқытып тәрбиелеуге, сөйтіп өзінің хрестоматиясына ауыз әдебиетінің жастарды ерлікке, еңбекке, өнерге, жақсы адамгершілік қасиеттерге баулитын асыл үлгілерін көптеп енгізу арқылы Ж- Ж Руссо, Қ. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, т. б. уағыздайтын гуманистік идеяларды дәріптеп отырғанын байқаймыз. Алтынсариннің демократиялық пікірлері оның педагогикалық ең-бектерінің үш саласынан бірдей өзекті орын алды. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, оларды дүние ғылымдарын үйретуге және соған арнап оқу құалдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, Ыбырай бала тәрбиелеуші жақсы ұстаз-мұғалімдер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми-методикалық басшылық жасауға баса көңіл бөлді. Үшіншіден, өзінің жазушылық творчествосын қазақ халқының XIX г. қорғамдық өмірінде болған саяси-әлеуметті мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Әдебі шығармаларын да өзінің негізгі ағартушылық ісіне бағындырып, қазақ жастарын адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға шақырды, зиянды іс-әрекет-тен, діни әдет-ғұрып, соқыр сенімдерден, ұрлық, зорлық, жатып ішер жалқаулық сияқты жаман әдет, мінездерден бойын аулақ ұстауға уағыздады. Қазақ халқының келешегі өнер-білімде деп түсінген Алтынсарин өз ойын іске асыруда сан кедерлерге кездесіп, екі бірдей қара табандылықпенжене отырып, мақсатын іске асырды. Оның бірі қазақ даласында етек алған ислам дініне негізделген кері кітатпа діни оқу болса, екіншісі патша үкіметінің отарлау саясатына негізделген қазақ балаларына христиан дінінің заңдарын оқытуды көздеген миссионерліқ жол еді. Алтынсарин өзі ашқан орыс-қазақ мектептерін миссионерлік жат пікір-лерден қорғап бақты. Бұл кезде патша үкіметі отарланған ұлт ай-мақтарындағы бұратана халықтарды шоқындыру арқылы ана тілінен, дінінен бездіріп орыстандыру саясатын жүргізетін еді. Алтынсарин патша әкімдері қуаттап отырған орыстандыру саясатынан мол хабардар болып, одан бойын тарта ұстағанға ұқсайды. Оны біз Ы. Алтынсариннің орыс миссионерлерінің атасы, Еділ, Жайық, Орал бойлары мен Сібірдегі халықтарды күштеп орыстандыру саясатын мықтап ұстаған Қазан университетінін профессоры Н. И. Ильминский 1882 жылы қыркүйектің 12-де жазған хатында аңғарамыз. «Халықтың өз дінін білу жөніндегі талабын ешбір шарамен тоқтатуға болмайтынын еске ала келіп.... мұсылман дінінің негізгі рухына сай, дінді оқытуға негізгі құрал бола алатын оқу құралын жасап берудің қаже екенін ескеріп, Мұхамбет шариғатын үйрететін оқу құралын құрастыруға кірістім... Бұл арада тағы бір ескерте кетуге қажет нәрсе — мұндай оқу құралды, менің ойлағанымдай, орыс әрпімен жазу мүлде мүмкін емес, өйткені, мұндай дін кі-табы, шариғат тұрғыларына толық сай құрастырылғанымен де, мұсылманша болмаған соң, қазақ арасында сенімді болмас еді, әр түрлі қолайсыз әңгімелер туғызар еді» дейді. (Ы. Алтынсарин. «Таза бұлақ». Алматы, Жазушы, 1988, 244-245 беттер.). Бұл жерде Ы. Алтынсариннің өзінің ағартушылық идеясын іске асыруға қолында үлкен билігі бар, саяси жағынан патша үкіметінің ресми өкілі Ильминскийдің ішкі сырын сезе тұра кны дипломатиялық жолмен өз ойын іске асыруға ойландырмақ болған саясаты байқалады. Ұзақ жылдар бойы «Ыбырай орыс алфавитінің қазақ тілінде негізін салушы» деген жаңсақ пікір уағыздалып келді. Батыс Сібір генерал-губернаторының 1876 жылы ішкі істер министрі-не жазған жолдамасында «...Торғай облысының халық мектебінің инс-пекторы Алтынсарин өзі орыс алфавитін қолданып жазып қазақтардың, халық өлеңдік тексін маған оқып тапсырды... Біз орыс алфавитімен қазақ грамматиқасын жасауымыз керек... Бұл жұмыс Ильминскийге тапсырылды» (ӘӘГА. ф. 1291. әп. 82. іс. 25.) деп хабарлауынан қазақтар үшін орыс алфавитін алғаш рет жасаушы Ильминский болғанын, ал оны тәжірибеде тұңғыш қолданушы Ыбырай екені аңғарылады. Шын мәнісінде Ильминскийдің ресми түрде көмектесуімен және қатаң талап етуімен Ы. Алтынсарин өз кітаптарын орыс алфавиті негізінде жазуға мәжбүр болған. Екіншіден, керітартпа, мағынасыз діни оқуға қарағанда орыс оқуының прогрессивті мәні бар деп ұқты. Ал Ильминский орыс алфавитін орыс-қазақ мектептеріне Ыбырайдың атымен насихаттауда қөздеген мақсаты біріншіден, ғасырлар бойы ислам діні жайлаған қазақ даласына сол елдің оқыған зиялы азаматының атымен ұсыну нанымдырақ деп есептесе, екіншіден, орыстанды: ру саясатын біреудің қолымен от көсеу арқылы іске асыру еді. Ильминский өзінің арам пиғылын қазақ жастарының арасына өз шә-кірттері арқылы насихаттап енгізуен де тайынбаған. Мысалы, ол лиссионерлік саясатты өзінің бұрынғы шәкірті; Орыс мұғалімдер мектебінің меңгерушісі А. Бессонов арқылы жүргізген. Осыны сезген және оған тиым салуды талап еткен Ыбырай «Бақсам, ол мұғалімдер мектебінің 3-ші және 4-ші кластарында, оқушылардың қарсы болуына қарамастан, бір ай бойы інжіл мен онын, парыздарын уағыздай бастапты. Осының нәтижесінде, ол оқушыларға өшігіп, қатал қарай бастапты да, екінші жағынан, жушылар одан бас тарта бастапты. Тіпті ол өз шәкірттерін залым деу сияқты сөздерге дейін, және оларды кластан желкелеп шығаруға дейін барыпты». (Сонда. 305-бет) — дей келе, бұл уақиғаны ата-аналарына хабарламағаны үшін балаларға алғыс айтады. Осы уақиғадан соң Ы. Алтынсарин төтенше бұйрық жазып, мұғалімдер мектебінде дін сабағын жүргізу мүлде тоқтатылсын, ал орыс-қазақ мектептерінде дін сабағы оқытылатын уақытта қазақ балалары жекеленсін деп мұғалімдерге ескертті. Красноуфимск қаласында ашқан ауылшаруашылық мектебінде оқып жатқан қазақ оқушыларының наразылығын естіп ызаланған Ыбырай өзінің досы В. В. Катаринскийге 1889 ж. мамырдың 10-да «тағы бір наразылық, яғни қазақ оқушыларының наразылығы, Красноуфимскіден ауылшаруашылық мектебінде туып отыр. Мұның себебі: мұсылман дәстүрін мүлде елемеу, яғни шошқа етін асып беру, оқушыларға шәшқа бақтыру, әрыс балаларымен бірге гибрат етқізу деседі. Мұның бәрі үнамсыз нәрсе гәй... Сәндық-тан, әзірше іс насырга шаппай түр-ганда сәнда барып, әқушыларга түсіндіріп, наразылықты жәйгым қеледі. Ал, егер қажет бәлган жаг-дайда диреқтәрдың өзімен де сөй-лесқім қеледі». (Сәнда. 312-бет.) деп хат жазды. Әсы фақтілердің бәрі Ыбырайдың патша әқімдерінің әтарлау, әрыстандыру саясатына іштей наразылыгын, ашық қарсы шыгуга шамасы қелмейтінін сезіп, халықты, әл апаттан сақтау, үшін дипләматия-лық саясат ұстауга еріқсіз мәжбүр бәлганын дәлелдей түседі. 1861 жылгы Стәлыпин рефәрмасынан қейін, Рәссиядагы жерсіз, басыбайлы шаруалар Еділ бәйына, қазақ даласына қөшгріліп, әларга егін салуга қәлайлы шүрайлы жерлерді алып беру туралы заң шыгарган бәлатын. Бұл заң әрыс шаруаларына қәлайльі бәлганымен, қең даланы ен жайлап қөшіп қәнып жүрген мал өсіруші қазақтарга қысым жасау, малының өрісін, жайлы қә-нысын тартып алу еді. Міне осы қысымды қөзімен қөрген Ыбырай «Орынбәр листогі» атты газетқе мақала жазып халық мұңын жақтай-ды. Ол жөнінде 1880 жылы қөқеқ айының 4-де Орынбор губерниялық халық ағарту ісінің басқарушысы В.В. Қатаринсқийге жазған хатында: «Жуырда мен «Орынбор листогіне» Торғай қазақтарының басына түсқен апаттар туралы мақала жазып жібердім. Осы мақалада қазақ еліне орыс селендерін әкеліп орнатпақ болган» піқірлерге қарсы еқенімді білдірдім. Бұл піқір, меніңше, ешбір ақылға симайтын нәрсе сияқты, Егер істі дұрыс жүргізе білсе, онда айттым да қойдым, қазақтар тез құрып қетеді, содан қейін бұл істі ешқандай түзете алмайсың. Осындай ерсі жобаларды оқығанда және естігенде салың суға қетеді» (Сонда. 229-бет.) — деп отарлау саясатының жергіліқті халықтың жерін, суын, өрісін тарылтып, тілін, дінін өшіретініне ашық наразылық білдірген. Ы.Алтынсарин — қазақ, халқының тарихында оның бітім-болмысындағы осындай кәусар бұлақтың көзін ашып, негізін салған тарихи тұлға. Оның мектеп ашу. ұйымдастыру саласындағы жұмыстарының маңызы қазақ өркениеті үшін Я.Коменскийдің бүкіл педагогиқа ғылымына қосқан үлесімен бара-бар. Я.Коменский тәрбие жұмысын бір жүйеге келтірсе, Ы.Алтынсарин қазақ даласына оның идеяларын әкелді. Әкеліп қана қойған жоқ, оны іс жүзінде көрсетті. Ы.Алтынсарин үшін оқу ісін ұйымдастыруда кішігірім ұсақ мәселе болған жоқ. Әл бәріне назар аударды және бар нәрсенің тізгінін өз қолында ұстады. Мұғалім А.Мозохиннің 1889 жылы 20 қырқүйекте жазған хатында Ы.Алтынсаринның, жұмыс істеу әдеті туралы мынадай мәлімет келтірілген: "Бізден 700 шақырым жерде тұрса да, Алтынсарин меқтепке кәдуілгідей жылына бір рет немесе екі рет келетін, келген сайын үш күннен артық болмайтын, сол күндері үнемі жұмыспен шұғылданатын: таңертеңгі сағат 9-дан күндізгі 2-ге дейін кластарда отыратын, кешкісін сағат 6-дан 8-ге дейін кешкі сабаққа да келетін: біздің бос уақытымыз түнде ғана, кешкі 8-ден түнгі 12-ге дейін, кейде о дан кеш болатын. Бұл уақыттарда біз достарша қөңілдегі шын сырымызды айтып, әңгімелесумен өткізетінбіз. Шынында да достарша сырласатынбыз: Алтынсарин мұғалімдер үшін бастық қана емес, әке де, ниеттес қайырымды дос та еді". Бұл мәліметтен біз Ы.Алтынсаринның өз жұмысына соншалықты үлкен жауапкершілікпен қарағандығын көреміз. Сол үш күннің ішінде ол мұғалімнің сабақ беру барысындағы барлық жетістіктері мен кемшіліктерін жіті бақылап шын қайырымдылық көңілімен талдап отырған. Мұғалім Ф.Соколов 1889 жылы 6 қаңтарда жазған хатында Ы.Алтынса-рин тұлғасының басқа қырына мән берген. "Менің далада болған кездерімде марқұмның бүкіл өмірі өзнің сүйікті қырғыз халқының оқу-ағарту ісіне арналды. Ол халықтың өмірін қарап бақылап, терең түсінді. Ол орыс халқы рухында қырғыздарға білім беріп, сауатын ашу арқылы өз ұ лтын ислам дініне мейлінше берілген, елге мінісіз молдалардың ықпалынан сақтап қалуга бap күш-жігерін жұмсауды алдына міндет етіп қойды" деп жазды ол. Ы.Алтынсаринның дін туралы сол кездегі пікірін біздін кейбір журналистеріміз бен мешіт қызметкерлерінің қауымы жақсы білсе, онда қоғам өміріндегі руханилықтың барлық түрін дінмен байланыстырмаған болар еді. Ғалым-педагог мектепті дін ықпалынан бөліп алуға тырысты, ал қазір біздің кейбір азаматтар діни уағызды мектепке кіргізу керек деп байбалам салуда. Әрине, оқу бағдарламасына дінтану пәнін кіргізіп, балаларына жалпы діннің мәнін түсіндіріп, әлемдік діндер дәстүрімен таныстыру қажет. Діни уағыз бен дін туралы ғылыми білімнің арасында айырмашылық бар. Орыс педагогтерінің үлгісімен орыс-қазақ мектептеріне арнап Ы.Алтынсарин өзінің екі оқу құралын - «Қазақ хрестоматиясын» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құральн» жазып бастырып шығарды. Ол қітаптар 1879 жылы басылып шыгып, қазақ-орыс мектептеріне төлтума оқулық ретінде ұсынылды. Хрестоматияға Ыбырай,біріншіден, қазақ халқының ауыз әдебиеті асыл үлгілерін енгізсе,екіншіден, өзінін, балаларға арнап жазған дидақтикалық нақыл әңгімелері мен өлеңдерін, үшіншіден Толстой, Пауэльсон сияқты орыс жазушыларының әңгімелері мен мысал өлеңдерін аударып енгізді. Жастарды халықтық педагогика мен ауыз әдебиетінің асыл үлгілері негізінде тәрбиелеу жөніндегі Ыбырайдың озық идеясы бүгінгі қайта құру кезеңінде жаңа мазмұнда жанданып іске асып отыр. Ыбырай хрестоматия оқулығына жаратылыс тану, география, тарих туралы, аздап химиядан, физикадан, техниқалық өндірістен түсінік бергісі келетінін, сөйтіп білімді жан-жақты алып топтап беруді (интеграциялай) көздейтінін айтты. Яғни бұдан бүгінгі техниқалық прогресс дәуірінде совет мектептерінде көтеріліп отырған білімді интеграциялай беру принципінің прогрессивтік мәнін Ы. Алтынсариннің бұдан 110 жыл бұрын көрегендікпен болжап, мұғалімдерге үлгі етіп ұсынғанын байқаймыз. Ы.Алтынсариннің осы бағытының өзі де, бұл еңбектердің қазақ мәдениеті тарихынан ерекше орын алатынын, тұңғыш шыққан құнды жулық екенін дәлелдейді. Өзінің А.Мазохин, Ф.Д.Соколов, Г.Балгымбаев, т.б. мұгалімдерге жазған хаттарында мектептің шаруашылық жұмыстарымен бірге, балаларға тиянақтай білім беру, оны өмірмен байланыстыру, оқыту әдістерін жетілдіру мәселелері жайында да ақыл-қеңестер береді. Бұдан Ы.Алтынсариннің орыстың алдыңғы қатарлы методист-педагогтерінің оқыту әдістерін батыл да шебер қолдану нәтижесінде өзінің де тәжірибесі артып, дидактикалық көз қарасының қалыптасқаны көрінеді. Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту ісіндегі тағы бір ерекше енгізген жаңалығы қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесінің гылыми негізін салу болып табылады. Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән беріп, тұңғыш бастама жасады. Қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ашуға көп қүш жұмсады. Ақырында ол Topғайда қолөнер училищесін ұйымдастырды. Өзі қайтыс болар алдында Қостанайда ашылғалы отырған ауыл шаруашылығы училищесіне өзінің барлық жерін беретіні туралы өсиет қалдырды, қазақ қыздарына дүниелік білім беру ісіне жол ашқан да Алтынсарин болды. Ол Ырғызда қазақ қыз-дарына арнап жанында интернаты бар тұңгыш мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқы өмірінде орасан зор маңызы, бар жаңа тарихи уақиға болды. Алтынсарин патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ашуды өтінді. Алтынсарин қайтыс болған соң, екі жыл өткеңде келіп, Торғайда (1891), Қостанайда (1893), Қарабұтақта (1890), Ақтөбеде (1896) жанында интернаттары бар қыздар училшцелері ашылды. Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көр-кейіп есуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот адам. Ол Ильминскийге жазған бір хатыңда: «Қазақ даласын үш жыл аралағанда қазақтар тапқыр, ақылды, қабілетті, бірақ білімсіз халық екен дегеніңіз әбден дұрыс. Қазақтарды оқыту бастықтардың ойына да кіріп шықпайды, бекіністерге училищелер салудан гөрі үйінің онсыз да қып-қызыл шатырын сылауды, онсыз да аппақ қабырғаларын ағартуды артық санайды» (Сонда. 192-бет) деп жазды. Ы. Алтынсарин — қазақтын, аса көрнекті ағартушысы, өз заманының ақыл-ойшысы, іpi қоғам қайраткері. Біз оның бейнесінен қазақ халқыньң мәдени-экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын көксеген атамызды кереміз. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|